1. ”Бірде бір кісі Абу Ханифаға онымен тағдыр туралы айтысу үшін келді. Сонда Абу Ханифа оған: «Тағдырды игергісі келетін адам күн көзінің дақтарына қараушыға ұқсайды. Ол қаншалықты көп қараған сайын, соншалықты көп абдырауға түседі», — деді”. Қз.: «Қалаид Уқуд әл-Акйян» (каф –77–ба). 2. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһ Тағала заттар пайда болғанға дейін олар туралы мәңгі білімге ие еді». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар», 302-303 беттер.