Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың негізгі бөлімін ұсынамыз. Кемедегі намаз «الصَّلَاةُ فِي اْلسَّفِيْنَةِ» (Бірде) оған (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеме үстінде намаз орындау туралы сұрақ қойылды, ал ол: «صَلِّ فِيهَا قَائِمًا إِلاَّ أَنْ تَخَافَ الْغَرَقَ» «Егер суға батып кетуден қауіптенбесең, оның үстінде намазды тұрып орында», — деп жауап берді[1].