Кұран оқу
«القِرَاءَةُ»
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаладан шайтанның кесірінен пана сұрап: «Қуылған шайтаннан: оның (ақылдан аздыратын[1]) азғыруынан, (ол көкейге салатын) менмендіктен және (бос, бұзық) өлеңдерден Аллаһқа сыйынамын», — деп айтатын. [2]
«أعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ مِنْ هَمْزِهِ وَنَفْخِهِ وَنَفْثِهِ».
Ә‘узу би-Лләһи мин әш-шайтанир-ражим: мин һәмзи-һи, уә нәфхи-һи, уә нәфси-һи.
Кейде ол былай деп айтатын: «Барлық нәрсені Естуші және барлық нәрсені Білуші Аллаһқа қуылған шайтаннан: оның (ақылдан аздыратын) азғыруынан, (ол көкейге салатын) менмендіктен, және (бос, бұзық) өлеңдерден сыйынамын»[3].
«أَعُوذُ بِاللهِ السِّمِيعِ العِلِيْمِ مِنَ الشَّيْطَانِ…».
Ә‘узу би-Лләһи—с-Сами‘и-л ‘Алими мин әш-шайтанир-ражим: мин һамзи-һи, уә нәфхи-һи, уә нәфси-һи.
Кейін ол: «Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!»
بسم لله الرحمن الرحيم
«Бисми-Лләһи рахмани рахим», — деп, дауыстамай оқитын.[4]
Аяттарды жеке-жеке біртіңдеп оқу
«القِرَاءَةُ آيَةً آيَةً»
Кейін ол «әл-Фатиха» сүресін ырғақпен, әр аяттан кейін тоқтап-тоқтап оқитын. Ол (былай) оқитын:
بسم لله الرحمن الرحيم
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!
[Бұл жерде ол үзіліс жасайтын және әрі қарай оқитын.]
الحمد لله رب العالمين
Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббысы – Аллаһқа тән!
[Кейін ол үзіліс жасап, әрі қарай оқитын.]
الرحمن الرحيم
Аса Мейірімді, Ерекше Рақымдыға.
[Кейін ол үзіліс жасап, әрі қарай оқитын.]
مالك يوم الدين
Қиямет Күннің Патшасына (Иесіне).
…әрі осылайша сүренің соңына дейін. Тура осы үлгімен ол Құранның қалған сүрелерін де оқитын: әр аяттың соңында тоқтап, оны келесі аятқа қоспайтын[5].
Кейде ол:
مالك يوم الدين
(Қиямет Күннің Иесіне) — деудің орнына
ملك يوم الدين
(Қиямет Күннің Патшасына) — деп оқитын. [6]
«Әл-Фатиха» сүресін оқудың рүкін екендігі және оның артықшылықтары туралы
«رُكْنِيَّةُ الفَاتِحَةِ وَفَضْائِلُهَا»
Ол:
«لاَ صَلاَةَ لِمَنْ لَا يَقْرَأْ [فِيهَا] بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ [فَصَاعِداً] »
«Кім Кітапты Ашушыны[7] (яғни «әл-Фатиха» сүресін) оқымаған болса, сол намазды орындамады»[8], — деп айтып, бұл сүренің маңыздылығына ерекше көңіл аударатын. Ал басқа бір хадисте:
«لاَ تجزئ صَلاَةٌ لَا يَقْرَأُالرَّجُلُ فِيهَا بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ»
«Намазында Кітапты Ашушыны оқымаған (адамға) намазы үшін сауап берілмейді», — деп айтылады[9]. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Кім намазын Кітапты Ашушыны оқымай орындаса, соның намазы толық емес, толық емес, толық емес, аяқталмаған»[10]. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп хабарлаған:
«قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: قَسَمْتُ الصَّلاَةَ بَيْنِى وَبَيْنَ عَبْدِى نِصْفَيْنِ، فَنِصْفُهَا لِى وَنِصْفُهَا لِعَبْدِى، وَلِعَبْدِى مَا سَأَلَ ».
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ -صلى الله عليه وسلم- :« اقْرَءُوا يَقُولُ الْعَبْدُ ﴿الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴾ يَقُولُ اللَّهُ: حَمِدَنِى عَبْدِى. وَيَقُولُ الْعَبْدُ ﴿الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ﴾ يَقُولُ اللَّهُ: أَثْنَى عَلَىَّ عَبْدِى. يَقُولُ الْعَبْدُ ﴿مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ﴾ يَقُولُ اللَّهُ : مَجَّدَنِى عَبْدِى. يَقُولُ الْعَبْدُ ﴿إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴾ فَهَذِهِ الآيَةُ بَيْنِى وَبَيْنَ عَبْدِى، وَلِعَبْدِى مَا سَأَلَ. يَقُولُ الْعَبْدُ ﴿اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّالِّينَ﴾ فَهَؤُلاَءِ لِعَبْدِى وَلِعَبْدِى مَا سَأَلَ
«Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деп айтқан: «Мен намазды[11] Өзім мен құлым арасында тең бөлдім, әрі құлыма ол сұрайтын нәрсе тиеді». Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Оқыңдар! Және егер (Аллаһтың) құлы: «Әлхамду лиләһи Раббил ‘аләмин (Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!)», — деп айтса, Аллаһ Тағала: «Құлым маған мадақ айтты», — дейді. Және егер ол: «…әр-Рахмаанир-Рахим (Аса Мейірімді, ерекше Рақымдыға)», — деп айтса, Аллаһ: «Құлым Мені ардақтады», — дейді. Және егер ол: «…Мәлики яумид-дин (Қиямет Күннің Иесіне)», — деп айтса, Аллаһ Тағала: «Құлым Мені тым дәріптеді», — деп айтады. Және егер ол: «…ийә-кә нә‘буду уә ийәә-кә нәста‘иин (Саған ғана құлшылық етеміз, әрі Сенен ғана көмек сұрап жалбарынамыз)», — деп айтса, Аллаһ: «Бұл Мені мен құлымның арасында (бөлінеді), әрі құлыма сұрағаны тиеді», — дейді. Және егер ол: «…иһдинас-сираатәл-мустақиим, сиратәл–ләзина ән‘амта ‘аләйһим, ғайрил мағдууби ‘аләйһим уәладдааал-лиин (бізді Тура Жолға сала гөр, Игілігіңе бөленгендердің жолына, бірақ Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес)», — деп айтса, Аллаһ: «Бұл – құлыма, әрі құлыма сұрағаны беріледі!», — дейді». [12]
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтқан:
«مَا أَنْزِلَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ فِى التَّوْرَاةِ وَلاَ فِى الإِنْجِيلِ مِثْلَ أمِّ القُرْآنِ، وَهِيَ السَّبْعُ الْمَثَانِى وَالقُرْآنُ العَظِيمُ الَّذِى أُوتِيْتُه».
«Аллаһ Тауратта да, Інжілде де Құранның Анасына ұқсас (сүре) түсірген емес. Бұл – жеті тұрақты қайталанатын [аяттар][13] (әс-сәб‘у-л-мәсәни) [және маған сый етілген Ұлы Құран (әл—Қур’ану-л-‘азым)]»[14].
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «намазды нашар орындаған адамға» намаз орындау кезінде «әл-Фатиханы» оқуды бұйырды[15], ал оны жаттай алмайтын адамға: «Аллаһ Пәк! Және Аллаһқа мадақ! Және Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Аллаһ Ұлы! Және Аллаһтан басқа ешкімде Күш те, Қуат та жоқ!», — деп айт», — деп бұйырды[16].
«سُبْحَانَ اللهِ، وَالحَمدُ للهِ، وَلاَ إِلَهَ إلاَّ اللهُ، وَاللهُ أكْبَرُ، وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إلاَّ بِاللهِ».
«Субханә-Ллаһи, уәл—хамду лилләһи, уә лә иләһә илләл-лаһу, уаЛлаһу Әкбару, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә-билләһи».
Ол сондай-ақ «намазды нашар орындаған адамға» былай деп айтқан:
«Егер Құраннан бір нәрсе білсең, соны оқы, ал білмесең, онда Аллаһты мадақта (яғни: «Әлхамду ли Лләһи», — деп айт), Оны ұлықта (яғни: «Аллаһу акбар», — деп айт) және Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына куәлік бер (яғни: «Лә иләһә илләллаһу», — деп айт)»[17].
[1] Арабтың «һәмз», «нәфх» және «нәфс» деген үш сөзі хадистің жеткізушісі тарапынан осылайша жан-жақты етіп түсіндірілген болатын; осы үш түсіндірудің барлығы сондай-ақ хадистің сенімді тізбегі арқылы «мурсәл» түрінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дейін көтеріледі. «Өлеңдер» дегенде бос сөз бен пайдасыз нәрселерге толы өлеңдер меңзеледі, өйткені (кейбір өлеңдер) туралы Пайғамбар: «Ақиқатында, (кейбір) өлеңдерде даналық бар», — деп айтқан (әл-Бухари).
[2] Абу Дәуд, Ибн Мәжаһ, әд-Дарақутни және әл-Хаким, соңғысы Ибн Хиббанмен және әз-Зәһабимен бірге бұл хадистің сенімділігін дәлелдеген. Осы және келесі хадистің дереккөздері мен тізбектері «әл-Ируа’» (342) кітабында келтірілген.
[3] Абу Дәуд және әт-Тирмизи бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді. Ахмад «Мәса’ил Ибн Һәниде» (1/50) бұл хадисті жақтап сөз айтқан.
[4] Әл-Бухари, Муслим, Абу Ауана, әт-Тахауи және Ахмад.
[5] Абу Дәуд және әс-Сахми (64-65). Бұл хадистің сенімділігін әл-Хаким дәлелдеген, және онымен әз-Зәһаби келіскен. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (343) кітабында келтірілген. Абу Амр әд-Дани оны «әл-Муктафада» (5/2) келтіріп, былай деген: «Бұл хадис көптеген жолдармен жеткізіледі әрі ол бұл мәселе бойынша негіз болып табылады. Мұсылмандардың бұрынғы салиқалы ұрпақтарынан (сәлафтардан) кейбір имамдар мен Құранды жатқа оқушылар әрбір аяттан бұрын тоқтауды жөн көрген, тіпті олардың кейбіреулері (мағынасы бойынша) басқа аяттармен байланысты болса да». Мен (яғни шейх әл-Әлбани – Аудармашының ескертпесі) былай деп айтамын: «Бұл – біздің кезімізде, басқа мұсылмандарды айтпағанның өзінде, көптеген Құран оқушылар бас тартатын Сүннет».
[6] Тәммам әр-Рази «әл-Фәуа’идте», Ибн Аби Дәуд «әл-Масахифте» (7/2), Абу Ну‘айм «Ахбар Исбаханда» (1/104) және Әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен. «Әл-Фатиха» сүресін оқығанда «мәлик» сөзін осылайша айту үлгісі де, «ә» әріпі созылып айтылатын біріншісі де жеткізушілердің көптеген тізбектері арқылы жеткізілген.
[7] «Әл-Фатиха» сүресінің аттарының бірі (Аудармашының ескертпесі).
[8] Әл-Бухари, Муслим, Абу Ауана және әл-Бәйһақи. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (302) кітабында келтірілген.
[9] Әд-Дарақутни, ол және Ибн Хиббан өзінің «Сахихында» бұл хадисті сенімді деген. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (302) кітабында келтірілген.
[10] Муслим және Абу Ауана.
[11] Яғни «әл-Фатиха» сүресін. Бұл жерде түгел намаз қамтылған сөйлемнің түрі қолданылған, бірақ оның бір бөлігі ғана меңзеліп тұр, бұл оның маңыздылығын ерекшелеп көрсету үшін істелген.
[12] Муслим, Абу Ауана және Мәлик. Әс-Сахми «Тарих Журжанда» (144) Жәбирден бұл хадисті растайтын басқа бір хадисті келтіреді.
[13] Әл-Бәжи былай деп айтқан: «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жерде Аллаһ Тағаланың мына Сөзіне сілтеме жасайды: «(Мухаммад) әлбетте Біз саған қайталанып оқылатын жеті аятты және Ұлы Құранды бердік» («әл-Хижр» сүресі, 87-аят). Бұл жерде «жеті» деген сөз аталады, өйткені ол сүреде жеті аят бар және «қайталанып оқылатын» сөздері де (аталады), өйткені намаз орындаушылар намазда оларды тұрақты қайталап оқиды. Құранның әрбір сүресі Ұлы Құран болып табылса да, бұл сүре «Ұлы Құран» деп, оның ерекшелігін ажырату үшін аталған; сол сияқты барлық үйлер Аллаһқа тиісті болса да, Қағба да «Аллаһтың Үйі» деп аталады. Бұл оның маңыздылығын ерекше атап және айырып көрсету үшін айтылады».
[14] Ән-Нәса’и және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби келіскен.
[15] Әл-Бухари «Имамның және оған ұюшылардың барлық намаздарды орындау кезінде Құранды міндетті түрде оқуы туралы тарауда» бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.
[16] Абу Дәуд, Ибн Хузайма (1/80/2), әл-Хаким, әт-Табарани және Ибн Хиббан, соңғысы әл-Хакиммен бірге бұл хадистің сенімділігін дәлелдеген және онымен әз-Зәһаби де келіскен. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (303) кітабында келтірілген.
[17] Абу Дәуд және әт-Тирмизи, соңғысы бұл хадисті жақсы деген. Бұл хадистің иснады сенімді болып табылады. «Сахих Аби Дәуд» (807).