«Әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқудың міндеттілігі туралы «وُجُوبُ قِرَاءَةِ الفَاتِحَةِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ» Ол «намазды нашар орындаған адамға» «әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқуды бұйырды, әрі оған оны бірінші ракағатта оқу туралы бұйрығынан соң[1] бұны: «…Әрі барлық намазыңда осылай істе!», — деді[2].
-
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (34)
Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. (Бірінші) сәждеден кейін бой түзеп отыру туралы «الرَّفْعُ مِنَ السُّجُودِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасағаннан соң, тәкбір айтып, басын көтеретін»[1] және «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَتَتِمّ صَلاةُ لِأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى… يَسْجُدَ، حَتَّى تَطْمَئِنَ مَفَاصِلُه، ثُمَّ يَقُولُ: «اللهُ أكْبَرُ»، وَيَرْفَعُ رَأسَهُ حَتَّى يَسْتَوِي قَاعِداً». «Адамның намазы, …. ол буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, ал кейін: «Аллаһу әкбар! (Аллаһ Ұлы!)», — деп, басын көтермейінше және тік отырмайынша, толық болмайды», — деп айтып, осыны бұйырған[2]. Сондай-ақ кейде «ол осы тәкбірді айтқан кезінде екі қолын көтеретін»[3].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (33)
Сәжде «السُّجُودُ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәкбір айтатын және сәжде жасау үшін еңкейе түсетін»[1], әрі «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَ تَتِمُّ صَلاَةُ لأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى … يَقُولُ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ؛ حَتَّى يَسْتَوِى قَائِمًا ثُمَّ يَقُولُ: اللهُ أكْبَرُ، ثُمَّ يَسْجُدُ حَتَّى تَطْمَئِنَّ مَفَاصِلُهُ». «Адам: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыларды (айтушыны) естісін (естіді)!)», — деп айтпайынша және бойын толық тік түзеп тұрмайынша, ал содан соң: «Аллаһу акбар! (Аллаһ ұлы!)», — деп айтпайынша және буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, оның намазы толық болмайды…», — деп, осылай істеуді бұйырды»[2].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (32)
Рукуғтан бой түзеу және рукуғтан кейін айтылатын Аллаһты еске алу сөздері «الاعْتِدَالُ مِنَ الرُكُوعِ، وَمَايَقُولُ فِيهِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғтан бой көтергенде: «سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَه» Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу — «Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!», – деп, омыртқасын түзейтін [1].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (31)
Рукуғ «الرُّكُــوعُ» Кейін, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Құран) оқуды аяқтап болып, шамалы тұра тұратын[1], содан соң, бұл «Намазды ашатын тәкбір (такбират әл-ихрам)» тарауында түсіндірілгендей, екі қолын көтеріп[2], тәкбір айтатын[3] және рукуғ жасайтын[4].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (30)
(Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы «الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті. Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап оқып жатып, жаңылысты. (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (29)
Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Құранды барлық ережелерге сәйкес оқу («тартил»[1]) және оны дауыспен көркемдеу «تَرْتِيْلُ القِرَاءَةِ وَتَحْسِيْنُ الصَّوْتِ بِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды әуенмен, байсалды, оның дұрыс ырғағын бұзбай, оған Аллаһ Тағала үйреткендей, асықпай және тездетпей, керісінше «әрбір әріпті анық айтып»[2] оқитын, тіпті «ол қандай да бір сүрені жай және байсалды мәнермен оқығанда, сол (сүре) іс жүзіндегісінен ұзындау болып көрінетін»[3]. Ол былай деп айтатын: «يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ اقْرَأْهُ وَارْقَهْ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِى الدُّنْيَا ، فَإِنَّ مَنْزِلَكَ عِنْدَ آخِرَ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا». «Құранды білгенге[4] (Қиямет күні):…
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (28)
Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түрлі намаздарда қандай сүрелер мен аяттарды оқығандығы туралы «مَا كَانَ يَقْرَؤُهُ فِي الصَّلَوَاتِ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің намаздарында оқитын Құранның аяттары мен сүрелері намаз орындалатын жағдайларға байланысты ерекшеленетін. Бұл туралы толығырақ төменде бес уақыт (парыз) намаздарының біріншісінен бастап баяндалады.
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (27)
Бес уақыт (парыз) және басқа да намазда Құранды дауыстап және іштей оқу «الجَهْرُ وَالإسْرَارُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ وَغَيْرِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (таң (фәжр, субх) намазын, ақшам (мәғриб) намазының алғашқы екі ракағатын және құптан (‘иша) намазының алғашқы екі ракағатында Құранды дауыстап оқитын, ал бесін (зуһр) және екінті (‘аср) намаздарын, сондай-ақ ақшам (мәғриб) намазының үшінші ракағатында және құптан (‘иша) намазының соңғы екі ракағатында Құранды іштей оқитын[1].
-
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (26)
«Әл-Фатиха» сүресін ғана оқудың рұқсат етілетіндігі туралы «جَوَازُ الاقْتِصَارِ عَلَى الفَاتِحَةِ» «Әдетте Му‘аз (ибн Жәбал) [соңғы] құптан (‘иша) намазын Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындап, содан соң қайтып, өз руластарымен бірге намаз өткізетін. Бірде кешкісін, ол қайтып келіп, олармен бірге намаз өткізіп тұрған кезде, (оның тайпасынан) бір жас жігіт те [оның есімі Суләйм, ал өзі бану суләйм тайпасынан еді] онымен бірге намаз орындайды, алайда намаз ол үшін өте созылып кеткен кезде, ол [кетеді де, мешіттің бір бұрышында оңашаланып] намаз оқиды да, кейін (мешіттен) шығып, түйесін жетектеп кетіп қалады.