(Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы
«الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ»
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті. Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап оқып жатып, жаңылысты. (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].
Намаз кезінде Аллаһқа шайтаның кесірінен пана сұрап жалбарыну және оның азғыруын қайтару үшін үшін жеңіл-жеңіл (азғантай ғана) түкіру
«الاِْستِعَاذَةُ وَالتَّفْلُ فِي الصَّلاَةِ لِدَفْعِ الوَسْوَسَةِ»
Бірде Усман ибн Абул-‘Ас (оған Аллаһ разы болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ақиқатында, шайтан мені шатастырып, намаз орындауыма және Құран оқуыма кедергі жасайды!», — дейді. Оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
«ذَاكَ شَيْطَانٌ يُقَالُ لَهُ خَنْزَبٌ فَإِذَا أَنْتَ حَسَسْتَهُ فَتَعَوَّذْ بِاللَّهِ مِنْهُ وَاتْفُلْ عَنْ يَسَارِكَ ثَلَاثًا».
«Бұл – Хинзаб есімді шайтан. Егер оны (жаныңда екенін) сезсең, онда Аллаһтан (оның кесірінен) пана сұрап, сол жағыңа үш рет түкір[2]», — деп жауап айтады. Ол: «Мен тура солай істедім және Аллаһ оны менен алыстатты», — деп айтқан[3].
[1] Абу Дәуд, Ибн Хиббан, әт-Табарани, Ибн ‘Асакир (2/296/2) және әд-Дийа’ «әл-Мухтарада» бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.
[2] Арабтың «тәфл» сөзі «азғантай (мардымсыз) түкірік шығарып (жеңіл-жеңіл) түкіру дегенді білдіреді» («Ниһайа»).
[3] Муслим және Ахмад. Ән-Нәуауи (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтқан: «Бұл хадис шайтан (намаз орындаушыларды бөтен ойлармен көңілін бұрып) азғырған тұста Аллаһтан пана сұраудың және сол жаққа түкірудің құпталатынын көрсетеді».