• Әдіснама

    «Абу Ханифа мирасы» сайты редакциясының мәлімдемесі

    Соңғы уақытта интернет желісіндегі әлеуметтік тораптарда біздің сайтымызды және оның Кітап Сөресіндегі әдебиеттерді уаһһабилікке, экстремистік бағыттағы әлдебір ағымдар мен лаңкестік әрекеттерімен танылған тұлғалар (мысалы, Надир Абу Халид Дагестани немесе т.с.с. басқалар) мен (ИГИЛ, немесе сол сияқты) ұйымдарға негізсіз байланыстыруды қалап, жала жабылып жатқан және өтірік хабарлар таратылып жатқандығына байланысты біз оқырмандарымызға және қалың жамағатқа сайтымыздың экстремизм  мен ланкестікке қарсы айқын ұстанымға ие екендігін екендігін мәлімдейміз. (Сөзге орай айта кетеріміз — біз осы Надир Абу Халид деген адам бар екенін интернеттегі бізге оны негізсіз қатысты етіп, жала жауып жатқандардан ғана білдік). Біз қазіргі заманның хауариждері саналатын ИГИЛ, «ихуанул муслимин», «жихад пен такфир» т.б. сол сияқты кез-келген лаңкестік, такфиршілдік, қарақшылық, бүлікшілік  сипаттағы…