• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (39)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Қандай да бір апат (бақытсыздық туындаған) жағдайда бес намазда Құнұт дұғасын оқу «القُنُوتُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ لِلنَّازِلَةِ»  «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Аллаһтан) әлдебіреуді жазалауын сұрап жалбарынғанда немесе (Оған) әлдебіреу үшін дұға етіп жалбарынғысы келгенде, соңғы ракағатта рукуғ жасағаннан соң «Аллаһ Оған мақтау-мадақ айтқандарды (айтқанды) естісін (Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу), Раббымыз және Саған мақтау-мадақтар болсын (Раббә-нә, уа лә-кә-л-хамд)!»[1] деген сөздерін (айтқаннан) кейін құнұт дұғасын (ду‘а әл-қунут)[2] айтып, «дауысын көтерген күйде Аллаһқа дұға етіп жалбарынатын»[3], «екі қолын көтеретін»[4], ал «оның артында тұрғандар: «Әмин», — деп айтатын»[5].