Абу Ханифа ұлы фақиһ еді және ол осы өте маңызды ғылымның әдіснамалық негіздерін жасап шығарды, ал оларды мұндай формада оған дейін ешкім қолданбаған еді. Осы себепті ол өзінің әдістемесін толық түсінбейтін адамдардың тарапынан жиі сыналатын. Бұл табиғи да, өйткені кез келген істе алғашқылардан болу қиын іс. Бұдан тыс, ұлы ұстаз кең дүниетанымға ие ілгерішіл және еркін ойлы адам еді. Ол орынсыз діни догматизмге ешқашан түспейтін. Бұл мүмкін де емес еді, өйткені ол өзінің ұстаздық әдістерін пікірталастыруға негіздеп құратын. Ол (шариғатқа негізделетін) кез келген пікірге төзімділікпен және түсінушілікпен қарайтын және сау ақыл-парасатты адамдардың дәйекетерін назар қойып зерттейтін. Тек Уахидің (нассам) сөзіне ғана ілесетін кейбір адамдар оны тіпті Ислам заңының кейбір ережелерінен…
-
-
Ол ижтиһад жасауға арналған мәселелерді қалайша құрастыратыны және жазып алатыны туралы
Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, ижтиһад[1] жасауға арналған мәселелерді құрастырудың өз әдістемесін жасап шығарды, ал ол төмендегідей еді. Өз шәкірттерімен кездескенде, ол олардың ішіндегі білгірлеріне белгілі бір мәселені қарап шығуды ұсынатын, осы орайда олардың әрбірі өздерінің дәлелдерін ұсынуға және өзінің көзқарасын қолдауға арналған, оның пікіріне сәйкес қажет болған дәйектер келтіруге тиіс еді. Содан соң Абу Ханифа шәкірттерінің айтқандарына пікірін білдіретін, оларды Құран мен Сүннетке немесе ақылдың дәйектеріне жасалған сілтемелермен нығайтатын және дұрыс шешім тапқандарының пікірлерін мақұлдайтын. Кейде осындай бір сұрақты құрастыру үшін бірнеше күн кететін. Мұндай білім беру еркін сипатқа ие болатын, отырғанның барлығының пікірлері тиісті құрметпен тыңдалатын, ал талқылау шәкірттердің зердесіне қажетті қорек болатын және сонымен…
-
Имамның білім алу жолына түсуі
Имам Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, Куфада, бай, ауқатты, салиқалы және атақты отбасыда тәрбиеленді және ол өз ата-анасының жалғыз ұлы болған болуы көбірек ықтимал. Оның әкесі Куфада өз дүкенінде жібек сататын еді, ол қайтыс болғаннан кейін дүкен баласына мұрагерлік бойынша өтті. Басқа да білімді және салиқалы адамдар сияқты Абу Ханифа бала кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған еді. Ол сахабалардың ізбасарларының қатарынан болған әш-Шәғби деген ғалыммен кездеспейінше ешбір ғалымдардан білім алмаған және өз әкесінің дүкенінде отырған болуы көбірек ықтимал. Бұл кездесу имам үшін, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы игілікке жол ашты. Ол он алты жасты толтырған кезде әкесі оны өзімен бірге қажылыққа және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)…