Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (35)

«Әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқудың міндеттілігі туралы

«وُجُوبُ قِرَاءَةِ الفَاتِحَةِ فِي كُلِّ رَكْعَةٍ»

Ол «намазды нашар орындаған адамға» «әл-Фатиха» сүресін әрбір ракағатта оқуды бұйырды, әрі оған оны бірінші ракағатта оқу туралы бұйрығынан соң[1] бұны: «…Әрі барлық намазыңда осылай істе!», — деді[2]. Осы хадистің басқа бір нұсқасында: «…әрбір ракағатта», — деп жеткізіледі[3]. Ол сондай-ақ: «Әрбір ракағатта – (әл-Фатиханы) оқу (бар)», — деп айтатын[4].


[1] Абу Дәуд және Ахмад бұл хадисті күшті иснадпен келтіреді.

[2] Әл-Бухари және Муслим.

[3] Ахмад бұл хадисті жақсы иснадпен келтіреді.

[4] Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан өзінің «Сахих» кітабында және Ахмад «Мәса’ил Ибн Һаниде» (1/52). Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқан: «Кім Кітаптың Анасын оқымастан бір ракағат (болса да) намаз оқыса, ол намазды (мүлде) орындамады, тек егер ол имамға ұйып намаз орындамаған болса ғана». Бұл хабарды имам Мәлик өзінің «әл-Мууатта’» хадистер жинағында келтіреді.