• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (26)

    «Әл-Фатиха» сүресін ғана оқудың рұқсат етілетіндігі туралы «جَوَازُ الاقْتِصَارِ عَلَى الفَاتِحَةِ» «Әдетте Му‘аз (ибн Жәбал) [соңғы] құптан (‘иша) намазын Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындап, содан соң қайтып, өз руластарымен бірге намаз өткізетін. Бірде кешкісін, ол қайтып келіп, олармен бірге намаз өткізіп тұрған кезде, (оның тайпасынан) бір жас жігіт те [оның есімі Суләйм, ал өзі бану суләйм тайпасынан еді] онымен бірге намаз орындайды,  алайда намаз ол үшін өте созылып кеткен кезде, ол [кетеді де, мешіттің бір бұрышында оңашаланып] намаз оқиды да, кейін (мешіттен) шығып, түйесін жетектеп кетіп қалады.