• Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Имам Абу Ханифаның музыкаға деген қатынасы

    «Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439. Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», — деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», — деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417. Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға…

  • Әдіснама

    Абу Ханифаның Сүннетке ілесу қажеттігі туралы айтқан сөздері

    Біз осы жерде имам Абу Ханифаның Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және имамның пікірлерінен, егер олар Сүннетке қайшы келсе, бас тарту қажеттілігі туралы айтқан сөздерін келтіруіміз өте пайдалы болады. Өйткені бұл — имамдардың айтқандарына, ұлы имамдарға да емес,  олардан мәртебесі бойынша едәуір төмен болғандарға соқыр түрде ілесетіндерге (тақлид жасаушыларға), өздерінің мәзһабтары мен көзқарастарына олар Көктен түскендей дәрежеде ілесетіндерге сақтандыру және ескерту болады! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).

  • Әдіснама

    Абу Ханифаның әдісі

    Абу Ханифа ұлы фақиһ еді және ол осы өте маңызды ғылымның әдіснамалық негіздерін жасап шығарды, ал оларды мұндай формада оған дейін ешкім қолданбаған  еді. Осы себепті ол өзінің әдістемесін толық түсінбейтін адамдардың тарапынан жиі сыналатын. Бұл табиғи да, өйткені кез келген істе алғашқылардан болу қиын іс. Бұдан тыс, ұлы ұстаз кең дүниетанымға ие ілгерішіл және еркін ойлы адам еді. Ол орынсыз діни догматизмге ешқашан түспейтін. Бұл мүмкін де емес еді, өйткені ол өзінің ұстаздық әдістерін пікірталастыруға негіздеп құратын. Ол (шариғатқа негізделетін) кез келген пікірге төзімділікпен және түсінушілікпен қарайтын және сау ақыл-парасатты адамдардың дәйекетерін назар қойып зерттейтін. Тек Уахидің (нассам) сөзіне ғана ілесетін кейбір адамдар оны тіпті Ислам заңының кейбір ережелерінен…

  • Имамның өмірі

    Имамның, Аллаһ оны рахым етсін, қайтыс болуы

    Әл-Мууаффақ Абу Йусуфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, хижра бойынша 150 жылдың шәууал айында қайтыс болды». Әл-Мууаффақ Абу Хаййян әз-Зийадидің былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа өлімі жақындағанын сезген кезде, сәжде жасағаны және сол кезде оның жаны тәнінен айырылғаны маған жетті». Имамды соңғы сапарға шығарып салуға жалпы саны елу мыңға жеткен өте көп адамдар жиналғандығы туралы деректер айтылған. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатын: «Ақиқатында, Аллаһ жай Өзінің құлдарын білімнен айырып қана білімді алып кетпейді, бірақ Ол білімділерді алып кетіп, білімді алып кетеді. Ал Ол бірде-бір ғалымды тірі қалдырмаған кезде, адамдар өздеріне надан жетекшілерді сайлай бастайды. Оларға сұрақ қояды, ал…

  • Имамның өмірі

    Имамның мәзһабының таралуы

    Имам, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, білім алған кезінде және оны өзгелерге бергенде Аллаһтың алдында ықыласты болатын және ол барлық кезде және барлық жерде адамдарды тек Аллаһ Тағала үшін фиқһқа оқытатын. Біз Аллаһ Тағала оның өмірін және еңбегін нендей берекелі еткенін көрдік, өйткені білім ізденушілер және фиқһ саласында жетілуді қалағандар жан-жақтан оған қарай ұмтылатын және одан білім алып, кейіннен өз өлкелеріне оралып, өзгелерді оқытатын. Міне, осының себебімен имам Абу Ханифаның мәзһабы жарқыраған нұр сияқты Куфадан Ирактың, Иранның, Ауғанстанның, Пәкістанның, Үндістанның, Қытайдың, Жапонияның, Түркістанның, Шамның, Мысырдың, Мағрибтың және Андалусияның аймақтарына тарады және бүкіл Еуропа аумағында, нақты айтқанда Кавказда, Қырымда, Полшада, Румынияда, Болгарияда, Австрияда, Түркияда, Грецияда, Югославияда және Албанияда тамыр жайды, соның…

  • Имамның өмірі

    Имамның өз шәкірттеріне деген қатынасы

    Әс-Сәймариден қады Шурайктың былай деп айтқаны жеткізіледі: «Абу Ханифа ұзақ уақыт үнсіз болатын, көп ойланатын, фиқһ мәселелерін мұқият қарайтын, зерттеудің шебер әдістерін керемет игерген еді және оқытқаны үшін ешқандай ақша талап етпейтін. Егер шәкірт кедей болса, ол өзінің қаражатына оны да, оның отбасын да асырайтын, ал оқу біткен кезде: «Харам мен хәлалды игеріп, сен ең үлкен байлыққа ие болдың», — деп айтатын. Ол үлкен ақылға ие еді және олармен аз айтысатын». Әл-Кардари өзінің имам Абу Ханифаның артықшылықтары туралы кітабында Абу Йусуфтың, Аллаһ оны рахым етсін, былай дегенін жеткізген: “Мен хадистерді оқумен айналысатынмын, бірақ ақшам аз болатын. Имам Абу Ханифада оқуда болған кезімде, маған әкем келіп: «Әй, балақаным, сен онымен тең…

  • Имамның өмірі

    Имамның шариғи білімге деген қатынасы

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, діндар жанұяда өсті, дінді түсінуге және оның қағидаларын адамдарға жеткізуге тырысты, бұған оның бүкіл өмірі айғақ болады. Біз жастайынан керемет тәлім-тәрбие және білім алған, ал соңынан Аллаһ оны жетпіс жасында көз жұмдырғанға дейін өзі адамдарды оқытып, оларға  насихат берген имамның қызметін ашып көрсеткіміз келді. Ал өлім туралы айтар болсақ, имам үнемі адамдарға: «Ақиқаттың үстіндегі өлім бос өмірден жақсы», — деп үйрететін. Йазид бин әл-Қумайттың былай дегені жеткізіледі: “Бірде имам бір адаммен айтысып жатқан кезде, әлгі адам: «Аллаһтан қорық!», — деді. Осы сөздерді естіп, имамның реңі кетті, ол қалтырап қалды да, басын түсіріп: «Уа, бауырым, Аллаһ саған игілігімен қайырсын! Адамдар өздерімен сүйсініп, білім…

  • Имамның өмірі

    Имамның өз ата-анасына деген құрметі мен ілтипаты туралы

    Имам Абу Ханифаның өз ата-анасына ерекше ілтипат танытуына оның Аллаһқа олар үшін дұға етуі және олар мен шейхы Хәммадты кешіруін тілеуі, сондай-ақ олардың атынан ай сайын жиырма динар садақа беруі нұсқайды. Абу Ханифаның анасы оның әкесінен көбірек өмір сүрді, ал имамның оған құрметпен қарауы туралы әл-Кардаридің  Хәжар бин Абд әл-Жәббар әл-Хадрамиден жеткізген мына сөздері растайды: “Имам былай депті: “Біздің мешітіміздің жанында Зур‘а есімді бір қиссашы тұратын. Бірде менің шешем діннен бір нәрсе сұрағысы келді де, бұл жөнінде менен сұрады және мен оған жауап бердім, алайда ол: «Мені тек Зур‘а берген жауап қана қанағаттандырады», — деді. Сонда мен оны оған алып бардым да, оған: «Менің шешем пәлен мәселе бойынша сенің пікіріңді…

  • Ақида

    Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын. «Тәуассулдің» мұндай түрін ірі мұсылман ғалымдары және діндарлары тәрк еткен және бұл көзқарастар көптеген жақтаушыларына ие кейбір діни мәзһабтарда көрініс тапты. Осындай мәзһабтардың бірі имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, мектебі болып табылады.  Ханафи мәзһабы өкілдерінің едәуір танымал еңбегі болған «әд-Дурр әл-Мухтар» (2/630) кітабында сөзбе-сөз былай деп айтылайды: «Абу Ханифа былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарыну қажет. Бізге рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан, Оған сол есімдер…

  • Ақида,  Әдіснама

    Имам Абу Ханифаның кәламмен (діни пәлсапамен) айналысуға және дін туралы айтыс-тартыстарға берілуге тыйым салғандығы туралы

    «Кәлам» терминінің түсіндірмесін біз алдын имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, білім алу жолына түскені туралы мақалада берген болатынбыз. 1. Абу Ханифа былай деген: «Басрада өздерінің әуес-қалауларына ілесетін адамдар көп. Мен: «Кәлам ең басты ғылым болып табылады», — деп ойлап, ол жерге жиырмадан астам рет барғанмын және сол жерде кейде бір жылға, кейде одан көбірек немесе азырақ мерзімге қалатынмын». Әл-Курди «Мәнақиб Аби Ханифа», 137.