Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (25)

Құранның (мағынасы бойынша) ұқсас және басқа сүрелерін қосып оқу

«جَمْعُهُ بَيْنَ النَّظَائِرِ وَغَيْرِهَا فِي الرَّكْعَةِ»

Ол муфассәл[1] сүрелерінің ішінен мағынасы бойынша ұқсас жұптарын («ән-нәза’ир»)[2] қосып (оқитын), сөйтіп бір ракағатта

«Рахман»(55:78)[3] және «Нәжм» (53:62);

«әл-Қамар» (54:55) және «әл-Хаққа»(69:52);

«Тур» (52:49) және «Зәрият» (51:60);

«әл-Уақиға» (56:96) және «әл-Қаләм» (68:52);

«әл-Мәғариж» (70:44) және «Нәзиғат» (79:46);

«әл-Мутаффифин» (83:36) және «әл-Абаса» (80:42);

«әл-Муддассир» (74:56) және «әл-Муззаммил» (73:20);

«әл-Инсан» (76:31) және «әл-Қийяма» (75:40);

«Нәба» (78:40) және «әл-Мурсаләт» (77:50);

«Духан» (44:59) және «Такуир» (81:29) сүрелерін жұп етіп оқитын[4]

Кейде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қосымша түнгі (таһһажуд) намазында Құранның «әл-Бақара», «Ниса» және «Әли Имран» сияқты жеті ұзын сұрелерін (тиуәл) бір ракағатта қосып оқитын, бұл туралы әрі қарай айтылатын болады. Ол былай деп айтатын: «Намаздың ең жақсысы – оның барысында тік тұру (қийям) ұзақ (орындалатыны)»[5].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

أليس ذلك بقادر على أن يحُيي الموتى

«Бұларды жасаған Аллаһтың өлгендерді қайта тірілтуге күші жетпей ме?» («әл-Қийяма» сүресі, 40-аят) деген аятты оқығанда, былай деп айтатын:

«سُبْحَانَكَ فَبَلَى»

Субханәкә фә-балә! («Сені пәктеп дәріптейміз, әрине (иә)!»),

әрі

سبح اسم ربك الأعلى

«Бәрінен Жоғары Раббыңның Есімін пәктеп дәріпте!» («әл-Әғла» сүресі, 1-аят) деген аятты оқыған кезде, былай деп айтатын:

سبحان ربي الأعلى

Субханә раббиял а‘ләә! («Бәрінен Жоғары Раббым Пәк!»)[6].


[1] Муфассәл — ең сенімді көзқарасқа сәйкес Құранның 50-ші «әл-Каһф» сүресінен бастап ең соңғысына дейінгі барлық сүрелерінің жалпы атауы.

[2]  «Нәза’ир» — үгіт насихатты, әмірлерді, немесе (бұрынғы өткен қауымдардың және пайғамбарлардың (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) тарихынан) ұлағатты хикаяларды қамтыған мазмұны бойынша ұқсас сүрелер.

[3] Бұл жерде және әрі қарай бірінші сан сүренің реттік санына, ал екіншісі оның аяттарының санына нұсқайды. Сүрелердің кейбір жұптарын қарап шыққанда, оның  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды оқу кезінде Құранда келген тәртібін сақтамағанын байқау қиын емес. Бұл осылай істеуге рұқсат етілетіндігіне дәлел болып табылады, десе де сүрелердің Құранда келетін тәртібін сақтау жақсырақ.  Тура осы мәселе «Қосымша түнгі намаз (таһажжуд)» деген тарауда да байқалады.

[4] Әл-Бухари және Муслим.

[5] Муслим және әт-Тахауи.

[6] Абу Дәуд және әл-Бәйһақи бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадис жалпылама сипатқа ие, сондықтан да оны қосымша және парыз намаздарын орындау кезінде Құран оқу кезінде де, басқа жағдайларда да қолдануға болады. Ибн Аби Шәйба (2/132/2) Абу Муса әл-Аш‘аридің және әл-Муғира ибн Шу‘баһтың бұл сөздерді парыз намаздарын орындау кезінде, ал Омардың (ибн әл-Хаттаб) және Алидің (ибн Абу Талиб) парыз намаздарынан өзге кезде де айтатындарын келтіреді.

жалғасы бар