• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (9)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Таһажжуд[1] намазындағы тік тұру (қийям) және отыру (қу’уд) туралы «القِيَامُ وَالقُعُودُ فِي صَلاَةِ اللّيْلِ» «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде ұзақ уақыт бойы тұрып және ұзақ уақыт бойы отырып намаз орындайтын. Егер ол Құранды тұрып оқыса, рукуғты тұрып орындайтын, ал егер Құранды отырып оқыса, рукуғты отырып орындайтын»[2].