Абу Ханифаның атақты шәкірттерінің бірі Мухаммад бин әл-Хасан, Аллаһ оларды рахымына бөлесін, былай деп айтатын:
«Бізге Абу Ханифа әл-Хайсамнан, ал ол болса Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, ол сақалын алақанымен жұдырығына қысып ұстап, жұдырықтан төменін (ұзынын) қысқартатынын баяндайтын».
Әрі қарай Мухаммад бин әл-Хасан былай дейтін: «Біз де осы пікірді ұстанамыз, әрі БҰЛ АБУ ХАНИФАНЫҢ ПІКІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ» («әл-Аасар» кітабы, 900).
Атақты ханафи ғалымдарының бірі Ибн Абидин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген: «Сақалды жұдырықтан қысқа етіп қысқартуды, мұны кейбір мағриб тұрғындары мен әйелсымақ еркектер істейтіндеріндей, ЕШКІМ РҰҚСАТ ЕТПЕГЕН» («әл-Хашия», 2/417).