Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (32)

Рукуғтан бой түзеу және рукуғтан кейін айтылатын Аллаһты еске алу сөздері

«الاعْتِدَالُ مِنَ الرُكُوعِ، وَمَايَقُولُ فِيهِ»

 

Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғтан бой көтергенде:

«سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَه»       

Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу

«Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!», – деп, омыртқасын түзейтін [1].

Ол «намазды нашар орындаған адамға»:

«إِنَّهَا لاَ تَتِمُّ صَلاَةُ لأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى … يُكَبِّر … ثُمَّ يَرْكَع، ثُمَّ يَقُولُ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ، حتى َيَسْتَوِى قَائِمًا».

 «Адамның намазы … ол тәкбір айтпайынша…, кейін рукуғ жасамайынша…, кейін: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу» («Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!»), — деп айтпайынша және (қайтадан) бой түзеп, тік тұрмайынша  толық болмайды»[2], — деп, осылай істеуді бұйырды. «Ол басын көтерген кезде әрбір омыртқа сүйегі өз орнына қайтқанға дейін бойын тік түзейтін»[3].

Кейін «ол  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тік тұрып:

«رَبَّنَاوَلَكَ الحَمْدُ»      

Рабба-нә, [уа] лә-кә-л-хамд

«Раббымыз, [және] Саған мақтау-мадақ!», — деп айтатын[4].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имамға ұйып та, жеке де намаз орындайтын әрбір адамға рукуғтан көтеріліп тік тұрғанда жоғарыда айтылғанның барлығын істеуді бұйырып:

«صَلُّوا كَمَا رَأَيْتُمُونِى أُصَلِّى».     

«Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар!», — деді[5].

Ол сондай-ақ былай деп айтатын:

«إِنَّمَا جُعِلَ الْإِمَامُ لِيُؤْتَمَّ بِهِ …وَإِذَا قَالَ سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ فَقُولُوا [اللهمَّ] رَبَّنَا!ولَكَ الْحَمْدُ؛ يَسْمَعْ اللَّهُ لَكُمْ ، فَإِنَّ اللهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى قَالَ عَلَى لِسَانِ نَبِيّه (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَهُ».

«Имам намаз орындаушылардың (намазда)  оған ілесуі үшін тағайындалады…, және егер ол: «Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу» («Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!»), — деп айтса, «[Аллаһумма,] Рабба-на, уа лә-кә-л-хамд» («[Уа, Аллаһ,] Раббымыз және Саған мақтау-мадақ!», — деп айтыңдар; Аллаһ сендерді естиді, өйткені Аса Даңқты және  Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарының ауызымен: «Аллаһ Оған мақтау-мадақ айтқан адамды естиді!», — деп айтқан [6].

Ол сондай-ақ бұл бұйрықтың себебін басқа бір хадисте түсіндіріп:

«فَإِنَّهُ مَنْ وَافَقَ قَوْلُهُ قَوْلَ الْمَلاَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

 «…өйткені, кім бұл сөздерді періштелермен бір мезгілде айтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», — деген [7].

Ол (рукуғтан) бойын тік түзегенде екі қолын, жоғарыда «Намазды ашатын тәкбір (такбират әл-ихрам)» тарауында түсіндірілгендей, көтеретін»[8].

Рукуғтан кейін тік тұру кезінде ол жоғарыда аталып өтілген сөздерді айтатын:

1.«رَبَّنَا! وَلَكَ الحَمْدُ»       

Раббә-нә, уа лә-кәл-хамд.

«Раббымыз, және Саған мақтау-мадақ!»[9]; немесе

2. «رَبَّنَا! لَكَ الحَمْدُ»       

Раббә-нә, лә-кәл-хамд.

«Раббымыз, Саған мақтау-мадақ!»[10]

3. «اللَّهُمَّ رَبَّنَا! وَلَكَ الحَمْدُ»       

 «Аллаһуммә Раббәә, уа ләәл-хамд».[11]

«Уа, Аллаһ, Раббымыз, және саған мақтау мадақ»

 

4. Кейде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген зікірлерге

«Аллаһумма…» — «Уа, Аллаһ!…»[12] сөзін қосып айтатын.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа (адамдарға) осылай істеуді бұйырып:  «Имам: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естісін (естіді))!», — десе,  «[Аллаһумма,] Рабба-на, уа лә-кәл-хамд ([Уа, Аллаһ,] Раббымыз және Саған мақтау-мадақ)!», — деп айтыңдар, өйткені, ақиқатында,  кім бұл сөздерді періштелермен бір мезгілде айтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», — деп айтатын[13].

5. Кейде (№ 1 немесе № 2) зікірлердің кез-келгеніне ол мына сөздерді қосатын:

« مِلءُ السَّمَاوَاتِ ، وَ]مِلءُ[ الأرْضِ، وَمِلءُ مَا شِئتَ مِنْ شَيءٍ بَعْد»      

…мил’ә -с-сәмәуәти, уә мил’ә -л-арды, уә мил’ә мә ши’та мин шәййин бә‘ду.

«…ол өзімен көктерді толтырсын және өзімен жерді толтырсын және өзімен Сен қалаған нәрселерді толтырсын»[14]; немесе:

 

 6.« مِلءُ السَّمَاوَاتِ ، وَ ]مِلءُ[ الأرْضِ، وَمِلءُ مَا بَيْنَهُمَا، وَمِلءُ مَا شِئتَ مِنْ شَيءٍ بَعْد»

…мил’ә -с-сәмәуәти, уә [мил’ә] -л-арды, уә мә бәйнәһумә, уә мил’ә мә ши’та мин шәййин бә’д.

«…ол өзімен көктерді толтырсын және жер мен оның арасындағыларды [өзімен толтырсын], және өзімен Сен қалаған нәрселердің барлығын толтырсын»[15].

 

7. Кейде осы сөздерге ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынаны қосатын:

«أهْلُ الثنَاءِ والمَجدِ، لاَ مَا نِعَ لِمَا أَعطَيتَ، وَلاَ مُعطِيَّ لِمَا مَنَعتَ، وَلاَ يَنفَعُ ذَا الجَدِّ مِنكَ الجَدُّ»

…Әһлә-с-сәнәи уә-л-мәжди, лә мәни‘а ли-мә-ә‘тайта, уә лә му‘тыя ли-мә мәнә‘та, уа лә йанфә‘у зә-л-жәдди мин-кә-л-жәдду.

«…Сен мақтап-мадақтауға және пәктеп-дәріптеуге лайықтысың, Сен сыйлағанды ешкім тартып ала алмайды, әрі Сен тартып алған нәрсені ешкім сыйлай алмайды, әрі Сенің алдыңда күш-қуат иесінің күш-қуаты пайдасыз болады[16]»[17].

 

8. Немесе кейде оның қосымшасы келесі сөздерден тұратын:

«مِلءُ السَّمَاوَاتِ، وَمِلءُ الأرْضِ، وَمِلءُ مَا شِئتَ مِن شَيءٍ بَعد، أهْلُ الثَّنَاءِ والمَجدِ، أحَقُّ مَا قَالَ العَبْدُ، وَكُلُّنَا لَكَ عَبْدٌ، ]اللَّهُمَّ[ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعطَيتَ، ]وَلاَ مُعْطِيَّ لِمَا مَنَعْتَ[، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ».

…мил’ә-с-сәмәуәти, уә мил’ә-л-арды, уә мә бәйнә-һумә, уә мил’ә мә ши’та мин шәййин бә‘ду, әһлә-с-сәнәи уә-л-мәжди, ахаққу мәқалә-л-‘абду, уа куллю-нә лә-кә ‘абдун. [Аллаһуммә,] лә мәни‘а ли-мә-ә‘тайта, [уа лә му‘тыя ли-мә мәнә‘та,] уа лә йанфә‘у зә-л-жәдди мин-кә-л-жәдду.

«…ол өзімен көктерді толтырсын және жерді өзімен толтырсын, және олардың арасындағыларды толтырсын, және өзімен Сен қалаған нәрселердің барлығын толтырсын. Сен мақтап-мадақтауға және пәктеп-дәріптеуге лайықтысың. Біз барлығымыз – Сенің құлдарыңбыз. Мынау — құл айта алатын сөздердің ең дұрысы: «[Уа, Аллаһ,] сен сыйлағаннан ешкім айыра алмайды, [әрі Сен айырғанды (бермегенді) ешкім сыйлай алмайды] әрі Сенің алдыңда күш-қуат иесінің күш-қуаты пайдасыз болады»[18].

 

9.Кейде қосымша түнгі намазда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын:

«لِرَبّيَّ الحَمْدُ لِرَبِّيَّ الحَمْدُ».

Ли-Раббийә-л-хамду, ли-Раббийә-л-хамду.

«Раббыма мақтау-мадақ! Раббыма мақтау-мадақ!». Ол бұл сөздерді қайталайтыны соншалықты – оның тік тұруы (қиям) ұзақтығы бойынша шамамен ол «әл-Бақара» сүресін оқып тұрған бірінші тұруымен бірдей болатын»[19].

 

 10. «رَبَّنا وَلَكَ الحَمْدُ حَمْدًا كَثِيرًا طَيّبًا مُبَارَكًا فِيهِ ]مُبَارَكًا[ عَلَيهِ، كَمَا يُحِبُّ رَبُّنَا وَيَرْضَى».

Раббә-нә, уа лә-кә-л-хамду, хамдан кәсиран, таййибән, мубәракән фи-һи, [мубәракән ‘аләй-һи, кәмә йухиббу раббә-нә уа йарда].

«Раббымыз, Саған мақтау-мадақ, көп қайталанатын, игі, берекелі [Раббымыз жақсы көретіндей және онымен разы болатындай берекелі] мадақ»[20].

Бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз орындап тұрған бір кісі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басын рукуғтан көтеріп: «Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естісін (естіді)!)», — деп айтқаннан кейін осы сөздерді айтты. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды аяқтағаннан соң: «Қазір ғана әлгі сөздерді айтқан кім?», — деп сұрады. Әлгі адам: «Мен, уа, Аллаһтың елшісі!», — деп жауап берді.  Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

 لَقَدْ رَأَيْتُ بِضْعَةً وَثَلاَثِينَ مَلَكًا يَبْتَدِرُونَهَا ، أَيُّهُمْ يَكْتُبُهَا أَوَّلُ».

«Мен әрқайсысы осы сөздерді бірінші болып жазып алуға тырысқан отыз періштені көрдім», — деді[21].

 

Руқуғтан кейін ұзақ уақыт тік тұру және онда толық (қозғалмай) тұрудың міндеттілігі туралы

«إطَالةُ هَذَا القِيَامِ، وَوُجُوبُ الاِطْمِئْنَانِ فِيهِ»

Жоғарыда ескертіліп кеткендей, оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғтан кейінгі тік тұруы рукуғ жасау уақытымен шамалас еді; ал кейде «ол тіпті адамдар [оның ұзақ тұруы себепті]: «Ол сәжде туралы ұмытты», — деп айтатындай (соншалықты ұзақ) тұратын»[22].

Ол адамдарға осы күйде толық (қозғалмай) тұруды бұйыратын. Мысалы, «намазды нашар орындаған адамға» ол былай деді:

«ثُمَّ ارْفَعْ حَتَّى تَعْتَدِلَ قَائِمًا؛ [فَيَأخُذَ كُلُّ عَظْمٍ مَأْخَذَهُ]

 «…Кейін тік тұрғаныңа дейін [және барлық сүйектерің өз орындарына оралғанға дейін] басыңды көтер». Бұл хадистің басқа бір нұсқасында былай деп хабарланады:

(وَإِذَا رَفَعْتَ فَأَقِمْ صُلْبَكَ، وَارْفَعْ رَأسَكَ حَتَّى تَرْجِعَ العِظَامُ إِلى مَفَاصِلِهَا»)

«(Рукуғтан) тұрған кезіңде, омыртқаңды түзе де, әрбір сүйегің өз буынына қайтқанша басыңды көтер»[23].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ оған («намазды нашар орындаған адамға»):

«ثُمَّ افْعَلْ ذَلِكَ فِى صَلاَتِكَ كُلِّهَا »

 «…егер адам осылай істемесе, оның намазы толық болмайды», — деп ескертті.

Бұдан тыс ол:

«لَا يَنْظُرُ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ إِلَى صَلَاةِ عَبْدٍ لَا يُقِيمُ صُلْبَهُ بَيْنَ رُكُوعِهِا وَسُجُودِهِا».

«Аса Құдіретті Аллаһ Тағала рукуғтары мен сәжделерінің арасында омыртқасын түзу етпейтін құлының намазына қарамайды», — деп айтатын [24].


[1] Әл-Бухари және Муслим.

[2] Абу Дәуд және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[3] Әл-Бухари және Абу Дәуд. Қз.: «Сахих Аби Дәуд» (722). Бұл жерде қолданылған арабтың «факар» сөзі араб тілінің «Қамус» түсіндірме сөздігінің анықтамасына сәйкес «омыртқа сүйек» — «мойынның астынан құйымшақтың үстіне дейін жалғасатын омыртқа желісін құрайтын сүйек және сіңір элементтері» дегенді білдіреді.. Сондай-ақ «Фатх әл-Бәриді» (2/308) қараңыз .

[4] Әл-Бухари және Ахмад.

[5] Сол жерде.

[6] Муслим, Абу Ауана, Ахмад және Абу Дәуд.

Ескертпе. Бұл хадис «имамға ұйып намаз орындаушылар имаммен бірге «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!)» деген сөздерді айтуға қатыспайды» дегенге нұсқамайды, сол сияқты ол «имам намаз орындаушылармен бірге «Раббәә, [уа] ләә-л-хамд — «Раббымыз, [және] Саған мақтау-мадақ!» деген сөздерді айтпайды» дегенге де нұсқамайды. Мұның себебі — осы хадистің мақсаты нақты имамға және оған ұйып намаз орындаушыларға олар осы күйде болған кезде қандай сөздерді айту қажет екендігін түсіндіруде емес, жоқ, бұл хадис «имам: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу», — деп (тасми‘) айтқан соң, намаз орындаушылар  Аллаһты мадақтау [тахмид]  («Раббә-нә, [уа] лә-кә-л-хамд» деген – Аудармашыдан) сөздерін айтуы қажет» дегенді түсіндіреді. Бұл Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имам болған кезінде Аллаһты мадақтау (тахмид) сөздерін айтқандығымен расталады, ал оның «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар!» деген сөздерінің жалпы сипаты «имамға ұйып намаз орындаушылар имам айтатын сөздерді, мысалы, «Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу» (тасми‘) және т.с.с.  сөздерді айтуы керек» дегенге нұсқайды. Яғни осы мәселеге қатысты бізге сілтеме жасаған құрметті бауырлар оны мұқият зерттеулері қажет, әрі мүмкін, біз осы жерде ескерткеніміздің өзі жеткілікті болып табылар.   Кім бұл мәселенің талқылануы туралы көбірек білгісі келсе, хадистердің ең ірі білгірі (хафиз) әс-Суйутидің «әл-Хауи лил-Фәтауи» (1/529) кітабындағы мақаласына жүгінсе болады.

[7] Әл-Бухари және Муслим. Әт-Тирмизи бұл хадисті сенімді деген.

[8] Әл-Бухари және Муслим. Осылайша екі қолды көтеру туралы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен  көптеген (мутауатир) хадистер келтіріледі, (әрі ғалымдардың көпшілігі, соның ішінде ханафи мазһабының кейбір өкілдері де, екі қолды осылайша көтеруді мақұлдаған. Жоғарыда «Рукуғ» тарауында келтірілген ескертпені қараңыз).

[9] Әл-Бухари және Муслим.

[10] Сол жерде.

[11] Әл-Бухари және Ахмад. Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны рақым етсін) өзінің «Зад әл-Ма‘ад» кітабында «Аллаһумма (Уа, Аллаһ)» және «уә (және)» дегенді бір зікірде қосып айтуды теріске шығарып, бұл мәселеде қателескен. Бұл факт әл-Бухаридің «Сахихында» және Ахмадтың «Муснадында», сондай-ақ ән-Нәса’иде және Ахмадта жеткізушілердің екі тізбегі арқылы, әд-Дәримиде Ибн Омардан жеткен хадисте, әл-Бәйһақиде Абу Са‘ид әл-Худриден жеткен хадисте және де ән-Нәса’иде  Абу Муса әл-Әш‘ариден жеткен хадисте тағы да бір рет анықталып бекітілген.

[12] Сол жерде.

[13] Әл-Бухари және Муслим; әт-Тирмизи бұл хадисті сенімді деген.

[14] Муслим және Абу Ауана.

[15] Сол жерде.

[16] Арабтың «жәдд» сөзі «байлық, құдірет, билік» дегенді білдіреді; бұл жерде адам бұл дүниеде ие болған байлық, ұлдар, құдірет Аллаһтың алдында (арғы дүниеде) пайда бермейтіні, сондай-ақ ол (бұл дүниеде) ие болған нәрселер оны Аллаһтың (жазасынан) құтқара алмайтыны айқын болады, әрі тек игі істер ғана кез келген адамға пайда келтіреді немесе оны (жазадан) қорғайды.

[17] Муслим және Абу Ауана.

[18] Муслим, Абу Ауана және Абу Дәуд.

[19] Абу Дәуд және ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» кітабында келтірілген (№ 335).

[20] Мәлик, әл-Бухари және Абу Дәуд.

[21] Сол жерде.

[22] Әл-Бухари, Муслим және Ахмад. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» кітабында келтірілген (№ 307).

[23] Әл-Бухари және Муслим, соңғысы тек алғашқы айтылғанды ғана келтіреді; әд-Дәрими, әл-Хаким, әш-Шәфи‘и және Ахмад. «Сүйектер» деген сөздердің астарында бұл жерде арқа сіңірлері, омыртқа сүйектері меңзеліп тұр, бұл туралы жоғарыда осы тарауда ескертілгендей.

Маңызды ескертпе! Бұл хадистің мағынасы анық және айқын: мұндай күйде тыныш және денені бос ұстап тұру қажет. Ал осы хадисті біздің хижаздық және басқа жерлердегі бауырларымыз «осы күйде оң қолды сол қолдың үстіне қоюға рұқсат етіледі» дегенге куәлік ретінде пайдалануына қатысты айтар болсақ,  бұл осы жерде келтірілген хадиске қатысы бар көптеген хабарлардың мағынасынан өте алыс. Керісінше, бұл — жалған дәйек, өйткені рукуғтан кейін оң қолды сол қолдың үстіне қою, рукуғтан бұрын қиямда тұрудан айрықша, ешбір хабарда және хадистің ешбір нұсқасында жеткізілмеген. Сондықтан хадисте келтірілетін «әрбір сүйегің өз буынына қайта оралмайынша» деген сөздерді қалайша оң қолды рукуғтан бұрынғы қиямда тұруда орын алатындай сол қолдың үстіне қоюға нұсқау ретінде түсінуге болмақ?! Бұл тек осы хадистің барлық нұсқалары осылай түсіндірілген жағдайда ғана заңды болар еді, ал ендеше, олардың барлығы осыған қарама-қайшы мағынаға ие болса, онда мұндай қорытынды шығаруға қандай негіз болмақ? Керісінше, шын мәнісінде, бұл хадистің негізінде рукуғтан кейін оң қолды сол қолдың үстіне қою туралы ешқандай қорытынды шығаруға болмайды, өйткені «әрбір сүйегің» деген сөздердің астарында омыртқа сіңірлері меңзеледі, бұған Сүннетте: «ол… әрбір омыртқа сүйегі өз орнына оралмайынша бойын тік түзейтін», — деп нұсқалғандай. Сөйтіп, осы күйде қолды көкіректің үстіне қою діни жаңалық (бидғат) және адасушылық болып табылатындығына менің ешқандай күмәнім жоқ, өйткені намазға қатысты хадистердің өте көп болуына қарамастан, олардың біреуінде де бұл туралы айтылмаған.  Егер де осы тәжірибенің астарында қандай да бір негіз ие болғанда,  ол бізге бір хадис арқылы болса да жетер еді. Бұдан бөлек, мұсылмандардың алғашқы буынынан болған біздің бірде-бір салиқалы саләфтарымыз мұндайды істемеген, және менің білуімше, бірде-бір ірі хадис білгірі болған ғалым мұндай іс-әрекет туралы айтып кетпеген.  (Жоғарыда) мазмұндалғанның барлығы шейх әт-Тууайжири өзінің еңбегінде (18-19-бетте) имам Ахмадтан (Аллаһ оны рақым етсін) баяндаған:  «…егер адам қаласа, онда екі қолдарын жамбастарына түсіріп тұрса да, ал қаласа, оларды көкірегіне қойса да болады», — деген сөздеріне де қайшы келмейді, өйткені имам Ахмад бұл сөздерді өз ижтиһады мен пікірінің негізінде айтып, оларды Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты етпеген, ал жеке пікір қате болуы да мүмкін. Сенімді дәлелдің арқасында кез келген іс-әрекеттің, мысалы, осы іс-әрекеттің бидғаттық мәні ашылса, онда кез келген имамның бұл бидғатты жақтап айтқан сөзі оны өз мәнінен (яғни бидғаттық мәнінен – ред.) айырмайды, бұл туралы  шейх-ул-ислам Ибн Таймийя (Аллаһ оны рақым етсін) жазғандай. Іс жүзінде мен (Ибн Таймийяға тиісті) бұл сөздерде Имам Ахмадтың өзі де рукуғтан кейін оң қолды сол қолдың үстіне қоюды Сүннетпен дәлелденген айғақ ретінде қарастырмағанын көріп тұрмын, өйткені ол: «Қаласаң – осылай істе, қаламасаң – істеме!», — деп, таңдау құқығын ұсынды. Әлде, бәлкім, құрметті шейх (әт-Тууайжири — Аудармашы.): «Имам (Ахмад) рукуғтан бұрын да қолды осылайша қоюға қатысты таңдау еркін берді», — деп есептейді ме екен? Сөйтіп, рукуғтан кейінгі тұруда екі қолды көкірекке қою Сүннетке қатысты емес екендігі дәлелденді.  Бұл тақырыпқа байланысты қысқаша ойтолғау осы, әрі оны бұдан да мұқият қарап шығуға болады,  алайда бұл жерде орын аз болғандығы себепті мен мұны өзімнің «Шейх  Тууайжириді теріске шығару» атты мақаламда жасадым.

[24] Ахмад және әт-Табарани «Му‘жам әл-Кәбир» кітабында бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

жалғасы бар