Ақида

Ханафи ғалымдары Аллаһтан өзгелерге жалбарыну (дұға ету) туралы

«ухаммад) оларға: “Аллаһтан өзге (құдай деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың қиыншылықтарыңды айықтыруға, немесе сендерден басқаларға бұрып жіберуге шамалары келмейді”, — де» (әл-Исра, 56).

Ханафи мазхабы өкілдерінің ең танымал еңбектерінің бірі болып саналатын «әд-Дурр әл-Мухтар» кітабында (2/630) сөзбе-сөз былай деп айтылады: «Абу Ханифаның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы дұға етіп жалбарыну керек. Бізге рұқсат етілген және оқу әмір етілген дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең көркем есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан Оған солар арқылы жалбарыныңдар…».

Осыған ұқсас сөздер «әл-Фатауа әл-Хиндийя» (5/280) кітабында да келтірілген.

әл-Қудури өзінің «Шарх әл-Қарахи» атты ислам шариғаты бойынша үлкен еңбегінде, мақұлданбайтын іс-әрекеттер туралы баяндалатын тарауда былай деп жазған: «Бишр бин әл-Уалид  Абу Йусуфтың сөздерінен Абу Ханифаның былай дегенін жеткізген: «Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана дұға етіп жалбарыну қажет. «Сенің Аршыңдағы ұлылық орны үшін» немесе «Сенің жаратылыстарыңа тиісті болған нәрселер үшін» деген сөздер мен үшін жек көрінішті». Бұл пікірді Абу Йусуф та қолдаған. Ол былай дейтін: «Аршыдағы ұлықтық орны — бұл Аллаһ, әрі мен мұндай дұға құпталмайды деп санамаймын. Бірақ маған «Пәленге тиісті нәрсе үшін», «Сенің пайғамбарларың мен елшілеріңе тиісті нәрселер үшін», «Сенің Қорықты Үйіңе тиісті және Сенің Қорықты Мекеніңе тиісті нәрсе үшін» деп айтқан сөздер ұнамайды».

әл-Қудури былай деген: «Аллаһтан оның жаратылыстарының атымен сұрауға болмайды, өйткені Жаратушы жаратылыстарына ешнәрсемен міндетті емес». Бұл туралы шейхуль-Ислам да «әл-Қаида әл-Джәлилә» кітабында жеткізген.

Әз-Зубайди «Шарх әл-Ихья» (2/285) кітабында былай деген: «Абу Ханифа және оның серіктері Аллаһтан пәленге тиісті болған нәрсе үшін, немесе Оның пайғамбарлары мен елшілеріне тиісті болған нәрсе үшін, немесе Оның Қорықты Үйі мен Қорықты Мекеніне тісті болған нәрсе үшін сұрауға (тілеуге) тыйым салатын, өйткені Аллаһ ешкімге ешнәрсемен міндетті емес.    Абу Ханифа және Мухаммад сондай-ақ дұға ету барысында «Уа, Аллаһ, Сенің Аршыңдағы ұлықтық орны үшін Сенен сұраймын» деп айтуға да тыйым салатын. Ал Абу Йусуф тек өзіне осыған қатысты дерек жеткен соң ғана, мұндай дұғаны рұқсат етті».

Осыған байланысты Ибн әл-Асир, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Аллаһтан Оның Аршындағы ұлықтық орны арқылы сұрау (жалбарыну) солардың себебінен Аршыға ұлылық сый етілген сипаттар немесе Аршыдағы ұлы орындар арқылы сұрау дегенді білдіреді. Шын мәнінде бұл Аллаһтан Оның Аршының ұлықтығы үшін сұрау дегенді білдіреді, әрі Абу Ханифаның серіктері Аллаһқа мұндай сөздер арқылы жалбарынуға тыйым салатын».

Бірінші түсіндірмеге сәйкес, «ұлықтық орындары» деген сөздердің астарында олардың себебінен Аршыға ұлықтық берілген сипаттар меңзеледі. Мұндай жағдайда дұға етуші (жалбарынушы) Аллаһ Тағаладан Оның сипаттары арқылы сұраған болады. Әрі осылайша істеуге рұқсат етіледі. Екінші түсіндірмеге сәйкес, олардың астарында Аршыдағы ұлықтық орындары меңзеледі, әрі Аллаһтан олар арқылы сұрау Оның жаратылыстары арқылы Оған жақындау жолын іздеуді білдіреді, ал бұл рұқсат етілмейді.

Абу әт-Таййиб Шамс әл-Хаққ әл-Азимабади «әт-Талик әл-Муғни аля Сунан әд-Дарақутни» кітабында былай деп жазған: «Дінбұзарларға (бидғатшыларға) үйреншікті іс болып қалған, шейх Абд әл-Қадир әл-Джиләниге, Аллаһ оны рақым етсін, көмек тілеп жүгіну жиіркенішті күнә, жан түршігерлік дінбұзушылық және қатерлі бидғат болып табылады.    Олар: «Уа, шейх Абд әл-Қадир әл-Джиләни, Аллаһ үшін мынаны істеші», — деп, Бағдад тарапқа бет бұрып, дұға етеді және осындай күнәлардың көбін жасайды. Олар Аллаһқа құлшылық етуде Оған серік қосады және Оны лайықты деңгейде бағаламайды. Бұл надандар шейхтың, Аллаһ оны рахым етсін, ешкімге көмек тигізе алмайтынын және ешкімді тозаңдай жамандықтан қорғап қала алмайтынын білмейді. Ал, ендеше, не үшін олар одан өздеріне көмек тілейді?! Аллаһ Өзінің құлдары үшін жетіп асады емес пе?! Уа, Раббымыз, кімді болса да Саған серік  етуден және Сенің жаратылыстарыңнан кімді болса да Сені ұлықтайтындай етіп ұлықтаудан сақта!

«әл-Базазийя»-да және басқа да пәтуалар жинақтарында былай деп айтылған: «Кім: «Шейхтардың рухтары (әруах) біздің жанымызда бар және біз туралы біледі», — десе, кәпір болады».

Шейх Фахр әд-Дин Абу Саад Усман әл-Джайяни ибн Суләйман әл-Ханафи өзінің «ар-Рисаля» кітабында былай деген: «Кім: «Өлгендер Аллаһпен бірге тағдырларды басқарады», — деп пайымдаса және осыған сенсе, сол кәпір болып табылады». Осыған ұқсас сөздер «әл-Бахр әр-Раиқ» кітабында да келтірілген.

Кадий Хамид әд-Дин Накури әл-Хинди «әт-Тауших» кітабында былай деген: «Олардың арасында қасірет пен бақытсыздық кезінде пайғамбарлар мен әулиелерге жалбарынатын және «олардың рухтары (әруах) біздің арамызда жүр, біздің дұғаларымызды естиді және біздің мұң-мұқтаждарымызды біледі» деп сенетіндері бар. Бұл – жиіркенішті пұтқа табынушылықтан және айқын надандықтан өзге ешнәрсе емес.  Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһтан өзге оларға Қиямет күніне дейін жауап бермейтінге және олардың тілеп жатқаны туралы бейхабар болғанға жалбарынатындардан кім артығырақ адасушылықта» (әл-Ахкаф, 5)».

«әл-Бахр әр-Раиқ» (3/94) шығармасында сондай-ақ былай деп айтылады: «Егер біреу Аллаһты және Оның Елшісін куә етіп алып, соның негізінде некелессе, оның некесі жарамсыз, ал оның өзі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып белгілі деп сенгені үшін кәпір болады».

Осыған ұқсас сөздерді Қади-ханның және әл-Айнидің пәтуалар жинақтарында, имам әл-Касанидің «әд-Дурр әл-Мухтар» және «әл-Әләмкирийя» жинақтарында, сондай-ақ ханафи мазхабының басқа да көптеген шығармаларында кездестіруге болады. Құран мен кіршіксіз Сүннетке келер болсақ, оларда көпқұдайшылықтың мәнінің өзін әшкерелейтін және Аллаһқа серік қосушыларды сөгетін мәтіндер өте көп.  Біздің шейх, көрнекті ғалым әс-Саййид Мухаммад Назир Хусейн әд-Дахлауи бұл кесірлі дінбұзушылықты әшкерелеуге арналған дәлелді мақала жазған.

Сондай-ақ мыналарды оқуды да ұсынамыз:

  1. Ханафи ғалымдары таухид (бірқұдайшылық) туралы
  2. Ханафи ғалымдары «тәбәрәк» заттар туралы
  3. Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс ардақтау туралы
  4. Ханафи ғалымдары «Лә иләһа иллә-Ллаһ» куәлігінің мәні туралы
  5. Ханафи мазхабындағы тауассуль және истиғаса