Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Имамдардың Сүннетке ілесуге және өздерінің пікірлері оған қайшы келген жағдайда олардан бас тартуға қатысты айтқан сөздері Біз осы жерде осындай сөздердің кейбіреулерін келтірсек, өте пайдалы болмақ. Өйткені бұл имамдардың көзқарастарына – жоқ, тіпті ұлы имамдардың өздеріне де емес, мәртебесі бойынша олардан әлдеқайда төмен адамдарға соқыр түрде ілесетіндерге[1] – өздерінің мазһабтары мен көзқарастарын Көктен түскендей дәрежеде ұстанатындарға сақтандыру және ескерту болуы мүмкін! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой: اتبعوا ما أنزل إليكم من ربكم ولا تتبعوا من دونه أولياء قليلا ما تذكّرون…
-
-
Абу Ханифаның Сүннетке ілесу қажеттігі туралы айтқан сөздері
Біз осы жерде имам Абу Ханифаның Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және имамның пікірлерінен, егер олар Сүннетке қайшы келсе, бас тарту қажеттілігі туралы айтқан сөздерін келтіруіміз өте пайдалы болады. Өйткені бұл — имамдардың айтқандарына, ұлы имамдарға да емес, олардан мәртебесі бойынша едәуір төмен болғандарға соқыр түрде ілесетіндерге (тақлид жасаушыларға), өздерінің мәзһабтары мен көзқарастарына олар Көктен түскендей дәрежеде ілесетіндерге сақтандыру және ескерту болады! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).