• Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Төртінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадаттағы ыждағаттылығы және Аллаһ жолындағы күресі

    Төртінші тарау Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадаттағы ыждағаттылығы және Аллаһ жолындағы күресі (жиһады)   Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүминдер үшін үлгі-өнеге, ұқсап-еліктеуге және ізінен ілесуге шынайы лайықты имам (басшы) еді. Аллаһ Тағала ол туралы былай деді: «Расында, сендер үшін, Аллаһты және Ақырет күнін үміт еткендер және Аллаһты көп еске алатындар үшін, Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» («әл-Әхзаб» сүресі, 21-аят). Ол намаздарында ыждағатты болғаны сонша, тік аяқта ұзақ уақыт тұрғандығы себепті табандары ісіп кететін және жарылатын. Одан: «Сіз не үшін осыны істейсіз, Аллаһ сіздің бұрыңғы әрі болашақ күнәларыңызды кешіріп қойды емес пе?» — деп сұрағанда, ол: «Ендеше, қалайша мен Оның шүкір етуші құлы болмаймын?!»…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Үшінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сырт келбетінің суреттемесі және оның адамгершілік көркі

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы дене сипаттарына және ең көркем адамгершілік сипаттарына ие болатын. Оның алақандарындай жұмсақ алақандар ешкімде жоқ еді. Одан аңқитын хош иістей хош иіс ешкімнен шықпайтын. Ешкім оның ақылындай кемел ақылға ие болмаған, әрі ешкім ол сияқты адамдармен қарым-қатынасында көркем болмаған, ешкім ол секілді Аллаһ туралы білмеген, Оған қызмет етуде ол сияқты мойынсұнушы және ынта-жігерлі болмаған, ешкім ол секілді ержүрек, жомарт, әділ және кеңпейілді, сабырлы және Раббының алдында тағзым-итағатты[1],  әрі Оның құлдарына ізгі, және сол кекілді ұялшақ болған емес.  Ол кек алмайтын, әрі өзіне тигізілген ренжітулерге ашуланбайтын, бірақ Аллаһтың орнатқан заң-ережелері бұзылған кездерде салиқалы ашуын білдіретін.  Оның кек алуы тек Аллаһ үшін ғана…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Екінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балалық және жасөспірімдік шағы

    Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетім болып өсті. Оның әкесі – АбдуЛлаһ ол анасының құрсағында болған кезінде-ақ қайтыс болып кетті. Бірнеше күн бойы оны Абу Ләһабтің күңі болған Сууайба өз сүтімен емізеді («Әл-Бухари ма’а әл-фатх» (9/142)). Кейіннен оны емізуді Халима әс-Са’дийя жалғастырады да, оны өз үйіне алып кетеді. Ол оның бану са’д тайпасында төрт жыл шамасында өмір сүрді. Сол жерде күндердің бір күнінде, ол жергілікті балалармен бірге ойнап жүрген кезінде онымен «көкіректің кесілуі» деп танылған оқиға орын алды. Әнас (Аллаһ оған разы болсын) ол туралы мынаны хабарлады: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа балалармен ойнап жүрген кезінде оған Жәбірейіл келді. Ол оны ұстап алды,…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім. Бірінші тарау: Ең жақсылардың ең жақсысы

    Пайғамбардың толық есімі — Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ ибн ‘Абд әл-Мутталиб ибн Хашим ибн ‘Абд Манаф ибн Қусайй ибн Киләб ибн Мурра ибн Ка‘б ибн Лу’айй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мәлик ибн ән-Надр ибн Кинана ибн Хузайма ибн Мудрика ибн Иляс ибн Мудар ибн Низар ибн Ма‘ад ибн ‘Аднан. Оның шыққан тегі ең атақты әрі ең ардақты еді. Ол туралы ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Исмаилдің ұрпақтарынан Кинана тайпасын таңдап алды, Кинанадан – құрайштықтарды, құрайштықтардан – хашим руын, ал хашим руынан – мені таңдады» (Муслим (№ 2276)). Сөйтіп, ол шыққан тегін Ибраһимнің (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы Исмаилден бастайтын арабтарға…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім

    Құрметті оқырмандарымыздың назарына Са‘ид бин ‘Али бин Уахф әл-Қахтанидің «Әлемдер үшін мейірім» атты кітабының тарауларын ұсынамыз Араб тілінен аударған Арсен Абу Яхья Қырыми Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы Танымал ислам ғалымы Са‘ид бин ‘Али бин Уахф әл-Қахтанидің осы кітабы оқырманға  Мухаммад пайғамбар туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның керемет адамгершілік сипаттары, оның Аллаһ Тағаламен және қарапайым адамдармен қарым-қатынасы жайында,  Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі) шыққан тегі, оның балалығы мен жасөспірімдік шағы, сыртқы және ішкі сипаттары, оған сый етілген муғжизалар, оның миссиясының баршаға бірдей екендігі, оның өз ілесушілеріне қалдырыған өсиеттері мен олардың оған қатысты міндеттері туралы өте қызық әрі жеңіл баяндайды, оған Аллаһтың игілігі мен…