Назарларыңызға telegram және VK жүйелеріндегі «Абу Ханифа мирасы» атты ислами ағарту арнасын ұсынамыз

Назарларыңызға telegram және ВК жүйелеріндегі «Абу Ханифа мирасы» атты жаңа ислами ағарту арнасын ұсынамыз (https://telegram.me/abuxanifa); https://vk.com/abuhanifamirasy

Ол ерекше діндарлығымен және салиқалылығымен танылған, білімді жоғары бағалаған және оны дүниелік игіліктерге айырбастамаған, ақиқатты жасырмаған, фақиһтардың имамы деген атаққа ие болған  фиқһ саласындағы ең көрнекті имамдардың бірі имам Абу Ханифа ән-Ну‘ман бин Сабит жайында және оның ізбісарлары деп танылған басқа да ғалымдар туралы және олардың еңбектері туралы болмақ.

Мақсатымыз – қазақ тілді мұсылмандар үшін имам Абу Ханифаның орынсыз ұмытылған мирасын қайта жандандыру әрі оны үмметтің әрі қарай рухани дамуының негізіне айналдыру. Сіздер біздің каналымызда сондай-ақ өздерін Абу Ханифа мазхабына телитін бірақ Аллаһтан ұялмастан бұл имамға ол ешқашан қатысты болмаған нәрселерді жапсыратын  соқыр ілесушілікке салынған мұсылмандардың бұрмалаулары мен адасушылықтарының теріске шығаруға арналған дәйекті материалдар да таба аласыздар. Сондай-ақ арнада ақида, фиқһ, әдеп және басқа да шариғи білімдер салаларына қатысты аудио материалдар қойылады.

Біз имам Абу Ханифаға, Аллаһ оны рахым етсін, қатысты мәліметтерге барынша объективті тұрғыдан қарауға тырысамыз, әрі оқырмандарымыз бен тыңдармандарымыз да арнамызда тапқан барлық нәрсеге әділ көзқараспен қарайды деп үміт етеміз.

Аллаһ Тағаладан осы жобамызды Оның Жүзі үшін ықыласты әрі мұсылмандарға пайдалы етуін сұраймыз.