• Ақида,  Әдіснама

    Бірқұдайшылыққа шақыру және адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін егжей-тегжейлі түсіндіру қажеттілігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аллаһ Тағала адамдарға бұйырған және Оның Елшісі Мухаммад шақырған нәрселердің ең маңыздысы әрі ең ұлысы бірқұдайшылық (таухид) болып табылады. Ал Аллаһ Тағала Өзінің жаратылыстарын сақтандырып ескерткен және тыйым салған, әрі Оның Елшісі  оған қарсы күрескен ең қауіпті және қорқынышты нәрсе – бұл көпқұдайшылық (ширк).

  • Ақида

    Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Оқырмандарымыздың назарына сайтымыздың  редакциясы тарапынан құрастырылған «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат ететін жол» атты көлемді әрі Аллаһ қаласа пайдалы еңбегін ұсынамыз. Кітап Түркістандағы, Бекет Атадағы, басқа да жерлердегі қабірлерге, әруақтарға, әулиелерге,  жалған қасиетті орындарға және киелерге сиыну  рәсімдері жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуді насихаттайтын Ислам дініне қайшы келетінін Құран мен Сүннет мәтіндеріне және ханафи мәзһабының ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, ғылыми түрде дәлелдеп береді және сол жерлерде орын алып жатқан келеңсіз құбылыстардың көпқұдайшыл және дінбұзар мәнін түсіндіреді.

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (33)

    Сәжде «السُّجُودُ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәкбір айтатын және сәжде жасау үшін еңкейе түсетін»[1], әрі «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَ تَتِمُّ صَلاَةُ لأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى … يَقُولُ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ؛ حَتَّى يَسْتَوِى قَائِمًا ثُمَّ يَقُولُ: اللهُ أكْبَرُ، ثُمَّ يَسْجُدُ حَتَّى تَطْمَئِنَّ مَفَاصِلُهُ». «Адам: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыларды (айтушыны) естісін (естіді)!)», — деп айтпайынша және бойын толық тік түзеп тұрмайынша, ал содан соң: «Аллаһу акбар! (Аллаһ ұлы!)», — деп айтпайынша және буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, оның намазы толық болмайды…», — деп, осылай істеуді бұйырды»[2].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (32)

    Рукуғтан бой түзеу және рукуғтан кейін айтылатын Аллаһты еске алу сөздері «الاعْتِدَالُ مِنَ الرُكُوعِ، وَمَايَقُولُ فِيهِ»   Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғтан бой көтергенде: «سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَه»        Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу — «Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!», – деп, омыртқасын түзейтін [1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (31)

    Рукуғ «الرُّكُــوعُ» Кейін, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Құран) оқуды аяқтап болып, шамалы тұра тұратын[1], содан соң, бұл «Намазды ашатын тәкбір (такбират әл-ихрам)» тарауында түсіндірілгендей, екі қолын көтеріп[2], тәкбір айтатын[3] және рукуғ жасайтын[4].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (30)

    (Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы «الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ»   Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті.  Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап  оқып жатып, жаңылысты.  (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (29)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Құранды барлық ережелерге сәйкес оқу («тартил»[1]) және оны дауыспен  көркемдеу «تَرْتِيْلُ القِرَاءَةِ وَتَحْسِيْنُ الصَّوْتِ بِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды әуенмен, байсалды, оның дұрыс ырғағын бұзбай, оған Аллаһ Тағала үйреткендей, асықпай және тездетпей, керісінше «әрбір әріпті анық айтып»[2] оқитын, тіпті «ол қандай да бір сүрені жай және байсалды мәнермен оқығанда, сол (сүре) іс жүзіндегісінен ұзындау болып көрінетін»[3]. Ол былай деп айтатын: «يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ اقْرَأْهُ وَارْقَهْ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِى الدُّنْيَا ، فَإِنَّ مَنْزِلَكَ عِنْدَ آخِرَ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا». «Құранды білгенге[4] (Қиямет күні):…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (28)

    Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түрлі намаздарда қандай сүрелер мен аяттарды оқығандығы туралы «مَا كَانَ يَقْرَؤُهُ فِي الصَّلَوَاتِ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің намаздарында оқитын Құранның аяттары мен сүрелері намаз орындалатын жағдайларға байланысты ерекшеленетін.  Бұл туралы толығырақ төменде бес уақыт (парыз) намаздарының біріншісінен бастап баяндалады.

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (27)

    Бес уақыт (парыз) және басқа да намазда Құранды дауыстап және іштей оқу «الجَهْرُ وَالإسْرَارُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ وَغَيْرِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (таң (фәжр, субх) намазын, ақшам (мәғриб) намазының алғашқы екі ракағатын және құптан (‘иша) намазының алғашқы екі ракағатында Құранды дауыстап оқитын, ал бесін (зуһр) және екінті (‘аср) намаздарын, сондай-ақ ақшам (мәғриб) намазының үшінші ракағатында және құптан (‘иша) намазының соңғы екі ракағатында Құранды іштей оқитын[1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (26)

    «Әл-Фатиха» сүресін ғана оқудың рұқсат етілетіндігі туралы «جَوَازُ الاقْتِصَارِ عَلَى الفَاتِحَةِ» «Әдетте Му‘аз (ибн Жәбал) [соңғы] құптан (‘иша) намазын Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындап, содан соң қайтып, өз руластарымен бірге намаз өткізетін. Бірде кешкісін, ол қайтып келіп, олармен бірге намаз өткізіп тұрған кезде, (оның тайпасынан) бір жас жігіт те [оның есімі Суләйм, ал өзі бану суләйм тайпасынан еді] онымен бірге намаз орындайды,  алайда намаз ол үшін өте созылып кеткен кезде, ол [кетеді де, мешіттің бір бұрышында оңашаланып] намаз оқиды да, кейін (мешіттен) шығып, түйесін жетектеп кетіп қалады.