Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (41)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

Сәлем беру (сөздерін) айту (таслим)

«التَّسْلِيمُ»

Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (басын) [оң бетінің ақтығы көрінетіндей] он жаққа (бұрып):

«السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ».

«Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмәту-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»), ал кейін (басын) [сол бетінің ақтығы көрінетіндей] сол жаққа (бұрып):

«السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ».

Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмату-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»)», — деп айтатын[1].

Кейде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші сәлемдесу кезінде:

« وَبَرَكَاتُهُ».

«уа баракәту-һу (…және Оның берекесі), — деп қосып айтатын[2].

«(Басын оң жаққа бұрып):

«السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ».

«Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмәту-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»)», — деп айтатын кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейде (басын) сол жаққа (бұрып,) сол сәлемдесу сөздерін «Әс-саләму ‘аләйкум («Сіздерге сәлем»)» сөздеріне дейін қысқартып айтатын[3].

Кейде «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

«السَّلاَمُ عَلَيْكُم»

«Әс-саләму ‘аләйкум» деген сәлемдесуді тек бір рет қана [өзінің алдына қарай, басын оң жаққа сәл ғана бұрып] [немесе (басын оң жаққа) сәл ғана бұрып] айтатын»[4].

«Олар (яғни сахабалар) сәлемдесу сөздерін айтқан кездерінде оң және сол жақтарына қол бұлғайтын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың (осылай істеп отырғандарын) көріп:

«مَا شَأنُكُم تُشِيْروُنَ بِأَيْدِيِكُم كَأَنَّهَا أَذْنَابُ خَيْلٍ شُمْسٍ؟! إِذَا سَلَّمَ أَحَدُكُم؛ فَلْيَلْتَفِتْ إِلَى صَاحِبِهِ، وِلاِ يُؤمِئْ بِيَدِهِ هِكِذِا، [فِلَمَا صَلُّوا مَعَهُ أيْضَاً لَمْ يَفْعَلُوا ذَلِكَ] (وفي رواية: «إِنَّمَا يَكْفِي أَحَدَكُمْ أَنْ يَضَعَ يَدَهُ عَلَى فَخِذِهِ ثم يُسَلِّمُ عَلَى أَخِيهِ مِنْ عَنْ يَمِينِهِ وَشِمَالِهِ».

«Сендерге не болды? Сендер не үшін асау ат құйрығын (әрі-бері бұлғайтындай) қолдарыңмен бұлғайсыңдар?! Сендерден біреулерің сәлемдесу сөздерін (таслим) айтса, қасындағыға қарай бұрылсын, бірақ қолымен ишара жасамасын», — деді. [Әрі олар онымен бірге (келесі) намазды орындаған кезде, қолдарымен ишара жасамайтын болды]. [Басқа бір хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сендердің әрқайсысың қолын санына қойып, сосын өзінің оң және сол жағындағы бауырларына сәлем берсе, сол жеткілікті»].[5]

 Сәлем беруді (таслимді) айтудың міндеттілігі туралы

«وُجُوبُ السَّلاَمِ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «…ал одан (намаздан) шығу — таслим»[6].


Қорытынды

«الخَـاتـِمَةُ»

 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай орындағандығы туралы жоғарыда тізбектеп айтылғандардың барлығы ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты, өйткені (осы кітапта) келтірілген нәрселерге қатысты әйелдер үшін Сүннетте ешқандай ерекшіліктер жасалмаған; шын мәнінде оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар» деген сөздерінің жалпылама сипаты әйелдерге де қатысты.

Бұл көзқарасты Ибраһим ән-Нәха‘и де қолдаған, әрі:  «Әйелдің намаздағы іс-әрекеттері ер кісінікіндей», — деген. Бұл тұжырымды Ибн Аби Шәйба (1/75/2) оған дейін көтерілетін жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

Әл-Бухари де «Тарих әс-Сағирде» (95-бет) жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы Умм әд-Дәрдадан «ол намаз кезінде ер кісідей етіп отыратынын, ал ол фәқиһа болғанын» жеткізеді.

«Әйел кісі сәжде жасаған кезінде екі қолын денесіне қысып ұстауы (индимам) қажет, әрі осыда ол ер кісі секілді амал етпейді» деп хабарланатын  хадис «мурсәл» түрінде келген және сенімді емес. Абу Дәуд «әл-Мәрасилде» (117/87) бұл хадисті Йазид ибн Аби Хабибтан келтірген. Бұл хадис «әд-Даи‘фа» (2652) кітабында бар.

Ал имам Ахмад баяндаған және оның ұлы Абдуллаһтың «әл-Мәса’ил» (71-бет) кітабында Ибн Омардың сөздерінен келтірілген, ол өзінің әйелдеріне намаз кезінде аяқтарын айқастырып отыруды бұйырған деген хадиске келер болсақ, оның жеткізушілер тізбегі сенімсіз,  өйткені онда әлсіз (да‘иф) жеткізуші болып табылатын ‘Абдуллаһ ибн ‘Омар әл-‘Амри бар.

 * * *

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының тәкбір айтудан бастап таслимге дейінгі сипаттамасына қатысты жинағандарымның соңғысы — осы.

Мен Аллаһ Тағаладан осы еңбекті Оның Мүбарак (Игі-Берекелі) Жүзінің алдында ықыласты және Өзінің мейірімді және рақымды Пайғамбарының Сүннетіне жетелейтін басшылық етуін  сұраймын!

«سُبْحَانَ اللهِ وَبِحَمْدِهِ، سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ».

«Аллаһ Пәк және Оған мақтау-мадақ! Сен Пәксің, уа, Аллаһ, және Саған мақтау-мадақ! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқтығына күәлік беремін, Сенен кешірім сұрап, Саған тәубе етемін!»

«Уа, Аллаһ, Сен Ибраһим мен Ибраһимнің отбасына игілік етіп, береке бергеніңдей, Мухаммад пен Мухаммадтың отбасына да игілік ет және Мухаммад пен Мухаммадтың отбасына береке бер. Ақиқатында, Сен – аса Мақтаулы әрі Данқтысың!»[7]



[1] Муслим, Абу Дәуд, ән-Нәса’и және әт-Тирмизи, соңғысы бұл хадисті сенімді деген.

[2] Абу Дәуд және Ибн Хузайма (1/87/2) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадисті сондай-ақ Абдул Хаққ та өзінің «әл-Әхкам» (56/2) кітабында, ән-Нәуауи және Ибн Хәжар да сенімді деп айтқан. Бұл хадисті сондай-ақ басқа жеткізу жолымен  Абдур-Раззақ өзінің «Мусаннаф» (2/219) кітабында, Абу Йа‘лә «Муснадта» (3/1253), әт-Табарани «Му‘жам әл-Кәбирде» (3/67/2) және «Му‘жәм әл-Әусатта» (1/2600/2) және әд-Дарақутни келтіреді.

[3] Ән-Нәса’и, Ахмад және әс-Сираж бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[4] Ибн Хузайма, әл-Бәйһақи, әд-Дийа’ «әл-Мухтарада», Абдул Ғани әл-Мәқдиси «әс-Сунанда» (243/1) бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді; Ахмад, әт-Табарани «Му‘жәм әл-Әусатта» (32/2), әл-Бәйһақи және әл-Хаким; соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (№ 327) кітабында келтірілген.

[5] Муслим, Абу Ауана, әс-Сираж, Ибн Хузайма және әт-Табарани. Маңызды ескертпе: «ибадилер» (сектасы) бұл хадисті бұрмалап жіберген: олардың ғалымы Раби‘ өзінің «тәкбірді айту кезінде екі қолды көтеру намазды жарамсыз етеді» деген көзқарасын ақтау үшін бұл хадисті өзінің сенімсіз «Муснад» жинағында басқаша айтылу үлгісімен келтіріген! Олардың айтылу үлгісіндегі сол хадис өтірік хадис болып табылады, мұны мен «әд-Да‘ифада» (6044) түсіндірдім.

[6] Әл-Хаким және әз-Зәһаби бұл хадисті сенімді деген. Бұл хадис толығымен «Намазды ашатын тәкбір (такбират әл-ихрам)» тарауында келтіріледі.

[7] Бірінші дұға «кәффарат әл мәжлис» («жиналыстың  өтеуі») деген атпен белгілі болған дұғаның ең толық нұсқасы; «кім осы (сөздерді адамдар Аллаһты) еске алған жиналыста айтса, олар (ол үшін) мөрмен бастырылған сияқты болады, ал кім (бұл сөздерді) бос әңгімелер (айтылған)  жиналыста айтса, олар (ол үшін) өтеу болады». Бұл сенімді (сахих) хадисті әл-Хаким және әт-Табарани келтіреді. Екінші дұға, әрине, Елшіге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту Сүннетінен шығады. Сөйтіп, осы екі дұға Исламдағы «Егер адамдар Аллаһты зікір етпестен және Пайғамбары үшін салауат айтпастан жиналыстағы орындарына отырса, оларға міндетті түрде (Аллаһтың) жазасы (қаһары) келіп жетеді, әрі сол кезде Ол қаласа – оларды қинауға салады, ал қаласа – оларды кешіреді» деген нұсқаманы орындаудың ең жақсы тәсілі болып табылады. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сенімді (сахих) хадисін әт-Тирмизи, әл-Хаким және Ахмад келтіреді. Толығырақ  «Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахиханы» (74-81) қараңыз.

 жалғасы бар