Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он алтыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Жалпы ережелер Түркістанға, Бекет Атаға және тағы сол сияқты жерлерге сапарға шығатындар осы жерлерде ғибадат жасау Аллаһ үшін сүйіктірек және сауабының көптігімен артығырақ деген сенімге ие. Олар егер өздерінің елді-мекендеріндегі мешіттерде, немесе үйлерінде ғибадат жасаса, онда Аллаһ Тағала олардың дұғаларын, намаздарын, тәубелерін т.с.с. ғибадаттарын қабыл ететініне ешқандай кепілдік жоқ деп есептейді. Ал осы жерлерде, олардың айтуынша, Аллаһ Тағала олардың тәубелерін міндетті түрде қабыл етеді, оларды кешіреді және оларға разы болады. Ал неліктен олар осындай сенімдерге ие?! Өйткені олар осы жерлер оларда…