Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Оқырмандарымыздың назарына қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» еңбегі ұсынылады. Автор хадистерді көп жылдар бойы зерттеудің негізінде Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай орындағанының үлгісін қайта қалпына келтіреді. Кітап мүмін мұсылмандарға, сондай-ақ Ислам дінін оқып үйренушілерге, оның тарихы мен намаз оқу тәжірибесіне қызығушылық танытатындарға арналған.
-
-
Имам Абу Ханифа және оның мазхабы Суннеттік пе?
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Соңғы кезде өздерін жалған түрде білімге телитін діни сауаты төмен адамдардың арасында имам Абу Ханифаны (Аллаһ оны рахым етсін) қаралау сөздері жиілеп кетті. Олар жауапкершілігі ауыр болған «Имам Абу Ханифа бидғатшы болған және әһлю-Суннаға қатысы болмаған» деген сөздерді айтады. Сондай-ақ осы адамдардың мәлімдемелеріне сәйкес, мұсылмандарда төртеу емес, тек үш қана сүннеттік мазхаб бар-мыс. Олар осынысымен имам Абу Ханифа мазхабын әһлю-Суннадан шығаруда.
-
Абу Мансур әл-Матуруди деген кім?
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Бүгінгі күні имам Абу Мансур әл-Матурудидің есімін көптеген мұсылмандар тілге алып жүр, әрі оның танымал болғаны соншалықты – тіпті діннен хабары жоқ адамдар да ол туралы естіген болуы әбден ықтимал. Әсіресе бұл құбылыс орыс және қазақ тілді мұсылмандардың арасында ерекше байқалады. Мұның себебі ТМД елдері мұсылмандарының Діни Басқармалары мұсылмандарға фиқх мәселелерінде ханафи мазхабын, ал ақидада (сенім жүйесінде) матуруди мазхабын міндеттеуге тырысуында. Алайда осы орайда «Есімі төңірегінде осыншама у-шу көтерілген және соншама ізбасарлары болған Абу Мансур әл-Матуруди кім өзі?» деген сұрақ туындайды.
-
Шейх Али бин Аби әл-’Изз әл-Ханафи
Имам әт-Тахауидің «Ақидасына» жазылған түсіндірмелердің бірінің авторы, ханафи мазхабының атақты ғалымы, Ибн Абу-ль-’Изз деген атпен танылған Абу-ль-Хасан Али бин Аляуддин Али бин Шамсуддин Абу Абдуллаһ Мухаммад бин Шарафуддин Абу-ль-Баракат Мухаммад бин Иззудин Абу-ль-’Изз Салих бин Абу-ль-Изз бин Ухайб бин Ата бин Жубайр бин Жәбир бин Уахб, биограф ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша, 731 х.ж. 22 зуль-хижада әл-Азраада дүниеге келді, бірақ кейіннен Дамаск қаласына қоныс аударды. Ол Дамаск қаласындағы ханафи мазхабының ұстанушыларына басшылық еткен, білімділігімен және тектілігімен танылған отбасыдан еді. Бұл отбасыдан шыққан бірқатар ғалымдар қазы қызметін атқарып, пәтуа беретін және білім берумен де айналысатын. Оның әкесі — Аляуддин Али бин Абу-ль-’Изз (746 х.ж. қайтыс болған) ханафи мазхабының қазысы еді. Атасы —…
-
Имам әт-Тахауидің, оны Аллаһ рақым етсін, өмірбаяны
Имам Абу Джа’фар Ахмад бин Мухаммад бин Саляма бин Сальма бин ‘Абдульмалик әл-Азди әл-Хаджари әл-Мисри, имам әт-Тахауи деген (Мысырдағы туылған жерінің атына байланысты) атымен танылған. Оның шәкірті ибн Юнустың хабарлауынша, әт-Тахауи 239 х.ж. дүниеге келген және, биограф ғалымдарының көпшілігінің пікірінше, 321 х.ж. қайтыс болған, алайда Ибн Надим оның 322 х.ж қайтыс болғанын тұжырымдайды. Имам әт-Тахауи білімдарлығымен және тектілігімен танылған отбасыда өсті. Оның әкесі араб поэзиясының білімпазы ретінде ғана емес, сонымен қатар білімді және дана кісі ретінде танылған еді. Ал оның шешесі имам әш-Шафиғидің ізбасарлары мен оның сабақтарына қатысқан кісілердің қатарында аталады. Оның нағашысы Исмаил бин Яхья әл-Музани – имам әш-Шафиғидің алдыңғы қатарлы ізбасары және оның білімін таратушы болған.