Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (21)

Имам намазда Құранды дауыстап оқитын ракағаттарда Құран оқудың  күші жойылғандығы (мәнсух етілгендігі) туралы[1]

«نَسْخُ القِرَاءَةِ وَرَاءَ الإِمَامَ فِي اْلجَهْرِيَّةِ»

Белгілі уақытқа дейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имамға ұйып намаз орындайтын адамдарға Құран дауыстап оқылатын ракағаттарда «әл-Фатиха» сүресін оқуды рұқсат ететін. Мысалы, бірде  «ол таң намазын орындап тұрған кезінде оған оқу қиын болды. (Намазды) аяқтап болып, ол:

«لَعَلَّكُمْ تَقْرَءُونَ خَلْفَ إِمَامِكُم؟»

«Сендер имамға ұйып тұрып, Құран оқитын шығарсыңдар?», — деп сұрады. Адамдар:

قُلْنَا: نَعَم يَا رَسُوْلَ اللهِ.

 «Иә, уа, Аллаһтың елшісі, әрі біз оны (едәуір) тез (хаззан) оқимыз», — деп жауап берді.[2] Ол:

«لاَ تَفْعَلُوا؛ إِلاَّ [أَنْ يَقْرَأَ أَحَدُكُمْ] بِفَاتِحَةِ الْكِتَابِ، فَإنَّهُ لاَ صَلاةَ لِمَنْ لَمْ يَقْرَأْ بِهَا»

«Кітапты Ашушы сүреден басқа еш нәрсе оқымаңдар, өйткені бұл сүрені оқымаған адамның намазы жоқ!», — деді. [3]

Кейін ол оларға Құран дауыстап оқылатын намаз ракағаттарында Құран оқуға толық тыйым салды. Бұл «оның намазды (хадистің бір нұсқасында бұл таң намазы екендігі айтылған) аяқтап болып:

«هَلْ قَرَأَ مَعِى أَحَدٌ مِنْكُمْ آنِفًا؟».

«Сендерден біреу дәл қазір менімен бірге қосылып Құран оқыды ма?», — деп сұрағанынынан кейін орын алды.  Бір кісі:

فَقَالَ رَجُلٌ: نَعَمْ يَا رَسُولَ اللَّهِ

«Иә, мен, уа, Аллаһтың елшісі», — деп жауап берді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деді:

فَقَالَ:«إِنِّى أَقُولُ: مَا لي أُنَازَعُ؟».

«(Бәсе,) мен де: «(Құран оқуымда) кіммен жарысып тұрмын[4]?», —  деймін».

[Абу Һурайра:] «Сонда адамдар  Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерін естіген соң, ол Құранды дауыстап оқығанда оны оқудан тыйылды [бірақ имам Құранды дауыстап оқымайтын кезде, олар Құранды іштей оқитын», — деген]. [5]

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ:

«إِنَّمَا جُعِلَ الإِمَامُ لِيُؤْتَمَّ بِهِ، فَإِذَا كَبَّرَ فَكَبِّرُوا، وَإِذَا قَرَأَ فَأَنْصِتُوا»

 «Имам басқалар (намазда) оның өнегесіне ілесу үшін тағайындалады: егер ол тәкбір айтса, сендер де айтыңдар, және егер ол Құранды дауыстап оқыса, онда үндемеңдер», — деп айтып[6], имам Құранды дауыстап оқитын кезде намаз орындаушының үнсіз тұруын өзінің өнегесіне ілесудің бір бөлігі етті. Тура сол сияқты ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«مَنْ كَانَ لَهُ إِمَامٌ فَقِرَاءَةُ الإِمَامِ لَهُ قِرَاءَةٌ ».

 «Егер адам имамға ұйып намаз орындаса, имамның Құран оқуы ол үшін де (яғни бұл адам үшін де – Аудармашының ескертпесі) оқу болып табылады»[7], — деп айтып,  имамның Құран оқуын есту намаз орындаушының Құранды онымен бірге (қабаттасып) оқымауы үшін жеткілікті етті — (алайда) бұл тек Құран дауыстап оқылатын намаз ракағаттарына ғана қатысты.



[1] Бұл жерде  таң намазының (фәжр, субх) екі ракағаты, ақшам (мәғриб) және құптан (иша) намаздарының алғашқы екі ракағаты айтылып тұр.

[2] Арабтың «хаззан» деген сөзі асығыстық пен жылдамдылықты меңзейтін «жылдам оқу» дегенді білдіреді.

[3] Әл-Бухари «Жуз әл-Қира‘а» кітабында, Абу Дәуд, Ахмад. Әт-Тирмизи және әд-Дарақутни бұл хадисті жақсы деген.

[4] {Аудармашының ескертпесі: осы жерде сөзбе-сөз «айтысып-тартысу», «күресу» деген мағынаны білдіретін арабтың «нааза’а» етістігі қолданылған }.

Әл-Хаттаби былай деген: «(Бұл сөздердің) мағынасы (келесідей): «Мен оның (Құран) оқуына араласып тұрған (кісі кім)?». «Мунааза’»нааза’а» етістігінен жасалған зат есім – Аудармашының ескертпесі.) сөзімен «серік болу, ортақтасу» (мушарака) және «алмасу, кезектесу» (мунауаба) меңзеледі…». Мен (яғни шейх әл-Әлбани – Аудармашының ескертпесі) былай деймін: бұл сөздің осында келтірілген екінші мағынасы (яғни ««алмасу, кезектесу» (мунауаба) – Аудармашының ескертпесі) айқынырақ, өйткені, (осы хадисте) нұсқалатынындай,  сахабалар (Құран дауыстап оқылатын намаз ракағаттарында оны) оқуды толығымен тоқтатты. Ал егер мұнымен бірінші мағына (яғни серіктес болу, ортақтасу – аудармашының ескертпесі) меңзелгенде, олар (Құран дауыстап оқылатын намаз ракағаттарында оны) оқуды тоқтатпас еді, өйткені бұл хадис олар (бір-бірінің (Құран) оқуын) бөлуді доғарғанына айғақ болады.

        [5] Мәлик, әл-Хумайди, әл-Бухари «Жуз әл-Қира‘ада», Дәуд, әл-Махамили (6/139/1). Әт-Тирмизи бұл хадисті жақсы деген; Абу Хатим әр-Рази, Ибн Хиббан және Ибн әл-Қайим бұл хадисті сенімді деген. Бұл хадиске ‘Умардан жеткен хадисте дәлел бар; оның соңында былай деп айтылады: «Мен Құран оқуда кіммен жарысып тұрмын?! Сендерге имамдарыңның оқуы жеткілікті емес пе?! Ақиқатында, имам басқалар (намаз кезінде) оның өнегесіне ілесу үшін тағайындалады, егер ол Құранды дауыстап оқыса, онда үндемеңдер». Бұл хадисті әл-Бәйһақи «Китаб Вуджуб әл-Қира’а фи-с-Саләт» («Намазда Құран оқудың міндеттілігі туралы») кітабында, сондай-ақ «Әл-Жәми’ әл-Кәбирде» (3/344/2) келтіреді.

[6] Ибн Аби Шәйба (1/97/1), Абу Дәуд, Муслим, Абу Ауана, әр-Руйани өзінің «Муснад» (24/119/1) кітабында. Бұл хадистің алынған көздері мен тізбектері «әл-Ируа‘»(332, 394) кітабында келтірілген.

[7] Ибн Аби Шәйба (1/97/1), әд-Дәрақутни, Ибн Мәжаһ, әт-Тахауи және Ахмад бұл хадисті көптеген «мурсәл» мен «муснад» (иснады үзіліссіз түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дейін жететін хадистер — Аудармашының ескертпесі.) жолмен келтірген. Бұған Ибн Абд әл-Хади «Әл-Фуру’» (каф, 48/2) кітабында нұсқағандай, бұл хадисті Шейх-ул-Ислам Ибн Тәймийя күшті деген. Оның кейбір жеткізу жолдарын әл-Бусайри сенімді деп атаған. Мен бұл хадис туралы осы кітаптің түпнұсқасында («Әл-Әсл»), кейін «Ируа’ әл-Ғалилде» (500) жан-жақты айтқан болатынмын.

жалғасы бар