• Имамның өмірі

    Ол ижтиһад жасауға арналған мәселелерді қалайша құрастыратыны және жазып алатыны туралы

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, ижтиһад[1] жасауға арналған мәселелерді құрастырудың өз әдістемесін жасап шығарды, ал ол төмендегідей еді. Өз шәкірттерімен кездескенде, ол олардың ішіндегі білгірлеріне белгілі бір мәселені қарап шығуды ұсынатын, осы орайда олардың әрбірі өздерінің дәлелдерін ұсынуға және өзінің көзқарасын қолдауға арналған, оның пікіріне сәйкес қажет болған дәйектер келтіруге тиіс еді. Содан соң Абу Ханифа шәкірттерінің айтқандарына пікірін білдіретін, оларды Құран мен Сүннетке немесе ақылдың дәйектеріне жасалған сілтемелермен нығайтатын және дұрыс шешім тапқандарының пікірлерін мақұлдайтын.  Кейде осындай бір сұрақты құрастыру үшін бірнеше күн кететін.   Мұндай білім беру еркін сипатқа ие болатын, отырғанның барлығының пікірлері тиісті құрметпен тыңдалатын, ал талқылау шәкірттердің зердесіне қажетті қорек болатын және сонымен…

  • Имамның өмірі

    Имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, шейхтары

    Сол кезден бастап Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, өзінің шейхы Хәммадқа қалмай ілесті, ал ол оны Абу Ханифа есте сақтауымен және жақсы тәрбиесімен  өз құрдастарын және шейхтың үйірмесіне өзінен бұрынырақ қосылғандардан асып түскенше фиқһқа үйретті, осы себепті шейх оны өзіне жақындатты да, оны мәжілістің ортасына отырғызатын болды. Оның өз шейхына деген қатынасы таң қалдырады. Мысалы, ол шейхтың үйіне келетін және ол намазға немесе қандай да бір істермен шыққанынша оны есігінің алдында күтетін, ал ол шыққан соң Абу Ханифа оған сұрақтарын қойып, оның жанында жүретін. Шейх өзінің жұмыстарымен шыққан кезде, ол оған қызмет жасайтын, ал Абу Ханифа өз үйінде отырған кезде тіпті шейхының үйіне қарата аяғын созудан тартынатын. Абу…

  • Имамның өмірі

    Имамның білім алу жолына түсуі

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, Куфада, бай, ауқатты, салиқалы және атақты отбасыда тәрбиеленді және ол өз ата-анасының жалғыз ұлы болған болуы көбірек ықтимал. Оның әкесі Куфада өз дүкенінде жібек сататын еді, ол қайтыс болғаннан кейін дүкен баласына мұрагерлік бойынша өтті.  Басқа да білімді және салиқалы адамдар сияқты Абу Ханифа бала кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған еді. Ол сахабалардың ізбасарларының қатарынан болған әш-Шәғби деген ғалыммен кездеспейінше ешбір ғалымдардан білім алмаған және өз әкесінің дүкенінде отырған болуы көбірек ықтимал. Бұл кездесу имам үшін, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы игілікке жол ашты. Ол он алты жасты толтырған кезде әкесі оны өзімен бірге қажылыққа және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)…

  • Имамның өмірі

    Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы

    Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы[1] Ән-Нуғман бин Сабит бин әл-Мәрзубан әл-Куфи атақты парсы әулетінен шыққан және Ауғанстанның астанасы Кабулда дүниеге келген. Оның атасы әл-Мәрзубан екінші салиқалы халифа Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ Тағала оған разы болсын, билік құруы кезінде Исламды қабылдады және Куфаға көшіп барды. Ең кең таралған пікірге сәйкес, Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, хижраның 80 жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Сол кезде халифалық билік Абд әл-Мәлик бин Мәруанның, Аллаһ оны рахым етсін, қолында еді. [1] Нисба – қандай да бір затқа, адамға, қалаға, елге, тайпаға т.с.с. қатыстылықты білдіретін қатыстылық есімі.