• Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    АБУ ХАНИФА МАЗҺАБЫНДА САҚАЛ ҚОЮ МІНДЕТТІ ДІНИ РӘСІМ (УАЖІП) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

    Абу Ханифаның атақты шәкірттерінің бірі Мухаммад  бин әл-Хасан, Аллаһ оларды рахымына бөлесін, былай деп айтатын: «Бізге Абу Ханифа әл-Хайсамнан, ал ол болса Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, ол сақалын алақанымен жұдырығына қысып ұстап, жұдырықтан төменін (ұзынын) қысқартатынын баяндайтын». Әрі қарай Мухаммад бин әл-Хасан былай дейтін: «Біз де осы пікірді ұстанамыз, әрі БҰЛ АБУ ХАНИФАНЫҢ ПІКІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ» («әл-Аасар» кітабы, 900). Атақты ханафи ғалымдарының бірі Ибн Абидин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген:  «Сақалды жұдырықтан қысқа етіп қысқартуды, мұны кейбір мағриб тұрғындары мен әйелсымақ еркектер істейтіндеріндей,  ЕШКІМ РҰҚСАТ ЕТПЕГЕН» («әл-Хашия», 2/417).

  • Ақида,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Қабірлерді әйелдердің зиярат етуі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Осыдан бұрын оқыған тараулардан өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат ету мен өзге елді-мекендегі қабірді зиярат етуге жолға шығудың арасында айырмашылық бар екендігі түсінікті болды. Мәселе: Түркістанға сапар ұйымдастырушылар ғалымдардың көпшілігі, соның ішінде имам Абу Ханифа да, әйел адамға кез-келген сапарға, тіпті бұл сапар ерікті қажылық секілді рұқсат етілген сапар болса да, жақын (махрам) туысқанысыз шығуға тыйым салатынына мүлде назар бұрмайды. Қз.: «Хашия ибн ‘Абидин» 2/465.

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (43)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Назарларыңызға  шейхтың түрлі еңбектерінен және пәтуалар жинақтарынан алынған және кітапқа енгізілген қосымшаларды ұсынамыз. Қосымша№7 Шейх әл-Әлбанидің имам төрт сүннет мазһабының қайсысына жатса да, оған ілесудің қажеттілігі туралы айтқан сөздері («Әһл  әл-хадис уа әл-асар» («Хадистер мен асарларды үстанушылар») бағдарламасындағы №192 аудиотаспаның мәтінге түсірілген көшірмесі, «Силсилә әл-һуда уа ән-нур» хабары, 11 минут, 35 секунд). — Сұрақ[1]: Ханафи мазһабын ұстанушы имамның артынан ұйып намаз оқушы адам намазда оған ілесуі қажет пе? «Имамға ілесу» деген сөз тіркесінің астарында ханафи имамына ұйып намаз оқитын адамның сол (имам) сияқты тәкбірлерді айтқанда екі қолын көтермейтіні,…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (42)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Назарларыңызға  шейхтың түрлі еңбектерінен және пәтуалар жинақтарынан алынған және кітапқа енгізілген қосымшаларды ұсынамыз.

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (41)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Сәлем беру (сөздерін) айту (таслим) «التَّسْلِيمُ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (басын) [оң бетінің ақтығы көрінетіндей] он жаққа (бұрып): «السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ». «Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмәту-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»), ал кейін (басын) [сол бетінің ақтығы көрінетіндей] сол жаққа (бұрып): «السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ». Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмату-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»)», — деп айтатын[1].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (40)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Соңғы тәшаһһуд «التَّشَهُدُ الأَخِيْرُ» Осы тәшаһһудтың міндеттілігі туралы «وُجُوبُ هَذَا التَّشَهُدِ» Төртінші ракағатты аяқтай келе, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы тәшаһһудты айту үшін отыратын. Онда «ол «мутауаррик» үлгісінде отырудан басқасын (айтпағанда), бірінші тәшаһһудта істейтіннің барлығын бұйырды әрі істейтін[1]: (яғни) «оның сол балтырының үстіңгі бөлігі жерде болатын, ал екі аяғы бір жаққа (яғни оң жаққа) шығарылатын»[2]); «ол сол аяғын (оң аяғының) балтыры мен санының астына өткізетін»[3], «оң аяғының (табанын) тік тұрғызатын»[4], ал кейде «ол оны жерге төсейтін»[5], (осы кезде) «оның сол алақаны сол тізесін жабатын, әрі…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (39)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Қандай да бір апат (бақытсыздық туындаған) жағдайда бес намазда Құнұт дұғасын оқу «القُنُوتُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ لِلنَّازِلَةِ»  «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Аллаһтан) әлдебіреуді жазалауын сұрап жалбарынғанда немесе (Оған) әлдебіреу үшін дұға етіп жалбарынғысы келгенде, соңғы ракағатта рукуғ жасағаннан соң «Аллаһ Оған мақтау-мадақ айтқандарды (айтқанды) естісін (Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу), Раббымыз және Саған мақтау-мадақтар болсын (Раббә-нә, уа лә-кә-л-хамд)!»[1] деген сөздерін (айтқаннан) кейін құнұт дұғасын (ду‘а әл-қунут)[2] айтып, «дауысын көтерген күйде Аллаһқа дұға етіп жалбарынатын»[3], «екі қолын көтеретін»[4], ал «оның артында тұрғандар: «Әмин», — деп айтатын»[5].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (38)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Бірінші тәшаһһудта Аллаһқа дұға етіп жалбарыну «الدُّعَاءُ بَعْدَ التَّشَهُدِ الأَوَّلِ»  Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ: «إِذَا قَعَدْتُمْ فِي كُلِّ رَكْعَتَيْنِ فَقُولُوا: التَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَالصَّلَوَاتُ وَالطَّيِّبَاتُ السَّلَامُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَرَحْمَةُ اللَّهِ وَبَرَكَاتُهُ السَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلَى عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، ثُمَّ لِيَتَخَيَّرْ أَحَدُكُمْ مِنْ الدُّعَاءِ أَعْجَبَهُ إِلَيْهِ فَلْيَدْعُ». «Сендер әрбір екі ракағаттан кейін отырғандарыңда «әт-тахиййатты» айтыңдар, ал содан соң әрқайсың өзіне көбірек ұнайтын дұғаны таңдап, (ол арқылы) аса Құдіретті Аллаһ Тағалаға жалбарынуларың қажет»[1], — деп,  осы…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (37)

    Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат[1] айту: оның орны және түрлері «الصَّلاَةُ عَلَى النَّبيِّ ، وَمَوْضِعِهَا، وَصِيَغِهَا»  Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші және басқа тәшаһһудтарда[2] өзі үшін салауат айтып Аллаһқа жалбарынатын[3]. Ол сондай-ақ өзінің үмметіне оған сәлем[4] жолдағаннан кейін ол үшін салауаттар айтып, Аллаһқа жалбарынуды бұйырып, мұны олар үшін бекітіп орнатты және оның түрлі үлгілерін үйретті:

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (36)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Бірінші тәшаһһуд «التَّشَهُدُ الأَوَّلُ»  Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екінші ракағатты орындап болған соң тәшаһһудты айту үшін отырып алатын. Егер намаз екі ракағаттан тұрса, мысалы, таң (фәжр) намазындай, онда ол екі сәжденің арасындағыдай «ифтираш» үлгісімен отыратын[1].  Үш немесе төрт ракағаттан тұратын намаздарда «ол бірінші тәшаһһудты орындаған кезде де» тура сол сияқты отыратын[2].