• Ақида

    Тарихи жәдігерлік орындарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының алтыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Тарихи жәдігерлік орындарда, соның ішінде қабірлерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу сахабалар мен олардың ізбасарларының кезінде белгісіз әрекет еді. Мұсылмандар, олардың ғалымдары да, ғалым еместері де, одан да маңыздырақ болған нәрселермен айналысатын: олар бар жігер-ынтасын өздерінің дінін біліп-үйренуге, соған сәйкес амал етуге бағыттайтын немесе ауыл шаруашылығы және басқа да бұл дүниеде өздеріне пайда келтіретін кәсіптермен айналысатын.