Соңғы оқиғалар

Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқан сөздері

И

1. ”Бірде бір кісі Абу Ханифаға онымен тағдыр туралы айтысу үшін келді. Сонда Абу Ханифа оған: «Тағдырды игергісі келетін адам күн көзінің дақтарына қараушыға ұқсайды. Ол қаншалықты көп қараған сайын, соншалықты көп абдырауға түседі», — деді”. Қз.: «Қалаид Уқуд әл-Акйян» (каф –77–ба). 2. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһ Тағала заттар пайда болғанға дейін олар туралы мәңгі білімге ие еді». Қз...

Абу Ханифаның иман туралы айтқан сөздері

А

1. Абу Ханифа былай деген: «Иман – бұл (иман куәлігін тілмен) бекіту және (жүрекпен) растау». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар»,  304.
2. Абу Ханифа былай деген: «Иман бұл тілмен бекіту және жүрекпен растау (жәнан). Тілмен бекітудің өзі ғана иман болмайды». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен,  әт-Тахауи бұл сөзді Абу Ханифадан және оның екі шәкіртінен жеткізген; «әл-Ақида әт-Тахауиййя» шархымен,  360.

Төрт имамның ақидасы негізінде бірдей екендігі туралы

Т

Төрт имамның – Абу Ханифаның, Мәликтің, әш-Шәфи’идің және Ахмадтың ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалғанға сәйкес келеді. Олардың ақидасы сахабалардың және олардың ізінен шын ықыласпен ауытқымай ілескен ізбасарларының ұстанған көзқарастарына да сәйкес келеді.  Бұл имамдардың арасында дін негіздері мәселелеріне қатысты ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Олар Раббының сипаттарына және Құран – Аллаһтың...

Имамның адамдармен қарым-қатынасы

И

Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, жомарттығы және кеңпейілдігі туралы былай деп жеткізіледі: Имам әл-Хәлаби, Ахмад әл-Аскари және әс-Саймари Мис‘ардың былай дегенін жеткізеді: «Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, балаларына бір нәрселер сатып алып жатқан кезінде, немесе оған ең алғашқы жемістерді алып келетін кезде, ол осыдан мухаддистерден болған шейхтарға да сатып алатын және оларға...

Имамның салиқалығы және бұл дүниені тәрк етуі туралы

И

Әл-Мууаффақ әл-Фәйд бин Мухаммад әр-Раккидің былай деп айтқанын жеткізеді: “Куфаға жол жүріп бара жатып, Бағдадта болғанымда, мен сол жерде Абу Ханифамен кездестім. Ол маған: «Хәммадты (Абу Ханифаның баласы) тап та, оған менен: «Сен менің бір айда екі дирхамға сауиқ[1] жейтінімді білесің және оны ұстап отырсың», — дегенімді жеткіз де, оны тездетіп жібер», — деді”. Әл-Мууаффақ былай...

Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылық (Таухид) туралы айтқан сөздері

И

Біріншісі: Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылыққа (Таухид) қатысты ақидасы, Аллаһқа жақындаудың шариғи тәсілін (әт-тәуассул әш-шәриғи) және Аллаһқа жақындаудың дінбұзар тәсілін (әт-тәуассул әл-бидғи) түсіндіруі: 1. Абу Ханифа былай деген: «Кім Аллаһқа дұға етсе, Оған тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарынуы қажет. Рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ...

Имамның Аллаһ Тағалаға құлшылық етуі

И

Хафс бин Абд әр-Рахманның былай дегені жеткізіледі: «Мен Абу Ханифамен отыз жыл бойы іскерлік қатынаста болдым. Ол Құранды әр үш күн сайын оқып бітіретін және күнде садақа беретін». Әл-Мууаффақ Букайр бин Мә‘руфтың былай деп айтқанын жеткізеді: «Мен Абу Ханифамен оның сапарлары кезінде де, ол қалада болған кезде де ажырамай жүрдім, оның түнде өз үйінде немен айналысатынын көрдім, әрі маған...

Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары

И

Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін.  Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ...

Абу Ханифаның ең көрнекті шәкірттері

А

Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін. Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің...

Таңбалар

«Наследие Абу Ханифы» орыс тілінде