• Ғалымдармен танысу

    Шейх Али бин Аби әл-’Изз әл-Ханафи

    Имам әт-Тахауидің «Ақидасына» жазылған түсіндірмелердің бірінің авторы, ханафи мазхабының атақты ғалымы,  Ибн Абу-ль-’Изз деген атпен танылған Абу-ль-Хасан Али бин Аляуддин Али бин Шамсуддин Абу Абдуллаһ Мухаммад бин Шарафуддин Абу-ль-Баракат Мухаммад бин Иззудин Абу-ль-’Изз Салих бин Абу-ль-Изз бин Ухайб бин Ата бин Жубайр бин Жәбир бин Уахб, биограф ғалымдардың  бірауызды келісімі бойынша, 731 х.ж. 22 зуль-хижада әл-Азраада дүниеге келді, бірақ кейіннен Дамаск қаласына қоныс аударды. Ол Дамаск қаласындағы ханафи мазхабының ұстанушыларына басшылық еткен, білімділігімен және тектілігімен танылған  отбасыдан еді. Бұл отбасыдан шыққан бірқатар ғалымдар қазы қызметін атқарып, пәтуа беретін және білім берумен де айналысатын. Оның әкесі — Аляуддин Али бин Абу-ль-’Изз (746 х.ж. қайтыс болған) ханафи мазхабының қазысы еді. Атасы —…

  • Ғалымдармен танысу

    Имам әт-Тахауидің, оны Аллаһ рақым етсін, өмірбаяны

    Имам Абу Джа’фар Ахмад бин Мухаммад бин Саляма бин Сальма бин ‘Абдульмалик әл-Азди әл-Хаджари әл-Мисри, имам әт-Тахауи деген (Мысырдағы туылған жерінің атына байланысты) атымен танылған. Оның шәкірті ибн Юнустың хабарлауынша, әт-Тахауи 239 х.ж. дүниеге келген және, биограф ғалымдарының көпшілігінің пікірінше, 321 х.ж. қайтыс болған, алайда Ибн Надим оның 322 х.ж қайтыс болғанын тұжырымдайды. Имам әт-Тахауи білімдарлығымен және тектілігімен танылған отбасыда өсті. Оның әкесі араб поэзиясының білімпазы ретінде ғана емес, сонымен қатар білімді және дана кісі ретінде танылған еді. Ал оның шешесі имам әш-Шафиғидің ізбасарлары мен оның сабақтарына қатысқан кісілердің қатарында аталады. Оның нағашысы Исмаил бин Яхья әл-Музани – имам әш-Шафиғидің алдыңғы қатарлы ізбасары және оның білімін таратушы болған.

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы

    Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деді: «Жаратылыстардан кімді болсын құрметтеудегі артық кетушілік (нысапсыздық) пұттар мен ізгі адамдарға табынуға алып баратын ең басты себеп болып табылады.  Дәл сол ізгі-салиқалы адамдарды шектен тыс құрметтеу Нух қауымы адамдарының  Насқа, Суағқа, Яғусқа және басқаларға табынуына алып келді. Сол сияқты христиандар да дәл осы себепті Исаға сыйына бастады». Қз.: «Масаиль джахилия» 71-72-беттер. Осыдан шыға келе, адамның өз ата-бабаларына деген қатынасы үш түрлі болуы мүмкін: 1) әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту; 2) оларды құрметтеуде шариғатта бекітілген заң-ережелерден артық кетушілік және шектен шығушылық таныту; 3) бұл мәселеде орташылдық таныту. Әсерсіздік (қызықпаушылық), қатыссыздық және парықсыздық таныту дінімізде тыйым салынған. Егер адам ата-анасына және ата-бабасына қатысты…

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары Бірқұдайшылық (әт-Таухид) туралы

    Ханафи мәзһабының ең ұлы имамдарының бірі — имам Ибн Әбил-‘Изз әл—Ханафи (792 х/ж) былай деген: «Құранның сүрелерінің басым бөлігі бірқұдайшылық түрлерінің мәні туралы айтады, бұдан қалса, бұл туралы оның барлық сүрелері айтады.  Ардақты Құран не Аллаһ туралы, яғни Оның Есімдері, Сипаттары және Іс-Әрекеттері жайында баяндайды, ал бұл Аллаһ Тағаланы танудағы бірқұдайшылық болып табылады, не Аллаһқа ешкімді (ешнәрсені) серік қоспаған күйде бір Оған ғана құлшылық етуге және Одан басқа кімге (неге) болса да құлшылық қылудан аулақ болуға шақырады. Ал бұл — құлшылықтағы бірқұдайшылық. Немесе Құран игі істер туралы баяндап, жаман істерге тыйым салады, және бұл – бірқұдайшылықтың хақысы және көркі. Немесе Құран бірқұдайшылдардың көретін игі сыйы мен Аллаһ Тағаланың қалайша оларды…

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары «Лә иляһә иллә-Ллаһ» куәлігінің мағынасы туралы

    «Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігі – «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім (ешбір құдай) жоқ» дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала былай деді: «Біл, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ…» (Мухаммад, 19). Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол тірі, толық Меңгеруші» (Әли Имран, 2). Бұл аяттың мағынасы жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге лайықты құдай екендігінде. Бұл сөз құлшылық жасалатын кез келген өзге шынайы құдайдың болуын жоққа шығарады. «Иллә-Ллаһ» («Аллаһтан басқа») сөзі Аллаһтың билік құруда теңдестері жоқ болғандығы сияқты, Оның құлшылық етуде де ешбір серігі жоқ дегенді білдіреді.

  • Фиқһ мәселелері

    Ханафи ғалымдары ташаххудта саусақты көтеру туралы

    Ханафи мазхабының атақты шейхы Абуль-Хасан әс-Синди былай деп айтатын: “Біздің имамдарымыздың және басқа да ғалымдардың көпшілігі ташаххудта саусақты көтеру туралы хадиске сүйенетін, ал мұны сөгетін біздің кейбір жақтастарымызға қатысты айтар болсақ, олардың сөгістерінде негіз жоқ”. Қз.: “Хашия ‘аля ән-Насаи” 2/236. Бұл мәселе ертедегі ханафи ғалымдарының: Мухаммад әш-Шайбанидің «Мууатта»; әт-Тахауидің «Шарх ма’ани аль-асар»; Бадруддин әл-‘Айни «Фатх аль-Қадир», «аль-‘Иная», «‘Умда әл-Қари» атты ең танымал ханафи кітаптарында және ханафи мазхабының өзге де маңызды дереккөздерінде жан-жақты қаралған! Алайда кейбір кісілер әл-Масғудидің «Китаб әс-Саля» және әл-Кайданидің «Хуласа» деген кітаптарына сүйенеді. Бұл кітаптардың авторлары – өздерін ханафи мазхабына теліген кейінгі кезеңнің ғалымдары. Осы кітаптардың негізінде көптеген ханафи бауырларымыз «Сұқ саусақ шайтанға темірден қатты әсер етеді» деген…

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары Аллаһтан өзгелерге жалбарыну (дұға ету) туралы

    «(Мухаммад) оларға: “Аллаһтан өзге (құдай деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың қиыншылықтарыңды айықтыруға, немесе сендерден басқаларға бұрып жіберуге шамалары келмейді”, — де» (әл-Исра, 56). Ханафи мазхабы өкілдерінің ең танымал еңбектерінің бірі болып саналатын «әд-Дурр әл-Мухтар» кітабында (2/630) сөзбе-сөз былай деп айтылады: «Абу Ханифаның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы дұға етіп жалбарыну керек. Бізге рұқсат етілген және оқу әмір етілген дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең көркем есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар…».

  • Ақида

    Ханафи ғалымдары «қасиетті» («табарак») заттар туралы

    Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды «қасиетті» деп сыйлап-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар қасиетті сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы қасиеттіліктен өзіңе де үлес  алуға болады деп есептейді. Ханафи мазхабының имамдары  мұның барлығының тыйым салынғандығы туралы айтқандарына қарамастан, жоғарыда аталған іс-әрекеттер іске асуда.  Бұл іс-әрекеттердің кейбіреулерін ханафи ғалымдары көпқұдайшылық, ал кейбіреулерін көпқұдайшылықтың есігі деп атаған. Қз.: «Зиярат уль-қубур» 42-бет; «Мажалис уль-абрар» 129-130-бет; «Нафаис уль-Азхар» 161-бет; Ибн Туркумани «әл-Люма’» 1/52; «Фатх уль-Маннан» 445, 521-522-беттер; «Ғаят уль-Амани» 1/297-298; «Мифтах уль-джанна» 47-бет.

  • Ақида,  Әдіснама,  Бұрмалаулар

    Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі және не үшін ханафи мазхабын ұстанушылар оны өткізбейді

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кітапты «Word» форматында жүктеп алу Кіріспе Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз.  Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ Тағала кімді қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады, әрі өзіне көмекші таба алмайды. Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Ханафи мазхабының имамдары Түркістанға, Бекет-Ата мазарына және басқа да қабірлерге «қажылық» жасауға қарсы.

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Сонғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады.