Ақида

Ханафи ғалымдары «қасиетті» («табарак») заттар туралы

Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды «қасиетті» деп сыйлап-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар қасиетті сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы қасиеттіліктен өзіңе де үлес  алуға болады деп есептейді.

Ханафи мазхабының имамдары  мұның барлығының тыйым салынғандығы туралы айтқандарына қарамастан, жоғарыда аталған іс-әрекеттер іске асуда.  Бұл іс-әрекеттердің кейбіреулерін ханафи ғалымдары көпқұдайшылық, ал кейбіреулерін көпқұдайшылықтың есігі деп атаған. Қз.: «Зиярат уль-қубур» 42-бет; «Мажалис уль-абрар» 129-130-бет; «Нафаис уль-Азхар» 161-бет; Ибн Туркумани «әл-Люма’» 1/52; «Фатх уль-Маннан» 445, 521-522-беттер; «Ғаят уль-Амани» 1/297-298; «Мифтах уль-джанна» 47-бет.

Бұдан қалса, ханафи имамдары адамдар қасиетті және игілік сыйлаушы деп санайтын барлық заттарды, мейлі олар ағаштар, құрылыстар немесе басқа да нәрселер болсын, алып тастауды бұйырған. Дәл осындай пұтқа табынушылық сенімдердің негізінде адамдар оларға шүберектерді, жіптерді, бауларды т.с.с. нәрселерді іліп қояды.  Қз.:«Зиярат уль-қубур» 51-52-бет; «Мажалис уль-абрар» 129-бет; «Нафаис уль-Азхар» 160-161-бет.

Өзге мазхабтардың имамдары да ханафи ғалымдарын осы мәселеде қолдайды. Имам Абу Бакр әт-Тартуши былай деген: «Қараңыздар, Аллаһ сіздерді рақым етсін!  Сендер қай жерде болмасын, адамдардың зиярат жасап баратын, оларды ұлықтап, олардан ауруларынан шипа сұрайтын және оларға баулар мен шүберектерін ілетін талды немесе бұтаны тапсаңдар, сол ағашты шауып тастаңдар». Қз.: «аль-Хауадис уаль-бида’» 105-бет.

Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:

  1. Ханафи ғалымдары әт-Таухид (Бірқұдайшылық) туралы
  2. Ханафи ғалымдары «Ля иляһа илля Ллаһ» куәлігінің мәні туралы
  3. Ханафи ғалымдары ташахудта саусақ көтеру туралы
  4. Төрт имамның ақидасы негізінде бір болғаны туралы
  5. Ханафи мазхабындағы тауассуль және истиғаса