Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі және не үшін ханафи мазхабын ұстанушылар оны өткізбейді

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Кітапты «Word» форматында жүктеп алу

Кіріспе

Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз.  Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ Тағала кімді қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады, әрі өзіне көмекші таба алмайды.

Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.

Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман істер – бұл осы дінге енгізілген жаңалықтар, өйткені діндегі әрбір жаңалық — бұл бидғат, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық Отта.

Кейін:

Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде адамдарға түсіруден бұрын, адамзат өздерінің Раббысының разылығына қалай жетуді білмейтін. Адамдар өздерінің жорамалдарына негізделіп және тәжірибереліне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, өздерінің ішінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Олар бұрын ашық адасуда болса да». (3:164)

Сондай-ақ: «Саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ тура жолға саламыз», — деді. (42:52)

Аллаһ Тағала әрбір затқа толық (кемел) түсіндірме бермейінше, әрі солайша Өз дінін кемелдікке жеткізіп, оны толық (кемел) деп атап, оған қандай да бір нәрсені енгізуге тыйым салмайынша, Өзінің ұйғарымдары мен заң-ережелерін, шекараларын, бұрықтары мен тыйымдарын жіберуді тоқтатпады.

Аллаһ былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (5:3)

Ол тағы да былай деді: «Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік». (17:12)

Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге көрсеткен нәрселерімнен өзге сендерді Аллаһқа жақындататын ештеңе қалдырмадым). Әрі сендерге тыйым салған нәрселерімнен өзге сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын ештеңе қалдырмадым)». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кабир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Әрі Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына адамдарға: «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол (амал) кері қайтарылады», — деп айтуды бұйырды. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Соңғы ғасырлардың бидғатшылары кемел дінімізге көптеген жаңалықтарды енгізуге талпынды, әрі олардың ең қауіптілерінің бірі Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін атап өту болып табылады. Олар оны «Мәуліт» — Пайғамбардың туған күні мерекесі деп атады. Көптеген мұсылман елдерінің көпшілік мұсылмандары үшін бұл түн Қадір түнінінен де (Ляйлят уль-Қадр) құрметтірек болуына дейін жетті. Қз.: «әл-Мадхәл» Ибн әл-Хадж 2/29; «Мауахиб уль-Лядания» әл-Қасталляни 1/26; «Мафахим яжиб ан тусаххах» 120-бет.

Содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін өзіне қамтыған раби уль-аууәл айы да ұлықтала бастады.  Қз.: «әл-Мадхәл» Ибн әл-Хадж 2/3

Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? Сөз жоқ. Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар». (29:51).

Ал біздің елімізге келер болсақ, соңғы жылдардың өзінде діндегі бұл жаңалықтың (бидғаттың) көлемі кең болмайтын және ол көп жағдайда жария емес, жасырын жасалатын. Алайда былтырғы жылы бұл бидғат жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, осы күнді бүкіл республика аумағында атап өту туралы ашық түрде жария етілді.

Мен діндегі бұл жаңалықтың қаншалықты қауіпті екендігі туралы өзіне-өзі есеп беретін және осы туралы білімдері бар адамдар Аллаһ Тағаланың алдындағы өз жауапкершілігін ұғынып және Аллаһтың заңына сәйкес әрекет жасап, бұл амалға міндетті түрде сөгіс білдіреді, оның мәнін адамдарға түсіндіре бастайды және оған қарсы болады деп үміттенетінмін.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар». (5:8)

Сондай-ақ Ол: «Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дүрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады», — деп айтты. (33:70-71)

Және: «Ақиқатты өтірікпен қаптамаңдар және біле тұра шындықты жасырмаңдар», — деді. (2:42)

Ол тағы да былай деді: «Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар». (2:40)

Алайда үлкен таң қалуға және өкінішке орай, бидғатшыл сопылардың тарапынан жасалған бұл жаңа қадамға  лайықты түрде  жауап берілмей қалды. Мұның барлығы мені осы шағын еңбекті «ол мұсылмандар үшін кеңес және түсіндірме болсын, сондай-ақ бұл пәк дінді оған қатысты емес нәрселермен былғаудан қорғау талпынысы болсын» деген ниетпен жазуға талпындырды.

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбарлықтың нұрын қорғаушылар әлсіреген әрбір кезде, діндегі жаңалықтар нығаяды». «Тадмурия» 194-бет.

Сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһтың жолын, Оның дінін, Оның діні мен шариғатын тазарту, сондай-ақ бидғатшылардың орынсыз шабуылдары мен қастығын тойтару, мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі бойынша, олардың ұжымдық міндеті (фард аль-кифая) болып табылады. Әрі егер Аллаһ оларды бидғатшылардың зиянын жоюға таңдап шығарған адамдар болмағанда, дін бұзылуға келер еді». «Мажму‟ әр-Расаиль» 2/279.

Ол тағы да былай деді: «Ілесуге қажетті ақиқатты түсіндіру міндетті (парыз) болып табылады, тіпті бұл үшін ғалымдардың және әмірлердің қателіктеріне нұсқауға тура келсе де». «Мажму‟ әл-Фатауа» 19/123.

Имам Ибн Кутайба былай деген: «Өтірік тек ол туралы үнсіздіктің себебінен ғана нығаяды». «әл-Ихтиляф фи лляфз уа ррадд «аля ль-джахмия» 60-бет.

Сондай-ақ, мәулітті өткізуді насихаттап жүрген біздің аймағымыздың сопылары өздерін ханафи мазхабына жатқызатындықтан, мен осы еңбекте ханафи мазхабының имамдарының дінге жаңалық енгізуге деген тыйым туралы жалпы және мәуліт туралы нақты айтылған көптеген сөздерін келтірдім. Мен бұл имамдардың сөздерін келтіруде бірнеше мақсатты көздедім:

1. Оқырманның ханафи мазхабының ғалымдары да, басқа мазхабтардың ғалымдары сияқты, мәулітті өткізуді және ұйымдастыруды құптамайтынын білуі үшін.

2. Оқырманның мәулітті ұйымдастырушылардың кім олардың діндегі осы жаңалығын сөксе, сол уаххабист, экстремист болып табылады деген мәлімдемелерінің өтірік екеніне көз жеткізуі үшін.

3. Оқырманның сопылар оларды «уаххабисттердің жетекшілері және имамдары» деп айтатын адамдардың сөздерін ханафи мазхабы имамдарының сөздерімен салыстырып, олардың өз қөзқарастарында және сенімдерінде ортақ екендіктерін көруі үшін.

4. Оқырманның «ханафи мазхабына ілесу» деген ұран біздің «рухани жетекшілеріміз» өздерінің жеке мақсат-мүдделеріне қол жеткізу үшін жамылып жүрген қалқа ғана екендігіне көз жеткізуі үшін.

Сондай-ақ, осы кіріспеде мен біздің аймағымыздағы сопылықтың өкілдері, өкінішке орай, білім мен дәйектердің негізінде жүргізілуге тиісті ашық ғылыми диалог және пікір сайыс жүргізбейтіндерін, алайда кез келген ыңғайы туған жағдайда күш пен қысым көрсететіндерін және бұл әрине оларды жақсы жақтан көрсетпейтінін айтып кеткім келеді.  Олардың адасушылықтарына нұсқайтын және олардың әрекеттерін сынға алатын кез келген әдебиетті олар тыйым салынған деп жариялайды, тіпті онда (әдебиетте) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен өзге еш нәрсе болмаса да. Егер осы адамдар ақиқатта болғанда, онда әділеттілікті сақтар еді, әрі өздерінің хақтығын түсініп, қарама-қарсы жақтың дәйектеріне байсалды түрде ғылыми тұрғыдан жауап берер еді.

Мәуліт діндегі жаңалық (бидғат) болып табылатындығына және ізгі, салиқалы амал еместігіне дәлелдерді түсіндіруге келер болсақ, ол қысқа да, егжей-тегжейлі де болуы мүмкін. Мәуліт бидғатын теріске шығару толық әрі біртұтас болуы үшін, бұл мәселенің түсіндірмесін жан-жақты келтіреміз.

Сонымен бірге, мәуліт өткізуді жақтаушылар да өздерінің осы амалының Аллаһ Тағала шариғатында негізі бар, немесе тым болмағанда айыпты және жаман іс емес екендігін айтып, өздерінің дәлелдері мен дәйектерін келтіреді.

Алайда Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар саған бір мысал келтірсе, әрине саған шындықты және көркем түсінікті ашып көрсетеміз». (25:33)

Аллаһтың рұқсатымен олардың барлық дәйектеріне күмәндар мен сұрақтар қалдырмайтын толық жауап беріледі.

«Кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса, ашық дәлел бойынша тірі қалсын». (8:42)

Мен Аллаһ Тағаланың ақиқатты қалайтын адамдарға осы еңбек арқылы пайда әкелетініне және өз құмарлықтарының жақтаушыларын қорлайтынына нық сенімдімін, өйткені Ол былай деп айтады: «Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады. Сөзсіз Аллаһ Өз бүйрығын соңына дейін атқарады. Расында, Аллаһ әр нәрсеге бір өлшеу қойған». (65:3)

Және имам Ибн әл-Уазир де былай деп шындықты айтқан болатын: «Әрі егер білім иелері адамдардың сөздерінен қорыққандығынан ақиқатты қорғауды тастағанда, олар жексұрын нәрседен қорыққандықтан ұлы нәрседен айырылып қалғандардан болар еді». «әл-Ауасым уәл-Қауасым» 1/223.

Руслан Абу Ибрахим Татарстани

«Дар уль-Хадис» Даммадж

23-раби‟ әс-сани 1432 х/ж

1-тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді

Аллаһ Тағала былай деді: «Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші». (2:2)

Имам әш-Шанқити өзінің тәпсірінде былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала Құран тақуалар үшін басшылық екенін ашық түрде мәлімдеді. Алайда тура осы аяттан біз тақуа болмағандар үшін бұл Құран басшылық болмайтынын да білеміз. Әрі біздің бұл түсінуіміз Құранның басқа аяттарында түсіндірілген. Мысалы, Аллаһтың мына Сөздері: «Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа», — де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық (қараңғылық)». (41:44) Сондай-ақ (мына сөздері де): «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі». (17:82) Сондай-ақ (Ол былай деді): «Әрине, Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, күпірлігін арттырады». (5:64)». «Адуа уль-Баян» 1/37.

Жоғарыда келтірілген аяттардан адамдардың көбі, оларға қандай дәлел келтірілсе де, ақиқатты қабылдамайтыны айқын болады.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де — бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді». (2:6)

Сондай-ақ Ол: «Расында, өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иман келтірмейді. Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де, күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді)», — дейді. (10: 96-97)

Ол тағы былай деген: «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен қатты ант қылды. (Мухаммед): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында», — де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме?» (6:109)

Ал егер біреу: «Бұл аяттарда мұсылмандар туралы емес, кәпірлер туралы сөз болуда», — деп айтса, оған жауап былай болмақ: бидғатшылар мен кәпірлердің арасында үлкен ұқсастық бар. Кәпірлер шариғатты толығымен теріске шығарып, осы дінді тұтас қабылдамайды, ал бидғатшылар шариғаттың қандай да бір бөлігін қабыл алмайды. Дәл сондықтан үмметіміздің имамдары кәпірлер мен екіжүзділер туралы аяттарды бидғатшыларға да қатысты қолдануды тоқтатпайтын, әрине осы тұста олардың айырмашылықтарындағы шекараны ескере отырып.  Ал кейбір сопылардың «Сүннеттің жақтаушылары кәпірлер туралы аяттарды мұсылмандарға қатысты қолданады және осынысында хауариждерге ұқсайды» деген мәлімдемелеріне келер болсақ, олардың өтірік екендігі ап-айқын. Оның мәні – хауариждер,  кәпірлерге қатысты үкімдерді (қаулыларды) мұсылмандарға қолдана отырып, кәпірлер туралы аяттарды пайдаланады, мысалы, олар «қандай да бір мұсылман кәпірлерге бір нәрседе ұқсаса, ол кәпір болады, мәңгілік Тозақта қалады, мұсылмандардың қабіріне жерленбейді» деген күпірлікте айыптаудың басқа да салдарын айтады. Ал Сүннеттің жақтаушыларына келер болсақ, олар тек кейбір мұсылмандардың кәпірлерге ұқсап кететін сәттеріне ғана нұсқайды да, осы тұста мұсылманды күпірлікте айыптамайды және оны кәпірмен теңестірмейді.

Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Қашан оларға: «Аллаһ түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер», — делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол бізге жетеді», — дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» (5:104)

Бұл аяттар ата-бабаларының жолын тастай алмаған және Аллаһтың дінін одан артық көре алмай, оны қабылдамаған кәпірлер туралы түсірілген болатын. Тура сол сияқты бүгін де сопылардың көбі өздерінің іс-әрекеттерін маулітті өткізуді тастай алмайтындықтарымен, өйткені оны олардың ата-бабалары баяғы заманнан бері өткізіп келе жатқандығымен дәйектейді. Және оларға Аллаһ Тағала мәуліттің өткізуін заңдастырмағаны және оны өткізуге риза еместігі туралы айқын, бұлтарыссыз, ашық дәлелдер келтірілгеннен кейін де, олар оны өткізуді ата-бабалары қалай болғанда да оны өткізгендігімен, демек олар да оны өткізуді тастай алмайтындықтарын айтып, ақталуларын жалғастыра береді.  Ал егер жалпы айтар болсақ, ата-бабаларына ілесу идеясы олардың «Бізге ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам керек…» деген ұранында көрініс табады.

Сондықтан да осы аяттан шыға келе, біздің сопыларымыздың, Аллаһ Тағала оларға жіберген барлық дәлелдер мен белгілерге қарамастан, Оның дінін қабылдамаған кәпірлермен айқын ұқсастық танытып жатқандықтарын растаудан басқа ешнәрсе қалмайды. Алайда бұл «біз осы сопыларды күпірлікте айыптап жатырмыз» дегенді білдірмейді.

Сонымен бірге, осы бидғатшылардың көбі өздерінің ақиқат жолымен жүрмей жатқандықтарын, керісінше, өздерінің қандай да бір жеке мақсаттарын көздеп, оған қайшы келіп жүргендерін түсінеді.

Аллаһ былай деді: «Олар сені өтірікші санап тұрған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді». (6:33)

Сенің ақиқатпен келгендігің оларға айқын болған соң, олар өз жүректеріне қайта оралады да, өздерінің құмарлықтарын жеңе алмайтындықтарын немесе жеңгісі келмейтіндіктерін, ақиқатты мойындап оны қабылдай алмайтындықтарын түсінеді. Содан кейін олар Аллаһ Тағаланың заң-ережелерін арқасына тастап, өздерінің ұмтылыстары оларды мақұл көріп, тынышталған нәрселерге ілесуді жалғастырады. Осыдан кейін Аллаһ Тағала Өзінің даналығымен және әділеттілігімен олардың жүрегіне мөр қояды: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бұзақы елді тура жолға салмайды». (61:5)

«Олардың жүректерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз». (6:110)

«Көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ өзін біліп адастырған және құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзіне жамылғы тастаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23)

Имам әш-Шанқити былай деген: «Мөр – бұл мөрленген ыдыстан ешнәрсенің шығуына және  оның ішіне ешнәрсенің кіруіне мүмкіндік бермейтін нәрсе. Ал жамылғы – қараңғылықтан өзге ешнәрсені көруге мүмкіндік бермейтін нәрсе». «Адуа уль-Баян» 1/39.

Көптеген адамдардың ақиқатты қабылдамауларының себептері көп. Олардың негізгілері мыналар:

1. Діни көшбасшыларға, тіпті олардың іс-әрекеттері немесе сөздері Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қайшы келсе де, соқыр түрде ілесу.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Адамдардың көбі дінді дұрыс түсінбейді (яғни олардың дін туралы түсінігі үстіртін) және олардың дін туралы бар білімі мен түсінігі олар дінде құрметтейтін біреулер сызып көрсеткен қандай да бір бейнелерден тұрады. Кейін олар осы имамдар туралы жақсы ойлауларының себебінен олардың сөздеріне тоқтайды да, олардан аспайды, әрі осы олардың көзін ақиқатты көруге жабатын жамылғыға айналады, ал бұл жамылғы нендей қорқынышты!» «Тарик әл-Хиджратайн» 215-бет, «әл-Мактаба әс-саляфия» баспасы, тахқиқ Мухиббуддин әл-Хатыб.

Бұл сөздерді айқынырақ түсіну үшін этникалық мұсылмандардың өкілдеріне қараудың өзі жеткілікті болады. Олардың дін туралы түсінігі өте үстіртін. Мұндай адамдар әр уақытта өздерінің өтіріктері мен қулықтарының арқасында қалың бұқараның жақсы көзқарасына оңай ие болып алатын, кейін осыны «мұсылмандардың көпшілігі олардың іс-әрекеттері мен сенімдерін қолдайды» дегенмен дәйектейтін  бидғатшылардың негізгі қаруы болған.

2. Билікке немесе бедел (мәртебеге) ие болу. Мұндайлар ақиқатты қабылдамайды, өйткені жиі жағдайда ақиқатты қабылдау осы биліктің немесе беделдің (мәртебенің) жоғалуына алып келеді.

Абдуллатыф ибн Абдуррахман әли-Шейх былай деген: «Екінші топ: өмірі мен тәнінің құмарлықтарының азғыруына түскен билік пен мал-мүлік иелері. Олар ақиқатты қабылдау өздері сүйетін және ұмтылатын «шахауатуль ғайдан» болған (сән-салтанат, жеңіл тұрмыс, ертеңгі күнге деген тыныштық сынды) нәрселердің көбінен бас тартуға мәжбүрлейтінін өте жақсы түсінеді.  Сондықтан олар ақиқатты қабылдауға деген шықыруларға немқұрайдылық танытады және оны қабылдамайды». «Уйун ар-расаиль» 2/650.

Біздің жағдайымызда бұл екінші топ өкілдерінің ең жарқын және сәйкес келетін мысалы өздерінің қолындағы нәрселерді сақтап қалуды қалап, ақиқат туралы айтпастан, үнсіздік сақтайтын және өз бастықтарына қарсы сөйлемейтін мешіттердің имамдары, сондай-ақ діни қызметкерлер құрылымының орта буындары болып табылады. Егер біреу: «Мешіттердің имамдары өте аз нәрселерге ие ғой», — деп айтса, мен оларға: «Мешіттердің имамдары – дәл сол көп нәрсені қаламайтын, бірақ оларды мейлі аз болса да, әйтеуір бір жалақыда, мешіттің жанындағы үйде т.с.с. нәрселерде көрініс табатын ертеңгі күнге деген тыныштық көбірек қызықтыратын адамдардың санаты», — деп жауап берер едім. Кім осы үлгідегі (типтегі) адамдарға талдау назарын салып қараса, менімен міндетті түрде келіседі. (…) Олардың шағын қалашығында қатардағы мұсылмандардың кейбіреулері діндегі жаңалықтармен келіспей, қарсы пікір білдіре бастаған кезде оларға жағдайға байланысты (істің ыңғайына қарай) өзін бірде бір жаққа, бірде екінші жаққа жақтаушы ретінде көрсетуден басқа ешнәрсе қалмайды.

«Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік», — деп айтады. Әрқашан олар сайтандарымен оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз», — дейді. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әрі олар тура жолды таппады». (2:14-16)

«Әй, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдасөмекші) тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік. Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», — деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер! Шәксіз Аллаһ көкіректегілерді толық біледі», — де. Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабырлық және тақуалық етсеңдер, олардың қастықтары (арамдықтары) сендерге ешбір зиян қылмайды. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі». (3: 118-120)

Аллаһ Тағаланың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» (2:41) деген аяттары  туралы имам Абу әл-Музаффар әс-Сам‟ани былай деген: «Бұл яхудилердің ғалымдары мен монахтарында, олардың байлары мен надандарында ас дорбасы (пайда көзі) бар болғандықтан және олар егер Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болса) иман келтірсе, бұл ас дорбасынан айырылып қалуларынан қорыққандықтарынан. Сондықтан олар Пайғамбардың Тауратта нұсқалған сипаттарын өзгертті де, оның есімін жасырды. Міне осы — Аллаһтың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!» деген сөздерінің мағынасы». «Тафсир әл-Қуран» 1/72.

Имам Ибн әл-Қайим: «Аллаһтың тыйымдары бұзылып, Оның қойған шекаралары атталып, Оның діні тасталып, Оның Елшісінің Сүннетінен алшақталып жатқанды көріп, бірақ осыған қарамастан оның жүрегі суық, ал тілі үнсіз болып қала беретін адамда қандай дін және игілік болуы мүмкін. Ол – үнсіз шайтан! Ал кім өтірікке шақырса – ол сөйлейтін шайтан! Әрі егер өзіне астық дорбасы мен беделін қамтамасыз етіп алса, енді оны дінмен не болып жатқандығы толғандырмайтын осындайлардан өзгелерден, дінге сәтсіздік келіп пе еді?! Ал егер біреу оның беделін немесе мал-мүлкін азайтқысы келсе, ол лап етеді,  бар күш-жігерін жұмсайды және үш тәсілдің барлығымен (қолмен, сөзбен, жүрекпен) тойтарыс береді.  Әрі осындайлар Аллаһтың назарында төмен түсіп, Оның Қахарына ұшырағандарына қоса, өздері осыны байқамаған күйінде бұл дүниеде орын алуы мүмкін болған ең ауыр сынақпен сыналды. Ал бұл сынақ – жүректің өлуі, өйткені адамның жүрегі қаншалықты тірі болса, оның Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ызасы да соншалықты мықты, әрі оның дінге деген көмегі де соншалықты кемелдеу болады», — деп айтқан. «А‟ләм әл-Муакки‟ин» 2/158.

Осы туралы ой қозғап көрші, бауырым, сонда саған көп нәрсе түсінікті болады.

3. Қарапайым имамнан «діни» немесе «рухани көсбасшыға» дейін сапалы жаңа серпіліс жасау үмітімен мемлекетке жағуға ұмтылу.

Адамдардың бұл үлгісі (типі) мешіттердің қарапайым имамдарынан ерекшеленеді. Бұл топтың өкілдері — кейде жалқаулықпен болса да, өз мешіттерінде діндегі жаңалықтарды нығайту үшін кейбір қадамдар жасайтын жай мешіттердің үнсіз, мақұлдауыш имамдары емес.

Бұл жерде азғантай ғана жалақымен және мешіттің жанындағы жөндеуден өтілмеген ескі ғана үймен қанағаттанатындарға жатпайтын бидғатшылардың (…) белсенді өкілдері туралы сөз болуда.

Адамдардың бұл түрі іс жүзіндегі билікке, байлыққа, сәнді өмірге, ықпал-беделге ұмтылатын адамдар болып табылады. Мұндай адам діндегі жаңалықтар туралы жай ғана үнсіз қалмай,  оларды (бидғаттарды) белсенді түрде ілгерілетеді және осы жолда кедергі болуы мүмкін барлық адамдарды жоюға тырысады. Осы үлгідегі адамдардың әдетте діни және зайырлы білімі жаман болмайды, олар ұйымдастырушылық және шешендік сипаттарға ие болады және адамдардың көпшілігіне ұнайтын нәрселерді айтумен ерекшеленеді.  Мұндай адам, өзінің біліміне қарамастан, Аллаһтың Кітабын және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін саналы түрде артына тастап, адасқандардың қатарына жатады.

Ол – Аллаһ Тағала оларға: «Ақиқатты біле тұра оны жасырмаңдар», — деп айтқан жай айтқан адамдардан емес, бірақ ол – Аллаһ олар туралы былай дегендерден: «(Мухаммед) оларға берген аяттарымызды лақтырып, шайтандарға ерген адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. Егер қаласақ, бұл білім арқылы әрине оны жоғарылатар едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп (дүниеге беріліп), нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: егер оны қусаң, тілін салақтататын, оны тыныш қойып қойсаң да, тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мухаммед) уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! Аллаһ кімді тура жолға салса, сонда ол тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар зиянға ұшырағандар. Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіз надандар». (7:175-179)

Уа, бауырым, егер сен солардың біреуі болудан қорықсаң және осыдан қалайша құтылуды білмесең, онда Аллаһ Тағала сені жауапсыз қалдырмады. Ол былай деді: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар». (7:180)

Сондай-ақ сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне жамылғы жасаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23)

Міне осы туралы ой қозға, бауырым, сонда осы еңбекті не себепті имамдар мен қарапайым халық қолдамайтынын және не үшін «діни жетекшілер» оған қарсы шығатынын түсінесің. Мен бұл еңбекті сен мәулітті өткізуден бас тартпайтындардың және оны сән-салтанатпен өткізіп, лазерлік шоулар арқылы адамдарды қызықтырып шақыратындардың көпшілік болуына алданбауың үшін жаздым.

Осы себептердің барлығы адамдарды ақиқаттан бас тартып, оған ілеспеуге мәжбүрлейді. Бірақ осымен барлығы аяқталса ғой, бұл қасіреттің жартысы болар еді, алайда Аллаһтың Оның жаратылыстарындағы заңы сондай –  кім бір рет ақиқаттан саналы түрде бас бұрған болса, күн өткен сайын өз адасушылығына тереңдей береді және енді тоқтай алмайды. Аллаһ былай дейді: «Олардың жүректерінде дерт бар. Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтірік айтқандарының салдарынан күйзелтуші азап бар». (2:10)

Дәл сондықтан да біз діндегі жаңалықтың кішіден басталатынын, бірақ жыл сайын өсе бергені соншалықты – көлемі өте үлкен, ал салдары қайтымсыз болатынын айтамыз.   Осы жерде бір маңызды құбылысты ұғып алған жөн: діндегі жаңалықтардың жетекшілерін оның көлемін ұлғайтуға не итермелейді? Бұған оларды бұрын қол жеткізген билігін, мал-мүлкін және адамдар арасындағы беделін көбейтуге деген қалаулары итермелейді.

Алайда Аллаһ Тағала ақиқатты қолдаусыз қалдырмайды. Адамдарға үнемі ақиқат жеткізіліп, заттардың мәні түсіндіріліп тұрады да, олар болып жатқан жайтты (істің мәнісін) түсіне бастайды. Осының барысында залымдар, егер олар қандай да бір шаралар қолданбаса, өздері ие болған нәрселерін көбейтпек түгілі, мұның барлығынан айырылып қалалатынын түсіне бастайды. Міне осы жерде олар адамдардың алдында өздерін ақтау үшін өздерінің діндегі жаңалықтарына дәлелдер іздей бастайды. Олар ақиқатты өтірік деп, ал өтірікті шындық деп көрсете бастайды; қасиетті мәтіндерді өздеріне қолайлы етіп түсіндіреді, өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес олардан бір нәрселерді алып тастайды, не қосады; адамдарға ақиқатты түсіндіретіндерге қысым жасап, өз билігі мен күшін іске қосады, оларды қорқытады, оларға түрлі лақап аттар тағып, адамдардың алдында жаман етіп көрсетеді және барынша жала жапсырады. Ал өздері адамдардың алдына күлімсіреп шығады, оларға назар мен мейірімділік көрсеткен болады, уәделер береді, жағымпазданады және өтірік айтады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала: «(Мухаммед) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан үрейленеді). Олар дүшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Аллаһ типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?» (63:4)

Имам әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Олардың сыртқы келбеті және түрі сені таң қалдырады, олардың сөздері қысқа және құлаққа жағымды. Олар өздерінің қорқақтығынан, жүректерінің әлсіздігінен және күмәндарынан, әрбір айқайдан қорқады. Олар жүректеріндегісін адамдар біліп қояды ма деп қорқады. Міне дәл солар – нағыз дұшпандар, өйткені өзінің дұшпандығы туралы ашық айтатын дұшпан өзінің дұшпандығын жасыратын адамнан қауіптірек емес. Осындай адам жалған айтып, қулықтар жасайды. Сен оны дос деп ойлайсың, ал ол — шынайы дұшпан». «Тафсир әс-Са‟ди» 63-сүре, 4-аят, аздап қысқартылған.

Нәтижесінде, егер ақиқаттың жақтаушылары үндемесе, лайықты түрде қарсыластық көрсетпесе, ақиқатты дұрыс түсіндірмесе және әлжуаздық, бидғатты сөгуде қорқақтық танытытып, сыртта қалып қойса, адамдардың сүйспеншілігі әлгілерге ауып кетеді де, содан соң олар бұл адамдардың жалғаншы, жеқсұрын адамдар екендігі  тіпті ойына да кіріп шықпайтын болады. Ал ақиқаттың жақтаушыларына келер болсақ, олар бүкіл ашу-ыза мен сөгістің толқынын өзіне алады да, адамдар оларды дұшпан және өтірікшілер деп санай бастайды.

Бірақ ақиқатты жақтаушылар өздерінің әлсіздігіне қарамастан, қамықпай, қарсылық көрсетуді тастамауы қажет.  Өйткені Аллаһ Тағала: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар», — деп айтады ғой. (3:139)

Сондай-ақ Ол: «Ендеше сабыр ет, ал тақуаларға ең соңында игілік әзірленген», — деген. (11:49).

Ол тағыда былай деген: «Сөзсіз, Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендер, солар қор болғандардың қатарында болады. Аллаһ: «Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз» — деп жазған». (58:20-21)

Ал егер осы тараудың тым ұзарып кететіндігі жөнінде қорқыныш болмағанда, мен оның әрбір тармағына көптеген аяттарды, хадистерді және біздің салиқалы алдыңғы буын  өкілдерінің сөздерін келтірер едім.

Ал кітапқа осы тарауды мен оқырман оны оқып болған соң мына сұрақтарға жауап бере алуы үшін енгіздім:

1. Не үшін діндегі жаңалықтардың бұл жетекшілері  ақиқатты қабылдамауда табандылық танытады?

2. Оларды өз бидғаттарының айналымын жыл сайын өсіруге не итермелейді?

3. Не себепті ақиқатты жақтау үшін  ешкім дерлік тұрмайды?

4. Не себепті адамдардың басым бөлігі бидғаттарды қайтарып тастаудың орнына, ең соңында оларға ілесіп кетеді?

2-Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін

Аллаһ Тағала адамдарға өз  Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде түсіргенге дейін, адамзат Өздерінің Раббысының разылығына қалай қол жеткізуге болатындығына қатысты надандықта болатын. Адамдар Аллаһ Тағала оларға разы болып, оларға қахарланбауы үшін қандай сөздерді айтып, қандай істерді істеу қажеттігі туралы білмейтін. Олар өздерінің жорамалдарына негізделіп және өздері мен ата-бабаларының тәжірибелеріне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін. Олар өздерінің пікірлері мен жорамалдарына негізделіп, амалдар жасайтын және осы амалдарымен өздерін Аллаһқа жақындап жатырмыз деп ойлайтын, ал іс жүзінде барған сайын Одан алыстайтын.

Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Аллаһ бұйырды», — деді. (Мухаммед): «Шынында Аллаһ арсыздыққа бұйырмайды. Аллаһқа білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?» — де». (7:28)

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед): “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?” — де. Олар — дүниедегі тырысулары зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, — деп ойлайды», — деген. (18: 103)

Аллаһ Тағала былай деді: «(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да шайқасу парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселерің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер». (2:216)

Анас ибн Малик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйінің жанына үш кісі келіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа қалайша ғибадат ететіні туралы сұрай бастады. Оларға ол туралы айтып бергенде, олар мұны жеткіліксіз деп санады да: «Бізге Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда, оның бұрынғы күнәлары да, болашақ күнәлары да кешірелген!» — деді. Содан соң олардың бірі: «Маған келер болсақ, мен әрбір түнді (түгелімен) намаз оқумен өткіземін», — деді. Басқасы: «Мен үнемі (үзбей) ораза ұстаймын», — деді. Үшіншісі: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын және ешқашан үйленбеймін», — деп айтты. Біраз уақыттан соң олардың жанына Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келді де, оларға: «Осындай-осындай нәрселерді айтқан сендер ме?  Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден де көбірек Аллаһтан қорқамын және сендерден көбірек Одан үрейленемін. Алайда мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, түннің бір бөлігін намазбен өткіземін, ал басқа бір бөлігінде ұйықтаймын, және әйелдермен некелесемін. Кім менің Сүннетіме ілескісі келмесе, маған қатысы жоқ!» — деді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5063; Муслим 1401; Ахмад 13534 тағы да басқалар.

Біздің осы хадистен түсінетініміз – бұл үш сахабаның осы амалдарды орындауға кіріссе, міндетті түрде Аллаһтың разылығына қол жеткізетіндігі туралы шешім қабылдағандары. Алайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар Аллаһтың разылына тек Аллаһтың Елшісіне қатаң түрде ілессе, әрі ол шектелген нәрсемен шектелсе және тіпті олар осы амалдарын игі әрі тым болмағанда оларда ешқандай жамандық жоқ деп ойласа да, Пайғамбардың алып келген дініне, яғни Сүннетіне ешнәрсе қоспаса ғана қол жеткізе алатындығын түсіндірді.  Ал егер олар Сүннетке мойынсұнбаса және шариғат орнатқан шекараларды бәрібір аттап өтсе, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай жағдайда олардың оған ешқандай қатысы болмайтындығын анық мәлімдеді. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамнан жай ғана теріс қылықтар үшін бас тартпайтын. Сондықтан фиқх ғалымдары Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бас тартқан амалды үлкен күнә деп атайды.[1]

Енді мен оқырманның назарын маңызы кем емес бір жайтқа бұрғым келеді. Шын ықыласпен Аллаһтың разылын көздеп, бірде-бір күн қалдырмастан, үзбей ораза ұстайтын адамды кездестірдіңіз деп елестетіңіз. Ол жаздың ыстық күндерінде де, жұмыстың ауыр сәттерінде де ораза ұстай береді. Ол «Аллаһтан ең жақсы сый аламын» деп үміттенеді және «басқалардан артық Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көремін» деп есептейді. Ол өз ойында оразаның артықшылықтары туралы аяттар мен хадистерді үнемі сақтап жүреді, әрі өзінің әрекеттерінде ешбір жамандықты байқамайды.  Егер сіз оған ауыр күнә жасап жатқандығын және Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысы жоқтығын айтсаңыз, ол сізге не деп жауап беретінін енді бір сәтке болса да елестетіңізші.  Ол сізге былай деп жауап береді:

1. Қалайша ораза ұстау үлкен күнә болуы мүмкін?

2. Ал ораза ұстағанға берілетін сауап және оның артықшылықтары туралы хадистермен не істемекпіз?

3. Осыда не жамандық бар?

Оның сұрақтарына жауап былай болмақ:

1. Өз негізінде ораза ұстау — күнә еместігінен бөлек, адам жасай алатын ең жақсы амалдардың бірі болып табылады. Алайда адам оразаны үнемі, күнде, арасын үзбей ұстаса, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған амалға айналады.

2. Бұл хадистерге біз иман келтіреміз, алайда олар біз жоғарыда келтірген хадиспен шектеледі.

3. Бұл іс-әрекет сырттай игі және зиянсыз болып көрінгенімен, іс жүзінде көптеген жаман салдарға ие. Бұл амал (яғни арасын үзбей күнде ораза ұстау) адамның ағзасын артықша әлсіретеді, әрі оның салдарынан адам ғибадаттың намаз, қажылық т.с.с. басқа да түрлерін орындай қабілетін жоғалтады.  Адам қоғамның, ата-анасының, әйелдерінің, балаларының, көршілерінің т.б. алдындағы борыштарын өтеу қабілетінен айырылады. Оның әрекеттері оны өзімен-өзі тамсануына және ол өзін өзгелерден жақсырақ деп ойлауына  әкеп соғады. (Ал барлығынан сорақысы — ол осынша қиындықтармен өз басына сауап емес, күнә алатыны, өйткені ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шығып, ол істемеуге бұйырған амалды істеді. Ал кім Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шықса, оның амалдары да зая, көтерер күнәсі мен жазасы да қорқынышты, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын. – ауд.)

Ал мәулітке келер болсақ, оның жақтаушылары да осы үш сұрақпен дәйек келтіреді. Оларға жауап, Аллаһтың рұқсатымен, әлі кітабымызда келтіріледі.

Анас ибн Малик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі баласы қолынан жетектеп келе жатқан бір шалды көрді де: «Оған не болған?» — деп сұрады. Олар: «Бұл шал: «Жаяу жүремін және жануарға мінбейбін», — деп Аллаһқа нәзір (уәде) берген», — деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ оның өзін қинауына мұқтаж емес», деді де, содан соң оған (жануарға) мінуді бұйырды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1642.

Хадистен көрініп тұрғандай, бұл шал өзін қинауы арқылы «Аллаһқа жақындаймын» деп ойлады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамның қиналғаны өздігінше Аллаһтың разылын алуға себеп болмайтынын түсіндірді. Аллаһ Тағала ауырлық пен қиналуларға, олар тек парыз немесе мустахаб амалдарды орындау барысында ғана төзімділікпен бастан өткізілген болса, сауап береді.

Бұл хадис сондай-ақ осы адамның егде жаста, үлкен өмірлік тәжірибеге ие болса да, бірақ, соған қарамастан, бұл тәжірибе оған Аллаһтың разылығын алудың дұрыс тәсілін көрсетпегенін де нұсқайды.   Сондықтан да бұл дінде Аллаһты жақсы көру және игі болып көрінетіннің бәрін істеу ғана жеткіліксіз болып табылады, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге түсіндіріп берген жолға қатаң түрде ілесу қажет.

Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) оларға: «Егер Аллаһты сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», — де». (3:31)

Сондай-ақ Ол: «Расында, сендер үшін, Аллаһты да, Ақырет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар», — деді. (33:21)

Оқырман осы тарауды оқып болған соң өзі үшін өте маңызды қорытынды жасауы қажет. Оның мәні мынада: ешкім өз амалын жай: «Осы амал жамандыққа алып келмейді және онда ешқандай жамандық жоқ», — деп ойлағандығынан ғана: «Осы амал игі болып табылады», — деп мәлімдей алмайды.

3-Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді

Аллаһ Тағала былай деді: «Алиф. Лям. Ра. (Мухаммед) бұл Құран адамдарды, Аллаһтың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ Үстем әрі Мақтауға Лайық Аллаһтың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап». (14:1)

Бұл аяттан біз адамдар тек өздерінің ой-тұжырымдарына, пайымдарына және аталарының әдеттеріне ғана ілесіп тура жолға шыға алмайтынын түсінеміз. Бұл аят кім надандықтың қараңғылығынан және адасушылықтан білім мен тура жолдың жарығына шыққысы келсе, оған міндетті түрде Аллаһтың Кітабына ілесуінен басқа ешнәрсе қалмайтынын анық айтып тұр.   Егер біреу: «Аллаһтың разылығын қалайша және немен алуды өзім жақсы білемін», — деп мәлімдесе, ол сонысымен Аллаһтың   осы Кітапты адамдарды адасушылықтан  тура жолға шығару үшін түсіргенін теріске шығарған болады. Оның сөзіне сәйкес «егер (Аллаһтың разылығын табуға, не тура жол табуға деген) қатты қалау болса, онда Кітапсыз да амалдауға болады» деген өте қате тұжырым шығып тұр.

Сондай-ақ: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді. Аллаһ ол арқылы Оның разылығын алғысы келгендерді есендік жолдарына салады. Ол өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарып, тұп-тура жолға салады». (5:15-16)

Бұл аят Аллаһ адамдарды тура жолмен олардың ой-тұжырымдары мен пайымдары арқылы емес, тек осы Кітап арқылы жүргезетіндігі туралы анық айтуда. Сондай-ақ бұл аят өзінің іс-әрекеттерін Құраннан келтірілетін дәлелдермен негіздеу – бұл Аллаһтың разылығына жеткісі келетіндердің жолы екендігін, ал кім Аллаһтың Кітабынан дәлелге ие болмастан, мәулітті өткізсе, сол есендік жолдарымен жүрмейтіндігін, Аллаһтың разылығына қол жеткізбейтіндігін, қараңғылықтардан жарыққа шықпайтындығын және тура жолға салынбайтындығын ашып көрсетеді.

Сондай-ақ Ол: «Әй, адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік. Ал енді Аллаһқа сеніп, Оған жабысқандарды өз рахметіне және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады», — деп айтты. (4:174-175)

Бұл аят бізге, егер біз Аллаһ Өз рахметіне және ілтипатына бөлегендердің және Оған алып баратын тура жолға салғандардың қатарында болғымыз келсе, онда Аллаһтан бекем жабысып ұстануымыз керектігіне нұсқайды.  Ал мәуліт өткізушіге келер болсақ, ол Аллаһқа бекем жабысып ұстанбады, өйткені өзінің амалына Раббысынан түскен дәлелі жоқ.

Аллаһ тағы былай деді: «(Мухаммед) саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, Иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз». (42:52)

Бұл аят тіпті адамдардың ең жақсысы, олардың ең ақылдысы және ардақтысы, егер Аллаһ Тағала оған Құранды уахи етпегенде, тура жолды таппайтын еді дегенге нұсқайды. Сондықтан да кім: «Өздігімше тура жол таба аламын», — деп есептесе, нағыз өтірікші болып табылады.

4-тарау. Құранмен бірге Аллаһ Тағала Осы Құранды түсіндіретін Сүннетті түсірді

Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер». (16:44)

Осы аяттан біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен, өз пікіріне және пайымдарына негізделіп, еш нәрсе айтпағанын және істемегенін, бірақ оның айтқанының және істегенінің барлығы Аллаһтан түскенін түсінеміз.

Аллаһ Тағала былай деді: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені — көкейіне салынған уахи ғана». (53:3-4)

Сондықтан Хафиз Ибн Касир былай деген: «Мухаддистердің және «фиқх негіздері» ғалымдарының тұтас тобы «Құранмен бірге Сүннет те көктен түскен уахи болып табылады» деген пікір айтқан. Осыда олар Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сүйенген: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені — көкейіне салынған уахи ғана». (53:3-4) Бұл мәселе фиқх негіздері туралы кітаптарда бекітілген, ал бұл мәселені жан-жақты түсіндіргендердің бірі  Хафиз Абу Бакр әл-Байхақи болып табылады. Ол осы туралы өзінің  «әл-Мадхаль иля Ссунан» кітабында айтқан. «әл-Фусуль фи сират ир-Расуль» 207-бет.

Я‟ля ибн Умайя былай деп баяндайтын: «Бірде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Джуранда[2] болған кезде, оның жанына  мол әтір сеуіп алған, джубба[3] киген бір кісі келіп: «Менің умрам[4] туралы не істеуді бұйырасың?» — деп сұрады». Я‟ля былай деді: «Осы кезде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсе бастады және оны киіммен бүркеді.  Ал мен Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған уахи түсіп жатқан кезінде көргім келетін. Сонда Умар ибн әл-Хаттаб маған: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи түсіп жатқан кезде оны көргің келе ме?» — деп сұрады. Умар киімнің бір шетін көтерді және мен Пайғамбарға көз салдым – ол жас түйе қырылдағандай, қырылдап отырды. Ал уахи біткенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Умра туралы сұраған (адам) қайда? Бойыңнан әтірдің ізін жуып таста, джуббаңды шеш те, қажылықта не істейтін болсаң, умра кезінде де соны істе», — деді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 1536; Муслим 1180; Абу Дауд 1819; Тирмизи 835; Малик «Муатта» 728; Ахмад 17970 және басқалар.

Бұл хадисте Сүннетің те, Құран сияқты, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көктен уахи етілгеніне дәлел бар.

5-тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Аллаһ қарсы болған елді тура жолға салмайды». (5:67)

Бұл аят ақиқатты ұлықтау өзімен бірге міндетті түрде адамдар тарапынан қорқытулар алып келетін, бірақ Аллаһ Тағала мүміндерге қамқорлық жасайтынын нұсқайды.

Сондай-ақ Аллаһ былай деді: «Ол әлемдердің Раббысынан түсірілген. Егер елші кей сөзді өзі айтып, Бізге таңса, әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре тамырын кесер едік (өлтірер едік). Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. (69:43-47)

Бұл аят бізге тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі,  кәпірлер мен екіжүзділердің айтқандарына еріп кетпеуі үшін және Аллаһқа Ол айтпаған нәрсені таңбауы үшін, Аллаһ тарапынан ескертулерге және қолдауға мұқтаж болғандығын айтып тұр. Осыдан біз ақиқатты қорғау жеңіл іс емес деген қорытынды шығара аламыз.

«Саған уахи етілгенге ер. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол үкім берушілердің Қайырлысы». (10:109)

Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті мәтіндерден қатаң ұстануды және олардан өз пікірлеріне және ой-тұжырымдарына қарай ауытқымауды бұйырады, тіпті олар (адамдар) «кейбір ауытқуларда қорқынышты ешнәрсе жоқ» деп айтса да.

«Әй, нәби! Аллаһқа тақуалық істе де, кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Рас, Аллаһ — тым Білуші, аса Дана. Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине, Аллаһ не істегендеріңді толық білуші. Аллаһқа тәуекел ет. Оның Қамқоршы және Сақтаушы екендігі жеткілікті». (33:1-3)

Бұл аят өзіне өте терең мағынаны қамтыған. Ол ақиқатқа шақыруда Аллаһ Тағала сені ризықпен қамтамасыз ететін Қамқоршың және сені адамдардан қорғайтын  Сақтаушың болатынын түсініп, Аллаһқа тәуекел ету және сені тура жолдан ауытқызатындардың ұсыныстарына алданбау қажет екендігі туралы айтады.

«Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, тек жорамалдайды ғана». (6:116)

«ухаммед) яһудилер де, христиандар да олардың діндерін ұстанбағаныңша, сірә, сенен разы болмайды. Оларға: «Аллаһтың жолы – тура жол», — де. Өзіңе білім келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллаһ саған не Қамқоршы, не Жәрдемші болмас». (2:120)

Бұл аяттар айқын және түсінікті-ақ.

(Мухаммед) сен Біз туралы басқа бір нәрсені ойыңнан шығаруың үшін, олар сені саған уахи етіп бергенімізден ауытқызуға сәл-ақ қалды. Сол уақытта сен олардың сүйіктісіне айналар едің. Егер біз сені бекемдемегенде, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің!» (17:73-75)

Бұл аяттар бізге кәпірлер мен екіжүзділер ақиқаттың жақтаушыларын үнемі аздап болса да тура жолдан тайдыруға талпыныс жасайтындары туралы айтады. Олар ақиқаттың негізінде бекем және мығым тұрған адамды аздап болса да ауытқығысы келеді, осы азғантай ғана ауытқу кейіннен оны шетке қарай алыс алып кетуі үшін.  Міне сол кезде сен олар үшін досқа айналасың және олар саған ризашылығын білдіріп, сені тыныш қалдырады.

Ал бізге қатысты айтар болсақ, біздің ісіміз жоғарыда аталған көптеген сипаттарда кәпірлер мен екіжүзділерге ұқсастық танытатын дінге жаңалық енгізушілермен болуда.

6-тарау.  Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) аяқтады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды

Аллаһ Тағала әрбір заттың толық түсіндірмесін беріп болмайынша, Өзінің заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын түсіруін тоқтатпады. Сөйтіп Ол Өзінің дінін кемелдікке жеткізді, оны толық деп атады және оны қандай да бір нәрсемен толықтыруға тыйым салды. Бұл мына аяттар мен хадистерден айқын түсіндіріледі:

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (5:3)

«Кітапта еш нәрседен кенде етпедік». (6:38)

«Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік». (17:12)

Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сондықтан да кім қандай да бір бидғат істесе, ал кейін өзінің амалына шариғатта негіз таппаса, Аллаһқа «Ол барлық затты түгелімен түсіндірмеді және осы игі істі түсіндірусіз қалдырды» деген жанама түрде айып таққан болады.

Абу Зарр Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кабир» № 1647; Ибн Хиббан 65.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Амр да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһ Тағала Пайғамбарларды жіберіп, оларға өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) игілікті үмметіне нұсқауды және өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) жамандықтан алдын ала сақтандыруды міндеттеді». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1844.

Осы екі хадистен біз «егер амал игі және Аллаһқа жақындататын болса, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде міндетті түрде оған нұсқау болуы қажет» дегенді түсінеміз.  Ал егер адам амалды игі десе, бірақ содан соң Сүннетте оған нұсқау таппаса, ол оны игі деп айтудан да, оны жасаудан да тыйылуы қажет. Керісінше болған жағдайда, ол Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «ол осы игілікке нұсқамай кетті» деп жанама түрде айыптаған болады. Егер адам осыны ашық түрде мәлімдегенде, ол ешбір күмәнсіз кәпірге айналатын еді.

Әл-Ирбад ибн Сария Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға (сахабаларға) былай деп өсиет еткенін жеткізген: «Ақиқатында, сендердің ұзақ өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктерді көреді. Ендеше менің Сүннетімнен және тура жолмен жүруші ізгі халифалардың сүннетінен ұстаныңдар, оған азу тістеріңмен жабысып алыңдар. Әрі ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеңдер, өйткені діндегі әрбір  жаңалық – бұл адасушылық». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676 ол туралы: «Хадис жақсы (хасан), сенімді (сахих)», — деген.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіспеушіліктен шығу үшін (қазіргі кезде кейбіреулер «фитна болмасын» деп айтуды жақсы көретіндей) не нәрсеге нұсқағанына назар бұрыңыздар. Ол бізге оларды орындасақ, кез келген келіспеушіліктен шығатын және адасушылықтан аман қалатын екі нәрсеге нұсқады, олар: Сүннеттен мығым ұстану және ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеу (және істемеу). Сонымен бірге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сондай заманға дейін өмір сүрсеңдер, аталарыңның әдет-ғұрыптарына жабысып алыңдар, өздерің игі деп санайтын амалдарды жасаңдар, тіпті осы амалдарыңа дәлел болатын ешнәрсе таппасаңдар да. Сондай-ақ фитна болмауы үшін, Сүннетте нұсқалған амалдарды тастаңдар. Әрі сендерге сөгіс айтқандардың барлығын жаныштап, оларға масқаралаушы лақап аттарды тағыңдар, оңды-солды өтірік айтыңдар, ал осының барлығы көмектеспесе, онда бұл өжеттерді полицияға тапсырсаңдар да болады», — деп айтқан жоқ.

Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Кім біздің бұл ісімізге (Исламға) одан болмаған бір нәрсе енгізсе, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих); Бухари 2697; Муслим 1718.

Сондай-ақ Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын да жеткізген: «Кім біздің бұйрығымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Бұл хадистен біз кімде-кім қандай да бір діни амал жасағысы келсе, осы амалға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керектігін, керісінше болған жағдайда оның амалы қайтарылатынын түсінеміз.

7-Ттарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Осы — ұлы жетістік». (9:100)

Шейх Абдуррахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде бұл аятқа түсіндірме беріп, былай деді: «Аллаһ сахабаларға қатаң түрде ілескендерге, яғни солардың сенімдеріндей сенімдерге ие болғандарға, солардың жасаған амалдарындай амалдар жасағандарға, солардың сөздеріндей сөздер сөйлегендерге разы. Олар – сөгіс білдіруге тиісті ешнәрсесі болмағандар, олар Аллаһтан ең ұлы мақтауға және ең жомарт сыйға лайық болды».

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ — Естуші, әр нәрсені Білуші». (2:137)

Ибн Аббас: «Сөз сахабалар туралы болуда», — деді. «Замм уль-Қалям» әл-Харауи 4/39.

Біз бұл аяттан Аллаһ Тағаланың осы аятта белгілеген шартын орындағанда, яғни сахабалар иман келтірген сияқты иман келтіргенімізде ғана тура жолмен жүре алатынымызды түсінеміз. Ал иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер.[5] Сондықтан біз сахабалардың сенімдеріндей сенімге ие болуымыз, сахабалардың айтатын сөздеріндей сөздерді айтуымыз және солардың амалдарындай  амалдар жасауымыз қажет. Керісінше болған жағдайда біз ақиқатпен үнемі келіспеушілікте және алауыздықта боламыз, ал «фитна» дегеніміз – осы. Әрі біз Аллаһ Тағала Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардан қорғауға уәде еткен адамдардан боламыз.

Аллаһ былай деді: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» (4:115)

Имам Ибн Аби Джамра былай деген: «Ғалымдар: «Бұл аятта сөз сахабалар және мұсылмандардың алғашқы буыны туралы болуда», — деп айтқан». «Бахджат ун-Нуфус» 15-бет.

Осыдан біз егер біреу сахабалар істемеген амалды істеп жатса, оның барар орны Тозақ болатынын түсінеміз.

Му‟ауия ибн Аби Суфьян Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі ағым Отта, ал біреуі Жәннатта», — деп айтқанын жеткізген. Сахабалар: «Жәннаттағылар кімдер?» — деп сұрады.  Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – мен және менің сахабаларым ілескенге ілесетіндер», — деп жауап берді. Хадис жақсы (хасан); Ахмад 4/102; Абу Дауд 2/503; Тирмизи 3/367; Ибн Маджаһ 2/479; Қз.: «әс-Сахиха» № 204.

Бұл хадистен түсінетініміз: кім Жәннатты қаласа және Оттан құтылғысы келсе, оның жолы белгілі – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары шектелгенмен шектелу.

Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда кім Оттан құтқарылып Жәннатқа кіргізілсе, рас жетістікке ие болды». (3:185)

Имам Ша‟би ибн Шурахбиль былай деген: «Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан баяндалған нәрсені ал да, ал жеке пікірге сүйеніп баяндалған нәрсеге кіші дәретіңді сындыра сал!» Абдурраззақ «Мусаннаф» 11/256.

Са‟ид ибн Джубайр былай деген: «Бадр шайқасына қатысқан сахабаларға мәлім болмаған нәрселер – діннен емес!» «Джами‟ уль-баян иль-ильм уа фадлихи» № 1425.

Ибн Аббас хауариждерге: «Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухажірлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан келдім. Құран солардың кезінде түсірілді әрі олар оның мағынасын сендерден жақсырақ түсінеді, ал мен сендердің араларыңда олардың біреуін де көріп тұрған жоқпын», — деді. Сенімді (сахих) хабар; Ахмад 1/621; әл-Хаким 2/150.

Осы хабарларға негізделіп, біз сахабалардың кезінде мәуліт өткізілді ме, соған қарауымыз керек. Егер өткізілмеген болса, онда бізге  имам әш-Ша‟бидің кеңесіне амал етуден басқа ешнәрсе қалмайды!

8-тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті

Аллаһ былай деді: «Расында Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз». (15:9)

Бұл аятта «ескерту» дегенде тек Құран ғана емес, бірақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті де, сондай-ақ сахабалардың Құран мен Сүннетті түсінулерін қамтитын олардан келген хабарлар (асарлар) да аталып тұр.  Бұл Сүннетсіз Құранды дұрыс түсінуге болмайтындығы, ал сахабалардан келген хабарларсыз ешкімнің Құран мен Сүннетті түсінуі дұрыс болуына сенімді бола алмайтындығы себепті. Ал егер Аллаһ Тағала біз үшін Құран мен Сүннетті және сахабалардың түсінігін сақтап қалмағанда, бұл зұлымдық болар еді, өйткені бұл бізді тура жолды табу мүмкіндігінен айыру болар еді. Ал Аллаһ Тағала әділетсіз болудан Пәк.

«Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді». (4:40)

Абдуллах ибн Амр ибн әл-Ас Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білімді тартып алу арқылы алмайды, бірақ оны ғалымдардың өлімі арқылы алады», — деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 100; Муслим 2673; Ахмад 6521; Тирмизи 2652; Ибн Маджаһ 52.

Хафиз Ибн Хаджар былай деген: «Ибн әл-Мунир былай деп айтқан екен: «Білімнің жойылуы теориялық тұрғыдан орын алуы мүмкін, бірақ бұл хадис білімнің жойылмайтынына дәлел болып табылады». «Фатх уль-Бари» 1/257.

Ал білім — бұл Құран, Сүннет және сахабалардан жеткен хабарлардан өзге нәрсе емес.

Осы тарауды оқып болған соң, оқырман өзіне төмендегідей қорытынды жасауы қажет:

1. Ешкім: «Мәуліт туралы аяттар мен хадистер кезінде болған, бірақ бізге жетпеген және бұл туралы хабарлар жоғалып кеткен», — деп мәлімдеме жасай алмайды. Бұл негіз өте маңызды, өйткені онымен келіспейтін адам, әлемдердің Раббысының дініне ойына келген қайдағы бір нәрселерді енгізіп, кейін «осы туралы аяттар және хадистер бар болған болуы ықтимал, бірақ бізге жетпеген» деп айтуы да мүмкін.

2. Ешкім: «Сахабалар немесе Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәуліт өткізген, бірақ ешкім бұл туралы деректі жеткізбеген», — деп мәлімдеме жасай алмайды. Яғни басқаша айтқанда: «Амалдың орындалғандығы туралы білімнің болмауы бұл амал орындалмады дегенді білдірмейді», — деп айта алмайды.

Ешкім мұны мәлімдей алмайды, өйткені егер осы амал адамдарды Аллаһқа жақындататын болғанда, онда бізді одан және Аллаһтың разылығын алу мүмкіндігінен мақұрым қалдыру әділетсіздік болар еді.

3. Ешкім мұндай аяттарды Құранға, немесе мұндай хадистерді Сүннетке қоса алмайды (өйткені бұл хадистердің жалғандығы міндетті түрде мухаддистер[6] тарапынан әшкереленеді).

Аллаһ былай деді: «Оның алдынан да, артынан да өтірік келмейді (араласпайды). Ол Аса Дана, өте Мақтаулы АллаҺ тарапынан түсірілген». (41:42)

9-тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?

Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың Аллаһқа жақындау жолында және Оған құлшылық қылуларында көрініс таппаған кез келген сенім, сөз және амал.

Қасиетті кітаптарда сөгіс айтылған діндегі жаңалықтардың (бидғаттың) не екендігін, сондай-ақ олар адасушылық болып табылатындығын төмендегілер нұсқайды[7]:

1. Сүннетке қайшы келетін барлық сөздер, амалдар және сенімдер, тіпті олар ижтихадтың нәтижесі болса да (мысалы, жұма намазына шақырылатын екі азанның біріншісі)[8].

2. Адам Аллаһқа жақындауды және Оның разылын алуды қалап істейтін, бірақ шариғатта оның тыйым салынғандығы туралы нақты нұсқау болған кез келген іс (мысалы, туысқан адамыңның қайтыс болғанынан кейін үшіне, жетісіне, қырқына, жылына, өлген күніне, жамбасы жерге тиген күніне, туған күніне, пейшенбілікке,  т.с.с. күндерді белгілеп (атап), адамдарға арнап дастархан жаю (тамақ беру)).

3. Тек шариғи мәтіннен өзге нәрсемен заңдастырылмайтын, бірақ оған шариғи мәтін жоқ кез келген іс. Сахабаның бірнеше рет істеген ісі бұдан тыс шығарылатын іс болып табылады, егер басқа сахабалар оған ешқандай сөгіс білдірмеген болса (мысалы, намаздың немесе дұғаның ерекше бір түрі т.б.).

4. Кәпірлерден алынып, шариғатта заңдастырылған ғибадатқа жатқызылған іс (мысалы, негізі христиандардың Рождество Христово (Христостың туған күні) мерекесі болған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туғанына арналған мереке өткізу).

5. Кейбір ғалымдар оларды істеу жақсы деп айтқан, бірақ қасиетті мәтіндерде бұған дәлелдері жоқ істер (мысалы, қабірдің басына, не жалпы бейіттерге тал отырғызу).

6. Тек әлсіз және өтірік хадистерде ғана нұсқалған (көрсетілген) кез келген ғибадат (мысалы, Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе аулиенінің құрметі және құқығы арқылы жүгіну (сопылардың заңдастырылмаған таууасулі)).

7. Қандай да бір ғибадатта шектен шығу (мысалы, Рамазан айынан өзге уақытта үнемі, үзіліссіз, күнде ораза ұстау).

8. Заңдылығына шариғат нұсқаған, бірақ оны белгілі бір күнмен, орынмен, тәсілмен немесе санмен шектемеген ғибадаттар (мысалы, өз аумағыңның қабірлеріне зиярат жасау шариғатта заңдастырылған, бірақ «оларды әр жұма күні немесе айт күндерінде зиярат ету жақсырақ» деген сөз діндегі жаңалық болып табылады). Діндегі жаңалықтар туралы көптеген аяттар, хадистер және сахабалардан хабарлар келген. Олардың мәні діндегі жаңалықтар көпқұдайшылдықтан кейінгі ең жаман амал екендігіне келіп тіреледі!

Олардың зияны неде?

1.                  Діндегі жаңалықтың жақтаушысы (бидғатшы) жанама түрде: «Аллаһ Тағала әділетсіздік жасады және адамдарға сауапқа жетуге болатын кейбір амалдар мен жолдар туралы хабар жібермеді», — деп мәлімдеген болады.

Аллаһ былай деп айтады: «Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Аллаһ, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залымдық істеуде». (24:50)

Сондай-ақ Ол: «Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар», — деді. (41:23)

2. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбардың өзі діндегі бұл жаңалықтың игілігі туралы білмеген», — деп мәлімдеген болады.  Бірақ бұл мына хадиске қайшы келеді: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кабир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Бұл хадистен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сауапқа жетудің барлық жолдары мен тәсілдерін білгендігі бірмағыналы түрде түсініледі.

3. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбар Аллаһ оған адамдарға жеткізуді бұйырған нәрсесінің бір бөлігін бізден жасырып қалды», — деп мәлімдеген болады.

Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Аллаһ сендерге бұйырып, мен сендерге бұйырмаған, және Аллаһ сендерге тыйым салып, мен сендерге тыйым салмаған ешнәрсе жоқ» деген хадисіне анық қайшы келеді.

Осыдан шыға келе кез келген бидғатшы өзінің бидғатымен жанама немесе ашық түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйе жаққан болады. Сондықтан да ханафи мазхабының имамдарының бірі имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген екен: «Сен қандай көпқұдайшылды кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһ Тағаланы қаралайды, тіпті егер өзінің көпқұдайшылдығымен Оны ұлықтаймын деп ойласа да. Тура сол секілді, сен қайсы бидғатшыны кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаралайды, тіпті егер өзінің бидғатымен оны ұлықтаймын деп ойласа да». «Зиярат уль-Қубур» 34-бет.

4. Бидғатшы сахабаларды жанама түрде:  «Олар игілікке және ғибадатқа жеткілікті түрде ұмтылмады және Пайғамбарды жеткілікті денгейде сүймеді», — деп айыптаған болады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер сендердің кез келгендерің Аллаһтың жолында Ухуд тауына тең алтынды таратса да, сахабалардың кез келгені бір уыс алтынды немесе оның жартысын сарп еткені үшін алған сауабын ала алмайды». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3673; Муслим 2541.

5. Бидғатшы: «Аллаһтың діні бәрібір толық және кемел емес және ол кейбір қосымшалар мен түзетулерге мұқтаж», — деп мәлімдейді.

Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым». (5:3)

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед) «Аллаһтың діні осылай! Кімнің діні Аллаһтың дінінен жақсырақ болмақ? Сондықтан біз Оған ғана құлшылық қыламыз», — деп айт», — деді. (2:138)

6. Кез келген бидғатшы жүрегінде сахабаларға деген жеккөрушілік сақтайды, өйткені ол қандай бидғат жасаса да, Сүннеттің жақтаушылары оған осы амалды жасамаған сахабаларды мысал ретінде келтіреді.

Аллаһ сондайлар туралы былай деген: «Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», — деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер!» — де. Шәксіз, Аллаһ көкіректегілерді толық біледі». (3:119)

«Сондай олардан кейін келгендер де: «Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз, шүбәсіз, Сен тым Жұмсақ, ерекше Мейірімдісің» – дейді». (59:10)

7. Діндегі жаңалықтардың көптігі адамдардың мүлде басқа дінді ұстануына алып келеді, әрі іс жүзінде олар осы арқылы Аллаһқа жақындамайды және Аллаһтан Ол оларға уәде етпеген нәрселерді алуға үміт етеді.

Аллаһ былай деді: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?» (42:21)

8. Діндегі жаңалық – ең жаман амалдардың бірі болуына қарамастан, бидғатшы осы ісіне тәубе етеді және оны тастайды дегенге үміт жоқтың қасы.

Анас ибн Малик Пағамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ бидғатшыға тәубе етуді нәсіп етпейді», — деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих). Абу әш-Шейх «Тарих Асбахан» 259-бет; Табарани «әл-Аусат» № 4360; әл-Харауи «Замм уль-Қалям» 6/101/1; Байхақи «Шу‟аб уль-Иман» 2/380/2; Қз.: «әс-Сахиха» 1620.

Сондықтан Абу Амр әс-Сибани де былай деп айтқан екен: «Аллаһ Тағала бидғатшыға тәубе ету мүмкіндігін бермеді, әрі бидғатшы, өзінің бидғатынан да жаманырақ нәрсеге өтпесе ғана, өз бидғатын тастамайды». «әл-Хауадис» Ибн Уаддах № 152.

Басқа бір жерде ол былай деген: «Ол тәубеге келеді деген азғантай ғана ықтималдық бар, бірақ басым көпшілік жағдайда бұлай болмайды. Бұл оның өз бидғатына жабысып алғандығынан, өйткені ол (шариғи) мәтіндерде оның амалдарын заңды ететін дәлелдер бар деп есептейді. Бірақ іс жүзінде бұл мәтіндер осы амалдың заңдылығына нұсқамайды. Ол өзі дұрыс деп есептейтін бір нәрселерді шариғат та дұрыс деп есептейді деп пайымдайды. Сондықтан да қалайша ол осы амалынан бас тартпақ және ол үшін тәубе етпек?!»

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Сондықтан да Суфьян әс-Саури және басқалар сияқты бұл діннің имамдары діндегі жаңалық Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек деп айтқан. Өйткені күнәлары үшін адам тәубе етеді, бірақ діндегі жаңалық жасағаны үшін тәубе етпейді. Оның себебі  адамның Аллаһ пен Оның Елшісі заңдастырмаған дінді ұстана бастайтынында және оның ісі өзіне көркем етіп көрсетіледі, әрі ол оны игілік деп санайды. Ендеше қалайша ол игілік деп санаған нәрсесі үшін тәубе етпек?! Тәубе туралы ой істелініп жатқан амалдың жаман екендігін түсінгеннен кейін ғана пайда болады». «Мажму‟ әл-Фатауа» 10/9.

9. Діндегі жаңалық жасаған адам міндетті түрде тура сол мазмұндағы Сүннеттің мөлшерін тастайды.

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Сен өз бидғатына қарама-қайшы келетін Сүннеттен қандай да бір нәрсені тастаған бидғатшыдан өзге бидғатшыны таппайсың. Бұл хадисте: «Дінде қандай жаңалық ойлап табылса, міндетті түрде Сүннеттен сонша нәрсе тасталады», — деп келгеніндей. Хадисті имам Ахмад (4/105) жеткізген. Аллаһ былай деген: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен өшпенділіктік салдық». (5:14)». «Мажму‟ әл-Фатауа» 7/173.

Сүннеттен қандай да бір нәрсені тастау адасушылыққа алып келеді:

Абу Бакр әс-Сыддық: «Мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегенінің кішкентай ғана бөлігін істеуді де қалдырмаймын, өйткені мен осыдан бір нәрсені қалдырсам, адасамын ба деп қорқамын». Хабар сенімді (сахих); Бухари 3093; Муслим 1759.

10. Пайғамбар Қиямет күні бидғатшылардан бас тартады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Қиямет күні маған мен танитытын және мені танитын адамдарды алып келеді, бірақ кейін мені мен олардың арасында бөгет қойылады да, мен: «Олар менің үмметімнен ғой!» — деп айтамын. Ал маған: «Сен олардың сенен кейін не енгізгенін білмейсің!» — деп айтылады. Сол кезде мен: «Кетсін әрі, кетсін әрі менен кейін дінді өзгерткендер!» — деймін». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5/2406; Муслим 4/1793.

11. Бидғатшы өзінің бидғатымен мұсылмандардың біртұтастығын бұзады, соның салдарынан, келіспеушіліктер, алауыздық пен өшпенділік пайда болады.

Аллаһ былай деді: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын тез береді». (5:14)

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ — Естуші, әр нәрсені Білуші». (2:137)

12. Бидғатшы өзінің бидғатын істей бастағанда, ол қаласа да, қаламаса да, не сөздерімен, не істерімен оған адамдарды шақыра бастайды. Бұл адамның табиғатының сондай болғандығы себепті, яғни ол бір нәрсені игілік деп таныса, міндетті түрде өзін қоршаған адамдармен онымен бөліскісі келеді, әсіресе өзі жақсы көретіндермен және оларға жақсылықты қалайтындарымен. Ал осы нәрсе мұсылмандардың тұтас тобының біртүтас жамағаттан бөлініп шығып, осы діндегі жаңалықтың негізінде достасуына және дұшпан болуына әкеп соғады.  Өздерін қолдайтындарды олар өз ортасына қосады, ал кім бұл бидғатқа қарсылық жасаса, олар оны дұшпан деп жариялады.

Аллаһ былай деп айтты: «Рас, сендердің діндерің – біртұтас дін, ал Мен — Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзі ие болғанына мәз болды». (23:52-53)

Ол сондай-ақ былай деді: «Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға бөлінгендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді». (6:159)

10-тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!

Аллаһ былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар да, өзара жанжалдаспаңдар». (8:46)

Бұл аят өзіне келіспеушіліктер туындаған кезде оралу керек болып табылатын діннің ұлы негізін қамтыған. Оның мәні – егер біз келіспеушіліктердің тоқтауын немесе олардың болмауын қаласақ, онда Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнушылыққа кіруіміз қажет. Өкінішке орай, діни қайраткерлердің көбі бұл негізді түсінбейді, білмейді, білгісі келмейді немесе олар мұндай негізді білмейтіндей бола қалады. Дәл сондықтан да республиканың (Татарстанның – ауд.) мешіттерінде «Фитна және алауыздық болмау үшін намазда қолыңды көтерме», немесе «Фатихадан кейін «Әмин!» — деп айқайлама», немесе «Қолыңды көкірегіңе қойма» деген сөздерді жиі кездестіруге болады.    Бұл жерде осындай тәсілдің өте қауіпті екенін және ауыр зардаптарға әкеп соғатынын түсіну қажет. Олар мынандай:

1. Бұл сөздерді айтып жатқан адам «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу мұсылмандардың арасындағы алауыздықтар мен фитнаның себебі болып жатыр» деген сенімге ие. Ол сондай-ақ «Сүннетті қалдыру және оған қайшы әрекет жасау мұсылмандардың бірлігінің себебі болады» деген сенімге де ие. Осыдан «Сүннетке шақырушы адам мұсылмандардың арасына араздық енгізеді және осы үшін Аллаһтың алдында күнә көтереді, ал Сүннетті қалдыруға шақырушы адам мұсылмандарды біріктіреді және осы үшін сауап алады» деген тұжырым шығады. Осыны тұспалдаудың өзі тантық (сандырақ) екені соншалықты – тіпті қарсы  дәйектер келтіруді де қажет етпейді.

Осы жерде Аллаһтың мына сөздерін келтіру орынды болады:

«Оның әміріне қарсы келгендер өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын». (24:63)

Аллаһ Тағала фитнаның себебі деп адамдардың Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарына бағынбай қоюларын атап көрсеткеніне назар аударыңыздар, бұл олардың сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амалдарды қалдыруларында көрініс табуда. Бұл өзі ғана сенімді хадистерге амал етпейтінімен қоса, басқаларға да оларға сәйкес амал етуге тыйым салатындар туралы айтпағанның өзінде. Ал мұны басқаларға тыйым салып қана қоймай, соған қоса осынысымен өзін мұсылмандарды біріктіруші және игілік жасаушы етіп көрсеткісі келетіндер туралы не айтуға болмақ?! Сондықтан да «сенімді (сахих) хадистерге сәйкес амал етуші фитнаның себепшісіне айналады» деген қорытынды өте таңқаларлық және қате болып табылады.

Сондай-ақ осы жерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ибн Мас‟удтың мына сөздерін келтіру де орынды болады: «Сендерді оның ішінде кәрілерің қартаятын және оның үстінде жастарың ер жететін фитна басқан кезде не істейсіңдер? Ол адамдардың арасында жүреді, әрі олар діндегі жаңалықтарды Сүннет деп қабылдайтын болады, тіпті біреу осы бидғатты түзетсе немесе жойса, адамдар: «Сүннетті жойды!» — деп айтады. Сонда адамдар: «Уа, Абу Абдуррахман?! Бұл қашан орын алады?» — деп сұрады. Ол: «Сендердің араларыңда (Құранды) жатқа оқитындар көбейіп, ал ғалымдар азайған кезде, әмірлеріңнің саны көбейіп, ал сенімді адамдардың саны азайған кезде, әрі адамдар осы өмірдің (игіліктерінің) ізінен қуып, ғибадатты соған жетудегі табыс табудың көзіне айналдырған кезде», — деп жауап береді. Хабар сенімді (сахих); әд-Дарими 1/58.

Бұл ұлы сахабаның «фитна» деген үғыммен нені меңзегеніне назар бұрыңыздар! Фитна деп ол Сүннетті қалдыруды айтып тұр, ал бұл сенімді хадистерге сәйкес амалдарды тастауда көрініс табуда. Сондай-ақ ол фитна деп бидғаттарды жасауды айтып тұр.

Фитна діндегі жаңалықтарды (биғатты) Сүннетке, ал Сүннетті бидғатқа айналдырылумен қиындай түседі.  Және шын мәнісінде де солай: сен осы адамдарға  келіп, осылай істеуді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырды деп айтсаң, олар: «Араб елінен (оқып келген) мына бір студент өз хадистерімен келді де, осында фитна таратуға талпынып жүр!» — дейді.

2. Аллаһ Тағаланың бізден Құран мен Сүннеттің төңірегінде бірігуімізден тәуелсіз әйтеуір бір кез келген біртұтастықты талап етпейтінін түсіну қажет. Аллаһ Тағала  біздің өтіріктің, бидғаттардың және Сүннетті тастаудың негізінде біріккенімізді қаламайды. Аллаһ Тағала біздің ақиқаттың, Сүннеттің және соған сәйкес болған амалдардың үстінде бірігуімізді қалайды. Аллаһ Тағала былай деді: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер». (3:103).

Назар аударыңыздар, Аллаһ Тағала: «Түп-түгел бәрің қалаған нәрселеріңе жабысып ұстаныңдар, ең бастысы бөлінбеңдер!» — деп айтпады ғой. Және Ол: «Түп-түгел бәрің Сүннетті және соған сәйкес амал жасауды тастаңдар және ешбір жағдайда хадистерге сәйкес амал жасамаңдар, әйтпесе бөлінесіңдер!» — деп тіпті де айтпады. Ол: «Аллаһтың жібіне», — деп айтты. Ендеше, қалайша біздің діни жетекшілеріміз біздің діннің жүздеген мәселелерінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін тастауымызды, сондай-ақ жүздеген бидғаттарды жасауда олармен бірге ынтымақтас болуымызды қалайды?! Олар, тіпті егер біз аз болып, олар көпшілік болса да, біз Сүннетті орындауымыз арқылы және бидғаттарды тастауымыз арқылы мұсылмандардың біртұтас үмметі болып табылатымызды түсінулері қажет. Ал мұсылмандардың біртұтастығын бөлушілер және фитна жасаушылар – олардың өздері. Сондықтан да біртұтас үмметке (әл-жама’аға) оралу дәл солардан талап етіледі, ал бізге келер болсақ, бізден ақиқатты ұстануды жалғастыру және бөлінбеу талап етіледі.

Бауырым, ақиқат қуатты және о бастан сақталып келе жатқандығын біл. Ол адамдардан, пікірлерден, саяси және өзге мүдделерден күшті, ол мемлекеттерден, әмірлерден (патшалардан) және ғалымдардан да күшті. Бұл діннің таралуының басында бидғаттар және бидғатшылар жоқ еді, тек Сүннеттің және біртұтас жамағаттың жақтаушылары (ахлю-Сунна уаль-жама’а) ғана бар болатын. Сосын біршама уақыт өткен соң, мұсылмандардың үмметінде Құранмен және Сүннетпен қанағат еткісі келмейтін және дінге жаңалықтар енгізіп, бүртұтас жамағаттан  шыға бастаған адамдар пайда болды. Алғашында олар аз болатын, бірақ уақыт өткен сайын олар көбейе берді. Жағдай тұтас қоныстардың, қалалардың және мемлекеттердің осы бидғаттарға батуына, ал осы мекендерде тұратын ақиқаттың жақтаушыларын бармақпен санауға болатынға дейін жетті. Алайда егер сен өзіңнің ауылыңа немесе қалашығыңа келген болсаң, және сенің мекеніңнің тұрғындары бидғаттар мен адасушылықтың төңірегінде біріккен болса, бұл «сен олардың бірлігін бұзудан қорқып, оларды қалдыруың керек және ақиқатқа шақырмауың керек» дегенді білдірмейді.

Аллаһ Тағала олардың біртұтастығына разы емес екенін және олар алғашқы ғасырларда өмір сүрген саны аз болған дінге жаңалық енгізушілердің (бидғатшылардың) ізбасарлары болып табылатынын біл. Сондықтан да ақиқатқа оралу, бидғаттарды тастау және Сүннеттің төңірегіне бірігу дәл солардан талап етіледі. Ал Сүннетті ұстанушы – сен жалғыз болсаң да, сен біртұтас жамағатсың (әл-жама’а). Өйткені сен Исламның алғашқы ғасырларында  сахабалардан құралған біртұтас жамағаттың сақталып қалған бір бірлігі болып табыласың.

Сондықтан да Ибн әл-Мубәракқа: «Соңынан ілесуге тиісті жамағат кімдерден құралады?» — деген сұрақ қойылғанда, ол: «Бұл Абу Бакр және Умар», — деді де, кейіннен  Мухаммад ибн Сабитке және әл-Хусайн ибн Уақидке келіп тоқтамайынша, есімдерді атай беруін жалғастыра берді. Сонда оған: «Бірақ олар қайтыс болды ғой! Тірілерден біреу бар ма?» — деген сұрақ қойылды, ал ол: «Абу Хамза әс-Суккари», — деп жауап берді. “әл-И‟тисам» 2/211, сондай-ақ осыған ұқсас деректі Лялякаи де № 2326 келтірген.

Ибн Хиббан былай деген: «Біртұтас жамағат (жама’а) – бұл сахабалар, ал сахабалардан кейін, бұл — дінге, ақылға және білімге ие адамдар. Олар – өз құмарлықтарын тастағандар, тіпті бұл адамдар аз болса да! Бірақ жамағат (жама’а) – бұл қарапайым адамдардың жиналған тобыры емес, тіпті олар көпшілік болса да!» Сахих Ибн Хиббан 14/126.

3. Сондай-ақ осы жерде Аллаһ Тағала: «Келіспеушілікке салынбаңдар да, өз халықтарыңның және қоғамдарыңның сал-дәстүрлеріне оралыңдар, өйткені егер сендер Құран мен Сүннетке шақырсаңдар, бұл адамдарға ұнамайды, олар сендермен келіспейді, әрі сендер олардың бөлінуіне және алауыздығына себепкер боласыңдар», — деп айтпағанына назар бұру қажет. Діни қайраткерлердің көбі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арабтарды Аллаһтың дініне шақырған кезде, ол да олардың салт-дәстүрлеріне қайшы шыққанын, ал бұл өз кезегінде қоғамның бөлінуіне әкелгенін, құрайштықтар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Бөлуші» деген лақап ат тағып, онымен Пайғамбардың атадан баланы, әйелден күйеуін бөлгенін меңзегендерін біледі.  Ал ендеше не үшін Аллаһ Тағала оған осыған тыйым салмады және өз қоғамының жетегінде жүруді бұйырмады?!

Аллаһ Тағала бізге келіспеушіліктен шығу жолын көрсеткен екінші аятқа қарайық:

Аллаһ былай деп айтты: «Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Аллаһтан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаһқа, Пайғамбарына бой ұсыныңдар». (8:1).

Аллаһ Тағала келіспеушіліктер орын алған кезде тағы да Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнуды, яғни Сүннетті қалдыруды емес, оны орындауға мейлінше бекем жабысып алуды бұйырғанына назар аударыңдар. Сондай-ақ Аллаһ Тағала осыны «егер мүмін болсаңдар» деген сөздерімен шартты еткеніне де назар бөліңдер.  Өйткені адам Исламды қабылдаған соң, ол келіспеушіліктер орын алған кезде және жалпы өзінің өмірінің барлық жағдайларында оралуға (жүгінуге) тиісті негіз оның өзі иман келтірген Раббысының Кітабы және сол Раббысының Елшісінің Сүннеті болып табылатынына келіседі. Сондықтан кәпірлер туралы айтып және олардың Аллаһқа иман келтіруден бас тартқандығының себебін ашып, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз», — деді». (2:170)

Ол сондай-ақ былай деді: «Осылайша сенен бүрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәуетектенген (нәзіктенген) адамдары міндетті түрде: «Расында, біз аталарымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз«, — деді. Ол: «Ал егер мен сендерге аталарыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсам ше?» — деді. Олар: «Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз», — деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара». (43:23-25)

Осы жерде барлық өткен халықтардың өз ата-бабаларының салттары мен әдет-ғұрыптарын тастай алмағандықтары және оларды Аллаһтың дінінен абзал көргендіктері олардың Исламды қабылдаудан бас тартудағы негізгі себебі болғанын түсіну өте маңызды болып табылады.

Муса пайғамбар Перғауынды әлемдердің Раббысының дініне шақырғанда, ол не деп айтқанына қараңдар: «(Перғауын): «Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайы қандай?» — деді». (20: 51)

Әл-Мусайаб ибн Хазн былай деп баяндайтын: «Абу Талибке өлім сәті жақындаған кезде оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Сол кезде оның жанына Абдуллаһ ибн Аби Умайя және Абу Жахиль келіп қойған екен. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке:  «Уа, көке! «Лә иләһа иллә Ллаһ» («Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ») деп айт, әрі осы Қиямет күні мен Аллаһтың алдында сен үшін араша түсетін сөз болады», — деді. Сол кезде әлгі екеуі Абу Талибке: «Сонда сен ‘Абдульмутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?!» — деп айтты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған айтқан нәрсесін айтуды жалғастыра берді, ал олар оған айтқан нәрсесін қайта-қайта айта берді. Ал Абу Талибтің соңғы айтқан сөзі оның Абдульмутталибтің дінінде қала беретіні болды да, ол «Лә иләһа иллә Ллаһ» деп айтудан бас тартты. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен міндетті түрде, маған тыйым салынбайынша, сен үшін кешірім сұрай беремін», — деді. Ал Аллаһ Тағала: «Пайғамбарға және мүміндерге мүшриктер үшін тіпті егер олар туысқандары болса да, ол Тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін жарылқау тілеулеріне болмайды». (9:113) Әрі Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Талибке байланысты жағдайға қатысты былай деді: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі». (28:56)». Хадис сенімді (сахих); Бухари 1360, 4772; Муслим 24.

Муслимнің риуаятында былай деп айтылаған: «Және (сол кезде) Абу Талиб Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер құрайыштықтар мені қорлап: «Ол осыған өзінің қорқақтығынан барды», — деп айтпағанда, мен міндетті түрде осы сөздерді айтып, сенің көзіңді қуантар едім», — деді. Және сол кезде Аллаһ Тағала: «(Мухаммед,) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолға ілесетіндерді жақсы біледі» (28:56), — деген аятты түсірді.

Перғауын да, Абу Талиб те өздерінің аталарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қимағандықтан ғана Аллаһтың дінін қабалдамағанына назар аударыңыздар. Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздерін Абу Талибке бірнеше рет рет қайталап айтса да, Абу Жахиль мен ибн Аби Умайя «ата-бабаңның дінін қалайша тастайсың?!» деген өздерінің дәйегінен басқа өз сөздеріне ешнәрсені қоспағанына да назар аударыңыздар. Бұл осы дәйектің кәпірлердің жүректерінде өте күшті екенін және оны ескертудің өзі-ақ адамның Исламды қабылдамауына жеткілікті екенін, басқа қосымша дәлелдер келтірудің өзі қажет болмай қалатынын көрсетуде.

Енді біз тура осы дәлелдің біздің діни жетекшілеріміздің жүректерінде де өте күшті екенін және егер данқты ата-бабалары сенімді хадиске сәйкес амал етпеген болса, олар да сахих хадисті қабылдай да, оған амал да ете алмайтынын көрудеміз. Және сонымен бірге олар Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіспеншілік пен құрмет туралы, Құран мен Сүннетке ілесу қажеттілігі туралы және басқа да сол сияқты әдемі сөздерді айтуларын жалғастырады.

Ал мынау Абу Суфьянның көпқұдайшыл болған кезінде Римнің патшасы – Хиракль одан олардың пайғамбары Мухаммад неге шақырып жатқаны туралы сұрағанда берген жауабы: «Ол бізге: «Аллаһқа ешкімді серік қоспаған күйде Оған құлшылық етіңдер және сендерге әкелерің (аталарың) айтып жатқан нәрселерді тастаңдар», — деп айтады». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7; Муслим 1773.

Сондықтан да «Бізге арабтардың Исламы керек емес», «Біз уаххабилердің намазын орындамаймыз», «Бізге өзіміздің қазақи, дәстүрлі Ислам керек» деген т.с.с. сөздер дұрыс болып табылмайды. Біріншіден, Ислам «арабтың», «татардың» немесе «дәстүрлі» немесе «дәстүрлі емес» деп бөлінбейтіндіктен. Ал, екіншіден, бұл сөздерде ақиқатқа шақыру жоқ, ал тек ұлтшылдыққа шақыру бар. Әзірбайжандар: «Бізге әзірбайжанның Исламы керек, дәл соны біздің ата-бабаларымыз ұстанған», — дейтінін, кейін қырғыздар, сондай-ақ әлемнің жүздеген кіші, ірі халықтары осындай деп айтқанын елестетіп көріңіздерші? Және сен әрбір халыққа келіп, оларға: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Имам «Әмин» деп айтқанда, сендер де амин деңдер, өйткені, ақиқатында, кімнің «Әмин» деп айтқаны періштелердің айтқанымен бірдей келсе, оның барлық күнәлары кешіріледі», Хадис сенімді (сахих); Бухари 780; Муслим 410, — деген», — деп айтқан кезде, олар: «Жоқ, біз «Әмин» деп айтпаймыз, өйткені біздің бабаларымыз — түркмендер былай істемеген», — десе ше?

Бұл қисынға сүйенсек, біздің діни жетекшілеріміз ата-бабалары мұсылман болмаған халықтарды, олар Исламды қабылдамай жатқаны үшін сөге алмайды, өйткені, олардың қисынына сәйкес, олар ата-бабаларының дәстүрлері мен ғұрыптарын тастауға міндетті емес.

Және біз мұны бізге «арабтың» Исламы немесе олардың дәстүрлері керек болғандықтан, немесе бізге татарлардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ұнамайтындықтан айтып тұрған жоқпыз. Бұл арабтарда жаман және Аллаһтың дініне сәйкес келмейтін нәрселері көп, ал татарларда жақсы және Аллаһтың дініне сәйкес келетін нәрселер көп болғандықтан да емес. Әрі осы намаз уаххабилердің намазы ма, әлде татарлардың, немесе қырғыздардың, өзбектердің т.с.с. салт-дәстүрлеріне сәйкес келеді ме — бізге бұл мүлде маңызды емес, бізді қызықтыратыны бұл намаздың Құран мен Сүннеттен алынған дәлелдерге негізделуі және әлемдердің Раббысының дініне сәйкес келуі.

Және адасқан надандардан тұратын және мұсылмандарды өз партияшылдығымен бөліп жүрген «Хизб ут-Тахрир», немесе «Таблиғ», немесе «Джихад және хижра жамағаты», немесе «Ихуан уль-Муслимин», немесе «Хауариждерге», немесе кез келген өзге адасқан ағымдарға бірде-бір саләфидің қатысы жоқ екенін, тіпті олардың құрамына кіруден бас тартатынын сіздер білесіздер. Сендер сондай-ақ саляфияның партия да, ағым да, құпия жамағат та еместігін, ол Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларына ілесетін қарапайым мұсылмандар екенін де білесіңдер.   Сіздер сондай-ақ біздің мемлекеттік төнкерістер, революциялар, ереуілдер, жарылыстар, басып алулар және басқа да жексұрын амалдар туралы ойларды алып жүрмейтінімізді де білесіздер, өйткені мұндайды Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабалары да істемеген. Сендер сондай-ақ бізге сіздердің креслоларыңыздың, атақтарыңыздың, билік және тағы басқалардың керек емес екендігін де білесіздер.  Сендер біздің жасырын сабақтар немесе құпия жиналыстар өткізбейтінімізді көріп жүрсіздер. Біз әркез сабақтарымызды есіктері үнемі ашық тұратын мешіттерде өткізгенбіз және оларға партияшылдар мен адасқан ағымдардың өкілдерінен өзге барлық қалаушылар  қатыса алатынын көріп жүрсіздер, өйткені біз бидғатшыларды оқытпаймыз және ақиқатты жалғанмен араластырмаймыз.

Ал ендеше неліктен сіздер барлықтарын бір төбеге араластырасыздар, және саляфилер сіздерге қандай жамандық істеді?! «Аллаһ айтты, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты, сахабалар айтты», — деп айтатын қарапайым мұсылмандарға қатысты күш пен қысым көрсетулеріңіз сізге келіспейді. Аллаһпен ант етемін, қысым және қаталдық пайда әкелмейді, бірақ, керісінше, қайғылы нәтижелерге әкеп соқтырады.

Ал егер Аллаһ Тағала оған бағынуды сіздерге де міндетті еткен Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазда имам «Фатиха» сүресін оқып болғаннан соң  «әмин» деп айтуды өз үмметі үшін заңдастырып қойған болса және оны сахабалар істеген болса, ендеше шариғатта бекітілген бұл амалға тыйым салуға сіздердің қандай құқығыңыз бар? Әрі бізге Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер біз намазда «әмин» деп айтсақ, уәде еткен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігін бізден тартып алуға қандай құқығыңыз бар?!    Аллаһпен ант етемін, мыңдаған мұсылмандар сол күні сендерге кешірімділікпен қарап, өздерінің құқықтарын талап етпеулері үшін Қиямет күні тым ауыр. Олар міндетті түрде сендерге саусақтарымен нұсқап: «Міне осылар бізге «әмин» деп айту мүмкіндігін бермеді және осы заңды тәсілмен күнәларымыздың кешірілуіне қол жеткізу мүмкіндігімізден жұрдай етті», — деп айтады.

Ендеше, бізге келіспеушіліктерден шығуға жол көрсететін мына аятқа қарайық:

Аллаһ былай деді: «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы — хайырлы да, нәтижеде жақсы». (4:59)

Абдуррахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Кейін Аллаһ кез келген келіспеушілікті, мейлі ол діннің негізіне немесе оның тармақтарына қатысты болсын, Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), яғни Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайыруды бұйырды, өйткені осы екі негізде барлық мәселенің шешімі қамтылған… Әрі Аллаһ Тағала осыны иманның шарты етті, сондықтан Ол: «егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар», — деді. Бұл аят кім келіспеушіліктер туындаған кезде, Құран мен Сүннетке оралмаса (қайтпаса), сол шынайы иман келтірген болып табылмайтынына нұсқайды».

Осы аяттарды және олардың түсіндірмесін оқығаннан кейін, біз өзіміз үшін мынандай қорытынды жасаймыз: мәуліттің шариғи тұрғыдан заңдылығына қатысты біздің мәселемізде екі тарап бар. Оны шариғи тұрғыдан заңды, одан қалса мустахаб және тіпті міндетті[9] деп айтатын тарап және екінші, яғни оның шариғи тұрғыдан заңдылығын теріске шығаратын, яғни мауліт дінге енгізілген жаңалық болып табылады деп есептейтін тарап. Осы аяттан шыға келе, егер біз Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген мүміндер болсақ, онда Құран мен Сүннетке оралуымыз керек және келіспеушілігіміздің шешімін дініміздің осы екі қайнар көзінен іздеуіміз қажет.

Біз: «Мәулітті атап өту (өткізу) Құранда да, Сүннетте де ешқандай дәлелі жоқ дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі болып табылады», — деп есептейміз.

Ал оның заңдастырылғанын айтатын тарап Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол амал қайтарылады», — деген сөздеріне негізделіп, дәлел келтіруі қажет. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Бұл хадисте олардың осы амалына Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керек дегенге айқын нұсқау бар! Ендеше, осы бұйрықтың мәтінін бізге келтіріңіздер!

Сондай-ақ Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне негізделіп: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?» (42:21)

Бұл аятта олардың амалдарына Аллаһ тарапынан рұқсаттың болуы, яғни Құран мен Сүннетте дәлелдің болуы міндетті екеніне айқын нұсқау бар.  Ендеше, осы рұқсаттың мәтінін бізге келтіріңіздер, және сол кезде ешқандай келіспеушіліктер қалмайды. Осыдан шыға келе, біздің келіспеушілігіміздің үш шешімі болуы мүмкін:

1. Сіздер дәлел келтіресіздер және біз сол дәлелге бағынамыз да, келіспеушілік тоқтайды.

2. Сіздер Құран мен Сүннетке қайтасыңдар да, өздеріңіздің амалдарыңызға дәлел таппайсыздар. Сонда сіздер Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынуға және өз амалдарыңызды тастауға және мұсылмандарды бөліп әлсірететін алауыздық пен келіспеушіліктерді тоқтатуға міндеттісіздер.

3. Сіздер мүлде Құран мен Сүннетке қайтпайсыздар да, өз қалауларыңыз бен пайымдарыңызға негізделіп, маулітті өткізудің заңды екенін табанды түрде айта бересіздер.  Мұндай       жағдайда сіздердің имандарыңыздың толықтығынына күмән туындайды.

Ал егер мәуліттің ұйымдастырушылары: «Мәулітті атап өтуге тыйым салынғандығы туралы дәлелді сіздер келтіруге міндеттісіздер, ал біз оның заңды екеніне дәлел келтіруге міндетті емеспіз!» — деп айтса, онда біз оларға тағы да өздерін өтіріктен болса да жатқызатын сол ханафи мазхабының негіздері мен ережелерін естеріне салуға мәжбүр боламыз. Бұл үшін ханафи мазхабының ән-Найляуи мен әл-Бандияли деген екі қазіргі заман ғалымдарының сөздерін келтірудің өзі жеткілікті: «Және негіздер мен ережелерде «амалдың заңды екенін теріске шығарушы емес, оның заңды екенін айтушы дәлел келтіруге міндетті» деп бекітілген». «Шифа ус-Судур» 19-21-беттер.

Ал егер сіздер осының барлығына келіспесеңіздер, онда ұлтшылдыққа шақырып жатқандарыңызды және сіздерді өздеріңіздің халқыңыздың салт-дәстүрлерін, олар Құран мен Сүннетке сәйкес келеді ме, әлде жоқ па – оған байланыссыз, сақтап, дамыту ғана қызықтыратынын мойындай салыңыздар. Осы орайда не істесеңіздер де: концерттерге, филармонияларға барасыздар ма, мінажаттарды әндетесіздер ме, кәпірлерді олардың мейрамдарымен шын жүректен құттықтайсыздар ма; егер мұның барлығын әлемдердің Раббысының дініне жатқызбасаңыздар – онда қалауларыңыз білсін. Аллаһтан қорқыңыздар, Оған жала жапсырмаңыздар және Оның дініне онда жоқ нәрселерді кіргізбеңіздер.  Осы арқылы әркез міндетті түрде Исламға жатқызатын әрбір жаңа қылықтарыңызға қарсы пікір жазудан бізді босатасыздар.

11-Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты келіспеушіліктер

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүние келген апта күніне келер болсақ, оған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Имам Ибн Касир «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні дүниеге келді» деген ғалымдардың бірауызды пікірлерін жеткізген. «әл-Бидая уан-Нихая» 2/259-260.

Бұл бірауызды келісілген пікірді Абу Қатада әл-Ансари жеткізген, онда ол Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Дүйсенбі күні ораза ұстау туралы не айтасың?» — деп сұраған хадиске негізделеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – мен туылған және маған Құран түсірілген күн», — деп жауап берді. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1162.

Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған айына қатысты ғалымдардың көпшілігі: «Ол раби‟ уль-аууәл айында дүниеге келген», — дейді. Қз.: Ибн Раджаб «Латаиф уль-Ма‟ариф» 95-бет.

Оның туған күніне қатысты ғалымдар жеті пікірге бөлінді. Олардың ең салмақтылары әрі күштілері екеу: раби‟ уль-аууәл айының 12-сі және 8-і. Осы екі пікірдің ішіндегі ең кең таралғаны ол раби‟ уль-аууәлдің 12-де туылған деген пікір болып табылады.  Бұл туралы Мухаммад ибн Исхақ айтқан. Бұл «әл-Бидая уан-Нихаяда» 2/259 келтірілгендей.

Бұл тараудан біз екі қорытынды шығарамыз:

1. Сахабалардың арасында туған күндерді қандай да бір арнайы іс-шаралармен және ғибадаттармен атап өту салты жоқ еді.

2. Пайғамбар да, оның сахабалары да бұл күнге ешқандай мән бермеген, өйткені егер осы күнді ерекше бір нәрселермен белгілегенде, онда бұл күн туралы белгілі болар еді және ол туралы келіспеушіліктер де болмас еді.[10]

12-Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін кім және қашан атап өтуді алғаш бастады?!

Ғалымдардың арасында маулітті атап өту алғаш рет фатими-шиғалар болған Бану Убайд (Убайдилер) мемлекетінде пайда болғанына келіспеушіліктер жоқ. Мәулітті осы шиға мемлекетінің әмірі әл-Му‟изз Лидинилляһ хижраның 362 жылы Каир қаласында өткізді. Қз.: әл-Микризи «әл-Асар» 1/432.

Осыдан кейінгі барлық ғасырларда ғалымдар шиғалардан сопыларға өткен, дінге енгізілген бұл жаңалықты сөгулерін тоқтатпады. Исма‟иль әл-Ансари «әл-Қаули әл-Фасль» 49-бет.

Ғалымдар Исламның алғашқы ғасырларында мәуліт өткізілмегеніне бірауызды келіскен.

Бірақ барлығынан да таң қаларлығы – осы мәулітті біздің жерлерімізде ұйымдастырып және насихаттап жүрген сопылардың: «Ханафи мазхабын ұстанамыз!» — деп айтатындары. Ендеше имам Абу Ханифаның немесе Абу Йусуфтың немесе Мухаммад әш-Шайбанидің осы амал заңды екені туралы айтқан сөздерін келтірсін!

Алайда, іс жүзінде, имам Абу Ханифаның мазхабы оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олар оны өздеріне қалқа етіп қана алған, яғни мазхабтың атын жамылып, дінге қалаған нәрселерін енгізуде.

Сонысымен олар өздерін және өз әрекеттерін Ибраһим пайғамбардың амалдарына жатқызған, бірақ қалаулары оның дініне сәйкес келмейтінін білген кезде, одан бас тартып, өз құмарлықтарына ілесуді абзал көрген көпқұдайшыл құрайыштықтармен ұқсастық танытуда. Тура солар сияқты бұл сопылар да Абу Ханифаның мазхабын тастап, оны шиға-фатимилерге ауыстырып алды. Ал, ендеше, «мазхабсыздар» деген атаққа кімдер лайықтырақ?!

Ал егер олар имам Абу Ханифадан жеткен мәтін бар десе, онда оны бізге көрсетсін.

Аллаһ былай деп айтты: «(Мухаммед оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де, өтірік айтасыңдар», — де». (6:148)

Сондай-ақ Ол былай деді: «ухаммед): «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер», — де». (2:111)

13-Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау

Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «әл-Худжа» 2/484.

Муфаддәл ибн Мухәлхәл былай деген: «Егер бидғатшы өзінің бидғаты туралы сөзінің басында айтса еді, сен одан сақтанып, аулақ болар едің. Алайда ол саған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айта бастайды да, кейіннен білдірмей өзінің бидғатына көшеді». «әл-Ибана» 2/444.

1-дәйек.

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.

Жауап:

Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін  келтірген болатынбыз. Бірақ маулітті ұйымдастырушыларды, аят пен хадиске қарағанда, көбірек ханафи мазхабының ғалымдарының сөздері қызықтыратын болғандықтан, біз осы жерде ханафи мазхабында бекітілген ережені келтіреміз. Ханафи мазхабы көптеген негіздер мен ережелерде құрылған, олардың бірі келесі ереже болып табылады:

«Қандай да бір амалдың істелуі туралы қасиетті мәтіндердің болмауы бұл амалдың  істелмегеніне нұсқайды, бұдан қалса бұл амалды істеу харам және бидғат болып табылатынын білдіреді».

Ал ханафи мазхабының имамдарының осы туралы айтқан сөздері міне:

Имам Ибн әл-Хумам (861 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Қасиетті мәтіннің болмауы амалдың заңдастырылмағандығы туралы шешім шығару үшін жетіп асады». «Фатх уль-Қадир» 2/60 ( «Булак» баспасы).

Имам Ибн Абидин (1252 х/ж қайтыс болған): «Егер қандай да бір амалдың заңдастырылғанына нұсқайтын қасиетті мәтін жоқ болса, бұл амалды істеу харам болып табылады». Осыдан кейін имам Ибн Абидин осы ереже туралы айтатын ханафи мазхабының көптеген кітаптарына нұсқады. «Радд уль-Мухтар» 1/778; 3/210, 245.

Имам әл-Акмаль әл-Бабирити (786 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Ал бізге (яғни ханафи мазхабын ұстанушыларға) келер болсақ, біз: «Қандай да бір амал туралы қасиетті мәтіндердің болмауы осы амалдың істелмегеніне дәлел болып табылады», — деп айтамыз». «әл-Иная» 2/90 («Дар уль-Фикр» баспасы).

Имам әл-Финжифири (1407 х/ж) былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір нақты амалды істегеніне нұсқаудың болмауы оның мұны істемегеніне нұсқайды». Осыдан соң ол былай деді: «Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істемеді деген тұжырымға келер болсақ, ол екі түрлі болады:

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мыналарды және мыналарды істемеді» деген анық мәлімдеме.

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынаны және мынаны істеді» дегенге нұсқайтын мәтіннің болмауы».

Осыдан соң ол кейбір мысалдар келтірді де, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені істеп, осыны ешкімнің: кішісі де, ересегі те, еркегі де, әйелі де – жеткізбегені мүмкін емес». «Усуль ус-Сунна» 55-бет.

Бұл жерде тек мынаны ғана қосуға болады: хадистер мен деректерде (асарларда) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істегені туралы нұсқаудың болмауы «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы амалды істемеді» деген анық мәлімдемеден күштірек. Өйткені бұл «осы істі  Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеген болуы мүмкін» деген  нәрсенің ойға да кіріп шықпағанына нұсқайды, сондықтан олар ешбір жерде  Пайғамбардың осы істі істемегені туралы нұсқамаған болатын. Толық айқындық үшін мысал келтірейік. Сахабалар: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде айт намаздарына азан шақырылмайтын еді», — деп хабарлаған. Олар өздерінен кейінгілердің басқа намаздарға қияс жасап, айт намаздарына да азан шақыра бастаулары мүмкін екендігін білгендіктен, бұл туралы хабарлады. Бірақ сахабалар ешбір жерде «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекеледі» деп жеткізбеді. Өйткені олардың ойына ұшақтардың, комьютерлердің т.б. болу мүмкіндігі кіріп шықпағанынындай, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін мерекелеу де олардың ойына кіріп шықпайтын.

Ал осы ереженің дәлелдеріне келер болсақ,  имам әл-Финжифири екеуін-ақ келтірген:

1. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Оларда бұл туралы білім жоқ». (45:24)

2. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олар тек жорамалдарына ілеседі және ойынан ғана шығарады». (6:116)

2-дәйек.

Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген. «әл-Мәдхал» Ибн әл-Хадж 2/3.

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне емес, аптаның күніне назар бұрған. Сондықтан, сіздердің қисындарыңызға сәйкес, (мәуліт) іс-шараларын апта сайын өткізген дұрысрақ болар еді.  «ар-Радд әл-Қауи» әт-Туайжири 61-бет.

2. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аптаның өзі туылған күнін ораза ұстаумен ерекшелегені туралы келіп тұр, ал сіздер оның туған күнін мерекелі шаралармен және тамақтанумен атайсыздар.

Аллаһ Тағала яхудилерге былай деген: «Сендер сонда жақсырақ болған нәрсені жаманырақ болған нәрсемен ауыстыруды сұрап тұрсыңдар ма?» (2:61)

Осыда сендердің яхудилермен ұқсастықтарың көрінеді.

Өз амалдарында шиғаларға, тіпті олардың шекке шыққандарына, яғни фатимилерге ілескендердің және сонымен қоса көпқұдайшыл құрайыштықтарға және яхудилерге ұқсағандардың жағдайы қалай болмақ?!

3-дәйек.

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яхудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.[11] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Сендер ораза ұстайтын бұл не күн?» — деді. Олар: «Бұл ұлы күн. Бұл күні Аллаһ Мусаны және оның халқын құтқарып, Перғауын мен оның халқын суға батырды. Әрі Муса осы күні Аллаһқа деген шүкіршілігінің белгісі ретінде ораза ұстайтын, сондықтан біз де осы күні ораза ұстаймыз», — деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз Мусаға сендерден жақынбыз», — деді. Және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза ұстайтын болды да, мұны өзге мұсылмандарға да бұйырды». Хадис сенімді (сахих); Бухари 2004; Муслим 1130.

Олардың қорытындысы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Мусаны құтқарғаны үшін Оған шүкіршілік ретінде Ашура күні ораза ұстады, біз де Аллаһқа Пайғамбардың туылғаны үшін шүкіршілігімізді білдіріп, оның туған күнін атаймыз. «әл-Хауи лиль-Фатауи» әс-Суюти 1/260.

Жауап:

1. Яхудилер тек Муса пайғамбар бұл күні ораза ұстайтын болғаннан кейін ғана, осы күні ораза ұстайтын болды. Ал Мухаммад пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекелеп атауда сіздерге үлгі көрсетпеген болса, қалайша сіздер оның туған күнін атап өтуді бастай аласыздар?!

2. Егер мәулітте игілік болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны заңдастырар еді әрі өзі де оны өткізер еді, өйткені қалайша ол Ашура күні ораза ұстауды заңдастыра алды да, ал өзінің туған күніне арналған мерекелік шараларды заңдастырмады?!

«Ал Раббың ұмытпайды». (19:64)

3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұсқайтынын көре аламыз және барлық жерде оның туылғандығына емес, жіберілгендігіне ерекше маңыз беріледі.  Бұл — жіберілудің туылуға қарағанда маңызының едәуір жоғары болу себебінен. Және пайғамбардың адамдардан негізгі айырмашылығы оның Аллаһтан жіберілген елші болуында, ал қай жерде, қашан және қалайша туылғанында емес. «Хиуар әл-Малики» Ибн Мани‟ 85-бет.

Аллаһ былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді». (3:164)

Дәл сондықтан да мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб мұсылмандардың жыл санауын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнінен бастап емес, оның қоныс аударуынан бастауды енгізді.

4-дәйек.

Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Джазаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ляхаб кіріпті. Ол адам одан: «Сенің жағдайың қандай?» — деп сұрапты. Абу Ляхаб: «Мен Оттамын, алайда әрбір дүйсенбі сайын менің азаптарым жеңілдейді. Бұл менің Пайғамбар туылған кезде қуанғаным үшін және қуанышымнан  Суайба атты күңді босатқаным үшін», — депті».

Олардың қорытындысы: егер тіпті кәпірдің өзі Пайғамбардың туылғанына қуанғандығы үшін пайда алып жатқан болса, онда оның туған күнін жыл сайын атап өтетін мұсылман туралы не айтуға болмақ?!

Жауап:

1. Бұл дерек сенімді емес, өйткені түс көрген адамның аты аталмаған. Сондықтан да жалпы «біреу осындай түс көріпті» деп айтушының сөзі растала алмайды.

2. Түстердің негізінде шариғатта ешнәрсе заңдастырылмайды, әрі бұл туралы ахлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушіліктер жоқ.

Ханафи мазхабының имамдарының бірі Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деп айтқан: «Шариғи үкімдер (қаулылар) және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және сүннет имамдарының бірауызды келісілген пікірімен (ижмағ) тағайындалады. Және бұл — осы үмметтің алғашқы өкілдерінің жолы.  Сондықтан шариғи үкімді бекітуде осы үш көзден өзге ешнәрсеге негізделуге рұқсат етілмейді… Ал қандай да бір ғибадаттардың заңды екенін осындай ертегілер мен қиссалар арқылы тұжырымдауға келер болсақ, бұл – яхудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». «Гаят уль-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

3. Егер тіпті осы адам сол түсті көрді деп тұспалдасақ та, ол түс өтірік болып табылады, өйткені Құранның анық мәтіндеріне қайшы келеді.

Аллаһ былай деп айтты: «Ал енді иман келтірмегендер үшін Тозақ оты әзірленген. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардың азаптары жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз». (35:36)

Абу Ляхаб, келіспеушіліксіз, кәпір болып өлді, ендеше, егер Аллаһ Тағала кәпірлердің азаптары жеңілдетілмейтіні туралы айтқан болса, оған азаптары қалайша жеңілдетілмек?!

4. Абу Ляхаб — кәпір, ал кәпірлерден жеткен хабарлар бірауызды келісім бойынша қабылданбайды.

5-дәйек.

Хижраның алғашқы үш жылында мұсылмандар мәулітті өткізуге мұқтаж емес еді, өйткені онсыз да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың есінде болатын, олар оның өмірбаянын білетін және оны сүйетін.

Жауап:

1. Мұсылмандардың алғашқы өкілдерінен уақыттағы алшақтық діндегі жаңалықтарды рұқсат етпейді.  Керісінше болған жағдайда мұндай философия арқылы дінге қалаған нәрсені енгізуге болар еді.

2. Бүгінгі күні Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаттырақ жақсы көру үшін және оны үнемі есте сақтап жүру үшін, дінде заңдастырылған барлық нәрселерді орындауға мүмкіндік бар.

6-дәйек.

Не үшін түрлі мұсылман елдеріндегі мұсылмандардың көпшілігі осы күнді атайды да, ал сендер кішкентай ғана бір төбе болып, оны мерекелемейсіңдер?! Азшылықтың көпшілікке қарағанда дұрысырақ жолмен жүруі мүмкін бе?!

Жауап:

Аллаһ былай деп айтты: «Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды». (6:116)

7-дәйек.

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.

Жауап:

1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бидғат жоқ. Бұған дәлел – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері: «Және ешбір жағдайда дінге жаңалық енгізбеңдер, өйткені дінге енгізілген әрбір жаңалық — бұл бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық». Хадис сенімді (сахих), оны нығайтатын тізбектер болғандықтан; Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676.

Ал қалайша енді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат — адасушылық», — деп айтқаннан кейін сендер: «Жоқ! Әрбір бидғат адасушылық бола бермейді!» — деп айта аласыздар?  имам әш-Шатыби «әл-И‟тисам»  1/141.

Аллаһ былай деп айтты: «Әй мүміндер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз, Аллаһ — аса Естуші, толық Білуші». (49:1)

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырмаған және сауапты деп атамаған, сондай-ақ мұны олардың соңынан мұсылмандар өз дінінде ілесетін имамдардан ешқайсысы осылай деп атамаған нәрсенің барлығы айыпталушы бидғат болып табылады. Және бірде-бір ғұлама мұндайды жақсы бидғат деп атамайды». «Мажму‟ әл-Фатауа» 27/152.

2. Ал бидғаттарды жақсы және жаман деп бөлуде олар имам  әш-Шафи‟и мен Изз ибн Абдуссалямның сөздеріне сүйенетініне келер болсақ, имам Ибн Ражаб осымен меңзелетін нәрселерді былай түсіндірген: «Шафи’и жаман бидғат дегенде оған қайту (жүгіну) мүмкін болмаған, діндегі шариғи негізі жоқ жаңалықтарды меңзеп тұр. Міне осы — қасиетті мәтіндерде қолданылатын «діндегі жаңалық (бидғат)» ұғымы. Ал жақсы бидъаттар — бұл Сүннетке сәйкес келетіндері, яғни бұл амалдың Сүннетте қайтуға (оралуға) мүмкін болған негізі бар.    Сондықтан да мұның астарында діни емес, тұрмыстық жаңалық меңзеледі». «Джами‟ уль-„Улюм» 2/131.

Имам әл-Изз ибн Абдуссалямның сөздерін  имам әш-Шатыби «әл-И‟тисамда» 1/191 тура осы мағынада түсіндіріп берген.

Бұл жерде өте бір маңызды мәселені түсіну қажет. Көптеген адамдар өздерінің ұстанымдарын дәйектеп: «Сен автокөлікте жүресің ғой, мобильдік телефонмен сөйлесесің ғой т.с.с., ал мұның барлығы енгізілген жаңалық қой! Ендеше не үшін сен осыларға да тыйым салмайсың?» — деп айтады.

Бұған жауап мынандай: шариғатта тікелей аталмай кеткен нәрселерді екіге бөлуге болады:

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде істеу мүмкін болған, әрі оған деген қажеттілік болған, бірақ, оған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны істемеген амалдар. Мұның мысалы ретінде намазға тұрушылар саптарын түзейтін жіптер  тартып қоюды келтіруге болады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саптарды түзеуге мұқтаж еді, осыған көп көңіл бөлетін және намаздың алдында осыған көп уақыт сарп ететін. Ол осындай жіптерді тартуға деген мүмкіндігі бар еді, өйткені оның кезінде де жіптер бар болатын. Бірақ, осыны істеудің қажетті және мүмкін болуына  қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны істемеді. Демек, бұл дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) болып табылады.

2. Оны істеуге деген қажеттілік болған, бірақ мүмкіндік болмаған нәрселер. Мысалы, үлкен мешіттің имамына арналған микрофон. Сахабалардың заманында микрофондар болмады, бірақ имамның дауысын алыстағы адамдарға жеткізу қажеттілігі болған. Сондықтан да имам әл-Бухаридың «Сахихында» Абу Бакр намазда Пайғамбардың дауысын адамдарға жеткізді деген дерек жеткізіледі.  Хадис сенімді (сахих); Бухари 712; Муслим 941; Ахмад 25876, Аишаның сөзінен. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз мешітінде микрофон орнатуға деген мүмкіндігі болмағандықтан, оны  орнатпады. Сондықтан да мешіттерде микрофондар орнату дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүмкіндігі болған жағдайда мұны орындайтын еді.[12]

Сондықтан да біз былай деп айтамыз: сахабалардың кезінде және оларға ілескен ұрпақтардың тұсында мәулітті өткізуге және оны істеу арқылы сауапқа қол жеткізуге деген мүмкіндік бар еді, алайда, солай болса да, олар мұндай ешнәрсені істемеді, демек бұл – дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) деп айтамыз.

Сондықтан да имам Малик өзінің атақты сөзін айтқан болатын: «Кім «Исламда жақсы бидғат бар» деп есептесе, сол «Пайғамбар Жолдауды соңына дейін жеткізбеген» деп есептейді». «әл-Ихкам фи усуль әл-Ахкам» Ибн Хазм 6/85.

Егер оқырман осы ережені дұрыс түсінген болса, онда осы жерде бидғатшылар оларды бидғат деп санап, бізге: «Міне, көрдіңдер ме, сахабалар да бидғаттар істеген! Ендеше, не үшін сендер біздің бидғаттарымызды сөгесіңдер де, олардың бидғаттарын сөкпейсіңдер?!» — деп мәлімдейтін сахабалардың кейбір істеген істерін мысал ретінде келтіріп   кетейін.

1. Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.

Сұрақ: не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осыны бидғат деп атамайсыңдар?

Жауап:

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менен Құраннан басқа ешнәрсені жазып алмаңдар». (Хадис сенімді (сахих); Ахмад 3/12; Дарими 456; Насаи «Фадаиль әл-Қуранда» 33, Абу Са‟ида әл-Худридің сөздерінен.) Мұнымен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахиді жазуды заңдастырған, бірақ оларды біртұтас кітапқа жинақтамаған. Бұл Құранның Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның қайтыс болғанына дейін түсіріле беруінің себебінен.  Бір аяттар басқаларының күшін жойып отырды. Сондықтан да, аяттардың тұрақты түрде қосылуының және кемуінің себебінен, Құранның жеке жазбаларын біртұтас кітапқа жинақтау мүмкін болмады». «Мажму‟ әл-Фатауа» 21/317.

Имам әл-Хаттаби былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды тұтас бір кітапқа жинақтамағанының себебі – оның түсірілуінің жалғасып тұруы және бір аяттар екінші аяттардың күшін жоюы.  Ал ол қайтыс болғаннан кейін және Құранның түсірілуі тоқтағаннан кейін Аллаһ Тағала  салиқалы әмірлердің санасына оны біртұтас кітапқа жинақтауды салды және осынысымен Аллаһ Тағала Осы үммет үшін осы Құранды сақтап қалуға деген уәдесін орындады. Бұл істі Абу Бакр ас-Сыддық Умар ибн әл-Хаттабпен ақылдасқаннан кейін бастады». «Фатх уль-Бари» 9/17.

Имам әл-Бақилляни былай деген: «Аллаһ: «Шын мәнінде, оны жинау және оқу — Бізге міндет» (75:17), — деген өз уәдесін орындады». Алдыңғы дереккөз.

Хафиз Ибн Хаджар: «Ал Абу Бакрге және Умарға Зәйд ибн Сабит, ал содан соң қалған сахабалардың барлығы ілесті. Олардың барлығы мұның ақиқат екендігіне келісті», — деген. Алдыңғы дереккөз.

2. Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру намазы.

Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге үйлесті.

Имам Ибн Ражаб барлық ғалымдардың «бұл әрекет – бидғат және Сүннет болып табылмайды» деген бірауызды пікірін жеткізген. «Фатх уль-Бари» 8/912.

Ибн Умар былай деген: «Жұма күнгі алдын ала шақырылатын азан – бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, тіпті адамдар оны игілік деп ойласа да». Хабардың иснады сенімді (сахих); Ибн Аби Шайба 2/140.

Бұл азанды орындауды айыптау (сөгу) үмметтің көптеген имамдарынан келген. Оны бидғат деп әл-Хасан әл-Басри, Исхак ибн Рахауайх, Малик, әш-Шафи‟и, ханафи имамы әт-Тахауи, Ибн Абдульбарр, имам Ибн Қудама, Ибн Хазм, әл-Қуртуби т.б. айтқан. «Ахкам уль-Джум‟а» Яхья әл-Хаджури 410-422.

Ал мүміндердің әмірі Усман ибн Аффанға келер болсақ, ол өзінің ижтихадын жасады, әрі тіпті егер ол осы мәселеде қателескені туралы айтсақ та, ол, инша Аллаһ, өз сауабын алады, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай:  «Егер сот (шешім шығарушы) ыждағаттылық (ижтихад) көрсетіп,  шешім шығарса әрі оның шешімі дұрыс болса, оған екі сауап тиісті болады, ал егер ол ыждағаттылық танытып, шешім шығарса және қателессе, онда оған бір сауап тиісті болады». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1716, Амр ибн әл-Астың сөздерінен.

3. Умар ибн әл-Хаттаб бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін адамдарды мешітке жинай бастады.

Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзімен және ісімен бекітілген.

1. Абу Зарр (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын:: «Кім түнгі нәпіл намазды имамның артына ұйып өткізсе және имам оны аяқтамағанға дейін кетпесе, соған түні бойы намазда тұрғанының сауабы жазылады». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 806; Абу Дауд 1375; Ибн Маджаһ 1327 т.б..

2. Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған: «Рамазан айының бір түнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке шықты да, онда намаз орындай бастады. Оның артынан адамдар намазға сап құрды. Таңертең бұл адамдар өзгелерге түнде Пайғамбарға (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқығандары тұралы айтты. Екінші түні мешітке адамдар едәуір көбірек жиналды және Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шығып, олармен бірге намаз оқыды. Үшінші түні де тура сондай болды. Ал төртінші күні қараңғылық түскен кезде кезде мешітке намаз оқығысы келгендердің барлығы сыймай қалды. Сонда Пайғамбар оларға таң намазына шықты да, адамдарға бет бұрып, Исламның куәлігін айтты және былай деді: «Ал содан соң, ақиқатында, мен сендердің игілікке деген ұмтылыстарыңды көріп тұрмын, бірақ мен егер біз жиналуымызды жалғастыра берсек, бұл намаз біз үшін парызға айналып,  біз осы парызды орындай алмаймыз деп қорқамын». Хадис сенімді (сахих); Бухари 924; Муслим 761.

Хафиз Ибн Хаджар былай деген: «Бұл хадисте түнгі намазды, әсіресе Рамазан айында, бір имамға ұйып  жамағатпен өткізу абзал екендігіне нұсқау бар. Бұл  «осы намаз міндетті болып қалады ма» деген қорқыныштың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін кеткендігі себебінен. Сондықтан Умар адамдарды мешітте Убай ибн Ка’бтың артына жинады». «Фатх уль-Бари» 3/14.

Имам Ибн Абдульбарр былай деп айтқан: «Умар  бұл істі өз ойынан шығарған жоқ. Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол адамдарды мешітке тарауих намазына жинауда тұрақтылық танытпады, өйткені мұны орындау оның үмметі үшін міндетке айналып кетуінен қорықты, ал ол өз үмметіне қамқор әрі мейірімді  еді. Ал Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған кезде, бұл амал міндетті бола алмайтыны айқын болды да, адамдар бұл Сүннетті жаңдандырды. Бұл хижраның он төртінші жылы орын алды». әс-Субуки «Ишрак уль-Масабих» 1/168.

8-дәйек.

Мәулітті өткізу біз Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетінімізге және оны ұлықтауымызға дәлел болады. Ал сендер оны жақсы көрмейсіңдер және оны ұлықтауға тыйым саласыңдар. Қз.: Абу Шама «әл-Ба‟ис аля инкар әл-бида‟ уәл хауадис» 23-бет.

Жауап:

1. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік таныту және оны ұлықтау ол алдын ала сақтандырып ескерткен және «олар жамандық пен адасушылық болып табылады» деп хабарлаған бидғаттарды орындаумен іске асырылмайды. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік заңды тәсілмен іске асуы қажет, ал бұл – біздің оған иман келтіруіміз және оған бағынуымыз, оның жолына ілесуіміз, оның Сүннетінен ұстануымыз, оның дінін өзгерпеуіміз, оның насихаттаған нәрселерін таратуымыз және ол тыйым салған нәрселерге тілімізбен, қолымызбен және жүрегімізбен қарсы шығуымыз. Сондай-ақ оны өзімізден де, өз отбасыларымыздан да, мал-мүлкімізден де және барлық адамдардан да жақсы көруіміз.

2. Сахабалар Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізден артық жақсы көрді. Олар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не нәрсеге риза болатынын бәрінен жақсырақ білетін және ізгілік пен игі амалдар жасауға бізден гөрі көбірек ұмтылатын. Бірақ, осыған қарамастан, олар мәуліттер өткізбейтін және оның туған күнін ерекше белгілеп атамайтын. Егер мәулітте игілік пен Пайғамбарға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйіспеншілік таныту және құрмет таныту бар болған болса, олар оны өткізуді ең бірінші болып бастар еді». Қз.: «Иқтида» 2/615.

Сондықтан да ханафи мазхабының имамы имам Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ізгі ата-бабаларды шектен тыс ұлықтауға тыйым салатындар туралы сөз етіп, былай деген: «Ал егер біреу олардың сөздеріне сүйеніп амал істесе және осыны (яғни Пайғамбарды және ізгі ата-бабаларды шектен тыс ұлықтауға) тыйым салса, бұл надандар оларды бірден пайғамбарларды және ізгілерді құрметтемейтіндердің және барлық ғалымдарға қайшы келетіндердің қатарына қоса салады».  «Гаят уль-Амани» 2/365-366.

9-дәйек.

Джабир ибн Абдилляһ әл-Бажали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болған кезімізде оған бір топ адамдар келді.  Олар жалаң аяқ, жартылай жалаңаш және қылыштармен қаруланған еді. Олардың көбісі мудар тайпасынан еді, бұдан қалса олардың барлығы мударлықтар болатын.  Аллаһтың Елшісі олардың мұқтаждығын және ауыр жағдайын көргенде, ренжігенінен жүзі өзгеріп кетті.  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кірді, кейін шығып, Билялға азан және иқамат айтуды бұйырды. Кейін ол намаз оқыды да, былай деп құтпа жасай бастады: «Уа, адамдар! Сендерді бір жаннан жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Аллаһ сендердің үстілеріңнен бақылайды.  Аллаһтан қорқыңдар әрі әрбір жан Қиямет күніне не әзірлегеніне қарасын.  Адам динарларынан, дирхамдарынан, киімдерінен және бидай мен құрмадан болған  тамағынан садақа берсін». Кейін ол: «Жарты құрмамен болса да», — деп айтты. Осы сөздерден кейін ансарлардан бір адам азғантай болғаны соншалықты — алақанына ғана сиятын бір орам шағын садақа алып келді. Адамдар осыны көрген кезде, олар оның өнегесіне ілесіп, әркім бар нәрсесін алып келе бастады. Ең соңында киім мен тамақтан екі төбе жиналды. Сонда мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүзі қуаныштан жарқырай түскенін көрдім, әрі ол: «Кім Исламда жақсы әдет бастаған болса, оның сауабын алады, сондай-ақ осы әдетті орындауда оған ілескендердің барлығынының да сауабын алады, ал олардың сауабы бұдан азаймайды.  Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін жазаны көтереді және ол әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының жазасын көтереді, әрі олардың жазасы одан азаймайды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1017.

Олардың қорытындысы: Мәуліт Исламдағы жақсы әдет болып табылады және оның ұйымдастырушыларына өздері үшін де, оларға осыда ілескендер үшін де сауап болады.

Жауап:

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «кім Исламда жақсы әдет бастаған болса» деген сөздері, оның «ақиқатында, дінге енгізілген кез келген жаңалық — адасушылық» деген сөздеріне қайшы келмейді. Өйткені оның «кім Исламда жақсы әдет бастаған болса» деген сөздері «кім менің Сүннетімнен адамдар ұмытқан және тастаған қандай да бір істі жандандырса» дегенді білдіреді.

Бұл хадисте дінге онда негізге болмаған амалдарды енгізуге рұқсат жоқ. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді айтқан бұл оқиғаның өзі дәлел болады. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды Исламда, оған қоса Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаттарында заңдастырылып қойылған садақаны беруге ынталандырды ғой.  Әрі садақа мұсылмандардың оған дейін істеп көрмеген жаңа әдеті емес еді. Мұсылмандардың Меккелік кезеңнің өзінде Ислам дағуатына мал-мүліктерімен көмектескендіктері, құлдарды босатқандықтары т.с.с. істер істегендіктері осыған дәлел болады.  Ал Пайғамбардың мұны жақсы әдеттің бастамасы деп атауының себебі: бұл бір топ адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, сахабалар олардың мұқтаждығын көрді, бірақ оларға мал-мүліктерімен көмек беру олардың ешқайсысының ойына да келмейді.  Бірақ ансарлардан болған әлгі адам өзінің әрекетімен оларға үлгі көрсеткен соң, адамдар осы істе оған ілесе кетті. Сондықтан ол өз әрекеті үшін сауап алуға және оның өнегесіне ілескендердің барлығынының сауабын алуға лайықты болды.

Осыған негізделіп, біз былай деп айта аламыз: егер мәуліт Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан Исламның алғашқы ғасырларында орындалған болып, бірақ кейіннен адамдар бұл әдетті тастап, ұмытқан болғанда, ал содан соң біреу осы әдетті жандандырғанда, ол Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жақсы әдет бастаған болса», — деп айтқан адамдардың қатарында болар еді. Бірақ мәуліт Исламның алғашқы ғасырларында өткізілмеген болатын және дінде заңдастырылмаған еді, сондықтан кім адамдардың арасында осы әдетті бастап, осыда үлгі көрсеткен болса, сол Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін жазаны көтереді және ол әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының жазасын көтереді, әрі олардың жазасы одан азаймайды», — деп айтқан адамдардың қатарына кіреді[13].

10-дәйек.

Ибн Мас‟уд былай деген: «Егер мұсылмандар бір нәрсені игі деп санаса, ол нәрсе шындығында да Аллаһтың алдында игі болып табылады». Хабар Ибн Мас‟удтан сахих түрде жеткен; Қз.: Ибн Абдульхади «әл-Макасид әл-Хасана» 367-бет, сондай-ақ Ибн Касир «Тухфат Талибин» 455-бет, сондай-ақ «Да‟ифа» № 532.

Олардың қорытындысы: мұсылмандар мәулітті өткізуді игі іс деп санайды, демек, оны Аллаһтың Өзі де игі деп санайды.

Жауап:

1. Ибн әл-Қайим былай деген: «Бұл хабар «егер қандай да бір амалдың абзал екендігіне қатысты барлық мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі болса, ол Аллаһтың алдында игі болып саналады» дегенге дәлел болып табылады. Бірақ ол «егер кейбір мұсылмандар амалды игі деп санаса, ол Аллаһтың алдында да игі» дегенге ешқандай нұсқамайды.  Сондықтан да бұл дәйек сендердің пайдаларыңа емес, сендерге қарсы болып табылады». «әл-Фарусия» 82-бет.

Бұл хабарға тура осы түсіндірмені имам әш-Шатыби де «әл-И‟тисамда» (2/152) берген.

Егер біреу: «Неліктен сендер сахабадан жеткен бұл хабарды осылайша түсіндіресіңдер, өйткені онда бірауызды келісім туралы ескертпе жоқ қой?» — деп айтса, оған жауап былай болмақ: діннің және тұрмыстың көптеген мәселелерінде мұсылмандар мүлде қарама-қайшы көзқарастарды ұстанатынына ешкім пікір таластырмайды, ал екі қарама-қайшы пікірдің екеуі де бір мезгілде ақиқат бола алмайды. Біздің жағдайымызда мұсылмандардың кейбіреулері мәуліттің өткізілуін, ал кейбіреулер оның тасталуын игілік деп санайды, ал бұл пікірдің екеуі де бір мезгілде игілік бола алмайды.

Және алдында ескертіліп кеткендей, мәулітті өткізу Исламның көптеген ғасырларының барысында ғалымдардың көбінің тарапынан сынға алынды.

11-дәйек.

«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында:  Хафиз Ибн Хаджар (қз.: «әл-Хауи филь-Фатауи» 1/189) және Абу Шама (қз.: «әл-Ба‟ис ‟аля инкар әл-бида‟ уәл хауадис» 95-бет) дегенді дәйекке келтіру.

Жауап:

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер қандай да бір іс Сүннетке қайшы келсе және құрметке ие адамдардан біреу оны істесе де, басқа құрметті адамдар оны істемейді ғой және бидғат деп атайды ғой. Бұл бидғатты істемейтіндер оны істейтіндерден аса құрметті болмаса, олардан кем құрметті емес. Сондықтан да амалды істеушілер мен оны істемейтіндердің арасында келіспеушілік орын алса, мәселенің шешімі Аллаһта және Оның Елшісінде, яғни Құран мен Сүннетте табылуға тиісті». «әл-Иқтида» 291-бет.

Абдуррахман әл-Му‟аллими былай деген екен: «Әрі кейде Аллаһ Тағаланың ықыласты адамдардың кейбіреулерін қателесетіндей ететінін де біл. Әрі бұл басқаларды сынау үшін: олар бұл имамның сөздерін тастап, ақиқатқа ілеседі ме, әлде оның құрметі мен ұлықтығына беріледі ме. Бұл имамға ақталу бар, одан қалса ол өз ижтихады мен ниеті үшін және ақиқатты іздеуде жалқаулық танытпағаны үшін сауап алатын тұста. Ал осы имамның ұлықтығымен алданғандарға және Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің Сүннетінен бет бұрғандарға келер болсақ, оларға ақталу жоқ, бұдан қалса олар опат болудың ернеуінде». «Раф‟ әл-иштибах ан ма‟на әл-ибада уәл-Иляһ» 152-153-бет.

Имам әш-Шаукани былай деген: «Бұл барлық бидғатшылардың – олардың алғашқы және соңғы өкілдерінің ережесі болып табылады. Олар қандай да бір ғалымның қате пікір айтқанына немесе олардың бидғатына қолдау ретінде бір сөз айтқанына қуанады. Кейін олар осы сөзді тарату үшін және оны атақты ету үшін барлық нәрсе жасайды. Олар оны өз пайдаларына дәлел етеді және оны олардың бидғаттарын сөгетіндердің беттеріне басады». «Адаб ут-Таляб» 35-бет.

12-дәйек.

Мәулітті өткізу барысында Аллаһты зікір ету, Құран оқу, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, оның өмірімен және игі өнегесімен танысу, кедейлерді тамақтандыру т.с.с. көптеген игі амалдар орындалады.  Сендер осы амалдардың барлығына тыйым саласыңдар ма?

Жауап:

1. Аталып кеткен барлық амалдар ешбір күмәнсіз шариғатта заңдастырылған және мұсылман адамның ең игі амалдарынан болып табылады. Алайда олар шариғи заңдастырылған тәсілмен және заңдастырылған уақытта орындалуы шарт болып табылады. Мысалы, намаздың шариғатта заңдастырылған ғибадат екеніне ешкім күмән келтірмейді, алайда егер біреу таң намазын түстен кейін, немесе оның парызын екі ракағат етіп емес, үш немесе төрт ракағат етіп орындап жатса, біз оның намазы туралы не айтамыз?! Немесе ол: «Жыл бойы мен намазды қалауыма сәйкес орындаймын, көңілді болсам – намаз оқимын, ал көңілсіз болсам – оқымаймын. Бірақ Бадр шайқасындағы жеңіс күні келсе, мен міндетті түрде бекітілген уақытта және бекітілген тәсілмен намаз орындаймын», — десе, біз оның «керемет» идеясы туралы не айтпақпыз?! Біз одан: «Не үшін сен дәл Бадр күнін таңдадың?» — деп сұраймыз. Ол: «Өйткені бұл мұсылмандар үшін ұлы оқиға болды. Бұл күні Аллаһ Тағала Исламға ұлықтық және кәпірлердің үстінен жеңіс берді. Сондықтан бұл күнге ерекше көңіл бөлу қажет!» — деп жауап береді. Міне осындай «керемет» адамдардың осындай «керемет» идеяларының салдарынан мұсылман күнтізбесі үнемі жаңа «мерекелік күндермен» толықтырылып тұрады.

Мәулітті жақтаушылардың қисыны да осындай. Жыл бойы олар кедейлерді тамақтандыруға да, Құран оқуға да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын зерттеуге де көңіл бөлмейді де, ал дәл осы күні игі істерді естеріне алады!

13-дәйек.

Біз мәулітті діни іс-шара ретінде өткізбейміз, бұл — адамдардың тұрмыстық жиыны ғана. Ал тұрмыстық мәселелерде қасиетті мәтіндерге келген тыйымдардан басқа барлық нәрсе рұқсат етілгені белгілі. Сондықтан бұл іс-шара діни бидғатқа жатпайды.

Жауап:

1. Бұл — өтірік сөз. Барлық кезде және әр заманда мәуліттің ұйымдастырушылары  оны дінмен байланыстыратын және діннің атымен өткізетін.

2. Тіпті егер біз осымен келіскен жағдайда да, Аллаһ Тағаланың шариғаты күнәға және айыпты істерге әкеп соқтыратын тұрмыстық құбылыстарға қатаң тыйым салады.

Осы жерде ханафи мазхабының тағы бір ережесінен мысал келтіру қажет болады. Ол мынандай: «Егер рұқсат етілген амалды істеу күнә істеуге себеп болатын болса, бұл амалды тастау (қалдыру) міндетті (уәжіп) болып табылады». Қз.: имам әл-Финжифири «Усуль Сунна» 91-бет, сондай-ақ «Дыя ун-Нур» 131-бет.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды.

Осы тарауды жан-жақты қарап шыққанымыздан соң, оқырман мәулітті өткізуге ешқандай дәлел жоқ екеніне тағы да бір рет көз жеткізді. Сондықтан да маған ханафи мазхабының тағы бір ережесін еске салып қоюдан басқа ешнәрсе қалып тұрған жоқ.

Ол мынандай: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді ғана емес, бірақ оның (істемей) қалдырған нәрселерін қалдыруды да білдіреді». Ханафи мазхабының имамдарының бірі Мулла Али әл-Қари (1052 х/ж) бұл ереже туралы былай деген екен: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді де, оның істемеген нәрселерін қалдыруды да білдіреді. Осының негізінде кім заңдастырушы (яғни Пайғамбар) істемеген амалды істеуде тұрақтылық танытса, сол бидғатшы болып табылады». «әл-Мирқат» 1/41, 95.

Сондай-ақ тағы бір ханафи имамы Ахмад әр-Руми (1043 х/ж) былай деген: «Егер қандай да бір амалды істеуде қажеттілік болған кезде және оны істеуге ешнәрсе кедергі болмаған тұста Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол амалды істемеген болса, онда біздің бұл нәрсені істеуіміз Аллаһтың дініне жаңалық енгізу болып табылады. Өйткені егер осы амалда қандай да бір пайда болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзі де орындар еді және өзгелерді оған талпындырар еді.  Ал егер ол осы амалды істемеген болса және оған өзгелерді талпындырмаған болса, бұл істе ешқандай пайда жоқ екендігі, бұдан қалса ол – дінге енгізілген жексұрын, жаман жаңалық екендігі түсінікті болады…   дәл осы бидғаттарды істеу елшілердің (алып келген) діндерін өзгертіп және олардың заңдарын ауыстырып жіберді.  Өйткені егер дінге қандай да бір нәрсені қосуға рұқсат етілгенде, онда таң намазының парызын төрт ракағат, ал бесін намазының парызын алты ракағат етіп оқуға рұқсат етілер еді.  Және сонымен бірге: «Бұл – дінге игі амалды қосу, ал игі амалдар зиян тигізбейді», — деп айтуға болар еді.  Бірақ ешкім мұндайды айтуға құқықты емес».

Ханафи имамы әл-Финжифири былай деген: «Дәл осы ережеден мәулітті өткізуге қатысты  тыйым шығады». «Усуль Сунна» 60-бет.

Ал ендеше өздерін ханафи мазхабына жатқызатын біздің мәуліт ұйымдастырушыларымызда қандай ақталу қалды екен?!

14-тарау. Мәуліттің кесірлі салдарлары және оны өткізу барысында жасалатын күнәлар

1. Христиандарға ұқсап-еліктеу.

Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді айырып көрсетіп, оларға ерекше мәртебе береді. Қз.: «әл-Иқтида» 2/614.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Кім шариғат айырып көрсетпеген белгілі орындарды немесе уақыттарды, осы орындарда немесе уақыттарда кезінде қандай да бір атақты оқиғалар орын алғанымен дәйектеп, сол орындарда немесе уақыттарда белгілі ғибадат түрлерін орындау үшін бөліп шығарса, сол христиандар мен яхудилерден болған Кітап иелері сияқты болады. Солар ғана өздерінің белгілі оқиғаларының орындары мен уақыттарын ғибадат жасаудың маусымдары мен орындарына айналдырды. Мысалы, Рождество күні, Крещение күні т.с.с.». «Зад уль-Ма‟ад» 1/59.

Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әрбір қадамдарының соңынан әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер. Тіпті егер олар кесірткенің ізіне кірсе де, сендер міндетті түрде олардың соңынан ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сен яхудилер мен христиандарды меңзеп тұрсың ба?» — деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», — деді», — деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бізден болмағандарға еліктеп, ұқсайтындар бізден емес. Яхудилерге де, христиандарға да еліктеп, ұқсамаңдар», — дегенін баяндаған. Хадис жақсы (хасан); Тирмизи 2695; Қз.: «әс-Сахиха» 2194.

Шариғат мақұлдағаннан өзге барлық нәрселерде христиандар мен яхудилерге қайшы келу Исламның ең басты негіздерінің бірі болып табылатыны белгілі. Бұған көптеген мысалдар бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандар мен кәпірлердің арасында ешқандай ұқсастық қалмау үшін барынша әрекет еткенін айқын көрсететін бірнеше хадистерді ғана келтіріп өтейін.

Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Ақиқатында, яхудилер мен христиандар (шаштары мен сақалдарындағы) ақты боямайды, ендеше оларға осыда қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3462; Муслим 2103.

Ибн Умар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Көпқұдайшылдарға қайшы келіңдер: мұрттарыңды қысқартыңдар да, сақалдарыңды жіберіңдер». Хадис сенімді (сахих); Бухари 5892; Муслим 259.

Шаддад ибн Аус Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Яхудилерге олар сандалиялар мен мәсі киіп намаз оқымайтындықтарында қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 652. Бұл хадистерде біз олардан сыртқы келбетімізбен ерекшеленуіміз қажет екендігіне нұсқау бар.

Ибн Умар былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі намазда отырған кезде сол қолға сүйенуге тыйым салды да: «Олай яхудилер намаз оқиды», — деді. Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 993 және басқалар.

Амр ибн әл-Ас Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Біздің оразамыз бен Кітап иелерінің оразасының арасындағы айырмашылық біздің таң алдында тамақтануымызда (сухур)». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1096.

Бұл хадис біздің ғибадатымызды яхудилер мен христиандардың ғибадаттарынан бөліп ажырату шариғаттың мақсаты болып табылады дегенді нұсқайды.

Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Адамдар (оразадан кейін) ауыз ашуға асығып тұрғанынша игілікте болуын тоқтатпайды. Бұл яхудилер мен христиандар оны кейінге қалдыратыны (кешіктіретіні) себепті». Хадис сенімді (сахих); Абу Дауд 2353 т.б., Қз.: «әл-Мишкат» 1995.

Бұл хадисте Исламның ұлықтығының себебі мұсылмандардың Кітап иелеріне қарама-қайшы болуында екеніне айқын нұсқау бар.

Бұл хадистер – хадис жинақтарында кітап иелеріне ұқсап, еліктеуге тыйым салынатындығы туралы жиналған хадистердің азғантай бөлігі ғана.

Ал Құранның аяттарына келер болсақ, олардың саны өте көп, олардың біреуін ғана келтірейік:

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібитін уақыт жетпеді ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бүзақылар». (57:16)

2. Бұл жиындарда әйелдер мен ерлердің бір дастарханның немесе бір ортада және т.с.с. жерлерде араласып отыруы орын алады, ал бұған біздің дінімізде тыйым салынған.[14]

3. Мал-мүлікті және тамақты ысырап ету, сондай-ақ біздің өміріміз содан тұратын уақытты босқа сарп ету.

Аллаһ былай деп айтты: «Туыс-жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында, ысырапшылар шайтанның туысы. Ал шайтан Раббыңа өте қарсы». (17:26-27)

4. Бейнелер мен сүреттерді мешіттерге кіргізу, олар мұны басқа араб елдерінде мәуліт өткізіп жатқан өздері сияқты бидғатшылармен тікелей эфир өткізетіндігімен дәйектейді.

5. Мәулітті өткізу Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеуге және ұлықтауға әкеледі.

Ибн Аббас[15] Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дінде артық кетпеңдер, ақиқатында сендерден бұрынғыларды дінде артық кетулері опат етті». Хадис жақсы (хасан); Ахмад 1851; Ибн Маджаһ 3029; Насаи 5/268 т.б.

Умар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Мені христиандар Мариям ұлы Исаны ұлықтаған сияқты ұлықтамаңдар. Мен тек құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі елшісі», — деп айтыңдар». Хадис сенімді (сахих); Бухари 3445.

Ал егер олар: «Біз Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар Исаны ұлықтағандай ұлықтамаймыз, мысалы, олар оны Құдайдың баласы деп айтады, ал біз мұндайды айтпаймыз», — десе, біз оларға былай деп жауап береміз: бұл хадисте Пайғамбарды қандай дәрежеге дейін ұлықтауға тыйым салынатындығына емес, бірақ Пайғамбарды христиандар жасайтын әдіс-тәсілдермен ұлықтауға деген тыйым туралы сөз болып тұр.

Бұған дәлел келесі хадис:

Анас Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар келіп: «Сен біздің арамыздағы ең абзалымызсың және біздің арамыздағы ең абзалымыздың ұлысың», — деп айтқанын баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: « Уа, адамдар! Сөздеріңді немесе сөздеріңнің бір бөліктерін айтыңдар, бірақ сендерді шайтан босаңсытпасын! Мен Мухаммадпын, Аллаһтың құлы әрі елшісімін және мені Аллаһ қойған орнымнан биікке көтеруін қаламаймын».  Хадис сенімді (сахих); Насаи «Амәл әл-йаум уәл-лляйля» 248; Ахмад 3/153, 241, 249 т.б.; Шейх Муқбиль «Сахих әл-Муснадта» (121) хадисті сахих деген.

Бұл хадистен көрініп тұрғанындай, адамдар оны Құдайдың баласы деп атамады, және тіпті бұған жақын нәрсе айтпаса да, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды бұдан (мұндай сөздерден) тыйды және мұны ең соңында барынша ұлғая беретін ұлықтауға алып баратын шайтаннан келген босаңсу деп атады.

Сондай-ақ біз: «Тіпті егер сендер бүгінгі күні «Мухаммад – Аллаһтың ұлы» деп айтпасаңдар да, мұны ертең айтасыңдар немесе мұны сендердің немерелерің айтады (әрине бұдан Аллаһ сақтасын), өйткені христиандар да Исаны бір мезетте «Құдайдың ұлы» деп атап кетпеді ғой. Бұған дәлел – сендердің шектен тыс (артық) ұлықтау жолына түскендерің және ерте ме, кеш пе христиандар жеткен шекке сендер де жетесіңдер, өйткені бұның бәрі – бір жол.

Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әрбір қадамдарының соңынан әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер, ізбе-із, қолма-қол. Тіпті егер олар кесірткенің ізіне кірсе де, сендер міндетті түрде олардың ізінен ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сен яхудилер мен христиандарды меңзеп тұрсың ба?» — деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», — деді», — деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Бұған тағы да дәлел  — мәуліт сендерден бұрын тойлана бастаған араб елдеріндегі жағдай осыған дейін жетті және олар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құдайлық сипаттарды тели бастады. Мысалы, олардың «Пайғамбар ғайып туралы білімге ие, күнәларды кешіруге қабілетті, жер мен көктерді басқарады, олардың мәулітке байланысты жиындарына келіп қатысады» деген т.с.с. сөздері. Бірақ сіздер мәулітті жақында ғана тойлай бастадыңыздар, сондықтан да жақын арада сендерден де осындай сөздерді есту ғажап емес.

Айтпақшы, бүгінгі күннің өзінде-ақ Булгардағы[16] қабірлерді зиярат етуді ұйымдастырушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жиындарына қатысатындығы және осыған қуанышты екендігі туралы айтуда.

15-тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың мысалдары

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып біліміне ие» деген сенім

1. 1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.

Гафляуидің «Нажму Ррахман» (75-бет) деген кітабында былай деп айтылады: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала ардақты елшісіне алғышқылар мен соңғылардың білімін, не болған және болатыны туралы білімді, көктер мен жерде не бар екендігі туралы білімді берді. Кім осы сенімдерге ие болса, сол иман келтірген мүмін болып табылады, ал кім өзгеше санаса, сол — Исламнан шыққан кәпір».

1.2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сақтаулы Тақтада (Ляухуль Махфузда) жазылған нәрселердің барлығын біледі» деген сенім

Әл-Бусыри (695 х/ж)[17] өзінің «Қасыда әл-Бурдасында»[18] (10-бет): «Сенің жомарттығыңнан (яғни «уа, Пайғамбар!») – бұл және келесі өмір, ал сенің біліміңнен – Сақтаулы Тақтаны білуің», — деп айтады.

Егер біреу Бусыри бұл сөздерді Аллаһ туралы айтып тұр деп ойласа, қателеседі, өйткені ол мұны Пайғамбар туралы айтып тұр. Айтпақшы, бұл қасыда араб елдерінде өткізілетін мәуліттердің көбінде оқылады. Ал сопылардың «әл-бриляуия» деген сектасы «Ляухуль Махфузда жазылған нәрселердің бәрін білу – Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана» деп есептейді».[19] Қз.: «әл-Халис уль-И‟тикад» 58, 151-беттер.

1.3. «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бар болмысты қамтиды» деген сенім

Мұны әл-Мурад Абади өзінің «әл-Калима әл-Улья» (14-56) деген кітабында айтады. Мынау сол кітаптан алынған үзінділердің бірі: «Пайғамбардың рухына ешнәрсе жасырын емес. Ол Аллаһтың Аршын, жоғарғы және төменгі әлемдерді, осы және келесі өмірді, Тозақ пен Жәннатты көріп тұр. Оның білімі жасырын болған бүкіл болмысты қамтып тұр».

4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық ғылым туралы білімге ие, яғни алғашқы ұрпақтардың да, кейінгілердің де, адамдардың да, жындар мен періштелердің де, сондай-ақ басқа жаратылыстардың да» деген сенім.

Бұл туралы Ахмад Яр Ханның «Жә әл-Хаққ» (77-бет) деген кітабында оқуға болады.

5. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаратылыстардың жүректерінде не бар екендігін біледі» деген сенім. Қз.: «әл-Мадарик» 1/357.

Алғашқы болып бұл туралы Ибн әл-Хадж (737 х/ж) өз кітаптарында мәлімдеген болатын. Осыда оған әл-Қасталляни (923 х/ж), әз-Зуркани (1122 х/ж) және ән-Набхани (1350 х/ж) ілесті.

6. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық жерде жүр, барлық жердегі және барлық уақыттағы барлық нәрсені көріп тұр, әрі бұл оған еш қиындық тудырмайды» деген сенім. Қз.: Ахмад Яр «әл-Мауа‟из ән-Ну‟аймия», 326-бет.

7. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.

Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хауатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық нәрсе туралы» (2:29) деген сөздерін келтіреді де, «Ол» дегенде Аллаһ емес, Пайғамбар аталып тұр» — деп айтады.

8. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылуына дейін-ақ Құранды жатқа білген, өйткені ол әл-Ляух әл-Махфузда жазылғанның барлығын біледі» деген сенім. Қз.: «Жә әл-Хаққ» 30-бет.

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сенімдер мен мақтаулар көптеген араб елдерінде, әсіресе Мысырда, Сирияда және Түркияда мәулітті атап өтуге байланысты өткізілетін жиындарда айтылады және баяндалады. Осының барлығы «Пайғамбардың өмірібаянымен және мінез-құлқымен таныстыру» деген айыпсыз ұранмен бүркеліп, оларға қатысатын адамдардың санасына құйылады.

Осы дінбұзар сенімдерді теріске шығару үшін, Аллаһтың кітабынан кейбір аяттарды келтіруге болады.

«(Мухаммед) «Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді», — де». (27:65)

Сондай-ақ, Аллаһ Тағала Өз елшісіне былай деп бұйырды:

«(Мухаммед): «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?» — де». (6:50)

«Қиямет күні Аллаһ пайғамбарларды жинап алып: «Сендерге қандай жауап берілді?» — дейді. Олар: «Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз, Сен ғана көместі (ғайыпты) толық Білушісің», — деп жауап береді». (5:109)

«(Мухаммед) міне бұл саған біз уахи етіп отырған көмес (ғайып) хабарлардан. Олардың қайсысы Мәриямға қамқоршы болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің». (3:44)

«(Мухаммед) Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің». (28:44)

Сондай-ақ Аллаһтың Кітабы мұндай аяттарға толы. Пәк Аллаһ былай деді:

«Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер». (7:179)

Сондықтан да Ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):  «Бес нәрсе Аллаһтан өзге ешкім білмейтін көмес (ғайып) білім болып табылады. Аллаһтан басқа ешкім ертең не болатынын, сондай-ақ жүктілердің құрсағында кім бар екенін және қашан жаңбыр жауатынын  білмейді. Бірде-бір жан қай жерде өлетінін және Қиямет Күні қашан келетінін білмейді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 4/1733.

Араб елдерінде және посткеңестік кеңістікте мәуліт ұйымдастырып жүргендердің көбі өздерін жатқызатын ханафи мазхабының ғалымдарына келер болсақ, олар осындай бұзық сенімдерді алып жүретіндерге қатысты өте қатаң сөздер айтқан. Маулітті өткізушілердің іс-әрекеттерін  тек уаххабилер мен экстремисттер ғана айыптайды деп айтуға олардың батылдары бармаулары үшін, сол имамдардың сөздерін келтіріп кеткеніміздің еш оқасы жоқ деп ойлаймыз.

1. Ханафи мазхабының көптеген кітаптарында Аббасилердің екінші халифасы Мансурмен орын алған оқиға келтіріледі. Ол түсінде өлім періштесінің бейнесін көреді де, одан өзінің қанша жыл өмір сүретінін сұрайды. Оған жауап ретінде періште оған бес саусағын көрсетеді. Түс жорушылар мұны бес жыл, бес ай және бес күн деп түсіндіреді. Іс имам Абу Ханифаға дейін жеткенде, ол: «Бұл бес саусағын ол осымен Аллаһ Тағаланың «Әрине, Қиямет мерзімінің мәліметі  тек Аллаһтың қасында. Жаңбырды (тек) Ол жаудырады, Ол (ғана) жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Аллаһ толық Білуші, Хабардар!» (31:34) деген сөздеріне нұсқау үшін көрсетті. Өйткені бұл бес нәрсені Аллаһтан басқа ешкім білмейді», — деді. Қз.: «әл-Мадарик» 3/37; әл-Кашшаф 3/239 т.б.

2. Ханафи мазхабының тұтас топ ғалымдары былай деген: «Адам куәларсыз үйленді де: «Мен өзіме куә етіп Аллаһты, Оның Елшісін және періштелерді алдым», — деді. Бұл адам кәпір болды, өйткені өзіне «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және періште бұл дүниеде не болып жатқанын біледі» деген сенімді алды. Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол тіпті тірі жүрген кезінің өзінде көместі (ғайыпты) білмейтін, ал ол қайтыс болғаннан кейінгі жайттар туралы не айтуға болады?!» Қз.: «әл-Фатауа әл-Хания» 283-бет; «Фатауа Хиндия» 2/226; «әл-Бахр ар-Раик» 3/88.

3. Сондай-ақ ханафи мазхабының біртұтас топ ғалымдары: «Кім: «Ізгілердің (әулиелердің) аруақтары осында және не болып жатқанды біледі», — десе, кәпірге айналады», — деп айтқан. «әл-Бахр әр-Раик» 5/124; «әл-Фатауа әр-Рушайдия» 51, 202-беттер.

4. Имам әл-Хужанди былай деген:

«Өлгендер және (бұл дүниеде) жоқтар көместі (ғайыпты) біледі» деген сенім, сондай-ақ «Аллаһтан басқа жалпы кім болсын көместі біледі» деген сенім күпірлік пен көпқұдайшылдық болып табылатынын біл… Барлық ғалымдар бұл күпірлік екеніне бірауызды келіскен, әрі мен осымен келіспейтін бірде-бір ахлю-сунна уаль жама’а ғалымын білмеймін».

5. Имам Шукри әл-Алюси ән-Набханидің «Пайғамбар осында және барлық жерде жүр және әр уақытта көреді» деген сенімін теріске шығара отырып, былай деді:  «Кім назар бұрса, бұл адамның Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбейтінін және оны мойындамайтынын түсінеді.  Өйткені ол барлық жерде және барлық уақытта жүретін әлдебір тұлғаға сенеді. Бұған оның өлеңі нұсқайтындай. Ал Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ,  ол Меккеде туылды және Мәдинада қайтыс болды… ал барлық жерде және барлық уақытта жүретін тұлға жоқ және болмайды да». «әл-Аят әл-Кубра» 28-бет.

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім

Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады:

1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, өйткені осы дүиенің және келесі дүниенің барлық құбылыстары оның қолында». «Баракат ул-Имдад» 8-бет.

2. «Бұл болмыста не орын алса да, Аллаһ Тағала оны Пайғамбардың қолымен жасайды. Сондықтан да, егер Пайғамбар бір нәрсені қаласа, ол міндетті түрде болады және оны ешнәрсе тойтара алмайды». «әл-Истимдад аля ажьяль әл-Иртидад» 32-33-бет.

3. ән-Набхани (1350 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, ахлю сунна уаль жама’адан болған мұсылмандар, ал олар мұсылмандардың басым бөлігі, Пайғамбардың көместі (ғайыпты) білетініне, беруші және ұстап қалушы екеніне, одан көмек сұрағандарға көмектесетініне, қайғы мен қасіреттерді қайтаратынына, қалағанына шапағат ететініне, қалағанын Жәннатқа кіргізетініне кәміл сенеді. Бұл сенімдер ең игі сенімдер болып табылады, ал оларды теріске шығару – айыпталатын ең жаман құбылыстардың бірі». Шауахид уль-Хаққ» 279-бет.

4. Ахмад Рида Хан әл-Ауғани (1340 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі ауруларға шипа береді, өз үмметін әртүрлі кесапаттардан қорғайды, ол тірілтеді, күш-қуат береді, дәрежені көтереді. Ол қорғайды және көмек береді, бақытсыздықтарды тойтарады және оның бұйрығы екі дүниеде де орындалады». «әл-Истимдад аля ажьяль әл-Иртидад» 29-30-беттер.

5. Ол сондай-ақ былай деген: «Аллаһтың Елшісі – Аллаһтың ең ұлы халифасы, ол көктер мен жерді басқарады». «әл-Фатауа ар-Радауия» 6/155.

6. Ал «әл-Амн уаль-Уля» кітабында былай деп айтылған: «Аллаһ былай деп айтты: «Уа, Мухаммад! Барлық жаратылыстар Менің разылығымды алуға тырысады, ал Мен сенің разылығыңды алуға тырысамын». 108-бет.

Егер біреулер сопы тариқаттары мен секталарының өкілдерінің осындай бұзық сенімдерге дейін жеткендеріне таң қалса, онда мұндай нәрселер кавказ республикаларында баяғыдан бері жасалып келе жатыр, ал бізге қатысты айтар болсақ,  біз үшін де бұл алыс емес. Өйткені, бұл бағыттағы алғашқы үлкен қадамдар жасалып та қойылды. Бұл жиіркенішті сенімдерді теріске шығару үшін Аллаһтың Кітабынан бірнеше аяттарды келтірудің өзі жеткілікті.

Аллаһ былай деп айтты:

«Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Аллаһ олардың қосқан серіктерінен Пәк және өте Жоғары». (28:68)

«Сендер Аллаһқа құлшылық етудің орнына пұттарға құлшылшылық жасайсыңдар және өтірік айтасыңдар. Аллаһтан өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Ендеше ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар». (29:17)

«(Сонда да) олар Аллаһтан өзге басқа ешнәрсені жарата алмайтын, бірақ өздері жаратылған тәңірлерге құлшылық етті. Олар тіпті өздеріне де пайда, не зиян келтіру күшіне ие емес және өлімді де, өмірді де, қайта тірілтуді де басқармайды». (25:3)

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты:

«(Мухаммед) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жол табатындарды жақсы біледі». (28:56)

«(Мухаммед) ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ немесе олардың тәубесін қабыл етеді , не болмаса оларды қинайды. Өйткені, олар залымдар». (3:128)

«(Мухаммед) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?». (39:19)

Сондықтан да Абу Хурайра Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Өз жақын туысқандарыңды насихатта!» (26:214) деген аяттар түскен кезде, ол адамдардың арасына тұрып: «Уа, құрайштықтар! (немесе осы сияқты бір сөз) – өздеріңнің жандарыңды сатып алыңдар, ақиқатында, мен сендерге Аллаһтың алдында ешнәрсемен көмектесе алмаймын!» — деп баяндаған. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1012; Муслим 1/192.

3. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде күнделікті материалдық өмір сүруде» деген сенім

Уа, бауырым, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесі қабірде, ал оның жаны (рухы) Аллаһ Тағаланың құзырындағы ең жоғарғы және құрметті орында екенін біл. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа дүниелік өмірмен өмір сүріп жатыр, және оның мәні бізге белгісіз, біз оның мәні туралы қасиетті мәтіндерге сүйенген түрде ғана бір нәрсе айта аламыз. Оның сүріп жатқан өмірі бұл дүниеде сүрген өмірінен ерекшеленеді. Ал көптеген сопы тариқаттарының өкілдеріне келер болсақ, олар «Пайғамбар қабірінде осы дүниеде күнделікті өмір сүргеніндей өмір сүріп жатыр» деген сенімде.

Мынау «дьюбандия» деп аталатын сопылық тариқаттың имамы ән-Нанутуидің (1297 х/ж) айтқан сөздері:

«Ақиқатында, Пайғамбар қазір өз қабірінде тірі. Ол ол жерде күнделікті, тұрақты, өзінің денесімен өмір сүруде. Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген. Ол өзінің қабірінде намаз оқиды, азан және иқама айтады. Сондай-ақ ол өзіне сәлем беретіндердің сәлемдерін естиді.  Бұл – мұсылмандардың басым бөлігінің және ахлю суннаның бірауызды сенімі. Сондай-ақ бұл – Пайғамбардың мен сипаттағанымдай етіп өмір сүретінін теріске шығаратын уаххабилерден айырықша,  біздің барлық имамдарымыздың және жетекшілеріміздің де сенімі». «әл-Каукиб әд-Дуррий» 1/423.

2. Сондай-ақ сопылардың имамы әз-Зуркани (1122 х/ж) былай деген:

«Пайғамбарлар өздерінің қабірлерінде тірі. Олар ішіп жейді, намазды оқиды, қажылықты жасайды, одан қалса хабарларда жеткізілетініндей  үйленеді де». «Мисбах әл-Анам» 26-бет.

Тек қызығы, бұл адам қандай деректер туралы айтып тұр?!

Ал ханафи мазхабының, сондай-ақ басқа мазхабтардың ғалымдары туралы айтар болсақ, олар төмендегілерді растайды:

Ханафи мазхабының имамдарының бірі имам әл-Имади (982 х/ж) былай деген: «Біз о дүниедегі өмірдің мәні туралы біле алмаймыз. Ол өмір біздің сезім мүшелеріміздің икеміне келмейді, әрі ол денелік, материалдық өмір болып табылмайды, бірақ бұл — ақылмен емес, тек қасиетті мәтіндермен ғана танылатын рухани өмір». «Иршад уль-ақль әс-салим» 1/179.

Ал әлгі ән-Нанутуидің «Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген» деген сөздеріне келер болсақ, иә, сахабалардың ешқайсысы Пайғамбардан қалған оның әйелдеріне үйленбеді. Бірақ бұл олар: «Пайғамбар қабірінде денелік өмір сүруде», — деп есептегендіктерінен емес, мына төменде келтірілген себептерден:

1. Аллаһ Тағала бізге Өзінің Кітабында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мүміндердің аналары болып табылатынын түсіндірді. Ал аналарға үйленуге болмайтыны белгілі.

Аллаһ былай деп айтты: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық. Оның жүбайлары — олардың аналары». (33:6)

2. Сондай-ақ пайғамбардың әйелдеріне үйлену пайғамбарға деген құрметсіздік танытудың және оны қорлаудың белгісі болып табылғандықтан.

Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ сендердің Аллаһтың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жүбайларымен әсте некелесулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Аллаһтың қасында зор күнә болып табылады». (33: 53)

Осы екі себепті де, әлгі ән-Нанутуи айтпақшы, уаххабилер емес, ханафи мазхабының имамдары келтірді. (Қз.: «Рух уль-Ма‟ани» 22/72-73; «Иршад уль-ақль әс-салим» 7/113.)

Ал сахабалардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасын неліктен бөлмегендіктеріне келер болсақ, ханафи ғалымдары мұның үш себебін айырып көрсеткен. (Қз.: «Рух уль-Ма‟ани» 22/72-73; «Иршад уль-ақль әс-салим» 7/113.):

1. Пайғамбарлар өздерінен кейін қалдырған нәрселердің барлығы бөлінетін мұра болып табылмайды, бірақ таратылатын садақа болып табылады.

Бұда олар Абу Бакр әс-Сыддықтан жеткен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз мұра қалдырмаймыз. Бізден қалған барлық нәрсе садақа болып табылады», — деп айтқан хадисіне сүйенген. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1126; Муслим 3/1380.

2. Пайғамбарлардың өздерінен кейін мұра қалдырмауларының тағы бір себебі – ешкім оларды мал-мүлік жинағандықтарында және оны өздерінің мурагерлеріне қалдырғысы келгендіктерінде айыптамауы үшін.

3. Егер пайғамбарлар мұра қалдырғанда, оның туысқандарының немесе жақындарының  біреуінде (сол мұраға жету үшін) пайғамбардың өлімін қалау пайда болар еді, ал бұл, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша, күпірлік болып табылады.

4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім

Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Бұл туралы сопылар не деп айтатындарына қараңыздар:

1. «Бриляуия» тариқатының имамы Ахмад Рида Хан әл-Ауғани былай деген: «Уа, Аллаһ! Сен оны Өзіңнің нұрыңнан жаратқан, ал содан соң оның нұрынан барлық жаратылыстарды жаратқан Өзіңнің айқын нұрыңды (яғни Пайғамбарды) игілікке, сәлеміңе және берекеңе бөле». «Салят ус-Сафа» 3-бет.

«Пайғамбар Аллаһ Тағаланың нұрынан жаратылған нұр» деген сенім «Пайғамбар – бұл Аллаһтың құдайлық болмысының бір бөлігі» деген сенімнен өзге ешнәрсе емес екендігін түсіну қиын емес. Бұл сенім христиандарды «Иса – Құдайдың ұлы!» деп жариялауға әкеп соқтырған сол христиандардың «Иса – Құдайдың Рухының бір бөлігі» деген сенімдеріне өте қатты ұқсас.

2. Ол сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, Пайғамбар нұр болып табылады, оның барлық денесі нұр және оның денесінің барлық мүшелері де нұр, әрі оның денесінен көлеңке түспейді, өйткені нұрда көлеңке болмайды». «Хадаик Бахшаш» 2/2.

3. Сондай-ақ кейбір сопы тариқаттарының сенімдерінен «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай күннің жарығында көрінсе, қараңғыда солай  көрінетін еді» деген сенім де бар. «әл-Камар ат-Тамам»  14-бет.

4. Осы сенімдерге сүйеніп, олар мынаны мәлімдеді:

«Ақиқатында, Пайғамбар және өзге елшілер адамдар болмады, ал «олар адамдар еді» деген сенімдер – кәпірлердің бір сипаты». «әл-Мауа из ән-Ну‟мания» 115-бет.

Осы жерде істің керісінше екенін айтып кету қажет. Аллаһ Тағала пайғамбарлар мен елшілер жіберген халықтардың көбі «Аллаһтың елшісі адам болмауы қажет» деген сенімдерге ие болғандықтан, оларға иман келтірмеген еді.

Аллаһ былай деп айтты: «Адам баласына Пайғамбар тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Аллаһ адамды пайғамбар етіп жіберді ме?” — деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды». (17:94)

«Елінің қарсы болған, Ақыретті жасынға шығарған, сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: «Бұл — өздерің сияқты бір адам ғана. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас, сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар» — деді». (23: 33-34)

«Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: «Бізді тура жолға адам сала ма?» — деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Аллаһ оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Аллаһ Мұңсыз, Мақтауға Лайық». (64:6)

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Аллаһқа жай адамды өздеріне жіберу жараспайды» дегендердің сөздерін жоққа шығарып, былай деді: «Олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?» — деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып, оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шақ салған болар едік». (6:8-9)

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Пайғамбар  адам болмады, ол періште немесе нұр немесе сол сияқты болды» деген сенімдерді жоққа шығарып, былай деді:

«Ақиқатында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін”, — де». (18:110)

«Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес». (21:7-8)

«(Мухаммед) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені Көруші». (25:20)

5. Тарау бойынша қысқаша қорытынды

Мен осы бұзық сенімдер туралы тарауды және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  шектен тыс артық ұлықтаудың мысалдарын оқырман маулітке қатысты жыл сайын өткізілетін мәуліттің қаншалықты қауіпті екенін түсініп, ұғынуы үшін ғана келтірдім. Бұл сенімдер араб елдерінде және посткеңестік республикаларда өткізілетін мәуліттерде баяғыдан бері айтылып келуде. Ал енді сопылық жұқпалы індеттің бұзық тамырлары бізде де таралуға талпыныс жасауда. Құрметті оқырманның көзі жеткендей, мауліт пен өзге де шариғат заңдастырмаған жиындарды ұйымдастырушылардың «мәулітті өткізуді және онда орын алып жатқан нәрселерді уаххабилерден өзге ешкім сөкпейді» деген пікірлері анық өтірік әрі адамдардың назарын өздерінің қауіпті іс-әрекеттерінен басқа жаққа бұру талпыныстары болып табылады. Олардың мәулітті  өткізуге ешқандай дәйектері жоқтығына қоса, ханафи мазхабына көз жұма қарап және теріс бұрылып, оның негіздері мен ережелеріне де анық қайшы келуде.

Әрбір мұсылман мәуліттің дәл жыл сайын өткізілуі Пайғамбар туралы сау сенімдер «Пайғамбар иләһи (құдайлық, тәңірлік) табиғатқа ие» деген сенімдерге бірте-бірте ауысатын негізі сызық болып табылатынын ұғынуы қажет. Жоғарыда аталып кеткен кесірілі және бұзық сенімдердің барлығы дәл мәуліт арқылы дүние жүзінің миллиондаған мұсылмандары арасында таралып кетті. Егер мәуліттер ұйымдастырылмағанда, рафидилердің және сопы тариқаттарының жетекшілері өздерінің құдайсыз идеяларын ешқашан адамдардың санасына енгізе алмас еді. Бұл идеялар барлық мазхабтардың имамдарының қатаң сөгісінің тегеруінімен өшер еді. Осыдан шыға келе, көптеген мұсылмандардың «мәулітті өткізуде ешқандай жамандық жоқ» деген сөздері терең адасушылық екендігі және араб елдерінде және посткеңестік республикаларда күпірлік пен көпқұдайшылдықтың  қандай сатылар арқылы таралғандығы туралы бейхабар болудың нәтижесі екендігі түсінікті болады. Бұдан қалса, бұл осы мұсылмандардың надандығын және христандар мен яхудилер Иса мен Узайрды Аллаһтың ұлдары деген сенімдерге келіп жетуіне дейін қандай сатылардан өткендіктерінен  бейхабар екендіктерін көрсетіп тұр.

Сондықтан да маған тек білім иелеріне және оны талап етушілердің барлығына былай деп айтуға тура келіп тұр:  бидғатшылырдың өз бидғаттарын қарапайым мұсылмандардың санасына енгізуде жүгінетін айлаларынан сақ болыңыздар.  Түсіндірмелеріңіз мен кеңестеріңізге мұқтаж мұсылмандарға сіздердің жұмсақ болуларыңыз үшін. Дінге жаңалық енгізушілердің көшбасшыларының (жетекшілерінің) дәйектерін теріске шығара отырып, қуаттарын әлсірете отырып, бидғаттарын қирата отырып, олардың алдында иілмейтіндей және табанды болуларыңыз үшін.  Сіздер мүмкіндіктеріңіз жеткенше адамдарға дұрыс сенімдер мен көзқарастарды түсіндірулеріңіз үшін және қарсыластарды әлсіз әрі жексұрын деп те, оны барлық нәрсеге қуаты жететін деп те санамауларыңыз үшін. Сіздер үнсіздік сақтап және оларға достық танытып, оларға қарсылық көрсетуге қатысудан шетте қалмауларыңыз үшін, өйткені дәл осы нәрсе ахли Суннаның әлсіреуінің және ахли бидғаның күшеюінің негізгі себебі болып табылады.   Сіздер жағдай түзетілмейтіндей күйге жетпестен бұрын мәулітті ұйымдастыруға сөгіс білдіруге асығуларыңыз үшін. Сіздер осы жамандықты Аллаһ Тағала бізге өзіміздің күнәларымыз бен жаман істеріміз үшін жібергенін және  біз олар үшін Аллаһқа тездетіп тәубе етуіміз керектігін және Одан бізді осы жамандықтан құтқаруды тілеуіміз керектігін білулеріңіз үшін.

«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін кешіп жібереді. Сендер Оны жер жүзінде осалдата алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Аллаһтан өзге ие де жәрдемші де жоқ». (42:30-31)

16-тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат

Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына қатысу және осы адасушыққа шақырушылардың шақыруына жауап беру болып табылады.

Хузайфа ибн әл-Яман Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілінгі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Және менің үмметімде Тозақтың қақпаларына шақыратындар болады. Оларға жауап бергендерді олар Отқа кіргізеді». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7084; Муслим 4761.

Дінге енгізілген бұл жаңалықты ұйымдастырушылар оларды ешбір нәрседе Аллаһтың жазасынан құтқара алмайды.

Аллаһ былай деді: «Сол уақытта олар Тозақта өзара керіседі. Нашарлары паңсығандарына: «Расында біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер, бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?» дейді. Паңсығандары: «Расында бәріміз Тозақтамыз. Күдіксіз, Аллаһ құлдарының арасына үкім беріп қойған», — дейді». (40:47-48).

«Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді», — дейді. «Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та, бізді солар адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл», — дейді». (33:66-68)

«Ол күні әр залым өз қолын шайнап: «Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді», — дейді. «Нендей өкініш маған. Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім… Шынында ол, Құран келгеннен кейін, мені одан адастырды» — дейді.  Негізінде шайтан адам баласын қолдаусыз қалдырады». (25:27-29)

Мәулітке қатысу күнә мен дұшпандыққа көмектесу болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз, Аллаһтың азабы қатты». (5:2)

Мәулітке қатысу сондай-ақ айналадағы адамдардың оған баратын адамдардың санының көптігімен алданатындарына әкеп  соқтырады. Бұл, өз кезегінде, көптеген адамдардың осы іс-шараны дұрыс және жақсы нәрсе деп қабылдай бастауларына себеп болады.

Кез келген әділ оқырман жоғарыдағы тарауларды оқып болған соң, мәуліттің шариғатта заңдастырылмағаны туралы және оның қауіптілігі туралы өзі үшін қорытынды шығарар.

Ал мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын айтып, оған қатысатындарға тек Аллаһтың мына сөздерін келтіру ғана қалады:

«Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар». (3:105)

«Олар ойларына және көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында, оларға Раббыларынан туралық келсе де». (53:23)

««Осылайша сенен бүрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәуетектенген (нәзіктенген) адамдары міндетті түрде: «Расында, біз аталарымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз«, — деді. Ол: «Ал егер мен сендерге аталарыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсамшы?» — деді. Олар: «Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз», — деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара». (43:23-25)

«Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзі ие болғанына мәз болды». (23: 53)

«Бірақ олар ақиқат келген сәтте оны жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір қобалжуда». (50:5)

17-тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан, мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес-насихат

Мұндай іс-шараларды ұйымдастырушылардың екі түрі болады:

1. Оларды өз еркімен және қалауларымен ұйымдастырушылар. Бұл олардың осыда материалдық немесе өзге мүдделері үшін құныққандықтарынан.

2. Оларды ұйымдастыруда өз еркімен емес, оларға белгілі, жиі жағдайда азғантай-ақ қысым жасалғандықтан қатысатындар.  Мұндайлардың  материалдық қызығушылықтары жоқ, алайда оларды мазалайтын нәрсе — қолдарында бар жағдай-ды, мал-мүлікті, жұмысты сақтап қалу.

Алайда Аллаһ Тағаланың шариғатында біріншілері де, екіншілері де істеген амалдары үшін жауапкершілік пен күнә көтеріді.  Бұл олардың барлығын бір сипат, яғни бұл дүниені және ондағы бар нәрселерді болашақ өмірден және Аллаһтағы бар нәрселерден абзал көруі біріктіретіндіктен.

Мүмкін олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салар:

1. Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін жазаны көтереді және осы әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының жазасын көтереді, әрі олардың жазасы одан азаймайды». Хадис сенімді (сахих); Муслим 1017.

Аллаһ былай деп айтты: «Олар өз жүгін Қиямет күні толығымен көтереді, сондай-ақ оларды өздері адасушылыққа салған надандардың жүгін де. Олардың жүгі нендей жиіркенішті!» (16:25)

Аллаһ сондай-ақ: «Әрине, олар өз жүктерін де, онымен бірге басқа жүктерді де көтереді. Әлбетте, олар Қиямет күні жасама істерінен сұраққа тартылады». (29:13)

Және өзінің бидғатына шақыруда қаншалықты көп күш жұмсаса, оған соншалықты көп адам еретінін, ал бұл оның жағдайын одан сайын қиындатанын түсінбейтін адам нендей бақытсыз! Имам әл-Укайли «әд-Ду‟афа» 1/232  атты кітабында имам Юсуф ибн Асбаттың бір бидғатшыны адамдардың алдында сөккені туралы және масқара еткені туралы айтқан. Сонда сол жердегілердің біреуі оған: «Сен ғайбат пен өсек таратқаннан қорықпайсың ба?» — деп айтады. Ал Юсуф ибн Асбат: «Не үшін, уа, ақымақ? Мен бұл бидғатшыға оның ата-анасынан сүйіктірекпін. Өйткені мен адамдарды оның бидғатынан ескертемін, керісінше болған жағдайда, ол өзіне ілескендердің барлығының жүгін көтерер еді».

2. Аллаһтың құзырындағы нәрселер бұл дүниедегі бар нәрселерден жақсырақ және таусылмас, ал Аллаһтың жазасы (бұл дүниедегілердің жазасынан) қаталырақ әрі азаптырақ.

Аллаһ былай деп айтты: «Дүние тіршілігі ойын-сауық ғана. Әрине, Ақырет мекені тақуалар үшін жақсырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (6:32)

Ол сондай-ақ былай деді: «Осындай Ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан азап жеңілдетілмейді де, оларға көмек те болмайды». (2:86)

Имам әш-Шаукани былай деген: «Аллаһтың Өз жаратылыстарындағы заңы осындай. Кім дінін сатып, мына дүниенің тамсандыратын сұлулықтарын қаласа, ерте ме, кеш пе қайғы-қасіреттен және зияннан басқа ешнәрсеге ие болмайды». «Адаб ут-Таляб» 30-бет.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Білім иелерінен осы дүниені абзал көріп, оны сүйіп қалған кез келген (адам) өзінің пәтуалар мен үкімдерінде міндетті түрде өтірік жапсыра бастайды. Өйткені әлемдердің Раббысы Аллаһтың үкімдері жиі жағдайда адамдардың, әсіресе билікке ие болғандарының немесе құмарлықтарына ергендерінің наздары мен қалауларына қайшы келеді. Мұндайлар ақиқатты қабыл алмай және оған кері жүрмей ешқашан өз қалауларын және ұмтылыстарын қанағаттандырмайды. Сондықтан да билік пен құмарлықтарға ілесуді сүйіп қалған  кез келген ғалым міндетті түрде ақиқатты итеріп тастайды, әсіресе егер шариғаттан өзін ақтау үшін қармайтын кішкентай ғана нәрсе тапса. Ал оның қалаулары мен ол өзін ақтау үшін келтіретін дәйексымақ бір нәрселер қосылған кезде, құмарлықтар еселеп көбейе түседі де, ақиқат көрінбей қалады, тіпті іс жүзінде ақиқат ашық және айқын болса да.  Сол кезде ол шекараларды басып өтеді де, өзіне-өзі: «Мен кез келген уатта тәубе жасап қайта аламын», — дейді. Солар және сол сияқтылар туралы Аллаһ былай деп айтты: «Бұл пайғамбарлардан кейін олардың орындарына намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді» (19:59), сондай-ақ: «Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз», — дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтулары туралы Кітапта уәде алынбады ма? Ал олар, ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде Ақырет жұрты тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (7:169), — деді.

Бұл оларды Аллаһ туралы өтірік айтуға мәжбүрлейтін нәрсе. Олар Аллаһтың укім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні қарама-қарсы жақта екенін білсе де, немесе осы нәрсе Аллаһтың үкімі, Оның шариғаты және оның діні болып табылатындығы туралы білмесе де: «Бұл — Аллаһтың үкім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні» , — деп айтады. Сөйтіп кейде олар Аллаһ туралы білмеген нәрселерін, ал кейде Аллаһ туралы өтірік екендігін білетін нәрселерді айтады». «әл-Фауаид» 100-бет.

«Олар Аллаһтың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болып: «Аллаһ бізге жеткілікті. Аллаһ және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаһқа ынтықбыз», — дегені жақсырақ еді». (9:59)

«Аллаһ: «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтары әзірленген. Олар онда мәңгі қалады», — деп айтты. Аллаһ олардан разы болды, әрі олар да Аллаһтан разы болды. Бұл ірі қол жеткендік!» (5:119)

Сондықтан Аллаһ былай деп айтты: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да, арсыздықты әмір етеді. Ал Аллаһ сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Аллаһ барлық нәрсені Қамтушы, Білуші». (2:268)

Имам әш-Шаукани былай деген: «Және кейбіреулер мемлекет тарапынан өздеріне қамтамасыз етілетін мал-мүлік пен лауазымнан болған өз үлесі туралы қам жеп,  ақиқатты айтпайды және  жария етпейді.  Және сондықтан да олар қарапайым халықтың құрметіне ие болу үшін және олардың оны тастап қашатындарынан қорқып, адамдардың көбі ұстанатын нәрселеріне қайшы келетін ақиқатты айтпайды. Ал кейбіреулері мұндай жем дорбағада да (пайда көзіне де),  мәртебеге де ие болмай, осы көптен бері тілеген үлес оған да мемлекет немесе адамдар тарапынан бір күні берілетінінен үміт етіп, ақиқатты айтпайды». «Адаб әт-Таляб уа мунтаха әл-араб» 41-бет.

Ал бидғатшылардың тарапынан болып жатқан қысыммен ақталатындарға келер болсақ, олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салатын шығар:

«Өздері соққы жегеннен кейін Аллаһтың және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар. Олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», — деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы», — деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігіне ие болып, бір сәтсіздікке ұшырамай Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ зор кеңшілік иесі. Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар». (3:172-175)

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Бірде мен Пайғамбардың артында (ерде) отырғанымда, ол маған: «Уа, балам, мен саған «Аллаһты (жүрегіңде) сақта және Аллаһ сені сақтайды. Аллаһты (жүрегіңде) сақта және сен Оны өз алдыңда табасың. Егер бір нәрсе сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра, егер көмек іздесең, оны Аллаһтан ізде.  Және егер барлық адамдар саған бір нәрседе пайда келтіру үшін жиналса да, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық көмек бере алмайтынын, ал егер барлық адамдар саған зиян тигізу үшін жиналса, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық зиян тигізе алмайтынын біл. Қалам көтеріліп қойылды әрі жазулар (сиялар) құрғап болды», — деді». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2516.

18-тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес

1. Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар». (3:104)

Убада ибн Самит былай деп баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыр күндерде де, жеңіл күндерде де тыңдайтынымызға және бағынатынымызға және билік иесінің билігіне таласпайтынымызға, сондай-ақ қайда болсақ та, ақиқатты айтатынымызға және сөгіс білдірушілердің сөгісінен қорықпайтынымызға ант бердік». Хадис сенімді (сахих); Бухари 7199; Муслим 1709.

2. Аллаһ Тағала діндегі жаңалықты (бидғатты) істеушіге де, ол туралы үнсіз қалып оны сөкпейтінге де өзінің жазасын жібереді.

Аллаһ былай деп айтты: «Сондай Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандар Дәуіт және Мәрйям ұлы Ғисаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман». (5:78-79)

«(Мухаммед) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбіде (балық аулап) шектен шығатын еді. Өйткені сенбі күндерінде балықтар оларға қаптап келетін, ал сенбіден басқа күндерде келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. Сол уақытта олардан бір тобы: «Аллаһ жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?» — деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа үзіріміз болсын, бәлкім олар сақтанар», — деді. Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарын құтқардық та, зұлымдық қылғандарын бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар!» — дедік». (7:163-166)

Абу Бакр әс-Сыддық былай деген: «Әрі біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер адамдар біреудің зұлымдық жасап жатқанын көріп, оны қолынан ұстап алмаса, олардың барлығына да Аллаһтың жазасы жақын». Хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2168; Ибн Маджа 4005, Қз.: «әл-Мишкат» 5142.

3. Сөгіс айтылатын нәрсені кейінге қалдырмастан, дәл сол кезде сөгу керек, ол адамдардың жүректерінде нығаймайынша және тамырын жайып үлгермейінше.

Имам әл-Курафи былай деген: «Ғалымдар: «Сөгіс айтылуға тиістіні сөгу және жақсылыққа үндеу, мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша, кідірусіз орындалуға міндетті», — деп айтқан». «әл-Фуруқ» 4/1400.

Бұл дінге енгізілген жаңалықтың басында кішкентай әрі көзге түспейтіндей болуынан және егер ол туралы үнсіз болып, оның мәнін адамдарға түсіндірмесе, ол өте үлкен болатындығы және тамыр жайып нығая түсетіндігі себепті. Осыдан соң оны жою іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Ибн Мас‟удтан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бір қауым келіп, бармақтық ұшындай мөлшерде Сүннетті қалдырады (тастайды). Егер сендер оларды осыларында сөгіс білдірусіз қалдырып қойсаңдар, олар ең соңында үлкен қиыншылықтармен келеді».

Шейх уль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер адамдар табанның өлшеміндей қателік жасаса, олардың ізінен келетіндердің замандарында ол шынтаққа айналады да, осылайша көбейе береді, көбейе береді. Ал бақытты адам – бұл Сүннетпен шектелетін адам». «Буғъят уль-муртад» 451-бет.

Башир әл-Ибраһими былай деп айтқан: «Ақиқатты білушінің міндеті – адасушылық күшейгенде адамдарды тура жолға талпындыру. Ол өтіріктің ақиқаттан үстемдік ала бастағанын көрген әрбір сәтте, ақиқатқа көмектесу үшін асығуы қажет. Ол бидғатпен, жауыздықпен және күнәмен, олар таралып және күш алып үлгермегенінше, шайқасуға міндетті. Адамдар осы амалдарды әдет етіп алмайынша және олар жүректерде жұлып алу мүмкін болмайтындай етіп тамырлап кетпейінше. Оның міндеті болып ақиқат үшін күресушілердің қатарларына құйылу болып табылады, бірақ ешқандай бұғып отырушылармен бірге артта қалу емес». «әл-Асар» 4/110-111.

4. Ашық түрде жасалынып жатқан, сөгіске лайықты амалға ашық түрде  сөгіс білдіру қажет.

Бұл – ахлю Сунна уәл жама’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық және айқын түрде сөгіс айтылатын, ал жасырын жасалатын күнәларға оларды жарияламай жасырын түрде сөгіс айтылатын.

Дайындаған Руслан Абу Ибрахим Татарстани (бірінші басылым)


[1] Имам ән-Науауи былай деген: «Кейбір ғалымдар күнәның ауыр болып саналатын шекарасын түсіндіріп берген. Егер оның жасалуына қорқыту немесе жаза, немесе лағынеттеу болса, онда күнә ауыр болып табылады». (қз.: «Шарх Сахих Муслим» 2/158).

[2] Таиф пен Мекке қалаларының арасында Меккеге жақынырақ орналасқан жер.

[3] Арабтардың киім түрі.

[4] Меккеге жасалатын кіші қажылық.

[5] Сүннеттің жақтаушыларында иман (сенім) – бұл сөз, амал, сенім, әрі ол азаяды және көбейеді. (қз.: «Люм‟ат уль-И‟тикад» 94-бет)

[6] Хадистанушы ғалым

[7] Қз.: «Ахкам уль-джанаиз» 306-бет; сондай-ақ Ибн Уаддах әл-Қуртуби «әл-Бида‟ уан-Нахьи анха»; Тартуши «Хауадис уәл-Бида‟»; әш-Шатыби «әл-Иғтисам».

[8] Ол туралы сөз әрі қарай қозғалады.

[9] Мысалы, Калюби «Файд уль-Уаххабта» 5/110.

[10] Имам Ибн Саляхтың «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл раби уль-аууәлдің 12-де қайтыс болды» деген пікіріне келер болсақ, ол дұрыс емес. Хафиз әл-Ираки: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған күнін он екінші күнмен белгілеу ешқандай есеп бойынша дұрыс емес», — деп айтып, бұл тұжырымды теріске шығарды. Қз.: «Тақийд уәл-Идах» 413-бет.

[11] Мухаррам айының 10-шы күні.

[12] Бұл — имам әш-Шатыби «әл-И`тисам» кітабында келтірген кейбір ережелердің қысқартып баяндалған нұсқасы.

[13] Айта кететін тағыда бір жайт: әлгі ансардың амалын Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптап, оған «жақсы амал» деген баға берді, ал мәулітті кім құптады және оған «жақсы амал» деп кім баға берді? — аудармашыдан.

[14] Бұл жиындарда сондай-ақ ән айту, «күнәхарды мазақ ету» деген сылтаумен әзіл-сықақ скетчтерін қою, Пайғамбардың ата-анасының және сахабалардың бейнелері сомдалатын сахналық көріністер қою, музыкалық аспаптармен сүйемелдеу (тіпті кейде әйел кісілерді сахнаға шығарып ән айтқызып, билету), «ұлттық дәстүр» деп, ерлер мен ерлерді айтпағанның өзінде, ерлер мен әйелдер арасында айтыстар сияқты шариғатқа қайшы істер де жасалады. Және осының барлығына қазіргі таңдағы Исламға рұқсат етілмеген нәрселерді жапсырып, «ислами фильмдер», «ислам философиясы», «ислами театрлар» «ислами айтыс» деп ат берілетіні қынжылтады. Ал ислам ғалымдары мұндай терминдерді мүлдем қолданбағанын білген жөн. (аудармашыдан)

[15] Бұл жерде Ибн Аббас деп Абдуллаһ емес, Фадль аталып тұр, бұл Булгар туралы енбекте түсіндірілгендей.

[16] Татарлардың арасындағы қабірлерге табынатындар ерекше құрмет тұтып, қасиетті деп санайтын және соған зиярат пен тілек тілеп баратын орын (қазір қабірлерге айналған ежелгі қала). Қазақтардың Түркістаны, Арыстан бабы, Бекет Атасы сияқты. (аудармашыдан)

[17] Мухаммад ибн Са‟ид ибн Хаммад (668-695 х/ж), Мағрибта туылып, Бусрада өсті. Адасқан сопы, «әл-Бурда» деп аталатын өлеңдер жинағының авторы. Өз өлеңдерінде ол Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға тілектер сұрайды және қайтыс болған ізгі кісілерді шектен тыс ұлықтайды.    (Қз.: «әш-Шузурат» 7/735)

[18] Айтпақшы, біздің аумағымыздың сопылары «Мавлид» атты кітап басып шығарды (издательство «Иман») және онда күпірлік пен адасушылыққа толы осы қасыданы аударып жариялады, ал бұл аймақтың сопылары  «зиянсыз мәуліт өткізумен» ғана шектеліп қоймай, «имам Абу Ханифаның мазхабына ілесу және ата-бабаларымыздың діни әдет-ғұрыптарына еру» деген сөздермен бүркеніп, өздері араб  елдерінің шекке шыққан сопылар мен рафидилерінің жолымен кеткендігін растауда. Аллаһ Тағала бұл кітапты теріске шығару енбегін жазуды жеңілдетсін!

[19] Сондай-ақ, бұған Бусыридің: «Ал сенің білімдеріңнен…» деген, яғни әл-Ляух әл-Махфузда жазылған нәрселерді білу Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана дегенді білдіретін сөздері де нұсқау болады. Аллаһ оған серік қосып жатқан нәрселерден Пәк!