Әс-Сәймариден қады Шурайктың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Абу Ханифа ұзақ уақыт үнсіз болатын, көп ойланатын, фиқһ мәселелерін мұқият қарайтын, зерттеудің шебер әдістерін керемет игерген еді және оқытқаны үшін ешқандай ақша талап етпейтін. Егер шәкірт кедей болса, ол өзінің қаражатына оны да, оның отбасын да асырайтын, ал оқу біткен кезде: «Харам мен хәлалды игеріп, сен ең үлкен байлыққа ие болдың», — деп айтатын. Ол үлкен ақылға ие еді және олармен аз айтысатын».
Әл-Кардари өзінің имам Абу Ханифаның артықшылықтары туралы кітабында Абу Йусуфтың, Аллаһ оны рахым етсін, былай дегенін жеткізген: “Мен хадистерді оқумен айналысатынмын, бірақ ақшам аз болатын. Имам Абу Ханифада оқуда болған кезімде, маған әкем келіп: «Әй, балақаным, сен онымен тең боламын деме, ол тәжірибелі адам, ал сен оған (тәжірибеге) мұқтажсың», — деді, сонда мен әкеме бағынайын деп шештім де, білім ізденуге осыншама уақыт бөлуді қойдым. Имам мені жоғалтып, мен туралы сұрастыра бастады, ал мені көрген кезде: «Сені бізден кетуге не мәжбүрледі?», — деп сұрады. Мен: «Табыс іздеу», — дедім. Ал адамдар оралғанда және мен кеткім келгенде, ол маған жүз дирхам салынған әмиянды ұсынды да: «Мынаны жарат, олар біткен кезде, маған айт та, бұл мәжілісті тастап кетпе», — деді. Біраз уақыт өткен соң ол маған тағы да жүз дирхам берді және үнемі ақша тауысылып жатқанда маған тағы ақша беріп тұрды, оған мендегі ақшаның жаратылғанын біреу хабарлайтындай, мен бұл туралы оған еш нәрсе деп айтпасам да. Мен біліп алуға ұмтылған нәрсемнің барлығын игеріп алғанымша осылайша жалғаса берді. Аллаһтың оған деген сыйы керемет болсын және Ол оны кешірсін!»
Бұл кітапта сондай-ақ мына қисса да келтіріледі: “Имамның жанында қалмай ілесіп жүретін әл-Хасан бин Зийяд кедей болатын, ал оның әкесі оған: «Біздің қыздарымыз бар, бірақ сенен басқа ұлымыз жоқ. Ендеше, олармен айналыс», — дейтін. Бұл туралы естіген имам оған қажетті қаражат бөліп: «Фиқһпен айналыс, өйткені, ақиқатында, мен ешқашан мұқтаждықта жүретін фақиһты көрмеппін», — деді”.
Әл-Уәлид бин әл-Қасимнің былай дегені жеткізіледі: «Ән-Нуғман бин Сабит өзінің ізбасарларына үлкен қамқорлық танытатын және басқалардан олардың жағдайлары туралы құпия түрде сұрастыратын. Олардың біреуі мұқтаж екенін білсе, имам оны жұбататын; олардың біреуі немесе олардың жақындарының біреуі ауырса, ол оларды зиярат ететін; олардың біреуі немесе олардың жақындарының біреуі қайтыс болса, ол оны жерлеуге қатысатын; ал оның ізбасарларының біреуі қайғылы жағдайға тап болып қалса, жомарттығымен ерекшеленетін және адамдармен жақсы қарым-қатынас ұстанатын имам оған көмектесуге тырысатын».
Хафс бин Хамза әл-Қурашидің былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кейде Абу Ханифаның жанынан өтіп бара жатқан бір адам ешқандай мақсатсыз, әңгімеге араласпай-ақ, оның жанына келіп отыратын, ал ол орнынан тұрғанда, имам ол туралы сұрайтын және егер ол мұқтаж болса, Абу Ханифа оған бір нәрсе сыйлайтын, ол ауырып қалса, оны зиярат ететін, ал бұл — адамдарды өз таныстарына ерекше жомарттық танытатын имаммен қарым-қатынасты ұстап тұруға ынталандыратын».
Әл-Хасан бин Сулайман былай деген: «Имам жомарттығымен ерекшеленетін және мен ол сияқтыны көрмегенмін. Ол ай сайын өз ізбасарларына нәфақасын беріп тұратын және оларға үнемі қолдау көрсететін».
Абу Сулайман әл-Жузжани былай деген: “Аллаһ Абу Ханифаға фиқһты меңгеруді жеңілдетті және ол оның қыр-сырларын жақсы игерген еді. Имам өз ізбасарларымен бірге белгілі бір мәселені қарағанда, олар білімнің түрлі салаларын қозғап, дауыстап және көп сөйлейтін, ал Абу Ханифа үнсіздік сақтайтын. Ал Абу Ханифа олар талқылаған нәрсені түсіндіре бастаған кезде, барлығы үнсіз қалатын және мәжілісте фиқһ білгірлері мен танымал ғалымдар отырғанына қарамастан, ешкім жоқ сияқты болып көрінетін. Бірде Абу Ханифа сөйлеп тұрды, ал қалғандары үнсіздік сақтады, ал ол сөйлеп болған кезде олардың біреуі: «Баршаны сені зейін қойып тыңдауға мәжбүрлегенге мадақтар болсын!», — деді”.
Абу Сулайман сондай-ақ былай деді: «Абу Ханифа таң қаларлық адам еді, ал оның сөздерін оларды түсінуге қабілетсіз болған ғана естігі келмейтін».
Бірде Суфйян бин Уйяйна Абу Ханифа өз ізбасарларымен отырған мешіттің жанынан өтіп бара жатып, қатты дауыстарды естіді де: «Уа, Абу Ханифа, бұл — мешіт және бұл жерде дауысты көтермеу керек», — деді. Бұған имам: «Оларды қоя сал, әйтпесе олар фиқһты үйрене алмайды», — деп жауап берді.
Абу Йусуфтың, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Бірде, жаңбырлы күні біз арасында Дауд әт-Та’и, ‘Афийә әл-Әуди, әл-Қасим бин Мә‘н әл-Мәс‘уди, Хафс бин Ғийяс ән-Нәха‘и, Ууқай‘ бин әл-Жәррах, Мәлик бин Муғаууил, Зуфар бин әл-Хузайл т.б. бар имамның басқа ізбасарларымен бірге Абу Ханифаның үйінде, Аллаһ оны рахым етсін, жиналдық. Ол бізді күтіп алып: «Сендер менің жүрегіме қуаныш алып келдіңдер және оның мұңын таратып жібердіңдер. Мен сендер үшін фиқһты егерледім және оны жүгендедім, ал сендер қаласаңдар, оған мініп отыра аласыңдар. Сендердің араларыңда қады лауазымына жарамсыз болғандарың жоқ, ал сендердің араларыңдағы оның қадыларға ұстаз бола алады. Мен сендерден Аллаһ үшін және Ол сендерге сыйлаған ұлы білім үшін сұрайтыным, бұл білімнің қорлануына жол бермеңдер! Егер сендердің біреулерің сынаққа түсіп, оған қады лауазымы ұсынылса, бірақ ол өзінде Аллаһ басқа құлдарынан жасырған кемшілігі бар екенін білсе, оған қады болуға болмайтынын ұмытпасын және оның несібесі берекелі болмайды; ал егер ол іштей де, сырттай қалай көрінетін болса, онда ол қады бола алады және оның несібесі игі болады. Және егер қажеттілік оны қады болуға мәжбүрлесе, ол ешқашан өзін адамдардан бөлмесін және жамағат намаздарына қатыссын, және әр намаздың алдында кімге не керектігін сұрасын, ал кешкі намаздан соң бұл туралы үш реттен сұрасын және тек содан соң ғана үйіне кете берсін. Егер ол ауырып қалса және өзінің міндеттерін орындай алмаса, ол өзінің ауырған кезіне нәфақа алмауы керек»”.
Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің оқушыларына уақыт-уақытымен, әркез ғана насихат айтатын, өйткені насихаттары оларды жалықтырып жіберуінен қорқатын. Мусауир бин әл-Уаррақтың былай дегені жеткізіледі: “Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деген: «Фиқһ туралы оны игергісі келмеген адаммен сөйлеспе, әйтпесе сен бұл адамды да, өзіңнің басқа тыңдаушыларыңды да қинап жібересің. Сенің сөзіңді бөліп тастайтынмен сөйлесуге қайта оралма, өйткені мұндай адам білімге деген махаббаттан жұрдай және аз тәрбиеленген». Имам сондай-ақ жиі былай дейтін: «Құран – Аллаһтың Сөзі, сен одан биік көтеріле алмайсың»”.
Фәдл бин Ғәнимнің былай деп айтқаны жеткізіледі: “Абу Йусуф науқастанып қалған кезде, имам бірнеше рет оны зиярат етті. Бірде науқас ауыр хәлде жатқанын көрген Абу Ханифа: «Мен қайтыс болған соң сен мұсылмандар үшін менің орнымды басасың деп үмітенетінмін және, ақиқатында, сенің өліміңмен дүниеден көп білім жоғалады!», — деді. Содан соң науқасынан айыққан Абу Йусуф өзі туралы өте жоғары пікір ұстанатын болды да, мешітте өзінің сөздерін жазып алатын адамдардың үйірмесін (мәжілісін) құрды. Бұл туралы білген имам Абу Йусуфке адам жіберіп, одан: «Сен белгілі бір матаның біреудікі екенін алдымен мойындағысы келмеген, кейін сол матаны ағартып оның иесіне алып келіп, одан ақы талап ететін мата ағартушы туралы не айтасың?», — деп сұрауды бұйырды. Және имам: «Ол: «Оған ақы төлеу керек», — десе, «Сен қателестің», — де, ал егер ол: «Төлемеу керек», — десе, тағы да: «Қателестің», — де», — деп айтты. Бұл адам бәрін тура осылай істеді, содан кейін Абу Йусуф кешікпей Абу Ханифаға жетті, ал ол оған: «Сен мата ағартушы туралы сұраққа байланысты келген тәріздісің ғой. Аллаһ Пәк! Дін туралы сөйлейтін және ақы төлеуге қатысты сұрақтардың біреуіне жауап бере алмайтын адам таң қалуға лайықты!», — деді. Сонда Абу Йусуф: «Маған үйретші», — деді, ал Абу Ханифа: «Егер ол матаны мойындаудан бас тартқанға дейін ағартқан болса, төлеу керек, өйткені ол матаны иесі үшін ағартқан еді, ал егер ол кейін ағартқан болса, онда төлемеу керек, өйткені ол матаны өзі үшін ағартты», — деп айтты да, кейін: «Үйренетін еш нәрсесі қалмады деп есептейтін адам өзін-өзі жоқтай берсін», — деп аяқтады”.
Шәкірттер бірін-бірі оқытпауы керек және ұстаздардан өзге ешкім олардың жүрегінде білімге деген сүйіспеншілік оята алмайды.
Бірде Абу Ханифаға, Аллаһ Тағала оған рахым етсін, бір адамдар: «Мына мешітте фиқһты оқитын адамдар жиналады», — деп айтты. Ол: «Олардың үлкені бар ма?», — деді. Оған: «Жоқ», — деген жауап айтылды және сол кезде ол: «Олар ешқашан еш нәрсе үйренбейді, бірақ ол туралы біле алмайды және ақиқатқа қарсы жүріп, өздерін дұрыс істеп жатырмыз деп есептеуі мүмкін», — деді.
Сондай-ақ мыналарды да оқуды ұсынамыз:
Имамның салиқалығы және дүниені тәрк етуі
Имамның адамдармен қарым-қатынасы