Назарларыңызға telegram және ВК жүйелеріндегі «Абу Ханифа мирасы» атты жаңа ислами ағарту арнасын ұсынамыз (https://telegram.me/abuxanifa); https://vk.com/abuhanifamirasy Ол ерекше діндарлығымен және салиқалылығымен танылған, білімді жоғары бағалаған және оны дүниелік игіліктерге айырбастамаған, ақиқатты жасырмаған, фақиһтардың имамы деген атаққа ие болған фиқһ саласындағы ең көрнекті имамдардың бірі имам Абу Ханифа ән-Ну‘ман бин Сабит жайында және оның ізбісарлары деп танылған басқа да ғалымдар туралы және олардың еңбектері туралы болмақ.
-
-
Имамның, Аллаһ оны рахым етсін, қайтыс болуы
Әл-Мууаффақ Абу Йусуфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, хижра бойынша 150 жылдың шәууал айында қайтыс болды». Әл-Мууаффақ Абу Хаййян әз-Зийадидің былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа өлімі жақындағанын сезген кезде, сәжде жасағаны және сол кезде оның жаны тәнінен айырылғаны маған жетті». Имамды соңғы сапарға шығарып салуға жалпы саны елу мыңға жеткен өте көп адамдар жиналғандығы туралы деректер айтылған. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатын: «Ақиқатында, Аллаһ жай Өзінің құлдарын білімнен айырып қана білімді алып кетпейді, бірақ Ол білімділерді алып кетіп, білімді алып кетеді. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан жетекшілерді сайлай бастайды. Оларға сұрақ қояды, ал…
-
Имамның мәзһабының таралуы
Имам, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, білім алған кезінде және оны өзгелерге бергенде Аллаһтың алдында ықыласты болатын және ол барлық кезде және барлық жерде адамдарды тек Аллаһ Тағала үшін фиқһқа оқытатын. Біз Аллаһ Тағала оның өмірін және еңбегін нендей берекелі еткенін көрдік, өйткені білім ізденушілер және фиқһ саласында жетілуді қалағандар жан-жақтан оған қарай ұмтылатын және одан білім алып, кейіннен өз өлкелеріне оралып, өзгелерді оқытатын. Міне, осының себебімен имам Абу Ханифаның мәзһабы жарқыраған нұр сияқты Куфадан Ирактың, Иранның, Ауғанстанның, Пәкістанның, Үндістанның, Қытайдың, Жапонияның, Түркістанның, Шамның, Мысырдың, Мағрибтың және Андалусияның аймақтарына тарады және бүкіл Еуропа аумағында, нақты айтқанда Кавказда, Қырымда, Полшада, Румынияда, Болгарияда, Австрияда, Түркияда, Грецияда, Югославияда және Албанияда тамыр жайды, соның…
-
Имамның өз шәкірттеріне деген қатынасы
Әс-Сәймариден қады Шурайктың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Абу Ханифа ұзақ уақыт үнсіз болатын, көп ойланатын, фиқһ мәселелерін мұқият қарайтын, зерттеудің шебер әдістерін керемет игерген еді және оқытқаны үшін ешқандай ақша талап етпейтін. Егер шәкірт кедей болса, ол өзінің қаражатына оны да, оның отбасын да асырайтын, ал оқу біткен кезде: «Харам мен хәлалды игеріп, сен ең үлкен байлыққа ие болдың», — деп айтатын. Ол үлкен ақылға ие еді және олармен аз айтысатын». Әл-Кардари өзінің имам Абу Ханифаның артықшылықтары туралы кітабында Абу Йусуфтың, Аллаһ оны рахым етсін, былай дегенін жеткізген: “Мен хадистерді оқумен айналысатынмын, бірақ ақшам аз болатын. Имам Абу Ханифада оқуда болған кезімде, маған әкем келіп: «Әй, балақаным, сен онымен тең…
-
Имамның шариғи білімге деген қатынасы
Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, діндар жанұяда өсті, дінді түсінуге және оның қағидаларын адамдарға жеткізуге тырысты, бұған оның бүкіл өмірі айғақ болады. Біз жастайынан керемет тәлім-тәрбие және білім алған, ал соңынан Аллаһ оны жетпіс жасында көз жұмдырғанға дейін өзі адамдарды оқытып, оларға насихат берген имамның қызметін ашып көрсеткіміз келді. Ал өлім туралы айтар болсақ, имам үнемі адамдарға: «Ақиқаттың үстіндегі өлім бос өмірден жақсы», — деп үйрететін. Йазид бин әл-Қумайттың былай дегені жеткізіледі: “Бірде имам бір адаммен айтысып жатқан кезде, әлгі адам: «Аллаһтан қорық!», — деді. Осы сөздерді естіп, имамның реңі кетті, ол қалтырап қалды да, басын түсіріп: «Уа, бауырым, Аллаһ саған игілігімен қайырсын! Адамдар өздерімен сүйсініп, білім…
-
Имамның өз ата-анасына деген құрметі мен ілтипаты туралы
Имам Абу Ханифаның өз ата-анасына ерекше ілтипат танытуына оның Аллаһқа олар үшін дұға етуі және олар мен шейхы Хәммадты кешіруін тілеуі, сондай-ақ олардың атынан ай сайын жиырма динар садақа беруі нұсқайды. Абу Ханифаның анасы оның әкесінен көбірек өмір сүрді, ал имамның оған құрметпен қарауы туралы әл-Кардаридің Хәжар бин Абд әл-Жәббар әл-Хадрамиден жеткізген мына сөздері растайды: “Имам былай депті: “Біздің мешітіміздің жанында Зур‘а есімді бір қиссашы тұратын. Бірде менің шешем діннен бір нәрсе сұрағысы келді де, бұл жөнінде менен сұрады және мен оған жауап бердім, алайда ол: «Мені тек Зур‘а берген жауап қана қанағаттандырады», — деді. Сонда мен оны оған алып бардым да, оған: «Менің шешем пәлен мәселе бойынша сенің пікіріңді…
-
Имамның адамдармен қарым-қатынасы
Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі: Имам әл-Хәлаби, Ахмад әл-Аскари және әс-Саймари Мис‘ардың былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, балаларына бір нәрселер сатып алып жатқан кезінде, немесе оған ең алғашқы жемістерді алып келетін кезде, ол осыдан мухаддистерден болған шейхтарға да сатып алатын және оларға өзі мен балаларына жұмсағаннан көбірек қаражат жұмсайтын, сауда істерінде және адамдармен болған қарым-қатынасында ол үнемі кеңпейілділік танытатын». Хафиз әс-Сулами былай деп айтқан: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, саудамен айналысатын, ал жыл соңында пайда ретінде түскен ақшаны жинаған кезінде, оған мухаддистер мұқтаж болған нәрселерді сатып алатын да, ал осыдан қалған дирхамдарды тағы соларға беретін…
-
Имамның салиқалығы және бұл дүниені тәрк етуі туралы
Әл-Мууаффақ әл-Фәйд бин Мухаммад әр-Раккидің былай деп айтқанын жеткізеді: “Куфаға жол жүріп бара жатып, Бағдадта болғанымда, мен сол жерде Абу Ханифамен кездестім. Ол маған: «Хәммадты (Абу Ханифаның баласы) тап та, оған менен: «Сен менің бір айда екі дирхамға сауиқ[1] жейтінімді білесің және оны ұстап отырсың», — дегенімді жеткіз де, оны тездетіп жібер», — деді”. Әл-Мууаффақ былай деген: «Бәлкім, бұл Абу Ханифаның оған халифа әл-Мәнсур (754-775 жж.) ұсынған қады лауазымынан табанды түрде бас тартқандығы үшін Бағдадта қамауда болған кезінде орын алған болуы мүмкін. Ол өзінің шын ықыласты салиқалылығының себебімен халифа оған жіберген ас-тағамдардан бас тартатын және өзіне Куфадан тамақ жіберуді сұрайтын». Әл-Мууаффақ Абу Ханифа оны тауарлармен қамтамасыз ететін серіктесі болған Хафса…
-
Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі
Хафс бин Абд әр-Рахманның былай дегені жеткізіледі: «Мен Абу Ханифамен отыз жыл бойы іскерлік қатынаста болдым. Ол Құранды әр үш күн сайын оқып бітіретін және күнде садақа беретін». Әл-Мууаффақ Букайр бин Мә‘руфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Абу Ханифамен оның сапарлары кезінде де, ол қалада болған кезде де ажырамай жүрдім, оның түнде өз үйінде немен айналысатынын көрдім, әрі маған жасырын болып қалған нәрселер аз болды. Мен одан артық ыждағаттылықпен ерекшеленетін адам кездестірмеппін! Ол күндіз ораза ұстайтын, ал түнде намазда тұратын және Құран оқитын. Ол айырықша бойсұнушылықпен ерекшеленетін, ешқашан Аллаһқа мойынсұнудан шықпайтын және адамдарға түсіну қиын болған нәрселерде олардың сауатын ашатын. Аллаһ Тағала оған Өзінің ұлы рахымын нәсіп етсін!» Аллаһқа құлшылық…
-
Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары
Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін. Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ ғибадаттарынан сүйектерінде май түгілі, ет те қалмауға жақын еді. Әдетте адамның адамгершілік сипаттары оның иманының жемісі болып табылады және оның жүрегін қандай дәрежеде иман, салиқалылық және тақуалық толтырғанына нұсқайды. Иман қаншалықты күшті болса, ол жүректе қаншалықты мығым орнықса және оны өзінің нұрымен қаншалықты толтырса – соншалықты адамның адамгершілік сипаттары…