• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (10)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Намазды аяқ киім киген күйде орындау және осылай істеуге нұсқау туралы «الصَّلاَةُ فِي النِّعَالِ وَاْلأَمْرُ بِهَا» «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейде  (намазда) жалаң аяқ, кейде аяқ киім киіп тұратын»[1].