• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (2)

    Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен Автордың бірінші басылымға жазған алғысөзі  Өзінің құлдарына намазды жүктеген, адамдардың жетістіктері мен рахат-игілікте болуын оны орындаудадағы мойынсұнушылықпен байланыстырып, оны бекітуді және ең жақсы үлгіде орындауды бұйырған, әрі оны күпірлік пен иманды ажырататын өлшеуіш, арсыздықтан (әл-фәхша) әрі барлық айыпты амалдар мен бүкіл жамандықтардан (әл-мункар) құтылудың құралы еткен Аллаһқа мадақ![1] Аллаһ Тағала оған: وأنزلنا إليك الذكر لتبين للناس ما نزُِّل إليهم) النحل(: 44 «Саған да, адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» («ән-Нәхл» сүресі,…