Намаздың басында айтылатын дұғалар (ду‘а әл-истифтах)
«أَدْعِيَةُ اْلاسْتِفْتَاحِ»
Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (намаз) оқуын Аллаһқа жалбарынатын көптеген әртүрлі дұғалар арқылы бастайтын да, оларда Аллаһ Тағаланы мақтап-мадақтайтын және ұлықтайтын. Ол «намазды нашар орындаған адамға» да:
«لاَ تَتِمُّ صَلاَةٌلأَحَدٍ حَتَّى يُكَبَّرَ، وَيَحْمَدَ اللهَ عَزَّ وَجَلَّ وَيُثْنِي عَلَيْهِ، وَيَقْرَأَ بِمَا تَيَسَّرَ مِنَ القُرْآنِ..».
«Адамның намазы ол тәкбірді айтпайынша, аса Мақтаулы және аса Құдіретті Аллаһты мадақтамайынша және Оны ұлықтамайынша, (ал содан соң) өзіне қиындық туғызбайтын мөлшерде Құран (аяттарын) оқымайынша толық болмайды…», — деп айтып, осылай істеуді бұйырды[1].
Ол Аллаһқа төменде келтірілетін дұғалардың кез келгенімен жалбарынатын: 1. «Уа, Аллаһ, Сен шығыс пен батыстың арасын алыстатқаныңдай, мені де қателіктерімнен алыс ете гөр! Уа, Аллаһ, ақ киім кірден тазартылатындай, мені де қателіктерімнен тазарта гөр! Уа, Аллаһ, менің қателіктерімді қармен, сумен және бұршақпен жуа гөр!»
«الّلهمَّ باعِدْ بَينِي وبَيْنَ خَطَايَايَ كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَ المَشْرِقِ والَمغْرِبِ، اللّهُمَّ نَقّنِي مِنْ خَطَايَايَ كَمَا يُنَقَّى الثَّوبُ الأبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ، اللَّهُمَّ اغْسِلْني مِنْ خَطَايَايَ بَالمَاءِ والثَّلْجِ والبَرَدِ».
Аллаһуммә, бә‘ид бәйни уә бәйнә хатайайа кә-мә бә‘адтә бәйнә-л-мәшриқи уәл-мәғриби, Аллаһуммә, нәққи-ни мин хатайайа кә-мә йунаққа-с-суабу-л-әбйаду мин әд-дәнәси, Аллаһуммә-ғсил-ни мин хатайайа би-л- мәи, уә—с-сәлжи, уәл-бәрад.
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл дұғаны парыз намаздарында айтатын[2].
2. «Ханиф[3] [мұсылман] болған күйде, жүзімді көктер мен жерді Жаратқанға қарай бұрдым және мен көпқұдайшылардан емеспін. Ақиқатында, намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Оның серігі жоқ. Осыған бұйырылдым, әрі мен мойынсұнушылардың (мұсылмандардың) алғашқысымын[4]. Уа, Аллаһ! Сен – Патшасың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ [Сені пәктеп дәріптеймін және Саған мақтау], Сен – Раббымсың, ал мен – Сенің құлыңмын[5]. Мен өзіме өзім зұлымдық жасадым және өз күнәларымды мойындадым, ендеше менің барлық күнәларымды кешіре гөр. Ақиқатында, күнәларымды кешіретін Сенен басқа ешкім жоқ! Мені ең көркем мінез-құлықтарға бағытта, өйткені ең көркем мінез-құлықтарға бағыттайтын Сенен басқа ешкім жоқ. Менен жаман мінез-құлықтарды кетіре гөр, өйткені мені олардан Сенен басқа ешкім арылта алмайды! Міне, мен Сенің алдыңдамын және Саған қызмет етуге бақыттымын[6]; барлық игілік Сенің Қолыңда, ал жамандық – Сенен емес[7]; [және Сен бағыттаған адам ғана хақ жолмен жүреді; мен не істесем де, Сенің көмегің себепті істеледі, әрі мен Саған қайтамын, Саған жалбарынудан басқа Сенен құтылу да, пана да жоқ] Сен Игісің және Аса Жоғарысың, және мен Сенен кешірім сұрап, Саған тәубе келтіремін!»
«وَجَّهْتُ وَجْهِيَ للَّذِّي فَطَرَ السَّموَاتِ والأرْضَحَنِيفاٌ مُسْلِماً، وَمَا أنَا مِنَ المُشْرِكينَ، إنَّ صَلاَتِي ونُسُكِي ومَحيَايَ ومَمَاتِي للهِ رَبِّ العَالَمِينَ لاَ شَريْكَ لَه وَبِذَلِكَ أُمِرتُ وأنَا أوَّلُ المُسْلِمينَ. اللَّهُمَّ أنتَ المَلِكُ لاَ إِلهَ إِلاَّ أنْتَ، سُبْحَانَكَ وَبِحَمْدِكَ ، أنْتَ رَبِّي وأنَا عَبدُكَ، ظَلَمْتُ نَفسِي واعتَرَفتُ بِذَنبِي، فاغْفِر لِي ذَنبِي جَمِيعاً، إنَّه لا يَغفِرُ الذّنوبَ إلاَّ أنتَ، واصْرِفْ عنِّي سيِّئَهَا لا يَصرِف عَنِّي سيئَها إلاَّ أنْتَ، لَبَيْكَ وَسَعدَيْكَ، والمَهدِيُّ مَن هَدَيتَ، أنا بِكَ وإلَيْكَ، لاَ مَنْجَا ولاَ مَلجأ مِنكَ إلاَّ إليْكَ، تَبِارَكتَ وَتَعَالَيتَ، اسْتَغْفِرُكَ وأتُوبُ إليْكَ».
Уәжжәһту уәжһия лил-ләзи фәтара-с-сәмәуәти уәл-арда ханифән [, муслимән], уә мә әнә мин-әл-мушрикин. Иннә саләти, уә нусуки, уә мәх-йә-йә уә мәмәти ли-Лләһи Рабби-л-‘аләмин, лә шәрикә ләһу, уә бизәликә умирту уә әнә аууәлюл муслимин. Аллаһумма Әнтәл-Мәлику, лә иләһә иллә Әнтә, субханәкә уә бихамдикә. Әнтә Рабби уә әнә ‘абдукә. Заләмту нәфси уә‘тәрафту би-занби, фә-ғфир ли занби жәми‘ан, иннә-һу лә яғфиру-з-зунуба иллә Әнта, уәһдини ли-ахсәни-л-әхләқи, лә яһди-ли-ахсани-һә иллә Әнта, уәсриф ‘ан-ни сәйиә-һә лә ясрифу ‘ан-ни сәйиә-һә иллә Әнта. Ләббәй-кә уә сә’дәй-кә, уәл-хайру куллю-һу фи-йадай-кә, уә шәрру ләйсә иләй-кә, [уәл махдиййу мән хадайтә, әнә би-кә уә иләй-кә, лә манжә уә лә мәлжә’а мин-кә иллә иләй-кә], табаракта уә та‘аляйта, астағфиру-кә уә әтубу иләй-кә.
Ол бұл дұғаны парыз және қосымша намаздарда айтатын[8].
3. Тура № 2 дұға, бірақ мына сөздерсіз:
«..أنْتَ رَبِّي وأنَا عَبدُكَ..»
«Әнтә рабби уә әнә ‘абду-кә…» («Сен – Раббымсын, ал мен – Сенің құлыңмын…») және соңына дейін, алайда мына сөздерді қосумен: «Уа, Аллаһ! Сен – Патшасың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Сені пәктеп дәріптеймін және Саған мақтау!»[9]
«اللَّهُمَّ! أنْتَ الَملِكُ، لاَ إلَهَ إلاَّ أنْتَ، سُبْحَانَكَ وَبِحَمْدِكَ»
Аллаһуммә, Әнтәл-Мәлику лә иләһә иллә Әнтә, субханә-кә уә бихамди-кә.
4. Тура № 2 дұға, бірақ …وأنَا أوَّلُ المُسْلِمينَ — «…уә әнә әууалюл муслимин» («әрі мен мұсылмандардың алғашқысымын) сөздеріне дейін әрі мына сөздерді қосумен: «Уа, Аллаһ! Мені Өзіңнен басқа ешкім келтіре алмайтын ең көркем мінез-құлықтарға және ең жақсы амалдарға келтір; және мені Өзіңнен басқа ешкім сақтай алмайтын жаман мінез-құлықтардан және жаман істерден сақта!»[10].
«..اللَّهُمَّ! اهْدِنِي لِأَحْسَنِ الأخْلاقِ وَأَحْسَنِ الأعْمَالِ؛ لاَ يَهْدِي لِأَحْسَنِهَا إلاَّ أَنْتَ، وَقِنِي سَيءَ الأخْلاَقِ وَالأعْمَالِ؛ لاَ يَقِي سَيِئَهَا إلاَّ أَنْتَ».
Аллаһуммә-һдини ли әхсәни-л-әхләқи, уә әхсәни-л-ә‘мәли, лә йаһди ли әхсани-һә иллә Әнтә, уәқини саййи’и-л-әхләқи, уа-л-а‘мәли, лә йақий саййиа-һә иллә Әнтә.
5. «Сені пәктеп дәріптеймін[11], уа, Аллаһ, және Саған мақтаулар болсын[12], Сенің Есімің құтты[13], Сенің Ұлылығың бәрінен ұлы[14] және Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!»[15]
«سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ وَتَبَارَكَ اسْمُكَ وَتَعَالَى جَدُّكَ ، وَلاَ إلَهَ غَيْرُكَ».
Субханә-кә, Аллаһуммә уә бихәмдика, уә тәбәракә-смукә, уә тә’алә жәддука, уә лә иләһә ғайрука.
Және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы Оның құлы айтатын ең сүйікті сөздер — «Субханәкә, Аллаһуммә…» (Уа, Аллаһым! Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің)»[16].
6. Тура №5 дұға, бірақ түнгі таһажжуд намазында ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп қосатын: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (3 рет) және «Көптеген рет Аллаһ Ұлы!» (3 рет).
«لاَ إلَهَ إلاَّ اللهُ». «اللهُ أكْبَرُ كَبِيْرًا».
Лә иләһә иллә-Ллаһ — 3 рет, және Аллаһу әкбар кәбиран — 3 рет.
7. «Аллаһ аса Ұлы (барлық нәрседен аса Ұлы), Аллаһқа көп-көп мақтаулар, Аллаһ таңертең де, кешкісін де (кемшілік атаулыдан) Пәк!»
«اللهُ أكبَرُ كَبِيْرًا، والحَمْدُ للهِ كَثِيرًا، وَسُبْحَانَ اللهِ بُكرَةً وَأصِيلا»
Аллаһу Әкбару кәбиран, уәл-хамду ли-Лләһи кәсиран, уа субханә-Ллаһи букратан уә асылән.
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір сахабасы намазын осы сөздермен бастағанда, Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «(Бұл дұға) нендей жақсы, өйткені оның себебімен көктің қақпалары ашылды»[17].
8. «Аллаһқа мақтау-мадақтар, көп-көп, игі және құтты (берекелі) мақтау-мадақтар болсын!»
«الحَمْدُ للهِ حَمْدًا كَثِيرًا طَيّبًا مُبَارَكاً فِيهِ».
Әлхамду ли-Лләһи, хамдан кәсиран, таййибан, мубәракан фи-һи
Бұл сөздермен басқа бір сахаба намазын орындай бастағанда, оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен (осы дұғаны) бірінші болып көтеріп кету үшін бір-бірінен озып жарысқан он екі періштені көрдім», — деген. [18]
9. «Уа, Аллаһ, саған мақтау-мадақтар болсын, Сен – көктер мен жердің әрі оларды мекен ететіндердің Нұрысың[19]. Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен көктер мен жердің әрі оларды мекен ететіндердің Басқарушысың[20]. [Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен көктер мен жердің әрі оларды мекендейтіндердің Патшасысың.] Саған мақтау-мадақтар болсын, Сен – Хақсың және Сенің уәдең де – хақ, Сенің Сөзің де хақ, Сенімен кездесу де – хақ, Жәннат та – хақ, От (Тозақ) та – хақ, Сағат та (яғни Қиямет күні де — Аудармашының ескертпесі) — хақ, Пайғамбарлар да — хақ, әрі Мухаммад та — хақ. Уа, Аллаһ, саған бой ұсындым, Саған тәуекел еттім, Саған иман келтірдім, әрі Саған тәубе еттім, Сенің жолыңда керістім және Сенің үкіміңе жүгіндім. [Сен – Раббымызсың және (есеп беру үшін) қайтар жағымыз – Сенің алдың. Менің бұрынғы және кейінгі істеген (кемшілік) күнәларымды әрі жасырын және әшкере істеген күнәларымды кешіре гөр] [және Сен менен жақсырақ білетін нәрселерді (кешіре гөр)]. Сен — Ілгерілетуші, алға Шығарушысың және Сен — Кейіндетуші, артта Қалдырушысың. [Сен – менің Құдайымсың.] Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ». [21]
«اللَّهُمَّ لَكَ الحَمْدُ، أنْتَ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالأرضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الحَمدُ، أنْتَ قَيِّمُ السَّماوَاتِ والأرْضِ وَمَن فِيهِنَّ، [ولكَ الحَمدُ، أنْتَ مَلِكُ السَّماوَاتِ وَالأرْضِ وَمَنْ فِيهنَّ]، وَلَكَ الحَمدُ، أنْتَ الحَقُّ، وَوَعْدُكَ حَقٌّ، وَقَولُكَ حَقٌّ، وَلِقائُكَ حَقٌّ، والجّنَّةُ حّقٌّ، وّالنَّارُ حَقٌّ، والنَّبِيُّونَ حَقٌّ، وَمُحَمَّدٌ حَقٌّ، اللَّهُمَّ لّكَ أسْلَمْتُ، وَعَليْكَ تَوَكّلْتُ، وَبِكَ آمَنْتُ، وَإِلَيْكَ أنّبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، وَإليْكَ حَاكَمْتُ، [أنتَ رَبُّنَا وإليْكَ المَصِيْرُ، فاغْفِر لِي مَا قَدَّمْتُ ، وَمَا أخَّرْتُ، وَمَا أَسرَْرتُ وَمَا أعلَنتُ]، [وَمَاأنْتَ أعلَمُ بِهِ مِنِّي]، أنتَ المُقَدِّمُ ، وَأنْتَ المُؤَخِّرُ، [أنْتَ إلَهِي] ، لاَ إِلَهَ إلاَّ أنتَ، [وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوّةَ إلاَّ بِك]».
Аллаһуммә, ләкәл-хамду, Әнтә Нуру-с-сәмәуәти уәл-арди уә мән фи-һим, уә-ләкәл-хамду, Әнтә қайиму-с-самәуәти уәл-арди уә мән фи-һиннә, [уә ләкәл-хамду, Әнтә мәлику-с-самәуәти уәл-арди уә мән фи-һиннә], уә лә-кә-л-хамду, Әнтә-л-Хаққу уә уә‘дукә-хаққу, уә қаулюкә-хаққу, уә лиқаукә-хаққу, уәл-Жәннәту хаққун, уән-Нәру хаққун, уәс-Са‘ату хаққун, уән-нәбиййуна хаққун, уә Мухаммадун хаққун, Аллаһуммә, ләкә әсләмту, уә ‘аләй-кә тауәккәлту, уә бикә әмәнту, уә иләйкә әнабту, уә бикә хасамту, уә иләйкә хакәмту, [Әнтә Раббә-нә уә иләйкәл-мәсыру, фәғфир ли мә қаддамту, уә мә әххарту, уә мә асрарту, уә мә а‘ләнту], [уә мә Әнтә а‘ләму биһи минни] Әнтәл—Муқаддиму уә Әнтәл-Муаххыру [Әнтә иләһи], лә иләһә иллә Әнтә.
Бұл дұғаны да, сол сияқты мына келесі (№ 10) дұғаны да, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қосымша түнгі намазды орындайтын кезінде айтатын[22]:
10. «Уа, Аллаһ, Жәбірейіл, Микаил және Исрафилдің Раббысы, көктер мен жердің Жаратушысы, айқын мен көместі Білуші! Сен құлдарың өзара келіспей, дауласып қалған (істерге) үкім шығарасың. Өз қалауыңмен мені даулы мәселелерден ақиқат (жолыңа) бастай гөр! Күмәнсіз, Сен қалағаныңды тура жолға салушысың»[23].
«اللَّهُمَّ! رَبَّ جِبْرَائِيلَ وَمِيْكَائِيلَ وَإسْرَافِيلَ، فَاطِرَ السَّمَاوَاتِ والأرْضِ، عَالِمَ الغّيبِ وَالشَّهَادَةِ، أنْتَ تَحكُمُ بَيْنَ عِبَادِكَ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ، اهْدِنِي لِمَا أخْتُلِفَ فِيهِ مِن الحَقِّ بِإذْنِكَ ، إنَّكَ تَهدِي مَنْ تَشَاءُ إلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ».
Аллаһуммә, Раббә Жибраилә уә Микәилә уә Исрафилә, Фәтира-с-сәмәуәти уәл-арды, ’Алимәл-ғайби уәш-шәһәдәти, Әнтә тәхкуму бәйнә ’ибәди-кә фи-мә кә-ну фи-һи йахталифун. Иһди-ни ли-мә-хтулифә фи-һи мин-әл-хаққи би-изни-кә, иннә-кә тәһди мән тәшә’у илә сыратин мустақим.
11. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір тәкбірді («Аллаһу әкбар»), әрбір тахмидті («әл-хамду ли-Лләһи»), әрбір тасбихты («Субханә-Ллаһ»), әрбір тахлилді («Лә иләһә иллә-Ллаһ») және әрбір истиғфарды («Астағфиру Ллаһ») он реттен қайталап айтатын:
«اللهُ أكبرُ؛ الحمدُللهِ؛ سُبحَانَ اللهِ؛ لاَ إلَهَ إلاَّ اللهُ؛ اسْتَغْفِرُ اللهَ».
Кейін 10 рет былай дейтін: «Уа, Аллаһ! Мені кешіре гөр және тура жолға бастай гөр және маған ризық бере гөр [және мені құтқара гөр]» (10 рет).
«اللَّهُمَّ! اغْفِر لِي واهْدِنِي وارْزُقْنِي [وَعَافِنِي]».
Аллаһуммә, ғфир ли, уә һдини, уә рзуқни, [уә ‘афини] — 10 рет.
Ал содан соң былай деп айтатын: «Уа, Аллаһ! Есеп Айырысу Күнінің таршылығынан пана тілеп Саған сыйынамын»[24] (10 рет).
«اللَّهُمَّ! إنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الضِّيقِ يَومَ الحِسَابِ».
Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин-әд-даййықи йаумәл-хисаб (10 рет).
12. «Аллаһ Ұлы! (3 рет). (Ол -) Шексіз Биліктің, Қуаттың, Ұлықтық (Үлкендік) пен Ұлылықтың Иесі! Аллаһ (бәрінен де) Ұлы»[25].
«اللهُ أكْبَرُ، اللهُ أكْبَرُ، اللهُ أَكْبَرُ، ذُو المَلَكُوتَ والجَبَرُوتِ وَالكِبْرِيَاء وَالعَظَمَةِ».
Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, зул-мәләкути уәл-жәбәрути, уәл-кибрийа’и уәл-‘азамати.
[1] Абу Дәуд және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деп атады және онымен әз-Зәһаби де келіскен.
[2] Әл-Бухари, Муслим және Ибн Аби Шәйба (12/110/2). Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» кітабында келтірілген (№ 8).
[3] Ханиф – Жалғыз Аллаһқа шынайы иман келтіруші (Аудармашының ескертпесі).
[4] Бұл осылайша көптеген хабарларда жеткізіледі, ал кейбіреулерінде «уә әнә минәл муслимина» («әрі мен мұсылмандарданмын») деп келтіріледі. Бұл осы хадистің жеткізушілерінің біреуінің қателігінен орын алған болуы мүмкін, бұл басқа дәлелдермен расталатынындай, сондықтан да намаз орындаушы: «…уә әнә әууалюл муслимина» («әрі мен мұсылмандардың алғашқысымын»), — деп айтуға тиісті. Кейбір адамдардың: «Бұл сөздер «Мен осы сипаттарға ие болған алғашқы адаммын, ал өзгелерде олар жоқ» деген мағынаны білдіреді», — деп ойлап айтатын сөздеріне қарамастан, бұл олай емес. Бұл сөздер іс жүзінде бұйрықтарды орындауда (бір бірінен) озу дегенді білдіреді, әрі осымен мына аяттар ұқсас болып табылады: «(Мухаммад) оларға: «Егер Аса Мейірімдінің (Аллаһтың) баласы болса, онда мен құлшылық қылушылардың алды болар едім», — де» («Зухруф» сүресі), — және Мусаның (оған Аллаһтың сәлемі болсын): «… әрі мен мүміндердің алғашқысымын» ( «әл-Әғраф» сүресі, 143-аят), — деген сөздері.
[5] Әл-Әзһари былай деп айтқан: «Мен Сенен басқа ешкімге құлшылық етпеймін».
[6] «Ләббәй-кә»: мен бұлжымай және үнемі Саған қызмет етуге әзірмін; «са‘дәй-кә»: мен Сенің әміріңнің (астында болуға) өте бақыттымын және толық ықыласпен Сен таңдаған дінге ілесемін.
[7] Яғни жамандық Аллаһтан шығуы мүмкін емес, өйткені Оның амалдарында жаман еш нәрсе жоқ, себебі Оның барлық іс-амалдары оларға әділеттілік, рақымшылдық және даналық тән игі болып табылады және оларда ешбір жамандық жоқ. Ал жауыздық, ол Аллаһтан шығуы мүмкін болмағандығы себепті де жауыздық болып табылады. Ибн әл-Қайим (оны Аллаһ рақым етсін) былай дейді: «Ол (Аллаһ) жақсылық пен жамандықтың Жаратушысы болып табылады, алайда жамандық Оның жарату ісінде және Оның амалдарында емес, Оның кейбір жаратылыстарында бар. Сондықтан да Аллаһ Тағала кез-келген әділетсіздіктен, зұлымдықтан Пәк. Әділетсіздік пен зұлымдық өз негізінде қандай да бір нәрсенің өзіне тиісті болған орнында орналаспауынан тұрады. Ол барлық нәрселерді орын-орындарына қояды, сондықтан да (Одан шығатын, бастау алатын) барлық нәрсе игі болып табылады. Алайда жамандық қандай да бір нәрсенің өзіне тиісті болған орнында орналаспауынан тұрады. Қандай да бір нәрсе өз орнына орналыстырылған кезде, ол енді жамандық болмайды, сондықтан да жамандық Одан келіп шықпайтыны табиғи… «(Онда) не үшін Ол жамандығы бар әлдебір нәрсені жаратты?» деген сұраққа мен былай жауап беремін: «Ол жарату ісін жасады, ал Оның іс-амалы жамандық емес — жақсылық болып табылады, өйткені жарату мен іс-амал Аллаһқа тән, әрі жамандықтың Аллаһқа қатысты етілуі немесе телінуі мүмкін емес. Жаратылған нәрседегі ешбір жамандық Аллаһтан шығуы (бастау алуы) мүмкін емес, алайда Оның іс-амалдары мен Оның жаратуы оған қатысты етілуі мүмкін, міне, сондықтан да олар игі болып табылады». Бұл маңызды тақырыпқа байланысты ой толғаудың қалған бөлігі, сондай-ақ оның соңы Ибн әл-Қайимның «Шифа’ әл-‘Алил фи Мәса’ил әл-Қада’ уәл-Қадр уат-Та‘лил» (178-206-бет) кітабында.
[8] Муслим, Абу Ауана, Абу Дәуд, ән-Нәса’и, Ибн Хиббан, Ахмад, әш-Шәфи‘и және әт-Табарани. «Бұл дұға тек қосымша намаздарда оқылады», — дейтіндер қателеседі.
[9] Ән-Нәса’и бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы жеткізеді.
[10] Ән-Нәса’и және әд-Дәрақутни бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.
[11] Яғни «мен Сені пәктеймін», бұл «мен Сенің қандай да болсын кемшілітерден Пәк екеніңе сенемін» дегенді білдіреді.
[12] Яғни «біз Саған деген мақтауға тасып-толып тұрмыз».
[13] Яғни «Сенің Есіміңнің құттылығы ұлы, өйткені кез-келген игілік Сенің Есіміңді зікір етуден келеді».
[14] Яғни «Сенің Даңқың және Сенің Қуатың».
[15] Абу Дәуд және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деді, және онымен әз-Зәһаби келісті. Әл-Укайли былай деп айтқан: «Бұл (хадис) бірнеше жолмен жақсы (хасан) иснадтармен жеткізіледі». Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (341) кітабында келтірілген. Оны сондай-ақ Ибн Мәндаһ «әт-Таухид» (123/2) кітабында баяндаушылардың сенімді (сахих) тізбегі арқылы, ән-Нәса’и «әл-Йаум уа әл-Ләйләда» «мәуқуф» және «мәрфу‘» түрінде және Ибн Кәсир «Жәми‘ әл-Масанидте» (3 т., 2-б., 235/2-бет) келтіреді.
[16] Абу Дәуд және әт-Тахауи бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы жеткізеді.
[17] Муслим және Абу Ауана. Бұл хадистің сенімділігін әт-Тирмизи анықтап бекіткен. Сондай-ақ оны Абу Ну‘айм «Ахбар Исбаханда» (1/210) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді қосымша намазды орындау кезінде айтқанын естіген Жубайр ибн Мут‘имның сөздерінен жеткізген.
[18] Муслим және Абу Ауана.
[19] Яғни: «Сен – (барлық болмысқа) Нұр Сыйлаушысың және көктер мен жерді мекендеушілерді (Ақиқат жолына) Сен шығарасың».
[20] Яғни: «Олардың үстінен Басқарушы және тұрақты Қорғаушы».
[21] Әл-Бухари, Муслим, Абу Ауана, Абу Дәуд, Ибн Нәср және әд-Дәрими.
[22] Бұл дұғалардың қосымша түнгі намаздарда оқылатындығы намаз орындаушылар оларды парыз намаздарда оқуларына болмайды дегенді білдірмейді, имамнан басқа, ол намазда өзіне ұйып тұрғандар үшін намазды созып жібермеуі үшін.
[23] Муслим және Абу Ауана.
[24] Ахмад, Ибн Аби Шәйба (12/119/2), Абу Дәуд, әт-Табарани «Му‘жам әл-Әусат» (62/2) жеткізушілердің бір сенімді, ал басқасын жақсы тізбегі арқылы.
[25] Әт-Тайалиси және Абу Дәуд бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.