Рукуғтан бой түзеу және рукуғтан кейін айтылатын Аллаһты еске алу сөздері «الاعْتِدَالُ مِنَ الرُكُوعِ، وَمَايَقُولُ فِيهِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғтан бой көтергенде: «سَمِعَ اللهُ لِمَنْ حَمِدَه» Сами‘а-Ллаһу ли-мән хамидаһу — «Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)!», – деп, омыртқасын түзейтін [1].