Абу Ханифа ұлы фақиһ еді және ол осы өте маңызды ғылымның әдіснамалық негіздерін жасап шығарды, ал оларды мұндай формада оған дейін ешкім қолданбаған еді. Осы себепті ол өзінің әдістемесін толық түсінбейтін адамдардың тарапынан жиі сыналатын. Бұл табиғи да, өйткені кез келген істе алғашқылардан болу қиын іс. Бұдан тыс, ұлы ұстаз кең дүниетанымға ие ілгерішіл және еркін ойлы адам еді. Ол орынсыз діни догматизмге ешқашан түспейтін. Бұл мүмкін де емес еді, өйткені ол өзінің ұстаздық әдістерін пікірталастыруға негіздеп құратын. Ол (шариғатқа негізделетін) кез келген пікірге төзімділікпен және түсінушілікпен қарайтын және сау ақыл-парасатты адамдардың дәйекетерін назар қойып зерттейтін. Тек Уахидің (нассам) сөзіне ғана ілесетін кейбір адамдар оны тіпті Ислам заңының кейбір ережелерінен…