Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың негізгі бөлімін ұсынамыз.
Таһажжуд[1] намазындағы тік тұру (қийям) және отыру (қу’уд) туралы
«القِيَامُ وَالقُعُودُ فِي صَلاَةِ اللّيْلِ»
«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде ұзақ уақыт бойы тұрып және ұзақ уақыт бойы отырып намаз орындайтын. Егер ол Құранды тұрып оқыса, рукуғты тұрып орындайтын, ал егер Құранды отырып оқыса, рукуғты отырып орындайтын»[2].
Кейде «түнде ол намазды отырып орындайтын және Құранды да отырып оқитын. Отыз немесе қырық аятты оқу қалғанда ол орнынан түрегеліп, оларды тұрып оқитын, ал содан соң рукуғ және сәжделер жасайтын. Тура осыны ол екінші ракағатты орындағанда да істейтін»[3].
«Ол егде жасқа жетіп, өмірінің соңына дейін қосымша намаздарды («әс-субха»[4]) отырып орындайтын. Ол қайтыс болуынан бір жыл бұрын осылай істей бастады»[5].
Сондай-ақ ол «аяқтарын айқастырып отыратын»[6].
[1] Құптан (’иша) мен таң (фәжр) парыз намаздарының арасында орындалатын қосымша (нәпіл) құпталатын (мустахаб) намаз (Аудармашының ескертпесі).
[2] Муслим және Абу Дәуд.
[3] Әл-Бухари және Муслим.
[4] (Түнде немесе күн шыққан соң түске дейін орындалатын) қосымша намаз, ондағы қамтылған тасбихқа (Аллаһты пәктеп-дәріптеу) байланысты солай аталған.
[5] Муслим және Ахмад.
[6] Ән-Нәса’и, Ибн Хузайма өзінің «әс-Сахих» (1/107/2), Абдул Ғани әл-Мәқдиси «әс-Сунан» (80/1) кітабында және әл-Хаким жеткізген, ол бұл хадистің сенімділігін анықтады және онымен әз-Зәһаби келіскен.