• Фиқһ мәселелері

    ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) НАМАЗЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (5)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Қағбаға бет бұру «اسْتِقْبَالُ اْلقِبْلَةِ» Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  намазға кірісетін кезінде, парыз және нәпіл намаздарын орындау барысында жүзін Қағбаға қарататын[1]. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  «намазды дұрыс орындамаған адамға»[2]: «إذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلاَةِ فَأَسْبِغِ الوُضُوءَ، ثُمَّ اسْتَقْبِلِ اْلقِبْلَةَ فَكَبِّر».  «Намазға кірісер кезіңде мұқият дәрет ал, кейін Қыблаға бетіңді бұр да, тәкбір айт», — деп, дәл осылай істеуді  бұйырды[3].

  • Әдіснама,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (4)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты еңбегін жариялауды жалғастырамыз. Күмәндар және оларға жауап Жоғарыда баяндалғанның барлығы мен бұдан он жыл бұрын осы кітаптың кіріспесінде жазған нәрселерім болып табылады. Осы өткен уақыт ішінде сөздеріміз иманды жастарға игі әсер еткені, олардың діндері мен құлшылықтарында Исламның саф (кіршіксіз) дереккөздері болған Құран мен Сүннетке қайтудың қажеттілігіне жол көрсеткені бізге белгілі болды. Нәтижесінде олардың арасында, Аллаһқа (осы үшін) мақтау-мадақтар болсын, Сүннетке амал етіп, құлшылықтарын Сүннетке негіздеушілер көбейіп, осы арқылы танымал болып кеткендері де бар. Десек те, олардың (жастардың) кейбірінен  Сүннетке сәйкес амал жасаудан шегінгенін байқадым. Алайда олар өздеріне келтірілген дәлелдер мен имамдардың…

  • Әдіснама,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (3)

    Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Имамдардың Сүннетке ілесуге және өздерінің пікірлері оған қайшы келген жағдайда олардан бас тартуға қатысты айтқан сөздері Біз осы жерде осындай сөздердің кейбіреулерін келтірсек, өте пайдалы болмақ. Өйткені бұл имамдардың көзқарастарына – жоқ, тіпті ұлы имамдардың өздеріне де емес,  мәртебесі бойынша олардан әлдеқайда төмен адамдарға соқыр түрде ілесетіндерге[1] – өздерінің мазһабтары мен көзқарастарын Көктен түскендей дәрежеде ұстанатындарға сақтандыру және ескерту болуы мүмкін! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой: اتبعوا ما أنزل إليكم من ربكم ولا تتبعوا من دونه أولياء قليلا ما تذكّرون…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (2)

    Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен Автордың бірінші басылымға жазған алғысөзі  Өзінің құлдарына намазды жүктеген, адамдардың жетістіктері мен рахат-игілікте болуын оны орындаудадағы мойынсұнушылықпен байланыстырып, оны бекітуді және ең жақсы үлгіде орындауды бұйырған, әрі оны күпірлік пен иманды ажырататын өлшеуіш, арсыздықтан (әл-фәхша) әрі барлық айыпты амалдар мен бүкіл жамандықтардан (әл-мункар) құтылудың құралы еткен Аллаһқа мадақ![1] Аллаһ Тағала оған: وأنزلنا إليك الذكر لتبين للناس ما نزُِّل إليهم) النحل(: 44 «Саған да, адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» («ән-Нәхл» сүресі,…

  • Ғалымдармен танысу,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей

    Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!  Оқырмандарымыздың назарына қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» еңбегі ұсынылады. Автор хадистерді көп жылдар бойы зерттеудің негізінде Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай орындағанының үлгісін қайта қалпына  келтіреді. Кітап мүмін мұсылмандарға, сондай-ақ Ислам дінін оқып үйренушілерге, оның тарихы мен намаз оқу тәжірибесіне қызығушылық танытатындарға арналған.

  • Имамға қатысты өтіріктер

    Шейх Фаузан қазіргі заман ханафилерінің жағдайы туралы

    Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деді: «(Қазіргі заман ханафилері) өздерін ханафилерге телиді, әрі сонымен бірге ақидада Абу Ханифадан өзгешеленеді, олар фиқһта ғана оның жолына ілеседі де, ақида мәселелерінде оған қайшы келеді,

  • Фиқһ мәселелері

    Ханафи имамдары қабірлерді белгілеп қою туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Бұл мәселе екі дербес мәселеге бөлінеді: 1) Осы жер қабір екендігін және адамдар оның үстінен жүрмеу үшін және оның үстіне отырмау т.с.с. үшін белгілеп қою. 2) Белгілі бір қабірді онда белгілі бір адам жерленгенін білдіру үшін белгілеп қою. Бұл мәселелерді түсіндіру, түрлі мазхабтардың дәлелдері мен пікірлерін келтіру бұл кітаптың мақсаты емес, сондықтан да мен осы жерде жалпы қорытындыны ғана айтып кетемін.

  • Әдіснама,  Ғалымдармен танысу,  Имамға қатысты өтіріктер

    Имам Абу Ханифа және оның мазхабы Суннеттік пе?

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен  Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Соңғы кезде өздерін жалған түрде білімге телитін діни сауаты төмен адамдардың арасында имам Абу Ханифаны (Аллаһ оны рахым етсін) қаралау сөздері жиілеп кетті. Олар жауапкершілігі ауыр болған «Имам Абу Ханифа бидғатшы болған және әһлю-Суннаға қатысы болмаған» деген  сөздерді айтады. Сондай-ақ осы адамдардың мәлімдемелеріне сәйкес, мұсылмандарда төртеу емес, тек үш қана сүннеттік мазхаб бар-мыс. Олар осынысымен имам Абу Ханифа мазхабын әһлю-Суннадан шығаруда.

  • Имамға қатысты өтіріктер

    Матурудилер әһлю-Суннаға жатады ма?

    Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Ханафи мазхабының кейбір кейінгі өкілдері матурудилерді әһлю-Сунна уәл-жамаъа деп атап, оларды Сүннетті жақтаушылардың қатарына жатқызады. Олар осылай деп ашъарилер туралы да айтады, өйткені олар сенім мәселелерінде бір-бірімен «бауырлас». Алайда «матурудилер әһлю-сунна уәл-жамаъа қатарынан» дегенге келісуге болмайтынына негіз бола алатын бірнеше тармақтар бар:

  • Ақида,  Ғалымдармен танысу

    Абу Мансур әл-Матуруди деген кім?

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Бүгінгі күні  имам Абу Мансур әл-Матурудидің есімін көптеген мұсылмандар тілге алып жүр, әрі оның танымал болғаны соншалықты – тіпті діннен хабары жоқ адамдар да ол туралы естіген болуы әбден ықтимал. Әсіресе бұл құбылыс орыс және  қазақ тілді мұсылмандардың арасында ерекше байқалады. Мұның себебі ТМД елдері мұсылмандарының Діни Басқармалары мұсылмандарға фиқх мәселелерінде ханафи мазхабын, ал ақидада (сенім жүйесінде) матуруди мазхабын міндеттеуге тырысуында. Алайда осы орайда «Есімі төңірегінде осыншама у-шу көтерілген және соншама ізбасарлары болған Абу Мансур әл-Матуруди кім өзі?» деген сұрақ туындайды.