• Фиқһ мәселелері

    ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) НАМАЗЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (5)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Қағбаға бет бұру «اسْتِقْبَالُ اْلقِبْلَةِ» Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  намазға кірісетін кезінде, парыз және нәпіл намаздарын орындау барысында жүзін Қағбаға қарататын[1]. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  «намазды дұрыс орындамаған адамға»[2]: «إذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلاَةِ فَأَسْبِغِ الوُضُوءَ، ثُمَّ اسْتَقْبِلِ اْلقِبْلَةَ فَكَبِّر».  «Намазға кірісер кезіңде мұқият дәрет ал, кейін Қыблаға бетіңді бұр да, тәкбір айт», — деп, дәл осылай істеуді  бұйырды[3].