Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (39)

Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

Қандай да бір апат (бақытсыздық туындаған) жағдайда бес намазда Құнұт дұғасын оқу

«القُنُوتُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ لِلنَّازِلَةِ»

 «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Аллаһтан) әлдебіреуді жазалауын сұрап жалбарынғанда немесе (Оған) әлдебіреу үшін дұға етіп жалбарынғысы келгенде, соңғы ракағатта рукуғ жасағаннан соң «Аллаһ Оған мақтау-мадақ айтқандарды (айтқанды) естісін (Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу), Раббымыз және Саған мақтау-мадақтар болсын (Раббә-нә, уа лә-кә-л-хамд)!»[1] деген сөздерін (айтқаннан) кейін құнұт дұғасын (ду‘а әл-қунут)[2] айтып, «дауысын көтерген күйде Аллаһқа дұға етіп жалбарынатын»[3], «екі қолын көтеретін»[4], ал «оның артында тұрғандар: «Әмин», — деп айтатын»[5].

«Ол құнұт дұғасын  барлық бес намазда да айтқаны» белгілі[6], алайда «ол оларда құнұт дұғасын қандай да бір адам үшін немесе қандай да бір адамға қарсы дұға етіп жалбарынғанда оқитын»[7]. Мысалы, ол бірде:

«اللَّهُمَّ أَنْجِ الْوَلِيدَ بْنَ الْوَلِيدِ، اللَّهُمَّ أَنْجِ سَلَمَةَ بْنَ هِشَامٍ وَعَيَّاشَ بْنَ أَبِي رَبِيعَةَ اللَّهُمَّ اشْدُدْ وَطْأَتَكَ عَلَى مُضَرَ،وَاجْعَلْهَا سِنِينَ كَسِنِينَ يُوسُفَ، [اللَّهُمَّ] لَعَنَ اللَّهُ لِحْيَانًا وَرِعْلًا وَذَكْوَانَ وَعُصَيَّةَ عَصَتْ اللَّهَ وَرَسُولَهُ».

«Уа, Аллаһ, әл-Уалид ибн әл-Уалидты және Сәлама бин Һишамды және ‘Аййаш ибн Абу Раби‘аны және мүміндерден болған әлсіздерді құтқар! Уа, Аллаһ, мудар тайпасына қатал бол және олар үшін ашаршылықты Йусуфтың кезіндегідей уақытқа соз!  [Уа, Аллаһ, лихйян, ри’л, закуан және ‘усайй (тайпаларының) Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнбаған (көпқұдайшылдарын) жазалай гөр», — деп айтқан[8].

Кейін, «құнұт дұғасын бітірген соң, ол: «Аллаһ Ұлы! (Аллаһу әкбар)», — деп айтатын және сәжде жасайтын»[9].

Үтір («әл-Уитр») намазын орындау кезіндегіҚұнұт дұғасы

«القُنُوتُ فِي الوَتْرِ»

 «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құнұт дұғасын үтір намазының (тақ) ракағаттарын орындау кезінде (тек) кейде[10] (ғана) айтатын[11] және «ол осы дұғаны рукуғ жасаудан бұрын оқитын»[12].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Хасан ибн ‘Алиге (Аллаһ оған разы болсын) [үтір намазында (Кұран) оқып болған соң] мына дұғаны үйретті:

«اللَّهُمَّ! اهْدِنِي فِيْمَنْ هَدَيْتَ، وَعَافِنِي فِيْمَنْ عَافَيْتَ، وَتَوَلَّنِي فِيْمَنْ تَوَلَّيْتَ، وَبَارِكْ لِي فِيْمَا أَعْطَيْتَ، وَقِنِي شِرَّ مَا قَضَيْتَ، [فـ] إِنَّكَ تَقْضِي وَلاَ يُقْضَى عَلَيْكَ، [وَ] إِنَّهُ لاَ يَذِلُّ مَنْ وَالَيْتَ، [وَلاَ يَعِزُّ مَنْ عَادَيْتَ]، تَبَارَكْتَ رَبَنَّا وَتَعَالَيْتَ، [لاَ مَنْجَا مِنْكَ إِلاَّ إِلَيْكَ]».

 Аллаһуммә, һди-ни фи-мән һадәйтә, уә ‘афи-ни фи-мән ‘афәйтә, уә тауаллә-ни фи-мән тауалләйта, уә бәрик ли фи-мә а‘тайта, уә қи-ни шәрра мә қадәйтә, [фә-] иннә-кә тақдый уә лә юқда ‘аләй-кә [уә] инна-һу лә йазыллю мән уаляйта [уә ли я‘иззу мән ‘адайта][13], тәбәракта, раббә-нә, уә тә‘аләйта, [лә мәнжә мин-кә иллә иләй-кә].

«Уа, Аллаһ, Өзің тура жолға салған кісілердің қатарында мені де тура жолға сал. Өзің есендік берген кісілердің қатарында маған да есендік бер. Өзіңе жақын тұтқан кісілердің қатарында мені де Өзіңе жақын тұт. Маған сыйлаған нәрселеріңді берекелі ет және алдын ала шешіп қойған нәрселеріңнен мені қорғай гөр. Расында, Сен үкім шығарасын, (бірақ) Сен туралы үкім шығарылмайды. Ақиқатында, Сен қолдаған пендең қор болмайды, [ал Сен жау тұтқан адам қадірлі болмайды]! Уа, Раббымыз, сен Жоғары және Ұлысың! [Саған жүгінуден өзге, Сенен құтылу жоқ!]»[14].



[1] Әл-Бухари және Ахмад.

[2] «Қунут» сөзі бірнеше мағынаға ие, мысалы «мойынсұнушылық, құдайшылық». Аталған осы жағдайда (намаз кезінде) турегеліп тұрған күйде айтылатын дұға меңзелуде.

[3] Сол жерде.

[4] Ахмад және әт-Табарани бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Құнұт дұғасын айтқан кезде екі қолды көтеру — бұл Ахмадтың және Исхақ ибн Раһауайһтың ұстанған мазһабы. Әл-Мәруазидің «әл-Мәса’ил» (23-бет) кітабымен салыстырыңыз. Ал бетті екі қолмен сипап өту туралы айтар болсақ, аталған жағдайда мұны (істеу туралы) ешбір жерде айтылмаған, әрі мұны істеу діни жаңалық (бидғат) болып табылады; екі бетті басқа жағдайларда сипап өтуге қатысты айтар болсақ, онда бұл туралы ешқандай сенімді дерек келмеген:  бұл туралы мен «Да‘иф Аби Дәуд» (262) және «Силсиләт әл-Әхадис әс-Сахиха» (597) кітаптарында айтқанымдай, бұл туралы жеткізілетін хадистердің барлығы не әлсіз, не өте әлсіз болып табылады. Міне сол үшін де әл-‘Изз ибн ‘Абд әс-Саләм өзінің пәтуаларының бірінде: «Осылай тек надан адам ғана істейді», — деп айтқан. Толығырақ № 6 Қосымшаны қараңыз.

[5] Абу Дәуд және әс-Сираж. Әл-Хаким бұл хадисті сенімді деген және онымен әз-Зәһаби және басқалар келіскен.

[6] Абу Дәуд, әс-Сираж және әд-Дарақутни бұл хадисті жеткізушілердің екі жақсы тізбегі арқылы келтіреді.

[7] Ибн Хузайма өзінің «Сахих» (1/78/2) және әл-Хатиб «Китаб әл-Қунут» кітаптарында бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[8] Әл-Бухари және Ахмад. Жақшадағы қосымшаны Муслим келтіреді.

[9] Ән-Нәса’и, Ахмад, әс-Сираж (109/1) және Абу Йа‘лә өзінің «Муснад» кітабында бұл хадисті жеткізушілердің жақсы тізбегі арқылы келтіреді.

[10] Біз: «Кейде», — деп айтқанымыздың себебі үтір намазы туралы хадистерді жеткізген сахабалар  оларда құнұт дұғасы туралы айтпағандарында, өйткені егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үнемі осылай істейтін болғанда, олардың барлығы бұл туралы айтып кетер еді. Дегенмен, тек бір ғана сахабадан — Убайй ибн Ка‘бтан, үтір намазында құнұт дұғасы айтылатындығы туралы хабарланады, ал бұл оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы дұғаны кейде оқығандығын  растайды.   Сөйтіп, бұл жерде үтір намазын орындау кезінде құнұт дұғасын оқу уәжіп еместігіне дәлел бар.  Бұл пікірді ғалымдардың көпшілігі ұстанады. Дәл осы себептен де ханафи мазһабының зерттеуші ғалымы Ибн әл-Хумам «Фатх әл-Қадир» (1/306, 359, 360) кітабында үтір намазында құнұт дұғасының уәжіптігі туралы тұжырымды әлсіз және жеткілікті дәйекетермен нығайтылмаған деп мойындады. Бұл осы ғалымның бейтараптығын (әділдігін) және оның бойында фанатизмнің жоқтығын растайды, өйткені ол қолдаған осы пікір оның ұстанған мазһабына қайшы келеді!

[11] Ибн Нәср және әд-Дарақутни бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[12] Ибн Аби Шәйба (12/41/1), Абу Дәуд, ән-Нәса’и «әс-Сунан әл-Кубрада» (218/1-2), Ахмад, әт-Табарани, әл-Бәйһақи, Ибн ‘Асакир (4/244/2) бұл хадисті әрі келесі хадисте келтірілетін дұғаны да жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Ибн Мәндаһ «әт-Таухид» (70/2) кітабында келесі хадистен тек құнұт дұғасын ғана жеткізушілердің басқа бір жақсы тізбегі арқылы келтіреді.  Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (426) кітабында келтірілген.

[13] Жақшалардың ішіндегі бұл қосымша хадисте бекітілген, мұны  әл-Хафиз «әт-Талхис» кітабында келтіргендей. Мен оның (сенімділігін) осы кітаптың түпнұсқасында («әл-Асл») келтіргенмін. Мұны  имам ән-Нәуауи назарынан тыс қалдырды, әрі  «Раудат әт-Талибин» (1/253) кітабында бұл сөздерді де, «Фа-лә-ка-л-хамду ‘алә ма қадайта, астағфиру-кә уә әтубу иләй-кә» («Сенің алдын ала шешіп бекіткенің үшін Саған мадақ! Сенен кешірім өтінемін және саған тәубе етемін») деген сөздерді де ғалымдардың өздері қосқан деп айтқан. Тура бірнеше жолдан соң оның өзі (яғни ән-Нәуауи) былай деп айтқаны таң қалдырады: «Әл-Қади Абу әт-Таййиб «лә я‘иззу мән ‘адәйтә» («…Сен Өзіңе жау тұтқан кісі  қадірлі болмайды») деген сөздерді айтудың заңдылығын теріске шығарып, қателесті дегенге барлық ғалымдар бірауызды келіскен». Мұны әл-Бәйһақи келтіреді. Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі!.

[14] Бұл дұғаның сөздерін, бұл туралы 631-ескертпеде айтылғандай, Ибн Хузайма (1/119/2), сондай-ақ Ибн Аби Шәйба және басқалар келтіреді,.

Маңызды ескертпе: ән-Нәса’и құнұт дұғасының соңында әлсіз жеткізушілер арқылы хабраланатын «…уә саллә Ллаһу ‘алә-н-нәбийи-л-уммиййи» («…Аллаһ хат танымаған Пайғамбарға игілік етсін!») деген сөздерді қосады; оны әлсіз деп айтқандардың қатарында Ибн Хәжар әл-Асқалани, әл-Қасталләни және әз-Зуркани. Сондықтан да біз бұл қосымшаны өзіміздің қабыл етілетін хабарлардың жүйесіне қоспадық (бұл туралы осы кітаптың алғысөзінде айтылатындай). Әл-’Изз ибн ‘Абд әс-Сәлам «әл-Фәтауада» (66/1, 1962) былай деп айтқан: «Құнұт дұғасын айтқан кезде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазына қандай да бір нәрсе қосу сияқты,  сенімді болып табылмайды». Ол айтқан осы пікір оның осы дәйектеудің шеңберін соңғы буынның кейбір ғалымдары істейтініндей «жақсы діни жаңалық» («бид‘а хасана») ұғымын қосу арқылы кеңейтпегенін көрсетіп тұр.  Десе де, Ибн Хузайма өзінің «Сахихында» (1097) келтіретін Убайй ибн Ка‘б туралы хадисте, ол рамазан айында өткізілетін түнгі (тарауих) намаздарда имам болған кездерінде, құнұт дұғасының соныңда Пайғамбарға  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтатыны хабарланады, ал бұл халифа Омардың (Аллаһ оған разы болсын) кезінде орын алған еді. Осыған ұқсас хабар сондай-ақ Омардың басқару тұсында адамдардың намазын басқарған Абу Халим Му‘аз әл-Ансариден де жеткізіледі, бұл туралы Исма‘ил әл-Қади (№107) және басқалар баяндаған. Осыдан шыға келе, аталған сөздерді қосу орынды болады, өйткені мұсылмандардың алғашқы салиқалы буын өкілдері (салиқалы саләфтар) осылай істейтін, әрі сонымен «осы қосымша діни бидғат болып табылады» деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Ал Аллаһ жақсырақ біледі!

жалғасы бар