Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың негізгі бөлімін ұсынамыз. Науқас адамның намазды отырып орындауы туралы «صَلَاةُ اْلمَرِيْضِ جَالِساً» ’Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген: «Менде көтеу (гемморой ауруы) болатын, әрі мен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды (қалай орындау туралы) сұрадым. Ол: «صَلِّ فِيْهَا قَائِماً؛ إِلاَّ أَنْ تَخَافَ اْلغَرَقَ». «صَلِّ قَائِماً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَقَاعِداً، فَإِنْ لَمْ تَسْتَطِعْ فَعَلَى جَنْبٍ» «Намазды тұрып орында, бірақ (олай) істей алмасаң — отырып,…