Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он тоғызыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Қабірге (әруаққа) табынушылардың «Аллаһқа дәнекерсіз тікелей жалбарыну дұрыс емес» деген сенімі Бұл бөлімде қабірге әруақтарға табынатын сопылардың кітаптарындағы олардың дәнекерлік мәселелеріндегі сенімдерін әшкерелейтін кейбір үзінділерді келтіру керек. 1. Қабірге табынушылардың жетекшілерінің бірі Йусуф ән-Нәбхани (1350 һ/ж) былай деп баяндайтын: “Бірде менің сәйідім Мухаммад әл-Ханафи төсенішін теңіз толқындарының үстіне жайды да, өзінің мюридіне: ««Я, Ханафи!», — деп айт та, судың бетімен жүре бер!», — деді. Мюрид теңіздің бетімен Мухаммад әл-Ханафидің ізімен жүріп кетті. Бір кезде оған «Не үшін мен: «Я, Ханафи!», —…