Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (7)

Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз.

Науқас адамның намазды отырып орындауы туралы

«صَلَاةُ اْلمَرِيْضِ جَالِساً»

’Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген: «Менде көтеу (гемморой ауруы) болатын, әрі мен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды (қалай орындау туралы) сұрадым. Ол:

«صَلِّ فِيْهَا قَائِماً؛ إِلاَّ أَنْ تَخَافَ اْلغَرَقَ». «صَلِّ قَائِماً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِداً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ»

«Намазды тұрып орында, бірақ (олай) істей алмасаң — отырып, ал егер (мұны да) істей алмасаң, онда жантайып (жатып) орында[1]», — деп айтты»[2].

’Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) сондай-ақ былай деп жеткізген: «Мен одан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды отырып орындайтын адам туралы сұрадым. Ол былай деп жауап берді:

«مَنْ صَلَّى قَائِمًا فَهُوَ أَفْضَلُ، وَمَنْ صَلَّى قَاعِدًا فَلَهُ نِصْفُ أَجْرِ الْقَائِمِ، وَمَنْ صَلَّى نَائِمًا (مُضْطَجِعاً) فَلَهُ نِصْفُ أَجْرِ الْقَاعِدِ».

«Кім намазды тұрып орындаса, — бұл ол үшін жақсырақ, ал кім намазды отырып орындаса, оған намазды тұрып орындаушының сауабының жартысы тиесілі. Ал кім намазды жатып (хадистің басқа бір нұсқасында: «…жартылай жатып…», — деп хабарланған) орындаса, онда оған намазды отырып орындаған адамның сауабының жартысы тиесілі»[3]. Бұл науқас адамға қатысты, өйткені Әнас (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауырғандықтан намаздарын отырып орындап жатқан адамдардың алдына шығып:

«إِنَّ صَلَاةَ الْقَاعِدِ عَلَى النِّصْفِ مِنْ صَلَاةِ الْقَائِمِ».

 «Ақиқатында, отырып орындаушының намазы — (сауабы бойынша) тұрып орындаушының намазының жартысы», — деді». [4]

Бірде «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір науқасты зиярат етіп келді де, оның жастыққа (бас) қойып намаз орындап жатқанын көрді. Ол жастықты алып, шетке қойды. Сол кезде әлгі кісі (маңдайын қойып) намаз орындау үшін, тақтайды алды, бірақ ол оны да алып, шетке тастай салды да:

«صَلِّ عَلَى الأَرْضِ إِنِ اسْتَطَعْتَ، وَإِلاَّ فَأَوْمِئْ إِيمَاءً، وَاجْعَلْ سُجُودَكَ أَخْفَضَ مِنْ رُكُوعِكَ».

 «Егер орындай алсаң,  намазды (маңдайыңды) жерге (тигізіп) орында. Егер орындай алмасаң, онда иілулерді бастың қозғалыстарымен (ишара жасап) көрсет: сәжде жасайтын кезіңде оны руқуғ жасағаннан төмен ет»[5].


[1] Мұндай жағдайда оң жамбасқа жатып, бетті Қыблаға қарату қажет екендігі меңзеліп тұр (Аудармашының ескертпесі).

[2] Әл-Бухари, Абу Дәуд және Ахмад.

[3] Сол жерде. Әл-Хаттаби былай деп айтқан: «’Имраннан жеткен хадисте ауыртпалықтарды көтере алатын және намазды қиналса да, тұрып орындай алатын адам туралы сөз болуда. Сондықтан да намазды отырып орындаушы намазды тұрып орындаушының сауабының жартысын алады. Бұл жерде басты мақсат мұндай адамды намазды тұрып орындауға ынталандыру болып табылады, десе де оған намазды отырып орындауға да рұқсат етілген». Ибн Хәжар «Фәтх әл-Бәриде» (2/468) былай деп жазған: «Мұндай қорытынды орынды».

[4] Ахмад, Ибн Мәжаһ сенімді иснадтармен.

[5] Әт-Табарани, әл-Бәззар, Ибн ас-Самак өзінің хадистер жинағында (67/2), әл-Бәйһақи. Мен бұл туралы «Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахиха» (323) кітабында түсіндіргенімдей, бұл хадистің иснады сахих.

жалғасы бар