Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Назарларыңызға шейхтың түрлі еңбектерінен және пәтуалар жинақтарынан алынған және кітапқа енгізілген қосымшаларды ұсынамыз. Қосымша№7 Шейх әл-Әлбанидің имам төрт сүннет мазһабының қайсысына жатса да, оған ілесудің қажеттілігі туралы айтқан сөздері («Әһл әл-хадис уа әл-асар» («Хадистер мен асарларды үстанушылар») бағдарламасындағы №192 аудиотаспаның мәтінге түсірілген көшірмесі, «Силсилә әл-һуда уа ән-нур» хабары, 11 минут, 35 секунд). — Сұрақ[1]: Ханафи мазһабын ұстанушы имамның артынан ұйып намаз оқушы адам намазда оған ілесуі қажет пе? «Имамға ілесу» деген сөз тіркесінің астарында ханафи имамына ұйып намаз оқитын адамның сол (имам) сияқты тәкбірлерді айтқанда екі қолын көтермейтіні,…