Имамның өмірі

Имамның білім алу жолына түсуі

Имам Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, Куфада, бай, ауқатты, салиқалы және атақты отбасыда тәрбиеленді және ол өз ата-анасының жалғыз ұлы болған болуы көбірек ықтимал. Оның әкесі Куфада өз дүкенінде жібек сататын еді, ол қайтыс болғаннан кейін дүкен баласына мұрагерлік бойынша өтті.  Басқа да білімді және салиқалы адамдар сияқты Абу Ханифа бала кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған еді. Ол сахабалардың ізбасарларының қатарынан болған әш-Шәғби деген ғалыммен кездеспейінше ешбір ғалымдардан білім алмаған және өз әкесінің дүкенінде отырған болуы көбірек ықтимал. Бұл кездесу имам үшін, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы игілікке жол ашты.

Ол он алты жасты толтырған кезде әкесі оны өзімен бірге қажылыққа және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаласын зиярат жасауға Меккеге және Мәдинаға алып барды.

Ғылымдарды игеру ол үшін діннің негізін үйренуден және құдайсыздар мен адасушылыққа түскендермен пікірталас жүргізуден басталды. Осы мақсатпен ол жиырма жеті реттен көбірек Басраға келіп, сол жерде шариғатты күмәндардан және адасқандар Исламға телігісі келген нәрселерден қорғап, пікір-таластар жүргізді. –Абу Ханифа үлкен атақтылыққа ие болғанша осылайша жалғаса берді, ал сол кезде ол тек жиырма жаста болатын. Сол кезден бастап Куфа мешітінде оның шәкірттерінің осындай ғылымдарды зерттеумен айналысатын үйірмесі жинала бастады.

Аллаһ Абу Ханифаның өзін, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, және сонымен бірге барлық мұсылмандарды ұлы игілікке келтіруді қалағандықтан, имам фиқһты үйренумен айналысты. Мұның себебі Зуфардың ол Абу Ханифаның, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, былай деп айтқаны туралы жеткізген дерегінде айтылады:  “Мен үлкен танымалдылыққа ие болғанымша кәламмен[1] айналысатынмын. Бірде біз Хәммад ибн Абу Сулайманның үйірмесіне жақын отырғанымызда маған бір әйел келді де, былай деді: «Бір ер кісі әйелімен Сүннетке сәйкес ажырасқысы келеді. Ол әйеліне қанша рет талақ беруі керек?», — деп сұрады. Мен оған мұны Хәммадтан сұрауын және кейін маған қайта келіп, бәрін айтып беруін бұйырдым. Ол бұл сұрақты Хәммадқа қойды, ал ол: «Ол әйеліне талақты бір-ақ рет оның етеккірі біткен соң беруі керек және онымен жыныстық қатынасқа бармауы керек. Кейін ол тағы екі етеккірдің аяқталуын күтуі керек, бірінші хайызы мен барлығы үшеу болғанға дейін, кейін тұрмысқа шығуына болады», — деп жауап берді. Оны тыңдап болып, әлгі әйел қайтып келіп, Хәммадтың сөздерін маған жеткізді. Ал мен: «Кәламның маған қажеті жоқ», — дедім де, содан соң кебістерімді қолыма алып, Хәммадтың алдына барып отырып, ол талдаған мәселелерді тыңдауға кірісіп, оны айтқандарын есте сақтай бастадым. Келесі күні ол тағы да мен есте сақтап қалған сол мәселелермен айналысты, ал оның оқушылары қателесті, сонда ол: «Шеңбердің ортасына менің жаныма Абу Ханифадан басқа ешкім отырмасын!», — деді”.



[1] Кәлам — бұл діни-пәлсапалық ағым. Оның өкілдері логика мен пәлсапаны оқып үйренуге ерекше назар қояды, өздерінің көзқарастарын логикалық дәйектердің негізінде құрады, әрі соларға Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қарағанда басымдық береді. Осы орайда олар өз тәсілдерін «логикалық дәйектер күмән тудырмайды, ал қасиетті мәтіндер болжалмен айтылған сипатқа ие» деген тұжырымдарымен негіздейді. Немесе олар: «Қасиетті мәтіндердің дәлелдері Исламның дұшпандарымен болатын пікірталастарда қабылданбайды», — дейді, ал бұл оларды логикалық дәйектерге жүгінуге талпындырады. Алайда мұндай тәсіл сахабалар ұстанған жолға қайшы келеді, өйткені олар Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне адамдардың кез келген логикалық дәйекетерінің және пікірлерінің үстінен басымдық беретін. Ал мутақаллимдердің, яғни кәламға ілесушілердің әдістері сахабалардың әдіснамасында (манһажында) көрініс таппағандықтан, олар: «Сахабалар діннің негізгі ережелерін жетік меңгермеген, өйткені Аллаһтың жолындағы соғыстармен айналысқан және күш-қайратын дінді қорғауда жұмсаған», — деп есептейді. Кәламның жақтаушылары өздерінің жолын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының, Аллаһ олардың барлығына разы болсын, жолынан  едәуір сауаттырақ және едәуір жетік деп ойлайды. Сөйтіп олар сахабалардың артықшылықтарын кемсітеді, олардың діннің негіздеріндегі білімдерін  жетік емес, ал олардың бұл жолдағы күш-қайрат жұмсауын толыққанды емес деп айтады. Сахабаларға мұндай қатынас жасау олардың жолы — ең дұрыс, ең сауатты, ең кемел жол деп есептейтін Суннеттке ілесетін және оның төңірегіне бірігетін мұсылмандардың (Әһлю-Сунна уәл жәма’аның) ұстанымына мүлде үйлеспейді. Әһлю-Сунна уәл-жәма’а сондай-ақ: «Сахабалардың көзқарастары дұрыс және шынайы болды, ал оларға қайшы келетін нәрсенің барлығы адасушылық болып табылады», — деп есептейді. Айтылғанның барлығынан мутақаллимдердің және басқа да бидғатшылардың өздерін Әһлю-Сунна уәл жәма’аға қатысты етуге деген талаптары әділетсіз және бұзақы болып табылатыны айқын болады.