Намазды бұзатын нәрселер туралы «مَا يَقْطَعُ اْلصَّلاَةَ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «يَقْطَعُ صَلاَةَ الرَّجُلِ إِذَا لَمْ يَكُنْ بَيْنَ يَدَيْهِ مِثْلُ آخِرَةِ الرَّحْلِ: الْمَرْأَةُ [الحَائِضُ]، وَالْحِمَارُ، وَالْكَلْبُ الأَسْوَدُ». « الْكَلْبُ الأَسْوَدُ شَيْطَانٌ ». «Егер намаз орындаушының алдында ер тоқым сияқты бір нәрсе болмай, оның алдынан (етеккірі келетін[1]) әйел, есек немесе қара ит кесіп өтсе, оның намазы үзілген болады». Абу Зарр: «Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Не үшін қара ит, ал (мысалы) қызыл емес?», — деп сұрадым. Сонда ол: «Қара ит – шайтан!», — деп жауап берді»[2]. [1] Яғни кәмелетке толған әйел. Бұл жердегі «үзілген (қырқылған)» деген сөз «зая етілген» дегенді білдіреді. Ал «Намазды еш нәрсе үзілген…