Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (8)

Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз.

Кемедегі намаз

«الصَّلَاةُ فِي اْلسَّفِيْنَةِ»

(Бірде) оған (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеме үстінде намаз орындау туралы сұрақ қойылды, ал ол:

«صَلِّ فِيهَا قَائِمًا إِلاَّ أَنْ تَخَافَ الْغَرَقَ»

«Егер суға батып кетуден қауіптенбесең, оның үстінде намазды тұрып орында», — деп жауап берді[1].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қартайған шағында намазын орындайтын жерге (намазда тұрғанда) сүйене алатын аса таяғын алып келетін[2].


[1] Әл-Бәззар (68), әд-Дарақутни, Абдул Ғани әл-Мәқдиси «әс-Сунанда» (82/2). Хадистің сенімділігіне әл-Хаким нұсқаған, және онымен әз-Зәһаби келіскен. Ескертпе: Ұшақта намаз орындау ережелері кемедегідей. Мүмкіндік болса, намазды тұрып орындау қажет. Жоғарыда нұсқалғандай, егер тұрып орындауға мүмкіндік болмаса, онда отырып, рукуғтар мен сәжделерді бастың қозғалыстарымен ишара жасап орындау қажет.

[2] Абу Дәуд және әл-Хаким. Әз-Зәһаби және әл-Хаким бұл хадисті сенімді деген. Мен бұл хадистерді сенімділігін «әс-Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахиха» (319) және «әл-Ируа’» (383) кітаптарында тексеріп шықтым.

жалғасы бар