Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі:
Имам әл-Хәлаби, Ахмад әл-Аскари және әс-Саймари Мис‘ардың былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, балаларына бір нәрселер сатып алып жатқан кезінде, немесе оған ең алғашқы жемістерді алып келетін кезде, ол осыдан мухаддистерден болған шейхтарға да сатып алатын және оларға өзі мен балаларына жұмсағаннан көбірек қаражат жұмсайтын, сауда істерінде және адамдармен болған қарым-қатынасында ол үнемі кеңпейілділік танытатын».
Хафиз әс-Сулами былай деп айтқан: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, саудамен айналысатын, ал жыл соңында пайда ретінде түскен ақшаны жинаған кезінде, оған мухаддистер мұқтаж болған нәрселерді сатып алатын да, ал осыдан қалған дирхамдарды тағы соларға беретін және кедейлерге былай деп айтатын: «Аллаһ Тағалаға мадақтар айтыңдар, өйткені сендерге тиген нәрселер Оның мүлкінің Ол сендерге сыйлаған бір бөлігі болып табылады және бұл – Аллаһ сендерге мен арқылы жіберген сендердің тауарларыңнан түскен пайда».
Абу Йусуф, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Мен Абу Ханифадан жомарттау ешкімді кездестірмеппін, мен оған жиі: «Сенен жомарт ешкімді көрмеппін», — деп айтатынмын, ал ол бұған: «Сен Хәммадты көргеніңде не айтар едің?», — деп жауап беретін. Абу Ханифа мені және менің отбасымды он жыл бойы тамақтандырды және мен бойында осыншама ардақты сипаттар жиналған ешкімді көрмеппін».
Адамдарға қарым-қатынас жасаудың шын жүректі болуы оларға игілік тілеуде көрініс табады, ал имамның, Аллаһ оны рахым етсін, бүкіл өмірі дәл осындай қарым-қатынастың үлгісі болды, өйткені ол әркез баршаға игілік қалайтын. Біз оның кедей шәкірттеріне қатысты ізгілік танытқанының мысалдарын келтірдік және оларға көп жылдар бойы өзінің қаражатын жұмсағаны, өзінің шейхтарына, олардың ішіндегі мухаддистерге құрмет көрсеткені және олардан тек Аллаһқа Ол оларға өзі арқылы жіберген нәрселеріне шүкіршілік айтуларын сұрайтыны туралы баяндап бердік. Сондай-ақ біз оның барлық мәжілістері ғибадатқа, жаңа білім алуға және өткенді қайталауға арналғандығы туралы, сондай-ақ ол ешкім туралы ешқашан жаман нәрсе айтпағаны және біреу ол туралы жаман сөйлесе де, ол ешкімді ренжітпегені туралы баяндағанбыз.
Жоғарыда айтылғандарды ескергенде, осы үшін имам туралы, Аллаһ оны рахым етсін, ең жақсы ғұламалар оны ерекше ізгі, игі ниетті және салиқалы адам ретінде сипаттағаны ғажап емес. Ал мұның барлығы Аллаһтың нығметі болып табылады және Ол оны қалағанына береді.
Са‘дан бин Са‘идтың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Абу Ханифа бұл үмметтің дәрігері еді, өйткені надандық ең жаман ауру, ал білім ең жақсы дәрі болып табылады. Ал Абу Ханифа бұл білімге түбегейлі түсіндірме берді және оның себебімен надандық жойылды».
Имамның сабырлығы және кішіпейілділігі туралы мыналарды айтуға болады:
Сабырлық – бұл өз нәпсіңді, оған бұл ұнамаса да тыю, ал имам Абу Ханифа адамдарды оқытуда және оларға тура жол нұсқауда қанша көп сабырлық танытты десеңізші!
Өз кітабының Имам Абу Ханифаға арналған бөлімінде имам әз-Зәһаби имам Абд әр-Раззақтың былай деп айтқанын жеткізеді: “Мен Абу Ханифадан кішіпейіл адамды көрмеппін. Бірде біз әл-Хайфа мешітінде онымен бірге болғанымызда, бір адам оған сұрақ қойды, ал ол оған жауап берді. Сонда әлгі адам: «Әл-Хасан әл-Басри былай және былай деген», — деді. Содан соң имамға бір қызыл бетті адам келіп, ол әл-Хасанның қателігіне нұсқағаны үшін оны қатаң балағаттады. Адамдар осы үшін оған сазайын бергісі келгенде, Абу Ханифа: «Мен: «Әл-Хасан қателесті, ал ибн Мас`уд дұрыс айтты», — деп айттым», — деді”.
Мухаммад бин Сулайм Уқай‘тың «Йазид бин Кумайт былай деп айтты…» деп айтқанын жеткізген: “Бірде мен Абу Ханифаны тыңдап отырғанымда, бір адам имамды балағаттай бастап: «Уа, кәпір! Уа, дінбұзар!», — деп айтты, ал Абу Ханифа оған: «Мен туралы сен айтып тұрғаннан мүлде басқа нәрсені білетін Аллаһ сені кешірсін!», — деп жауап берді”.
Сондай-ақ мыналарды да оқуды ұсынамыз:
Имам Абу Ханифаның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары